жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ісік туралы
Батыс Қазақстан инновоциялық – технологиялық университеті
Педагогикалық факультеті
«Жаратылыстану - ғылыми пәндер» кафедрасы
РЕФЕРАТ
Орындаған: Еламанов Әлібек Асанұлы
Тексерген: Мендигалиева Аягөз Сәрсенбайқызы
Орал, 2019
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Ісіктердің жіктелуі
Ісіктің жедел түрлері
Ісіктердің клиникалық белгілері
Ісіктердің этиологиясы, патогенезі, болжамы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
КІРІСПЕ
Мемлекетіміздің мал шаруашылығын, оның ішінде - мал, құс және басқа жануарлардан өнім алуды дамыта отырып, елімізде қажетті азық-түлік, өндіріске керекті шикізаттар алу үшін жануарларды тиімді пайдалану бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Сондықтан да жедел ветеринарлық жәрдемнің тез көрсетілуінің, мамандардың қажетті жабдықтармен және ауру мал мен жануардың организміне әсер ететін дәрілермен қамтамасыз етілуінің маңызы зор. Алғашқы жедел ветеринарлық көмек басқа да ветеринария жұмыстармен қоса мал дәрігерлік емдеу ісінің негізін қалайды. Алғашқы ветеринарлық жедел жәрдем мал тұрған жерде көрсетіледі; ветеринарлық мекемеге әкелінген мал мен жануарларға күрделі оперативтік ем қажет болған кезде емдеу мекемесінде стационар жағдайында жәрдем жасалады. Мал мен жануар ауырып, жалпы жағдайы төмендегенде оларға жедел де, сапалы да, әрі тиімді кемек, көбінесе үлкен қалаларда көрсетіледі. Мұндай қалаларда арнаулы авто-көліктерде жабдықталған ветеринарлық жәрдем керсетілетін ветстанциялар бар, ол мал дәрігерлерін, орта және кіші буындағы ветфельшерлерді (веттехниктерді) ауырған малға тез жеткізеді. [1]
Ол ісіктің түріне, орналасу орнына, көлеміне және таралуына байланысты. Қатерсіз ісік кезінде ісік оперативті жолмен жеңіл алынатын беткілік тоқымаларда және ағзаларда орналасады, сол себептен олардың болжамы оңды, ал қатерсіз ісікке болжам қауіпті болады, егер ісік аурудың бастапқы кезінде пайда болса. Ісіктің асқынған кезінде метастазда және ішкі органдарда пайда болуының болжамы өте қауіпті.
Ісіктерге диагноз қою үшін ветеринарияда клиникалық, патологиялық және рентгенологиялық әдістер қолданылады.
Ауру малды ең алдымен мұқият клиникалық тексеруден өткізеді, жалпы зерттеумен бірге ісікті қолмен басып көреді. Оның көлемі мен сипатын, тығыздығын және ісіктің қоршаған тоқымаларымен қарым -қатынасын анықтайды. Сонымен қатар ісік барысында метастаз және аумақтық лимфа түйіндерінің жағдайына көңіл бөледі. Ісікті көп жағдайда созылмалы продуктивті қабынудың бір формасы мен қателестіріп алуға болады. Сол себептен ісікті қабыну процесіне ажырату үшін ескертетін жағдай қабыну кезінде тоқымалардың диффузды ісінуі белгілі көлемсіздігі, қоршаған тоқымалармен тығыз байланысуын ескерген жөн. Ісіктер көп жағдайда белгілі көлемде және инкапсуляциялы болады.
Ісіктер көбінесе байқалмайды, олардың дамуы үдемелі, жалғастырмалы болады. Қатерсіз ісіктер қозғалмалы, қатерлі ісіктер қоршаған ортамен тығыз байланысты болады. Сонымен қатар олардың сырт пішіні кедір бұдырлы.
Мұндай ісіктер ыдыраған кезде ойылымды жаралар пайда болады. Диагностикалау әдісінің ішіндегі ең нәтижелі рентгенді зерттеу. Бұл тәсіл сүйектің, қарынның және өкпенің ісіктерін анықтауда қолданылады. [2]
2.1.ІСІКТЕРДІҢ ЖІКТЕЛУІ
Ісік, тін өсіндісі, бластома (tumoz) – өзінің қалыпты пішіні мен қызметін жойған, организмнің түрі өзгерген клеткаларынан құралған тіндердің патологиялық жайылып өсуі.
Ісік жасушалары ісікке шалдықтырған себептер тоқтаса да өсе береді. Көпшілік жағдайда ісік кәрі адамдарда пайда болатыны белгілі. Себебі адамның жасы ұлғайған сайын, оның иммундық жүйесінің жұмысы төмендеп, қауіпті ауруларға қарсы тұра алмайды. Көптеген онколог ғалымдар ісік аурулары өзінің өсу жолында екі сатыдан өтетінін дәлелдейді. Біріншісінде, канцерогендік заттардың әсерінен таза жасуша ісік жасушасына ауыса бастайды, бірақ ол белсенділік көрсетпей тыныш жатады. Екіншісінде, нағыз ісік түйіні пайда болып, ол өніп-өсе бастайды. Бұл екі сатының әрқайсысы организммен екі жақты қарым-қатынаста болады.
Организмнің күш қабілеті, ісікке деген төзімділігі өте жоғары болса, онда бірінші саты ұзаққа созылып, екіншісінің болмауы да мүмкін. Кейде екінші саты біріншіге көшіп, кері процесс жүруі, сондай-ақ канцерогендер тікелей иммунитетке зиянды әсерін тигізіп, ісік ауруына әкелуі мүмкін.
Тканьдердің құрамдық өзгеріске ұшырап патологиялық өсіп, ұлғаюына байланысты шырышты ткань ісігі, дәнекер тканінің ісігі, қан тамыры ісігі, сүйек ісігі деп аталады[3]
Даму сипатымен клиникалық өтуіне байланысты қатерлі және қатерсіз деп екіге бөлінеді.
Қатерсіз ісіктер - өте баяу дамиды, капсуламен қапталады, тоқыма мен ағзаларда өспей, тек оларды ығыстырады. Бұл ісіктер метастоз бермей және ыдырап кетпейді. Жануарлардың жалпы организмінде клиникалық өзгерістер байқалмайды. Ісікті алғаннан кейін толығымен жазылу байқалады.
Қатерсіз ісіктер тобына: дәнекер тоқымасының ісіктері — фиброма, хондрома, остеала; бұлшық ет тоқымаларының - экстрлік.
Саркома - топ жағынан дәнекер тоқымалы ісікке жататын және қатерлі өтуі бар ісіктер тобына жатады. Саркоманың өсуі жылдам. Инфинтрацияланады, сонымен қатар көрші ұлпаларды зақымдайды. Саркома өзінің бастапқы кезінен бастап ол метастозға ішкі ағзаларды ұшыратып, операциядан кейінгі кезенде рецедив дамыту мүмкін. Саркома көп жағдайда ит пен жылқыда төлдеу кездерінде байқалады.
Ісікті емдеуінің жалпы негіздері
Ісіктің емі оперативті сәулелі және дәрілік затты болады.
Оперативтік тәсіл - ол негізгі тәсіл. Оның мақсаты ісікті оперативті жолмен алу. Қатерсіз ісікке тілікті көрші жатқан тоқымалардың шекарасында салады. Жаңа пайда болған ісіктердің ұшы жоқ скальпельмен, ісікті капсуланы зақымдап ашпай аралас тоқымалардан ажыратады. Ісік қоректендіретін қан тамырларын үзеді. Жараға тігіс салынады.
Қатерлі ісік кезінде жасалынатын операция жаңа пайда болған өсіндіні сау тоқымалардың аумағынан жергілікті лимфа түйінділерімен бірге алу. Операция жара кезінде алынып жатқан ісік, ісіктен көбею торшаларының түспеуін қадағалайды.
Сәулелі терапия - қолдану негізі рентген сәулелері, сонымен қатар радий немесе жасанды радиоактивті заттар - изотоптар. Сәулелі радиация ісік клеткаларының өміршеңдігін бұзып және организмнің жалпы әсерін оның реактивтілігін өзгертеді [1].
Химиотерапия - қатерлі ісіктің дәрі - дәрмектеп емдеу әдісі. Біздің елімізде синтезделінген препараттар эмбихин, новэмбихин, докан, омаин, сарколизин тағы басқа преператтар қолданылады.
Гармонотерапия - гармондармен емдеу. Организмге үлкен дозада гармон енгізу, онда гармональды өзгерістер туғызып, ісіктердің өсуін тежейді. Ветеринария саласында гармонотерапия етек алған жоқ.
Ісіктің аралас емі - ауру малға емдеудің бірнеше тәсілін қолданып емдеуін айтамыз. Көбінесе келесі аралас емінің мына түрлері қолданылады: хирургиялық және сәулелік, хирургия және химиотерапия, хирургия жене гормональды.
Жоғарыда аталған әдісінде мына препараттар қолданылады: новокаиннің 0,25% немесе 0,5% ерітіндісін 1 мл дозада, келойдоз және фибром ем үшін, фибролизин немесе 15% тиозинолиннің ерітіндісі қолданылады.
Ісік кезіндегі болжам. Ол ісіктің түріне, орналасу орнына, көлеміне және таралуына байланысты. Қатерсіз ісік кезінде ісік оперативті жолмен жеңіл алынатын беткілік тоқымаларда және ағзаларда орналасады, сол себептен олардың болжамы оңды, ал қатерсіз ісікке болжам қауіпті болады, егер ісік аурудың бастапқы кезінде пайда болса. Ісіктің асқынған кезінде метастазда және ішкі органдарда пайда болуының болжамы өте қауіпті.[4]
2.2.ІСІКТІҢ ЖЕДЕЛ ТҮРЛЕРІ
Фиброма - дәнекер тоқымаларының талшықтарынан құралған. Негізіне жұмсақ және қатты фиброма деп екіге бөлінеді. Жануарларда көп жағдайда қатты фиброма, қатты тығыз концистенциялы және ірі кедір - бұдырлы немесе тегіс беткейлі фиброма кездеседі. Фиброманың жілік беті сіңірге ұқсас. Жұмсақ фибромалар негізгі борпылдақ дәнекер тоқымасынан тұрады. Олар сыртынан жұқа тері мен қапталып жіңішке ғана түтікше мен денеге жабысып тұрады.
Кілегей астылық аумаққа дамыған фиброманы полиптер, тыртықты тоқымадан пайда болған фибромаларды келлойдтар деп атайды. Егер де бірнеше ағзаны бір уақытта көптеген фиброма зақымданса оны фиброматоз деп атайды [5]
.
Липома - майлы тоқыма түрінде дамыған ісік олардың паринхимасының негізін май торшалары, стромасын дәнекер тоқымасы құрайды. Олардың сыртындағы капсуласы кәдімгі май торшалардан гөрі анық білінеді. Олардың тығыздығы жұмсақ.
Липома көп жағдайда иттерде, жылқыларда, ірі қара малдарда байқалады. Олар тері астылық клеткаларда немесе кілегей астылық торшаларда орналасады.
Рак - беткейлік немесе безді эпителиде дамиды. Ісік дәнекер тоқымалы стромадан және паренхимадан, оның негізін эпителиальды клеткалар құрайды ағзалардан тұрады. Рак тоқымалар мен ағзаларда дамып эпитиальды тоқымаларын зақымдайды, сонымен қатар теріде, желінде, және ауыз қуысында, лимфа түйінде, көз аумақтарында да пайда болады. Макроскопиялық қөрінісіне қарағанда рак тығыз, кедір - бұдырлы немесе жұмсақ тығыздығы бар матастаздануға және ыдырауға қабілеті бар жаңа пайда болған өсіндіге ұқсайды.
Қатерлі ісіктер - капсулалары болмайды, жылдам дамиды, көрші ұлпаларға жайылады. Қатерлі ісіктер тоқымалардың ыдырап ойылымды жаралар пайда болады немесе лимфа немесе қан арқылы ісік торшаларының тарап, жаңа ісіктердің яғни метастаздардың пайда болуы тән. Организмде қатерлі ісіктер пайда болуы зат алмасуды бұзып, жалпы әлсіздікпен малдың азуына әкеліп соғады. Қатерлі ісікті ойғаннан кейін көп жағдайда рецидив дамиды. [6]
Қатерлі жаңадан пайда болған ісіктерге жататындар:
рак - эпителиясы шығу тегі бар ісік,
саркома, дәнекер тоқымадан пайда болатындар.
2.3 ІСІКТЕРДІҢ КЛИНИКАЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ
Ісіктерге диагноз қою үшін ветеринарияда клиникалық, патологиялық және рентгенологиялық әдістер қолданылады.
Ауру малды ең алдымен мұқият клиникалық тексеруден өткізеді, жалпы зеттеумен бірге ісікті қолмен басып көреді. Оның көлемі мен сипатын, тығыздығын және ісіктің қоршаған тоқымаларымен қарым -қатынасын анықтайды. Сонымен қатар ісік барысында метастаз және аумақтық лимфа түйіндерінің жағдайына көңіл бөледі. Ісікті көп жағдайда созылмалы продуктивті қабынудың бір формасы мен қателестіріп алуға болады. Сол себептен ісікті қабыну процесіне ажырату үшін ескертетін жағдай қабыну кезінде тоқымалардың диффузды ісінуі белгілі көлемсіздігі, қоршаған тоқымалармен тығыз байланысуын ескерген жөн. Ісіктер көп жағдайда белгілі көлемде және инкапсуляциялы болады [7].
