«Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымы
«Өскемен қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі»

“ТӘУЕЛСІЗДІК-ҒАСЫРЛАР КҮРЕСІНІҢ ЖЕМІСІ”
Тәрбиеші: Канапина Н.Б
2023-2024 оқу жылы
16 желтоқсан-Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған “Тәуелсіздік-ғасырлар күресінің жемісі ” атты мерекелік кештің жоспары:
Мақсаты: Жастарды елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін ояту, батыр бабаларымыздың ерлігін дәріптеу. Жас ұрпақты тәуелсіздікті қадірлеуге тәрбиелеу.
Уақыты:12.12.22 сағ 18.30
Сыныптар: 7-11 сынып оқушылары
Өтетін орны: АКТ залы

Жүргізуші 1 Айғаным: Армысыздар! Құрметті бүгінгі кештің қонақтары! Бүгінгі Тәуелсіздік күніне арналған “Тәуелсіздік-ғасырлар күресінің жемісі” атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
Жүргізуші 2 Алинұр: Тәуелсіздік ең басты құндылығымыз! Тәуелсіздікке, азаттыққа жеткен күн кеше ғана болса да, қалыптасқан сана ғасырлар тұңғиығымен тамырласып жатыр.
Қоңырау соғылады. Экранда библиотека суреті. Бала библиотекаға кіреді. Кітапханашымен диалог. -Сәлеметсіз бе, апай, маған тәуелсіздік туралы мәлімет керек еді, апай, менің бір сұрағым бар еді, қазақ халқының тәуелсіздік үшін күресі қашан басталған? Біз осынау ұлан- ғайыр жерге қалайша ие болып қалдық?
- Біз қазақтар, кезінде Еуразия даласында әлемнің тең жартысын тізе бүктіріп, бағындыра білген түркілердің ұрпағымыз! Кейін қазақ халқы өз жерін қорғап, тәуелсіздігін сақтап қалу үшін ғасырлар бойы күрескен...
- Міне, мына алтын кітапты қарай ғой....Осында бәрі жазылған... Экранда кітап ашылады. Музыка томирис саунтрек қосылып тұрады. Бала да кітапты парақтап аша бастайды.
Экранда сақтар туралы мәлімет. Жүргізуші сақтар туралы хабарлайды. (презентация)
1 жүргізуші : Сақтардың әділетті өркениеті. Сақ даласы... б.з.д VI ғасыр. Сақ патшайымы Томирис. Кир бастаған парсы әскері сақ жеріне басып кіргенде Томирис патшайым әйел екеніне қарамастан парсылармен қиян-кескі соғыс жүргізді.
Томирис шығады. Қасында сақтың жауынгер қыздарымен шығады. Монолог: “Мен сақтар патшайымы- Томирис өзімнің туған жерімді, елімді ешбір жауға беріп қоймаймын. Мен жер бетін жаулап келе жатқан парсылардың ең құдіретті патшасы Кирдің өзін жеңдім! Біз сақтар елінің тәуелсіздігін сақтап қалдық!” Томирис музыкасы, би
-
Экранда ғұндар туралы мәлімет. Жүргізуші ғұндар туралы хабарлайды. ( музыка көк түріктер қосылып тұрады)
2 жүргізуші: Ғұндар империясы. Ғұндар көсемі Атилла... Б.з V ғасыр.. Атилла- ғұн империясының аты аңызға айналған көсемі! 5 ғасырда ғұндар империясы Еуропаны Рим үстемдігінен азат етті. Батыс Европа мен Қытайды үрейлі қорқынышта ұстады. Білесің бе Айғаным, тіпті Қытай елі “Ұлы Қытай қорғанын” ғұндардан қорғану үшін салған екен! (“көк түріктер” музыкасы қосылып тұрады)
Атилла шығады. Атилла патшаның монологы: “Мен ғұндар империясының көсемі-Атилла патша. Біз ат үстінде жүріп, Алтайдан Дунайға дейінгі жерді бағындырдық, жолда кездескен барлық тайпаларды бағындырдық, Римге дейін жеттік. Азия мен Европаға өз билігімізді орнаттық. Европаны Рим империясының құлдығынан азат еттік!
-
Экранда түркілер туралы мәлімет. Жүргізуші түркілер туралы хабарлайды.
1 жүргізуші: Қазақстан-күллі түркі елінің қарашаңырағы. Жауынгер түркілер. Бз VIII ғасыр. Тоныкөк қаған. Еуразияның орасан зор шетсіз-шексіз кең байтақ жерін алып жатқан түркілер әлемнің тең жартысын бағындырған. Күлтегін мен Тоныкөк- көп жерлерді бағындырып, ерекше ерлігімен көзге түскен ірі қолбасшылар.
Тоныкөк шығады. Қасында сарбаздарымен шығады. Тоныкөк монологы: “Түркі халқы үшін түнде ұйықтамадым, күндіз отырмадым. Қара терімді ағыздым. Мен өзім ұзақ жорықтарға інім Күлтегінмен бірге аттандым.Күш-қуатымызды жұмсадық. Жерді ұлғайттық. Бүкіл түркі халқына қарулы жау келтірмедім, атты әсер жолатпадым...” (“Тоныкөк жырынан үзінді”) (Тұран ансамбльі. Музыка “түркілер ұраны” қосылып тұрады. ).
Экранда қазақ хандығы туралы мәлімет. Жүргізуші қазақ хандығы туралы хабарлайды.

2 жүргізуші: Алмас Қылыш. Қазақ хандығы 1465-1466 жылдар Жәнібек пен Керей сұлтан... Қазақ Хандығы өз заманындағы ең қуатты елдерінің бірі болатын. «Керей мен Жәнібек хандар Әбілқайырдан бөлініп, қазақ хандығын құрды. Осылайша, тарих сахнасына Қазақ деген халық шығып, ұлан-ғайыр өлке Қазақ жері деп атала бастады. ( музыка “қазақ елі” қосылып тұрады)
Жәнібек пен Керей хан монологы: “Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілқайыр хан биледі. Оның тұсындағы үздіксіз соғыстар халықты шаршатты. Ол бізге сұлтандарға күн көрсетпеді. Ақыры біз Моғолстанға көшіп бардық. Есенбұға хан бізді құшақ жая қарсы алып,бізге жер бөліп берді. Тұрмысы, тілі,шаруашылығы ұқсас рулар бірігіп, халық болғысы келді. Біздің маңымызға жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Біз Қазақ хандығын құрдық!!! (1465-1466) (Мұхаммед Хайдар Дулати “Тарих-и Рашиди”).

Экранда Тәуелсіздік үшін күрес жолы. 1. Жүргізуші жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі туралы хабарлайды. Қазақ халқының жоңғарларға қарсы азаттық күресі.
1 жүргізуші: Тәуелсіздік үшін күрес жолы. Қазақ халқының ұлт-азаттық күресі қашан басталып еді?
2 жүргізуші: Нақтысы, Айғаным, жоңғарлармен күрестен басталды. XVIII-XIX ғасырлар ел тарихында күрделі кезең болды. Қазақтар бірігіп, жоңғарларға қарсы азаттық күресін жүргізді. Жоңғарлармен соғыста қазақтар Аңырақай, Бұланты шайқасында ірі жеңістерге жетті. Бұл жеңістерде Абылай хан, Әбілқайыр хан, Қабанбай, Наурызбай, Бөгенбай батырлардың орны ерекше! Егер бұл жеңістер болмаса, қазақтың барар жері қалмас еді.
2 жүргізуші: Тәуелсіздік жолында күрестің ең ұлысы қайсы?
1жүргізуші: Ресей отаршылдығына қарсы ұлт-азаттық қозғалыстар. Ресейдің қазақ жерін отарлау саясаты XIX ғасырда қарқынды жүріп, қазақтар шұрайлы жерінен, билігінен айрылған еді. Қазақ даласында патша үкіметіне қарсы көтерілістер бұрқ ете түсті. Сырым Датұлы, Кенесары Қасымұлы, Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы, Жанқожа мен Есет батырлар бастаған көтерілістер қазақ халқының рухын оятып, ерліктері аңызға айналды. Олар Ресей отаршылдығына қарсы күресті.
-
Махамбет Өтемісұлының өлеңі. (мәнерлеп оқылады)
Мен мен едім мен едім
Мен - мен едім, мен
едім!
Мен Нарында
жүргенде
Еңіреген ер
едім.
Исатайдың
барында
Екі тарлан бөрі
едім.
Ерегіскен
дұшпанға
Қызыл сырлы жебе
едім.
Еділдің бойы ен тоғай
-
Ел қондырсам деп
едім.
Жағалай жатқан сол
елге
Мал толтырсам деп
едім.
2
жүргізуші: Тәуелсіздік үшін күрестің
ерекше түрі, идеологиялық түрі қандай
болды?
1 жүргізуші: Алаш қозғалысы. ХХ ғасырдың басында Ресейдегі революция қазақ халқының саяси санасын оята бастады. Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дұлатұлы, Мұстафа Шоқай т.б ұлт зиялылары азаттық үшін саяси күрес жүргізді. 1905ж Алаш партиясы, 1917 ж Алашорда автономиясы құрылды. Алаш қозғалысының идеясы -демократиялық жолмен қазақтың ұлттық мемлекетін құру болатын. Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан батыстық даму жолын таңдаған. Бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті – сол идеяның жемісі. Алаш арыстары алғаш рет Қазақ автономиясының шекарасын бекітті.
-Әлихан Бөкейхановтың 5 ұстанымы айтылады.
-
2 жүргізуші: Көзіңді аш, оян қазақ көтер басты,
-
Өткізбей қараңғыда бекер жасты
-
Жер кетті, дін нашарлап, хал арам боп,
-
Қарағым енді жату жарамасты!
-
Айғаным, Міржақып Дулатовтың осы ұраны бүкіл қазаққа тарады емес пе!
-
1 жүргізуші: Бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихында қандай елеулі оқиғаны болды?
2 жүргізуші: 1986ж Желтоқсан көтерілісі. 1986 жылдың 16 желтоқсанында Брежнев алаңына жиналған мыңдаған жас Д.Қонаевтың қызметтен кетуіне наразылықтарын білдіріп, ҚКОК-нің 1-хатшысы болған Колбиннің орнына қазақ азаматын тағайындауды талап еткен болатын. 17 желтоқсан күні алаңға шыққан көтерілісшілер саны 20 мыңға жетті. Бірақ олардың талап-тілектері аяқ асты етіліп, оларды күшпен тарату мақсатында алаңға арнайы әскери күштер тобы жеткізілді. “Құйын — 86” операциясы бойынша көтеріліс қатыгездікпен басып жаншылды.
Желтоқсан көтерілісі: Сахнада көрініс: 1986 жылы 16 - желтоқсандағы Алматыдағы жаппай толқу. Жүргізуші Желтоқсан көтеріліс туралы хабарлайды. Жастар алаңға жинала бастайды. Алаңда «Біз қазақ, ежелден еркіндік аңсаған», «Әрбір ұлтты өз көсемі басқарсын», «Тәуелсіздік керек»,- деген ұрандар айтылды. Желтоқсан желі әні қосылады. Алаңнан бір желтоқсаншы шығып сөз сөйлейді: “Кеше бізді, желтоқсаншыларды итке талатып, тепкіге жықты, оқудан шығарды, қудалады, соттады, «бұзақылар», «ұлтшылдар», «нашақорлар»,- деген кінә тағылды. Алайда бүгін желтоқсаншыларға халық қаhарманы деген атақ берді! Бүгін оларға ескерткіш қойды.! ”

1
жүргізуші: Сәл аялдап, тағзым етпей бұл алаңнан
өтпеңдер...
Желтоқсанда ызғырықтан тітіркеніп көк пен
бел,
Бұл жер, қалқам, асқақ рух жарылысы өткен
жер,
Қайта оянған ұлт намысы қызыл қанға бөккен
жер,
Ерте есейген ару қызды шаштан сүйреп, тепкен
жер,
2
жүргізуші: Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ
қалауы,
Лаула, лаула, Желтоқсанның мұзға жаққан
алауы!
Өздеріңдей ер намысты жас өркені бар
елдің,
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес
жалауы!

Тәуелсіздік таңы. Жүргізуші: Тәуелсіздік туралы хабарлайды.
Экранда: Әлем таныған Қазақстан.
1 жүргізуші: 1991 жылы КСРО ыдырап қазақ елі тәуелсіздікке қол жеткізді.. 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады.
2 жүргізуші: Қазақстанның Тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш болып Америка Құрама Штаттары мойындады, екінші болып Қытай, сонан соң Ұлыбритания мойындаған екен. Түркия алғаш болып Қазақстанда өз елшілігін ашты.
1 жүргізуші: Қазақстан Республикасы 1992 жылдың 2 наурызынан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) мүшесі атанды. Халықаралық ұйымға мүше болу жаһандану жағдайында Қазақстанға халықаралық мәселелерді шешуге және халықаралық ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік берді! Тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаев шекарамызды заң жүзінде шегелеп берді.
2 жүргізуші: Егемендік алған сәттен бастап еліміз көркейіп, саясат, экономика қарқынды дамып, әлеумет салада , денсаулық сақтау және білім саласында көптеген жетістіктерге жетті! Мәдениет және спорт саласында халықаралық жетістіктер аз емес.
1 жүргізуші: Бүгінде Қазақстан Республикасы халықаралық деңгейдегі түрлі ұйымдарға мүше.
2 жүргізуші: Әлем Қазақстанды сыртқы және ішкі саяси тұрақтылыққа қол жеткізген экономикасы тұрақты дамып келе жатқан бейбіт ел ретінде таниды.
1 жүргізуші: Ерханат Құралайдың орындауында Отан әні
1 жүргізуші:
Қандай дүние жетеді
балауына!
Бәрі сенің, жан Отан,
қалауыңа!
Өз бейнеңдей әлемге тұр
танылып
Қазақстан гербі де, жалауы
да.
2 жүргізуші:
Мен – қазақпын, биікпін, байтақ
елмін
Қайта тудым, өмірге қайта
келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі
өлмеске
Айта бергім келеді, айта
бергім!
Жүктеу
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Іс-шара: "Тәуелсіздік-ғасырлар күресінің жемісі"

шағым қалдыра аласыз