Іскерлік ойын педагогтармен
Мақсаты: педагогтардың тұлғалық үрдістерін дамыту, ынталандыру
тәсілдерін ұғыну, өз-өздерін сенімді ұстауға дағдыландыру.
Міндеті: -қарым-қатынасты үйлестіру;
-өзін-өзі ұстау процесін тереңдету;
-топ арқылы өзін-өзі тану;
-өз-өзіне деген сенімді күшейту және сенімді іс-әрекет дағдыларын
пысықтау.
Өту барысы
Ұйымдастырушылық кезең: (2 мин)
Қайырлы күн! Мен сіздерді бүгін көргеніме өте қуаныштымын! Бүгінгі таңда сіздермен кездесіп, біраз демалып, көңіл көтеріп, ойнап және де өзіміз бен әріптестеріміз жайында жаңашыл дүниелерді білуге мүмкіндік алғанымыз қандай тамаша! Ал ең бастысы – бір-бірімізге деген кездесу қуанышын сыйлау.
1.Сыни ойлау, сын тұрғысынан ойлау дегеніміз не?
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз- балалардың қызығушылығын арттыра отырып, өз ойыңды еркін және зерттей талпындырып, тұжырым жасау.Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз — ой қозғай отырып, баланың өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау.
Сын тұрғысынан оқыту технологиясы көптеген стратегиялардан тұрады. Сабақта пайдаланатын стратегиялар түрі: • Ой шақыру • Бес жол өлең • Топтастыру • Венн диаграммасы. Бірақ өкінішке орай, кейбір балалардың байланыстыра сөйлеуі, тақпақты тұрақты есте сақтай алмауы кездеседі.
Тапсырма: «Есепшілер туралы ертегі оқу » (тәрбиешілердің шығармашылық, ойлау қабілеттерін шыңдау мақсатында )
2. «Синквейн» сөзі француздың «бес» деген сөзінен шыққан, бес жолды өлең жазу әдісі.
- баланың сөздің қорын байытады,
қысқаша әңгіме құрастыруға үйретеді,
жеке және топпен жұмыс жасауға үйретеді,
балалардың шығармашылығын байқауға болады
1.Зат есім (тақырып)
2.Тақырыпты екі сөзбен сипаттау (сын есім)
3.Тақырыпқа қатысты қимыл атауы 3 сөзден тұратын етістік
4.Төрт жолдан тұратын бір сөйлем
5.Тақырып мәнің ашатын бір синоним сөз сөздері
(Тәрбиеші, бала) сөздеріне синквейн құру
3. «Өзіме, көршіме» педагогтармен тренинг
Тренинг сұрақтары «Өзіме, көршіме»
Көршіңізге күлімсіреп қараңыз
Көршіңізді құшақтаңыз
Көршіңізге іс - әрекетпен жақсы көретініңізді айтыңыз
Мен бүгін ән айтқым келіп тұр
Көршіңізге жақсы тілек айтыңыз
Бөбекжай – бақшаның басшысы болсаңыз нені жақсартар едіңіз?
Көршіңізге жұмбақ жасырыңыз
Көршіңізге айтар ақыл - кеңесіңіз
Көршіңізге санамақ айтып беріңіз
Көршіңізге көзіңізді қысыңыз
Әдемі би билеп берсеңіз
Көршіңіздің арқасына массаж жасап беріңіз
Ұйымдастырылған іс – әрекеттегі жиі айтатын сөздеріңіз
Сіздің ашуланған кездегі түріңіз
Бүгінгі күнге айтар пікіріңіз
Көршіңіздің қолын алыңыз
топта балаларға үйретіп жүрген 4 жол тақпақ айтсаңыз
Көршіңізге 1 сұрақ қойыңыз
Достық, бірлік туралы қандай мақал білесіз
Әуе арқылы сүйіңіз
Көршіңізбен ерекше түрде амандасыңыз
Көршіңізбен бірге суретке түсіңіз
Көршіңізге қуанған эмоцияңызды сыйлаңыз
Көршіңіздің бойындағы жақсы қасиетін айтыңыз
Сіз өмірде қандайсыз?
Ұжымда біреуге ренішіңіз бар ма?
Бақытты сәтіңізді көршіңізге көрсетіңіз
Сыни ойлау
Есепшілер туралы ертегі
Бір кездері Райхан есімді қыз болыпты. Оның Паша дейтін сөйлей алмайтын марғауы болыпты. Райхан мен Пашаға айналаның бәрі қызық еді. Бір күні екеуі саябақтағы ағаш түбінде жатқан портфельді байқайды. Қарапайым ғана қара портфель.Сөйтсе, ол сиқырлы екен. Қыз бен мысық сөмкені алып қарай бергені сол , екеуі де басқа жерден бір – ақ шықты. Райхан мен Паша есепшілер аралына өтіп кеткенін білмей де қалды.
Міне қызық деді Райхан айқайлап. Пашка жүр санауды үйренеміз. Паша да келісе кетті. Оның да амалы жоқ еді. Оның үстіне білгені өзіне пайдалы.
Есепшілер қаласының кіреберісінде күзетші тұрады екен. Ол – қатал степлер.Қыз бен мысыққа сенімсіздікпен қараған күзетші «қақпадан өтпес бұрын бір есепті шешулерің керек деп, тапсырмасы бар дәптер берді. «Бегемотта 26 банан , ал жирафта 67 банан бар. Егер олар капиталын біріктірсе , оларда қанша банан болады? Райхан мен Паша шөпке жайғасып, есептей бастады. Менің ойымша жауабы 93 банан деді Райхан. Степлер күлімсіреп, оларды қалаға өткізіп жіберді.
Бұл қаладағы тіршілік иелері бір қызық екен. Олар қаламдар мен қағаз, қыстырғыштар, калькуляторлар, қарындаштар, көзілдіріктер. Мұнда ескі шоттарға да жан біткен. Ноутбуктер мен телефондардың қуаттағыштары ары –бері жүгіріп жүр, мөрлер де үлкен сейфке асығып барады, телефондар факстармен айтысып жүр, принтерлер қағазды жұтып жатыр. Ал, колонкадан әдемі әуен естіледі.
Қызық қалаға түскен достар осындағы тұрғындармен танысып, түрлі есептерді үйрене бастады. Олар ақша санауды, есеп жүргізуді, және көбейту кестесін үйренді. Аралдың тұрғындары олардың еңбекқорлығына риза болып, жан – жақтан көмектесті, тәжірибесімен бөлісті. Бірнеше апта өткен соң Райхан мен Паша нағыз есепші болып шыға келді. Олар жылдам, дәл және қатесіз санауды үйреніп алды.
Олар үйіне келген соң үйренген ісін ары қарай жалғастырды. Дүкенге барған сайын немесе әдемі моншақтарын жинағанда да есептеп отыруды ұмытқан жоқ. Қыз бен мысық достары мен көршілеріне де қаржылық есепті үйретіп көмектесіп жүрді. Сонымен екі дос есеп-қисапқа деген құштарлығының арқасында өмірдің мәнін тапты: адамдарға қаржылық мәселелерді шешуге көмектесу айналаңды жақсартуға болатынын ұқты. Ал есейгенде қаржы университетін бітірді. Екеуі де мықты экономист болып шықты.
Есепшілер туралы ертегі
Бір кездері Райхан есімді қыз болыпты. Оның ------- болыпты. Райхан мен ------- айналаның бәрі қызық еді. Бір күні екеуі саябақтағы ағаш түбінде жатқан бірдеңені байқайды. Қарапайым ғана бірдеңе Сөйтсе, ол сиқырлы екен. Екеуі соны алып қарай бергені сол , екеуі де басқа жерден бір – ақ шықты. Олар біржерге өтіп кеткенін білмей де қалды.
Міне қызық деді Райхан айқайлап. ------ жүр бірдеңе жасап үйренеміз. Оның да амалы жоқ еді.
Жаңағы жердің кіреберісінде біреу тұрады екен. Ол – қатал -------- бірдеңе. Қыз бен -------- біреуге сенімсіздікпен қараған күзетші «қақпадан өтпес бұрын бірдеңе жасау керек деп, тапсырма берді. Олар тапсырманы орындағаннан кейін --------- күлімсіреп, оларды өткізіп жіберді.
Олар екеуі ------- кіріп бірдеңе жасауды үйренді.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Іскерлік ойын Сын тұрғысынан ойлау

шағым қалдыра аласыз