жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Іс шара Қарттарым асыл қазынам
Мақсаты:
Балалардың бойына
халқымыздың қадір - қасиетін сіңіру, үлкенді сыйлай білуге, өз ата
- бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға
тәрбиелеу.
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар, қымбатты ата-әжелер! Бүгінгі «Қарттарым- асыл қазынам» атты концертімізге қош келдіңіздер!
Құттықтаймыз мейрамыңмен ата менен апалар
Әр күлгенің бізге бақыт саналар
Еңбегінді еш етпейтін өмірде
Елің жұртың ұл мен қызың бағалар
Ана мейір күн нұрымен пара-пар
Тұла бойға қуат болыа таралар
Өміріме шуақ шашып әрқашан
Көп жасаңдар аталар мен апалар!
Жүргізуші: Бүгінгі бас қосуымыздың үлкендерге ізет, қарияларға құрмер, еңбек адамына деген ілтипат. «Үй алдында төбең болса, ерттеулі тұрған атпен тең, ауылыңда қартың болса, жазып қойған хатпен тең» дегендей ақыл айтып өнегелі сөз сөйлейтіндей қарттарымыз құдайға шүкірлік –баршылық. «Ақсақалы бар ауыл адаспайды» дей отыра келесі орындалар әнді қабыл алыңыздар.
Хор: «Әжеме»
Жүргізуші: Қарты бар үйдің -қазынасы бар дейді, -халқымыз. Отбасының тірегі әрі ұйтқысы немерелеріңіздің қорғанышы, балаларыңыздың ақылшысы, асқар тауы да әрине сіздерсіздер. Ғұмырларыңыздың ең қызықты да жарқыраған жастық шағын еліміздің өркендеуіне, келер ұрпақтың игілігіне арнадыңыздар. Бүгінде қарттар күнін
атап өту, оларға құрмет, қолдау көрсету дәстүрлі іс-шаралардың біріне айналды. Ардақты аталар, аяулы әжелер сіздерді бүгінгі мерекелеріңіз шын жүректен құттықтаймыз. Асқар таудай панамыз болып ортамызда жүре беріңіздер!
Сымбат: Қуат берер дәріміз
Жақсылыққа үйретіп,
Жамандықтан шектейтін,
Жақсы көрем әжемді.
Бекзат: Мейірімді апалар,
Балалар кеп бата алар.
Қалтасына кәмпит сап
Немереге апарар.
Асылзат: Әкетайым әкешім
Жақсы көремін мен сізді
Құрметтеп мәңгі өтемін
Мәпелеген өзімді.
Аян: Ата отыр кәріміз
Қуат берер дәріміз
Әулиедей аялап
Ардақтаймыз бәріміз
Жүргізуші: Гүлдей жайна, бақ әжем,
Жақсы көрем өзіңді,
Ауырмашы жан әжем!
Ән: «Асыл әжем»
Орындайтын: Нұргүл Нұрланқызы
Аяулым: Әжем өрнек тереді,
Сырмақ отыр оюлап.
Басы ауыра береді,
Шай ішпесе, қоюлап.
Дарын: Мені жақсы көреді
Күндей күліп келеді
Көп ертегі біледі
Маған айтып береді.
Аяулым: Атам менің қашанда
Кішіпейіл бол деген
Ата сөзі санамда
Мақтанбауды жөн көрем.
Мұқағали: Әжемді жақсы көремін
Өлең айтып беремін
Үлкен болып өскенде
Бәрін алып беремін.
Би: «Қолшатыр»
«Қыздар» тобы
Ақжол: Әжем менің ақ әжем
Ақылын беріп үйреткен
Мейіріммен тәрбиелеп
Өнегесін үйреткен.
Айтолқын: Мені ертіп жетектеп
Осы күнге жеткізген
Бізді бағып өсірген
Аман болсын жан әжем
Айбол: Әжем менің, ақ әжем
Ешкімде жоқ әжем
Ертегі айтып береді
Мағанда сол керегі
Гүлсезім: Асқар таудай тұлғасы
Ақ сақалды қария
Ата сөзі жыр басы
Айтқан сөзі дария.
Жүргізуші: Ата - әжем мақтанышым
менің де,
Қонақ болып отыр менің
төрімде.
Өзіңе арнап балдай тәтті
үніммен,
Ән салатын кезім келді менің
де.
Ән: «Ата-әже»
Орындайтын: Индира Жахангерқызы
Нұрсая: Атам менің әманда
Әдепті жан бол деген
Ата сөзі санамда
Жасы үлкенге жол берем
Нұрислам: Менің әжем мейірбан
Мені жақсы көреді
Қажетіне жарасам
Жас балаша күледі
Ақару: Сәулелі сөз сөне ме,
Орны бөлек батаның
Бізге тәлім өнеге
Ақ тілегі атаның
Адина:
Менің әжем, гүл
әжем,
Алтын әжем, нұр
әжем.
Анам үшін, мен
үшін,
Нағыз әжем, тіл
әжем.
Ән: «Қошақаным қайда екен?»
Орындайтын: Сымбат пен Аяулым
Жүргізуші: Бойына бар сұлулық жиылғандай,
Мүсінің ақ мәрмәрдан құрылғандай,
Жарқ етіп шыға келген ел алдында
Бишілер ғажап еді,биің қандай!
Би: «Денсаулық»
«Бүлдіршіндер» тобы
Хор: Ауырмасын басыңыз
Ағармасын шашыңыз
Шөбере сүйіп әлі де
Жүзге жетсін жасыңыз
Жүргізуші: Ұрпағым деп ұл өсірген атам- ай,
Сізді ойласам терең ойға батам-ай.
Балаларым сендер аман болшы деп,
Ақ тілеумен беретұғын батаң – ай.
Ата-апалар немерелеріне деген ыстық лебіздерін білдіреді.
Жүргізуші: Балаларыңыз қуаныш әкелсін
Немерелеріңіз жұбаныш әкелсін
Дастархандарыңыз мол болсын!
Қатарларыңыз көп болсын
Уайым-қайғыларыңыз жоқ болсын
Елде бірлік болсын
Жарасты тірлік болсын!
Осымен «Қарттарым- асыл қазынам» атты мерекелік концертіміз аяқталды көңіл бөліп,тыңдағандарыңызға рахмет.
Талас ауданы әкімдігінің білім бөлімі «Ақниет»балабақшасы
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Қарттарым-асыл
қазынам
Тәрбиеші: Үйсінбаева М.
Тамды ауылы
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген