Ішкі жан дүниемнің «төлқұжаты» эссе

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ішкі жан дүниемнің «төлқұжаты» эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
Ішкі жан дүниемнің «төлқұжаты» эссе
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ішкі жан дүниемнің «төлқұжаты»

Мен үшін осы эссенің тақырыбы ерекше. «Неліктен ?» деген сұраққа жауап қазіргі заманда адамдар технологиялардың пайда болуымен, олардың ішкі жан дүниесі елеусіз қалып, көбінесе сыртқы келбетке көп мəн беріле бастады. Тағы бір кемшілік: адамдардың сөздік қоры да азайып кетті.

Мен үшін, кез келген адам тек сырттай сұлу ғана емес, ішкі жан дүниесі де сұлу болуы қажет. Ол үшін бұрыннан келе жатқан тəрбиенің негізгі құралдарын: кітаптарды оқу, ұрпақтан-ұрпаққа келе жатқан тәлім-тәрбиені бойға сіңіру қажет. Біздің менталитетімізге сай қазақ педагогикасының ғұлама ғалымдарының еңбектерімен танысу.

Ішкі жан дүние сұлулығы деген сөзді естіген кезде ең бірінші ойыма, барлық адамда болуы керек нəрсе – имандылық, адамгершілік, кішіпейілділік, ар-ұят қасиеттері болуы керек деп білемін. Кішіпейілділік қасиет- үлкенді сыйлау, асылды ардақтау үшін. Ар-ұят - қазақ қызының ең асыл қазынасы деп білемін.

Әрбір адамның жан дүниесі ашылмаған сыр сандықтай, құпия жабық кітап деуге болады. Адамдардың ішкі сыры өзі үшін қымбат болғанымен, жат адамдар үшін біреудің құндылығы түкке тұрғысыз дүние болуы да мүмкін.

Мен ... Өзім туралы сөз қозғалса, ойланыңқырап қалатыным рас.Себебі мақтаншақ та, ынжық та емеспін. Тек айтар сөзімді әуелі ой елегінен өткізіп алғанды жөн көремін. Шындықты айтуға тырысамын,шындықты бетке айтамын деп кейде адамдарды ренжітіп алып артынан өкінетін кездерімде болады. Мен қандай жағдай болсада адамдардың барлығына мейірімділікпен қарап, олар туралы жаман пікір айтпауға тырысатын болдым. Себебі бұл өмір өткінші. Біз барлығымыз пендеміз және бұл өмірде мінсіз адам жоқ, сүрінбейтін тұяқ болмайды. Адам баласы бүгін бар, ертең жоқ дегені рас, сол себепті барымызда бір-біріміздің қадірімізді біліп, бағалауымыз керек.

Адамның қадір-қасиеті, көпшілік жағдайда, мінез құлқына қарай бағаланады. Талай тағдырға да оңды-солды әсер етеді. Келісті мінез өмір кеңістігінің төріне шығарады, теріскейлігі қазан-ошақ басынан асырмайды. Демек, мінезді еркінсітпей, әманда, ақылға жүгіндіру қажет.

Менің өмірім - сұлулыққа, ой мен толғанысқа, сұрақ пен жауапқа, үміт пен сенімге, арман мен мұратқа толы. Мен үшін осы уақытқа дейінгі көргенім жалған, ал көрмегенім арман секілді. Мен бұл өмірден оңтайы келіп тұрған сыбағадан бас тартпағанды, бала кезінде еңбек етіп үйренбеген адамның, үлкейгенде заңнан таяқ жейтінін түсіндім. Бір қозы артық туса, бір түп жусанның өз-өзінен артық өспейтіні анық. Өзің кешірімді болмасаң, сені де ешкім кешірмейді... Соны ұқтым... Қателікті кешіруге болады, ал опасыздықты кешіруге болмайды.

Мінезім менің ішкі жан дүниеммен үндесіп, жүрегіммен астасып, жататын төлқұжатым. Туғанда сүтпен сіңген мінезім бойымнан арылмай өзіммен бірге!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.04.2024
162
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі