Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 29 материал табылды

Ізгілік-адамгершілік белгісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды адамгершілікке қасиеттерге тәрбиелеу мақсатында тиімді әдіс-тәсілдер қолданылған. Жас мамандарға көмегі болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Мектебі:

А.Шерімқұлов атындағы жом кмм

Күні: 26.11.2018 ж.

Мұғалімі:Омаш Айжан Шапайқызы

Қатысқандар:

Қатыспағандар:-

Сынып

2 «в» сынып

Сабақтың тақырыбы:

Ізгілік - адамгершілік белгісі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

-Оқушыларды адамдық асыл қасиеттерді, өмір заңдылықтарын оқып үйренуге тәрбиелеу, жаман қасиеттерден бойын аулақ ұстауды үйрету.

Оқушылардың бойына адами ізгі қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.

Сабақтың мақсаттары

-Адамгершілік сөзінің мағынасын түсіну;

-Жаман қасиеттерді атап, олардан аулақ болу керек екендігін әңгімелеу;

-Адами ізгі қасиеттер туралы өлең шумақтарын айтады,бойына сіңіру;

-Ситуациялық сұрақтарға жауап беру.

Бағалау критерийлері

-Адамгершілік туралы айтады, әңгімелейді;

-Жақсы қасиеттер мен жаман қасиеттерді ажыратады.

-Адами ізгі қасиеттер туралы өлең шумақтарын айтады

-Ситуациялық сұрақтарға жауап береді.

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Адамгершілік құндылықтар

Диалогқа, жазылымға қажетті тіркестер:

  • Адамгершілік деген не?

  • Әдептілікті қалай түсінесіңдер?

  • Өнегелі дегенді қалай түсінесіңдер?

Құндылықтарды дарыту

әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, әділдік, өзара көмек, достық, адалдық, үлкенді сыйлау, кісілік т.б. адамгершілік құндылықтарды оқушы бойына сіңіру.

Пәнаралық байланыс

әдебиеттік оқу, өзін-өзі тану

АКТ қолдану дағдысы

(сабақта қолданылатын болса көрсетіңіз)

https://www.youtube.com/watch?v=cde5ttk0xGE сілтемесі бойынша ғаламтор желісінен алынды.


Бастапқы білім

Өмірлік тәжірибесі

Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут


Психологиялық дайындық

«Жақсы тілек»

-Балалар, бір-бірімізге күлімсіреп қарайықшы,

Адам күлгенде неге ұқсайды? (Күнге)

Ал ашуланғанда ше? (Бұлтқа)

-Дұрыс айтасыңдар, балалар, олай болса , қазір мына жіпті бір-бірімізге беріп, бірімізге мейіріммен қарап, жақсы сөз айтайықшы.

-Бәрекелді, балалар, шеңбер неге ұқсады?












Сабақтың ортасы

5минут



















10 минут

























5 минут

























5 минут

(ҰЖ,МҚ) «Миға шабуыл»

Адам өмірінің алтын бесігі мектеп қабырғасында адамдық асыл қасиеттерді қастерлеп, өмір заңдылықтарын үйренеді.
Оқушылар, адамгершілік дегеніміз не......?
Адамгершілік – қоғамдық өмірдің заңдылығына сәйкес адамдар арасындағы қарым – қатынастарды зерттеуге негіз болатын, белгілі бір ізгілік ұстанымдарын білдіретін моральдық ұғым. Адамгершілік адамдардың бірін – бірі құрметтеуінен, оған сенуінен, басқаның мүддесі үшін өзін құрбан етуінен, шыншыл болу әрекеттерінен байқалады.
Адамгершілік қасиеттерге әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, әділдік, өзара көмек, достық, адалдық, үлкенді сыйлау, кісілік т.б жатады.











  • Балалар, қазір көрген роликтен не ұқтыңдар?

  • Адамгершілік деп нені түсінесіңдер?

  • Адамгершілік деген не?

  • Әдептілікті қалай түсінесіңдер?

  • Өнегелі дегенді қалай түсінесіңдер?

Мектептегі әдептілікке нелер жатады?

Мектептегі әдептілікке мектеп ережесін сақтау, сабаққа кешігіп келмеу, мұғалімдермен, жолдастарыңмен дұрыс амандасу, мектеп мүлкін сақтау, сабаққа дұрыс дайындалып келу, үлкендер мен кішілерге дөрекілік көрсетпеу т.б. жатады.

Амандасу - әдептіліктің басы. Оқушылар, сендер бір –бірлеріңмен, ұстаздармен амандасқанда не деп айтасыңдар?

Постер қорғау

Күннің шуағына адамгершілік қасиеттерді жазыңдаршы.


(ЖЖ) «Жалғастыр»
«Не істеуге болмайды?» Мұғалім бастапқы сөзін айтады, оқушы ойланып жалғастырып айтуы керек.
- Үлкендердің алдынан...... (кесіп өтуге болмайды.)
- Кішкене баланы................(жылатуға болмайды.)
- Құстарды ...........................(атуға болмайды.)
- Қыз баланы........................(ренжітуге болмайды.)
- Сабақтан.............................(кешігуге болмайды.)
- Сыныпта.............................(айғайлауға болмайды.)


(ТЖ)«Не істеу керек?» сәйкестендіру

- Үлкен кісіні.......................(сыйлау керек.)
- Үлкеннің тілін...................(алу керек..)
- Үлкендерге..........................(сәлем беру керек.)
- Кішілерді..............................(қамқор болу керек.)
- Оқу құралдарын.................. (күтіп ұстау керек.)

-Тәртіпті-----------------(болу керек)



Ситуациялық сұрақтар

Велосипедпен жарысып келе жатқан Қанат жолдың
шетінде тұрған қарияны көреді. Не істеу керек? Жол беріп, өткізіп жіберсе, жолдастарынан қалып қояды. Жолдастарының жол шетінде тұрған қарияға қарар түрі жоқ. Жарыстың аты – жарыс. Қанат қарияның жолын кесіп кетті. Қанаттың қылығы дұрыс па? Егер Қанаттың орнында болсаңдар не істер едіңдер? 

Үйде отбасыңмен теледидар қарап отырсың делік. Болып жатқан бағдарлама саған мүлде ұнамайды. Сенің басқа арнада болып жатқан киноны қатты көргің келіп отыр. Не істер едің?





Сыныптас досың үй тапсырмасының орындалмау себебін өтірік айтып мұғалімді алдады. Сен не істер едің?
Дос жылата, дұшпан күлдіре айтар дегендей жолдасыма өтірік айту жаман қылық екенін, ұстаздарды сыйлау керек екенін айтамын. 

Қоңырау кезі. Сыныптағы оқушылардың барлығы
сыртта жүр. Сыныпқа кіріп келсең, сенің бір сыныптасың біреудің қалтасын қарап жатыр екен. Не істер едің?
Ұрлық түбі – қорлық екенін айтып түсіндірер едім.

Бүгінгі сабағымызды қорытындылай келе, Абай атамыздың қай өлеңінде осы адамгершілік қасиеттер туралы айтылған?-деген сұраққа не деп жауап берер едіңдер?



























АКТ құралдары













Постер





































Таратпа материал









Таратпа материал















слайд




Сергіту сәті

2 минут

Үлкенге де «Сіз»,

Кішіге «Сіз».

Үлкендерді құрметтеп,

Бас иеміз біз.


Сабақтың соңы.

3 мин.






Адамгершіліктің қатып қалған қағидасы жоқ, бірақ негізгі қағидалары қандай?

1- оқушы: Кешірімді болу, кек сақтамау, сөйлесе білу, әділ болу, ізеттілік.

Рұқсат сұрау, кешікпеу, амандасу, өсек айтпау, уәдеде тұру, имандылық, мейірімділік, сабырлылық, қайырымдылық т.б.

2-оқушы: Ізеттілік – айналасындағыларды құрметтеу, кішілік мінез таныту. Амандасу – бейбіт пейілдің, достық ықыластың белгісі, мінез-құлықтың нормасы.

3-оқушы: Әділ болу – адамгершіліктің асыл белгісі. Әділетті қоғам адамдар имандылық қағидаларын қатаң сақтағанда ғана құрылады. Әдет-ғұрып, дәстүрлеріне, қалыптасқан қағидаларға, құқықтық нормаларға, заңға сүйенгенде ғана әділдік жеңеді.

4-оқушы: Рұқсат сұрау – адамдар қарым-қатынасындағы ішкі мәдениетті айғақтайтын этикалық қағидалардың бірі. Адамның меншік құқығын құрметтеу және оған қол сұқпау. Әр адам бір-бірінің құқығын құрметтей білуді үйренгендері жөн.

Имандылық. Әр адам ұлтына, нәсіліне, жынысына, дініне қарамастан иманды болып туады. Иманды бала дөрекілікке бармайды. Ата-анасын ардақтайды, кісіге қиянат жасамайды. Имандылық бар жерде рухани тазалық бар, сенім бар.

5-оқушы: Кешікпеу. Бұл дағдыны адам өзіне бала жастан дарытқаны жөн. Кешігу адамдарды сыйламау. Жұмысқа немесе туған күнге кештерге кешігіп бару – барып тұрған мәдениетсіздік. Уәделі жерге ерте бару керек, кешіккен жағдайда кешірім сұрау керек.

6-оқушы: Әдептілік деп үлкенді сыйлауды,достарды,айналадағы адамдарды құрметтеуді айтамыз. Әдепті адам басқадан сыйласым күтпей-ақ алдымен өзі басқаны құрметтеп, ардақтай біледі.
7-оқушы:Әдептілік дегеніміз әдеп,ізет, инабат,сыйласым,құрмет, қамқорлық деген сөздерді білдіреді екен. Тағы да бір айтатын жағдай бір-бірімізге кешірімді болу керек, ол да-әдептілік. Кейде кешірмейтін мінез-құлықтар да болады. Ондай теріс мінезді тезге салып, тез түзеу керек.












Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?


Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау: -Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?


Сабақ барысында кері байланысты қамтамасыз етемін.

Ұжымдық, топтық, жеке жұмыстардың нәтижелерін бақылап отырамын.




Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау.



Сабақ бойынша рефлексия:

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті?

Қандай кедергілер болды?

Не сәтті өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?

( тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге?






Смайликтер

Жалпы баға:

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды?

2.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не екенін білдім?

1.

2.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.01.2019
1453
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12