Бекітілді
|
Тәрбие сағаты |
|
|||||
|
Сабақтың тақырыбы |
"Ізгілік пен сыйластық жолында" |
|||||
|
Күні: |
|
|||||
|
Сынып: 11 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||
|
Сабақтың мақсаты |
«Сыйластық», «ізгілік» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. |
|||||
|
Құндылықтарға баулу |
ӘДІЛДІК ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК Әділдік, мейірімділік және жауапкершілік таныту арқылы басқаларға көмектесуге дайын болу |
|||||
|
Сабақ барысы |
||||||
|
Сабақтың кезеңі/уақыты |
Педагогтың әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||
|
Сабақтың басы |
Оқушылармен амандасу. Өткен сабақтарға шолу жасау. Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын оқушыларға түсіндіру. «Сұрақ-жауап» әдісі бойынша жаңа тақырыпты бастамас бұрын оқушыларға сұрақ қою. Сұрақтар:
|
Мұғаліммен амандасады. Өткен сабақтарда қандай тақырып өткендерін еске түсіреді. Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныс болады. Берілген сұрақтарға өз пікірі бойынша жауап береді. |
Жарайсың! Керемет! Тамаша! |
Интерактивті тақта, слайд, жұмыс дәптері. |
||
|
Сабақтың ортасы |
Мұғалімнің сөзі: Сыйластық – қазақ халқында ежелден қалыптасқан, қанға сіңген қасиет. Баланың ата-ананы, жиеннің нағашысын, келіннің қайын жұртын сыйлауы және құдалар, бажалар, құрдастар, абысын-келіндер арасында қалыптасқан өзара құрмет, сыйластық бұрыннан бар. «Адам сыйлағанның құлы» деген қазақ өзін сыйлап, құрметтеген жанға төрден орын ұсынып, сұрағанын береді. Ал сыйлағанды түсінбеген жанға «сиыр сипағанды білмейді» деп сәлеміне лайықты әдебін жасаған. «Сыйлап берген су да тәтті» деп алдына қойылған асқа емес, пейілдің адалдығы мен көңілдің тазалығына баса мән берген. Жалпы халық арасында «сыйластыққа, татулыққа жететін ештеңе жоқ» деген жақсы мәтел бар. «Жақсы сыйлағанның құлы, жаман қорыққанның құлы» деп сыйластықты сырбаздықтың сыны етіп қарастырған. Ал, Саққұлақ би сыйластықтың мәртебесі турасында: «Адамның басшысы – ақыл, шолушысы – ой, жетекшісі – талап, қорғаушысы – сабыр, сынаушысы – халық, таусылмайтыны – арман, ең қымбаттысы – ар сақтау, бәрінен ардақтысы – адал өмір сүру, соның ішінде ең тәттісі – сыйластық», − деген екен. Фариза Оңғарсынованың «ТАНЫМАСЫН СЫЙЛАМАС» әңгімесін оқу. Елнұрдың үйінің жанына тоқтаған жеңіл машинадан орта жастағы адам түсті. Алыстан келгенге ұқсайды. Елнұр есікті құлыптап, уəделескен балаларымен футбол ойнауға кеткелі жатыр еді. – Кеңестің үйі осы ма? – деді əлгі кісі. Одырая қарап кетіп бара жатқан Елнұр: – Осы. Бірақ үйде ешкім жоқ, – деді тоқтамастан. Жол жақтан Елңұрдың əжесі Ажар да келіп жетті. – Ойпыр-ау, Əділ нағашым ғой мынау! – деп Ажар апай қуана қол беріп жатты. Елнұр селтиіп тұрып қалыпты. – Қарағым Ажар, мынау немерең бе, үйде ешкім жоқ дегесін, түу алыстан іздеп келіп, өзіңді көре алмай кетем-ау деп тұр едім, – деп жолаушы шағын сөмкесін ала берді. – Танымасын сыйламас деген ғой, нағашеке! – деп Ажар апай Елнұрға қарады. – Кел, сəлем бер! Бұл – Əділ атаң ғой, үлкен адамды танымасаң да, қарсы алмайсың ба? Елнұр бағанағы қылығына ыңғайсызданған күйі жолаушыға қос қолын ұсынып амандасты да, есікті ашуға жүгіре жөнелді. Мәтін бойынша сұрақтар: -Ернұрдың бұл әрекетінің себебі неде? -Танымасын сыйламас деген сөзді қалай түсіндің? -Мәтінді оқып өзіңе қандай сабақ алдың? Мұғалімнің сөзі: Қай жерде жүрсек те бәріміз де сыйлы болғымыз келеді. Төмендегі қағидалар сіздерге өзіңе лайық бедел-абыройға ие болуда көмегін тигіузуі мүмкін: 1. Сыйласаң ғана сыйлы боласың. Алдымен, өзің басқаларды шын жүрегіңмен сыйлауың керек. Сыйластық деген біреуден аман-саулық сұрап, өз өмір салтыңды басқаларға бағынышты қылу емес. Сыйластық ең алдымен басқаларды түсіне білуден басталады. Бұл әр адамға бірдей мөлшерде назар аударып, қолдау көрсете білуді білдіреді. Ал өзгені сыйлау, өзіңді шынайы сыйлаудан басталады. Егер біреу көрсеткен құрметіңді әлсіздік деп қабылдап, абыройыңды түсіргісі келсе, сен де сол деңгейде жауап бере аласың, бірақ бұдан көрі сыпайы түрде өзіңнің ойыңды мықтап білдіргенің жақсы. Және бұдан былай өзіңді сол адамнан белгілі бір ара қашықтықта ұстағаның жөн. 2. Өзіңнің көңіл күйіңді бір қалыпты көтеріңкі деңгейде ұстауға тырыс. Тіпті басқалардың ашуын келтіріп, өмірден түңілдіретін жағдайларда да. Басыңа түскен жағдайдан жақсысын көруге үйреніп, соған сүйенуге тырыс. Сонда жаныңдағылар саған тамсанып, сенің жеке тұлғаңды сыйлай түседі. Егер әлдебір іске көшбасшы болу бұйырса, ол істі қоқиып, масаттанбай, барынша кішірейіп жүзеге асыр. 3. Достарыңа, отбасыңа және басқа жақындарыңа адал болуды үйрен. Тек өзің қалаған адамдарға ғана емес, барлығына бір шындықты айтатын турашыл мінез қалыптастыруға тырыс. Адал адам — сенімді адам, және ол қасиетің аян болса, тіпті шала таныс адамдар да сізді жауапты, шынайы деп суреттейтін болады. Сыртыңыздан айтылған жақсы сөз сіздің беделіңізді одан әрі өсірмесе, ешуақытта түсірмейді. 4. Басқалардың сыртынан ғайбат сөз айтпа. Жақындарыңа немесе кімге болса да қатысты айтар сын-пікірлерің болса, мүмкіндігінше ең алдымен өзіне жеке айт. Ол адам өз қателіктерін байқамай қалған, немесе өзінің кемшін тұсын білмеуі мүмкін. Бірақ сын айтпас бұрын, жақсы тұстарына да көңіл бөліп, оларды да барынша шынайы, зілді әзілсіз атап өтуге тырыс. Тек сынға дөрекі жауап алғанда, немесе мүлде құлақ аспаған жағдайда жеке сөйлескеннен нәтиже шықпағанда ғана оған деген наразылығыңды, келіспейтін жерлеріңді басқаларға жария қылуыңа болады. 5. Сөзің де, өзің де сыпайы болуға тырыс. Біреуді кемсітуден және балағатшылдықтан өзіңді қашық ұстауға тырыс. Сонымен қатар, киімге жақсы талғам қалыптастыр. Таза, әдепті, және жарасымды киін. Бұндай сырт келбет пен әдептіліктің үйлесімі саған лайық дүниелерді тартады. Мәселеге жан жақты қарай алатын кең көзқарас қалыптастыр, сыңаржақ пікірлерден сақтан, жалған әсерге берілмей, обьективті шешім қабылдауға тырыс. 6. Кең пейіл бол, жасандылықтан қаш. Сөз жүзінде бір өмір, іс жүзінде басқа өмір сүріп өзіңді де, өзгені де алдама. Басқалар еліктеуге тырысатын жақсы үлгі бол. Кейде қара басыңның қаржылық қамы үшін ғана емес, жай көңіл күй көтеру үшін де кісілер арасындағы дәнекер болуға тырыс. Әр ісіңді ойланып, әрбір мәселені бейбіт түрде, қақтығыссыз шешуге тырысып, өзіңнің жақсы қасиеттеріңді жан-жақты дамыту мен өзіңнің кемшіліктеріңмен күресу арқылы ішкі рухың мен санаңды шынықтыр. 7. Қай кезде сөйлеу орынды екенін біл. Басқаларды мұқият тыңдауға тырысып, олардан (не екенін анықтап айтпасаң да) әлдене үйренгеніңді білдір. Бәріне мүмкіндігінше қайырымды ықылас білдір. Өзіңе сенімді болып, қажет кезде кербездік те таныта біл. 8. Аса маңыздысы: Уәдеңде тұра алмайтыныңды білсең, уәделеспе. Сөзіңе сәйкес әрекет жаса. Егер біреу қателігіңді бетіңе басса, сылтауратпай, толық жауапкершілігіңді мойындай біл, сөйте тұра өзіңді бейшара санап, түңіліп кетпей, кішіпейілдікпен алға қарай баса бер. |
Фариза Оңғарсынованың «ТАНЫМАСЫН СЫЙЛАМАС» әңгімесін оқиды негізгі ойын анқытайды. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді, өз пікірін білдіреді, |
|
|
||
|
Сабақтың соңы |
«Бір ауыз сөз» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды. |
Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп береді. |
|
|
||
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Ізгілік пен сыйластық жолында"

шағым қалдыра аласыз