"Іске сәт,жас маман!" жас мамандарға арналған сайыс

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Іске сәт,жас маман!" жас мамандарға арналған сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі ұйымдарда,жас мамандарға арналған сайыстың сценарийі,жас мамандар арасында, бөбекжайымызда ұйымдастырылған іс-шара.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Picture 1 Батыс Қазақстан облысы,

Теректі ауданы,

Подстепный ауылы

МКҚК «Бәйтерек» бөбекжайының әдіскері

Куспанова Ризвангуль Хасангалиевна.




«Іске сәт,жас маман!»

Мақсаты: жас ұстаздардың біліктілігін,өз кәсібінің жан-жақты шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, мәдениетілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш-жігерлігін жұмсауға баулу.

Жүргізуші: Қайырлы күн,құрметті педагогтар ,әріптесттер!

Педагог! Ақыл ойдың кені емеспе?

Көш бастар замананың ері емес пе?

Жатталып кейінгіге хаты қалған,

Педагог-күллі әлемнің нұры емес пе?

Жүргізуші: «Жас маман деген кім? Олар

Ж-жігерлі

А-алғыр

С-сұлу да сымбатты

М-мақсаткер

А-айтқанды екі етпейтін

М-мінезі жайсаң

А-арманшыл

Н-насихатты тез қабылдайтын жастар.Бүгін біздің бөбекжайымызда «Жас келсе,іске!» атты тамаша сайысымыз оздырғалы тұр.Бұл сайыста кішкені бөбектердің лүпілдей соққан пәк жүрегіне жол тауып,келер ұрпақтың бойына тәрбие мен білімді қатар сіңіре білген,жас та болса жауапкершілігі зор мамандықтың тізгінін ұстаған жастарымызбақтарын сынамақшы.

Жүргізуші: Үлгі берер тәлімгерің жаныңда,

Жас мамандар,ортаға шық,каймықпа,

Қошеметтеп қарсы алайық сіздерді,

Өнерімен қуантыңдар біздерді,-дей келе ортаға жас мамандарымызбен олардың тәлімгерлерін қол соғып,кошеметтеп қарсы алайық!

Бүлдіршінді баурап алар үнімен,

Ақылына көркі сай қыз,мен білем

Тәлімгері дәл өзіндей әдемі

Қарсы алайық,Жүмагүл мен Әселді.

Әсел Нұрымқызы және оның тәлімгері Жұмагүл Боранқызы.

Баппен қарап,қадамын нақты басар,

Бойында жігер,қайрат оты лаулар.

Жаймен күлп,керегін анық алар

Бағдаттың Салтанаттай бапкері бар.

Бағдат Талғатұлы мен оның тәлімгері Салтанат Қахарманқызыын қошеметпен қарсы алайық.

Көзінен мейірімділік нұрын сепкен,

Жүзінен жылулықтың желі ескен.

Данадай сұлу жанды тәлімгері

Салауаттың ұрпаққа дәнін еккен Есболат Жанболатович мен оның тәлімгері Дана Мұрадымқызын ортаға шақырайық.

Сайыс десе жарысудын кашпайын,

Ешқашанда күйіп-пісіп,саспайтын.

Айнагүлдей тәлімгері тамаша,

Әрқашанда «жаңа идея» тастайтын,

Құралайдын бағы жанар расында –дей Құралай Нұрымжанқызы мен тәлімгері Айнагүл Кенесқызын қошеметпен қарсы алайық.

Жүргізуші: Жас мамандар гимні.

«Жас мамандармен тәлімгерлердің орындауында»

Жүргізуші:Құрметті сайысқа қатысушы жас мамандармен тәлімгерлер,және көрермен педагогтар сайысымызды бастамас бұрын сайыскерлерге сәттілк тілесін дей отыра алғашқа сөз кезегін өз ісінің шебері ,ұстаздықтың ұлы жолын сапар еткен,бөбекжаймыздың басшысы Серікқалиева Сағима Имангерейқызына ұсынуға рұхсат етіңіздер.

С.И.Серікқалиева сөзі.

Жүргізуші: Бүгінгі сайымыздың басты кейіпкерлері жас мамандармен олардың тәлімгерлерін тағыда бір қол соғып қошеметтей отырып,орындарына жайғасып отыруларын сұраймыз.

Өнеріне сайыскер сынмен қарап ,

Әр қашанда беретін әділ баға .

Әділ қазы алқасы қош келдіңіз,

Алайықшы танысып алдын-ала.

Бүгінгі сайымыздың әділ қазылар алқасымен танысайық:

1.С.С.Имангерейқызы-МКҚК «Бәйтерек» бөбекжайының директоры.

2.Т.К.Бақтығалиқызы-МКҚК «Бәйтерек» бөбекжайының инклюзивті кабинетінің психологы

3.С.А.Серікқызы МКҚК «Бәйтерек» бөбекжайының әдіскер-инноваторы.

Жүргізуші:

Әділқазылар алқасымен танысып алсақ,енді сайсымыздың кезеңдерімен танысып өтелік.

1.Таныстыру (ерекше таныстыру)

2. Блиц турнир (сұрақ-жауап)

3. «Өнерлі жас маман» (өз өнерін көрсету)

4.Ситуациялық сұрақтар

5. Педагогикалық идеялар аукционы (ұй тапсырмасы –ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған ҰОҚ-көрнекіліктер дайындау)

Жүргізуші: Сайыс бес ұпайлық жүйе бойынша бағаланады.Женімпаз әділқазылар шешімімен анықталады.

Сайысымызды бастамас бұрын жас мамандарды өздерінің кезектерінің ретін анықтау үшін ортаға шақырамыз.

(әділқазылар алдындағы жасырулы сандарды алып,өнерлерін көрсету ретін анықтайды)

Сонымен сайыскрлеріміздің өнер көрсету реті анықталды. Тағы бір нақталып өтелік

Бірінші болып өнер көрсететін....

Екінші болып өнер көрсететін....

Үшінші болып өнер көрсететін...

Төртінші болып өнер көрсететін....

Жүргізуші: Ендігі кезекті сайысымызға берейік

Қазығымың күй,айтылсын назды өлең.

Ашылсын сан қырларың біз білмеген –дей келе кезекті «Ерекше таныстыруға» береміз.Ортаға сайыскерлерімізді шақырайық.

Жүргізуші:Құрметті әріптестер ортаға бөбнежайымыздың тәрбиешісі Камшат Құмарқызын Қалқаман Сариннің «Тәуелсіздік» өлеңімен ортаға шақырамыз.

кезегі «сұақ-жауап» келіп жетті,

Он сұраққа жауап тап сен тездетіп

Біліміңді жан-жақты сынап көрген,

Сұрақты мен қояйын жеделдетіп

Келесі кезек «Блиц сұрақтар» Бұл кезеңде әр сайыскер мына қоржыннан сандар жазылған асықты таңдап алады.Таңдап алған асықтың саныңа сәйкес сұрақтар ашылады.Әр сайыскерге он сұрақтан қойылады. Оның төртеуі заңнан,төртеуі мектепке дейінгі білім беру стандартынан және екеуі салт-дәстүрінен болады.

Блиц сұрақтар:

:Жас көңілдер жайнасын

Шешен тілдер сайрасын

Айтып жібер бір әнді,

Әншілерім қайдасын?

Ортаға «Саржайлау» әнімен бөбекжай саз жетекшісі Арайлым Жұлдызбайқызын шақырамыз.

Жүргізуші: Қане,жастар пікірлесіп алайық

Қилы-қилы ойды ортаға салайық

Сан салалы асыл ойлар тоғысып

Келесі кезекті «Ситуациялық сұрақтарға» бере отырып,сайыскерлеріміздің озық ойы мен қтымды пікірлерінің куәсі болайық.

Жүргізуші: Тәуелсіз елдің түлегі,

Болашақтың жүргі

Ұрпағына ұғымды,

Болсын ойың ұтымды,

Таңқалдырар ұжымды.

Ендігі кезекті «Педагогикалық идеялар аукционына» келіп жетті.Бұл жас манмандарға брілген ұй тапсырмасы болатын.Олар ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйыдастырылған ҰОҚ-корнекіліктер дайындау керек.

Кезек өздеріңізде, жас мамандар.

Музыкалық пауза:

Жүргізуші: Сайысымыз да өз мәресіне жетті.Сайыстың қортындысын айту үшін әділ қазы мүшелеріне сөз береміз.

Жүргізуші: Білімнің айдынында жүзіп өткен,

Ұстаз екен блімнің нәрін сепкен.

Сен арқылы бастау алып,дана ғылым

Сен арқылы әлемді танып білгендей келе бүгінгі «Жас келсе,іске!» атты сайысымызды Тәуелсіз елеміздің 25 жылдық мерейтойына орай Р.Әлқожаның орындауындағы «Атамекен» әнімен аяқтауға рұхсат етіңіздер.










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.01.2019
1828
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі