Іскерлік
ойын:
"Қолымыздан
не келеді?!"
Мақсаты:
Қатысушылардың өз мүмкіндіктерін
бағалауына, қабілеттерін анықтауына,
өзіне деген сенімділігін арттыруға
және ұжымда бірлесіп жұмыс істеу
дағдыларын дамытуға ықпал ету.
Міндеттері:
*
Қатысушылардың жеке қабілеттері мен
шығармашылық мүмкіндіктерін анықтау.
*
Өз ойын еркін жеткізуге, пікір алмасуға
және шешім қабылдауға үйрету.
*
Ұжымда сыйластықты, ынтымақтастықты
және өзара қолдауды қалыптастыру.
*
Қатысушылардың белсенділігін арттырып,
өз күшіне деген сенімін нығайту.
*
Бірлескен әрекет арқылы ұйымшылдық пен
жауапкершілікке тәрбиелеу.
Жүргізуші
:
"Қайырлы
күн, шебер қолды әріптестерім! Бүгін
біздің іскерлік
ойын
ерекше. Бүгін біз қолмен сөйлесеміз,
қолмен ойлаймыз, қолмен ғажайып жасаймыз.
Кәне, шеңберге тұрып, бір-бірімізге
алақанымыздың жылуын сыйлайық!"
Шаттақ
шебері:"ЖЫЛУ
БЕРЕТІН АЛАҚАН"
Жүргізуші:
"Әріптестер, қолымыз шаршады ғой.
Телефон қарап, циклограмма жазып... Енді
қолымызбен бір-бірімізге жылу берейік!"
Барлығы
шеңберге тұрады.
Шарты:
1.
Оң қолыңдағы жылуды жанындағы адамның
алақанына сал. Сол қолыңмен келесі
адамнан жылу ал.
2.
Музыкамен шеңбер бойымен қол ұстасып,
бір-бірінің алақанын уқалайды.
3.
Әркім кезекпен бір ауыз сөз айтады:
"Менің қолымнан... келеді. Мысалы:
Менің қолымнан дәмді бауырсақ пісіру
келеді"
"Алтын
қолдар", "Сәнді қолдар", "Сиқырлы
қолдар")
Керегі:
3 қорап қалдық заттар
Әр
қорапқа саласың:
1.қорап:
пластик қақпақ, ескі журнал, мата
қиындысы,қайшы.
2.қорап:
мақта, құлақ таяқшасы, жіп,кілей,түрлі
түсті картон,пластик тарелка.
Шарты:
Әр
топ өз қорабын ашады. Сол қоқыстан кіші
топқа / ортаңғы топқа / ересек топқа
арнап бір өз қалаулары бойынша ДАМЫТУШЫ
ОЙЫН жасау керек.
Әр
топ өз жасаған затын қорғайды. Сатып
жатқандай жарнамалайды.
Айту
керек:
1.
Ойынның аты не?
2.
Қай жастағы балаға?
3.
Балада нені дамытады?
4.
Қауіпсіз бе?
«Мәреге
бірінші жет»
Міндеті:Ұқыптылыққа
шыдамдылыққа, ептілікке өз бетінше
әкерекет етуге,ойын ережесін сақтау
қажет.
Ойын:
«Мұнара
тұрғызу»
Шарты:Берілген
таяқшалар арқылы әр топ шығармашылықтарына
байланысты мұнара тұрғызу.
Ойын:
« Жұптық ойын»
Шарты:Екі
педагог берілген суреттерді қиып және
оларды жабыстырып өз ойларынан ертегі
құрастыу,және тақырып қойып,түсіндіру
керек.
Ойын:
«Қолымнан бәрі келеді»тақырыбына
байланысты қуыршақ жасау.
Шарты:Берілген
фольгадан өз шығармашылықтарына
байланысты қуыршақ жасау.
Жүргізуші:"Құрметті
әріптестер! Бізге қымбат ойыншық керек
емес екен. Біздің қолымыздан бәрі келеді.
Біз қоқыстан да білім жасай аламыз.
Себебі біз - ПЕДАГОГПЫЗ!"
Педагогтар
қалдық материалды екінші өмір сыйлау
арқылы,балаларға қалдықтан бұйым жасау
арқылы экологиялық мәдениетті
қалыптастыруды үйренді.