Ісіктер көбінесе байқалмайды, олардың дамуы үдемелі, жалғастырмалы болады. Қатерсіз ісіктер қозғалмалы, қатерлі ісіктер қоршаған ортамен тығыз байланысты болады. Сонымен қатар олардың сырт пішіні кедір бұдырлы.
Мұндай ісіктер ыдыраған кезде ойылымды жаралар пайда болады. Диагностикалау әдісінің ішіндегі ең нәтижелі рентгенді зерттеу. Бұл тәсіл сүйектің, қарынның және өкпенің ісіктерін анықтауда қолданылады.
2.4 ІСІКТЕРДІҢ ЭТИОЛОГИЯСЫ, ПАТОГЕНЕЗІ
Ісік дегеніміз –клеткалардың тоқтаусыз шексіз көбеюімен сипатталатын сырқаттық процесс.
Ісік этиологиясы. Ісіктердің туындау себептері жөнінде көптеген деректер бар. Бұл мәселенің шешімі толық емес. Ісік этиологиясы 4 түрлі дерек бар.
Вирустық –генетикалық
Физика-химиялық
Дисонто генетикалық
Коли этиологиялық
Ісік бір бастамалы және көп бастамалы болады. Сүт безінің ісігінің хирургиялық оперативтік емі бар. Көбнесе ит пен мысықта кездеседі. Консервативті емі жоқ.
Оперативтік емі бар. Мысалы, 1. Итті әкелгеннен кейін аминозин береміз. Дозасы жануарлардың 1 кг салмағына 0,3 мл салады. Жарты сағаттан кейін жануарлардың қозғалысы тежейді. Ең алдымен теріні алып, түгелдей ісікті алып тастау керек. Терінің астына 1 айызды новокаин ертіндісін инъекциялаймыз. Түбінен 4 нүктеден 1 пайызды новокаин саламыз, жансыздандырамыз. Техникасы: операциялық перчаткамен істеу керек, эпидермис, дерма, шел қабатын осы терінің 3 қабатын кесеміз [8].
Клиникалық тұрғыдан ісіктерді қатерлі және қатерсіз деген топтарға бөледі. Қатерсіз ісіктердің өсіп-жетілуі жоғарғы деңгейге жеткен клеткалардан тұрады, сондықтан олардың қандай мүшелерден тұрғанын анықтау қиынға түспейді. Бұл ісіктер экспансивті жолмен баяу өседі. Қатерсіз ісік төңірегіндегі тканьды, көрші мүшені қысып-жаншиды. Жануарлардың жалпы жағдайы өзгермейді. Ең бірінші домбығу бінеді, ауырсыну, функциясының бұзылуы болады. Қызарады, түйін пайда болады, Ісік пайда болған жердің терісі қара-күрең тарта ісініп, қатайып кетеді. Эпидерміс қабатында шұрық тесіктер пайда болады, сол тесіктерден елек көздерінен түскен ұн сияқты, жасыл қошқыл қою ірің ағады. Дене қызуы 44ºС көтеріледі.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
Д.Чередков, В.Никаноров, В.Захаров. "Хирургия және ортопедия " Алматы, 1953 жыл.
Орысшa- қазақша малдәрігерлік сөздігі. Т.Сайдулдин. Алматы, 1993 жыл.
Қазақ Энциклопедиясы, 9 том
↑ Патологиялық анотомия терминдерінің орысша – латынша – қазақша түсініктеме сөздігі.- Ақтөбе.
↑ Стоматология терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. – Алматы, Қазақстан, 1991.
И.Е.Повоженко, К.И.Шакалов, И.А.Калашник, Г.С.Мастыно, Б.А.Башкиров, Б.С.Семенов. "Частная ветеринарная хирургия" Ленинград, 1981 ж
Абдулла.А.А, Наметов А.М, Ильясов Б.К Клинико – гематологияческие показатели гнойных ран у овец при лечений шунгариновой и болезней животных Алматы 2005 ж
Ишмухамедов.Г.А. Г.А.Аухадиев, Б.К.Ильясов. Применение салициловой кислоты при гнойно-некротических процессах. Сб.Научных трудов, Ленинград-1990 ж.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген