400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ізденіс.Оқуға құштарлық. Ой еркіндігін дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаз шеберлігінің сынға түсетін сәті де – осы тұс. Оқушының ой – қиялына қозғау салып қанаттандыру – ұстаздың ой – пікірінің қуаттылығында. Ұстаздың өзі ұтымды, ұшқыр ой таныта сөйлей алғанда ғана бала сезіміне қанат бітіре алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жасымбекова Назира Муратбековна

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы

Әлібек Бүркітбаев атындағы ЖББМ КММ-сінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Ізденіс.Оқуға құштарлық. Ой еркіндігін дамыту

Ұстаз шеберлігінің сынға түсетін сәті де – осы тұс. Оқушының ой – қиялына қозғау салып қанаттандыру – ұстаздың ой – пікірінің қуаттылығында. Ұстаздың өзі ұтымды, ұшқыр ой таныта сөйлей алғанда ғана бала сезіміне қанат бітіре алады. Демек,білім,білік,дағдыны өз бойына қалыптастырған ұстаз ғана ,ой шоғырын реттеп,бір жүйеге келтіре алады. «Оқуға құштар мектеп» жобасының мақсаты да осыны көздейді.Ұстаз бен оқушынының ынтымақтастығын арттыра отырып,ойы ұшқыр, түйдек-түйдек сөздерімен түйінді шешетін ұрпақты тәрбиелеу бір күннің шаруасы емес.сол жолға біз қалай бағытталамыз ?Ол үшін не істеу керек ?-деген сауалдардың жауабын іздедім.

Қазір ренессанс заманы.Өткен тарихты ой елегінен өткізіп, одан болашаққа тірек болатын ұлттық рухани құндылықтарды бойға сіңіру жолдарын іздеп тауып, оны өмірдің сұранысына сай жаңарту,жаңғырту заманы. Бұл заман -қолдан келер мүмкіндіктерді іске асыру арқылы алдыға жылжып,уақыт көшінен қалмауға бағыттайды.Біздің бұл жерде ұтарымыз бар ма?Әрине,бар.Себебі,ата-бабаларымыздың алғыр ойларын таразыға сала отырып,сараптасақ көп ақпараттың түйінінің шешімін табуға болады. Бабаларымыздың озық ойларының өміршеңдігі уақыт өткен сайын артуда, қоғамдық рухани күштерге қуат беруде. Уақыт озған сайын даналық ойдың кереметін, ғажабын, көркін сезінудеміз. Алыстаған сайын жарқын ойдың шуағына жылынып, жан сарайымыз кеңеюде. Ұзақ шығарма оқуға уақыт таба алмай жүрген ұрпақтың көкірек көзін ашар сәулелі ой дүниелеріне жүрек көзімен қарайтын, сезінетін, шабыттанатын ішкі рухтарды оятатын күштерге дән себу-зиялы қауымның ізгілікті ісі.Ойдан ой туады.Алайда кітап бетін ашпайтын рухани дүниесі таяз жасөспірімдерді әдебиет әлеміне қалай әкелеміз?! Міне,мәселе осында. Баланың ойлау қиялына қанат бітірудің амал- тәсілдері әр алуан.Әр ұстаз өз қабілетінше харекет жасайды.Менің айтарым соның бірі ғана. Ол – ойшылдықты, даналықты сол ойшылдар мен даналардың тауып айтқан ұлағатты ойларынан іздеу. «Ізденістің ең қызықтысы – ұлы адамдардың ойына ілесу».(А.Пушкин) Ойдан ой іздеу оңай іс емес. Ол да терең білімге сүйенуді талап етеді. Кез келген ой оңайлықпен алдырмайды. Оған да алғырлық, зейін, ынта, сүйсініс, таңырқау, табандылық керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес  БҒМ «Оқуға құштар мектеп» жобасын бекіткен болатын.Бұл жобаны біз қалай қалай жүзеге асырамыз?-деген ой мені жиі мазалады. Шешімі қалай болады? Ғаламтор әлеміне сүңгіген оқушыларды кітап оқуға қалай бағыттаймыз ?- деген ой шырмауынан шығу жолдарын іздестірдім.

Бүгінгі кітап оқымайтын балаға түрлендіріп ой қаздыра берсек,артынша мәтіндегі ойларға ауыз салдырсақ, одан кейін көркем әдебиеттен үзінділер алып оқиғаны әрі өрістетуге ой салдырсақ, үзіндіні жалғастырып жазуды өтінсек немесе соған ұқсас көркем дүниелерді жазуды ұйғарсақ, поэзия тілімен алмастыруды өтінсек, кейде шешендікпен айтылған ойларды өзгертуді ұсынсақ, осылайша бала қабілетіне сай жұмысты күрделендіре берсек, баланың ой санасы өрістеп көркем дүниелерді жазуға шамасы келетіндей қабілетке жетер еді. Міне,осы тұста оқушының креативтік шығармашылық қасиеті шынығар еді.

Қорыта келгенде көп ізденіс пен оқуға құштарлық ой еркіндігін дамытуға бағыттайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың да бағыты ұшқыр ойлы,әр нәрсеге сыни көзқараспен қарайтын тұлға тәрбиелеуге бағыттау деп ойлаймын.Кез келген мұғалім оқушысының ұшқыр ойлы болғанын қаласа,ойдан ой тудырып,әрі қарай өрбітуіне жағдай жасау керек.Сонда ғана біз даналар салған соқпақты жаңғырта аламыз.Заман ағымына ілесу үшін жаңашыл тұлғаның келбетін қалыптастыруымыз керек.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30 қараша
349
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі