Материалдар / Ислам дінінің артықшылығы мен оның хикметі

Ислам дінінің артықшылығы мен оның хикметі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ислам діні жайлы түсінік
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Желтоқсан 2020
627
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ислам дінің артықшылығы және оның хикметі

Расында барлық мақтау әлемдердің Жаратушысы болған Аллаға тән. Оның соңғы елшісі Мұхаммедке с.а.у. және оның отбасына, сахабаларына Алланың сәлемі мен салауаты болсын.

Қазіргі кезде исламға әр түрлі сын пікірлер, мүлдем ақылға қонымсыз дәлел-дәйексіз айтылатын жала мен сөздер жеткілікті. Осы олқылықтың алдын алу мақсатында бұл тақырыпта сөз қозғамақпыз. Жазу барысында әр бір адам ислам жайлы білуі тиіс болған мәліметтерді ғана беруге тырыстық.

«Ислам» Алла тарапынан жіберілген иләһи дін. Өзге діндер секілді тайпаның немесе сол дінді шығарған адамның, көсемнің атымен аталмай, есімі тікелей Жаратушының жарлығымен қойылған дін. (мағынасы)

Құранда «Күмансыз Алланың құзырындағы дін – Ислам» (3 Әли Имран 19)

1)Ең алдымен бұл дінде адам еркінен тыс зорлық жоқ. Пайғамбар хадисінде: «Дінде зорлық жоқ», «Ауырлатпаңдар, жеңілдетіңдер» делінген. Әр бір адам дінге өз еркімен, өзі көз жеткізген халде келуі тиіс. Біреуге зәбір көрсетуге, мәжбүрлеуге қатаң тыйым саланады. «Мейірім көрсетпеген, мейірім көрмейді» деп хадисте айтылса, Құранда «Мүміндерге өте мейірімді кішіпейіл бол» (Хижр сүресі 88 аят) делінген. Барлық кезде орты жолды ұстанып, сыртқы келбетке зәбір көрсетпей орта жолды ұстанады (мысалы, аят хадис)Әйел адам үшін парыз болған және қазіргі кезде өзекті мәселеге айналған – хиджаб. Діндегі анықтамасы – кез-келген ислам дінін қабылдаған әйел адамның өзінің әуретін және ұятты жерлерін жасыру үшін киілетін киім. Халық арасында «хиджаб» деп аталады. Астарында ұяттылық, инабаттылық, ең маңыздысы Жаратушы бұйрығы жатыр. Әйел адам өз сұлулығын тек өз еріне ғана көрсетуі тиіс. Егер әйел сұлулығын тек өз кұйеуіне ғана көрестіп, сыртқы ортада әуретін жауып, қүйеуінің айтқанын орындаса қоғамдағы келеңсыз жайттар орын алмас еді. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек қазіргі кезде отбасы ұйытқысының бұзылуының 70%-ы әйелдің өзгелердің көз алдында ашық-шашық киініп, күйеунің қызғанышы арқасында екен. Әйел адаммен ер адамның табиғаты екі бөлек. Халық арасында «Ер көзімен, әйел құлағымен жақсы көреді» деп бекер айтылмаса керек. Құранда «Бөтен ерлер бөтен әйелдерден көздерін сақтасын» делінген. Қазіргі ғылым ер адамның көзінен шығатын сәуле яғни ер адамның көруі әйел адамдыкіндей емес екенін дәлелдеді. Ондағы көз сәулелері әйелдің жүзіндегі сүйкімділігінің кетуіне себеп болады екен. Қанша көп ер адамға көрінген әйел жүзіндегі ұяттылық, инабаттылық пердесінен айырылады. Ақыр соңында «Сұлу адам тартымсыз» болып қалады. Сондықтанда оған әуретін жауып жүру парыз етілді. Ұлы Жаратушы әйелді нәзік сұлу етіп жаратты. Әйелге қамқорлық көрсетуді бұйырып, мойнына үлкен жауапкершілік жүктемеді. Исламда ерлерге отабсын бағып-қағу және әйеліне қамқорлық көрсетіп оны қамтамасыз ету міндет. Бұл міндет әйелге жүктелмеді. Алайда отбасына көмектесемін десе өз еркі оғанда тыйым салынбады. Хадисте «Сендердің ең жақсыларың әйелдеріңмен жақсы қарым-қатынаста болғандарың» делінген. Егер олар неке қиятын болса исламда оған «мәһр» (неке қиярда әйел адамға берілетін мал-дүие)белгілеп қойды. Әйелдің сұраған мәһірін беру ер адамға парыз. Ер адам байып, мал-дүниесі жетіп жатса қажылыққа бару парыз. Егер бармаса діні толықт емес. Алайда әйел адам қаншалықты бай болмасын егер оның қасында махрамы болмаса бару парыз саналмайды. Жұма намазын мешітке барып оқу, жаназа намазын оқу ерлер үшін парыз саналады. Әйелдер үшін парыз емес. Осыдан ақ әйелдерге берілген ұлы нығметті көре аламыз.

2)Ал енді исламда харам етілген Құранда ашық баян етілген арақ-шарапқа тоқталсақ. Бұл ішімдіктен адамға келетін зиянды есептеп шығу өте қиын. Араққа үйір адамның отбасында бақытсыз, қызметте абыройсыз, ағайынға беделсіз болатыны белігілі. Дәрігерге жап-жас жігіттерді жетелеп алып келетінде осы маскүнемдік. Оның кейбір зияны: белсіздікке алып келеді, бүйрегі мен бауыры, жүрегі мен нерв жүйесі алуан түрлі ауруға шалдығады. Көрсеқызар болып ұяттылық, инабаттылықты ұмытады. Үнемі ішкілікте жүрген ер адамның дене бітімі әйел адамның дене бітіміне ұқсас келеді. Медицина саласында зияны әлі күнге дейін анықталып айтылып жатқан және қоғам дертіне айналған ішімдік. Осының барлығы арақтың «харам» болу үшін жеткілікті дәлел деп ойлаймын

Сарыағаш медресе колледжінің ұстазы

Аюпова Феруза Садыққызы



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