"Жабайы жануарлар"

Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Жабайы жануарлар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық ұйымдастырылған іс-әрекет Тақырыбы:жабайы жануарлар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді:______________

Күні:20.11.12

Тобы: «Сұңқар » ересек тобы

Тақырыбы: «Жабай жануарлар»

Міндеті: Жабайы аңдар, олардың сыртқы түрі, қозғалуы, тіршілік ету ортасы, азығы, қысқа бейімделуі және оның төлдері,адамдарға пайдасы туралы, жануарлар әлеміндегі маусымға тән көріністерді, мекендейтін орындарын анықтау ұғымдарын байыту. Айналасындағы заттармен сөздік қорларын дамыту. Жұмбақ шешуге,кеіпкерлердің бейнесін басқа қырынан көрсете білуге мүмкіндік беру. Сурет бойынша оқиғаны ойлап табуға баулу. Сөйлеуде сын есімдерді қолданып, салыстыру нәтижелерін атау (ұзын-қысқа). Қимылдарды музыкамен сәйкестендіре отырып, жүрелеп отыру, музыканың екінші бөлігінде қимылдарды өзгерту. Дайын құрылыспен түрлі ойындар ойнауға ынталандыру. Ұжымдық сюжетті композицияны құрастыру дағдыларын қалыптастыру .Орналастыру тәсілдерін қолдана отырып, пластиналарды тігінен және кірпіштерді, бөлшектерді көлденеңінен орналастыру.

Әдіс-тәсілдер:

1.Ширату: «Сәлем,сәлем» бейнеролик

2.Жұмбақ шешу: «Бір қадам » әдісі

3. Қоңырау үні: «Аңдардың көмек сұрауы» телефон әдіс

4. Тосын сәт: Мыстан әже

5.Орманға саяхат: «Виртуалды ойын»

6.Тыныс жаттығуы: «Кел тынығайық»

7. 1-тапсырма: «Әңгімеле» мнемокестесі

8. 2-тапсырма: « Мекенін тап» ойыны

9. Топқа бөліну: «Жануарларды құрастыр» пазль ойыны

10. Жапсыру: «Құлақшын».

11. Қортынды: «Тақия» әдісі

Тәрбиеші: Сәлеметсіздерме қонақтар,балалар!

Балалар алдымен көңілімізді көтеріп алайық

Ширату: «Сәлем,сәлем» бейнеролик

Тәрбиеші: Балалар бүгін бізде ашық ұйымдастырылған іс-әрекетіміздің қандай тақырыпта өтілетінін білу үшін «бір қадам» ойыны арқылы білетін боламыз.

-Ал ендеше жұмбақтың шешімін табуға дайынсыңдарма?

-Қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын,шешуін дұрыс тапқан сайын бір қадам алға жылжып отырасыңдар.

Шарты: Балалар шеңбер бойымен тұрады тәрбиеші жасырған жұмбақ шешуін тауып алға бір қадам жасайды.

Тәрбиеші:

1)Қалқиып екі құлағы

Елеңдеп қорқып тұрады. (қоян)

2)Өзі айлакер,өзі қу,

Жүрген жері айқай,шу (Түлкі)

3)Итке ұқсайды пішіні,

Аямайды ол кісіні (қасқыр)

4) Қыс бойы жатады,

Тәтті ұйқыға батады. (аю)

-Балалар бұл жануарлардың барлығын бір сөзбен қалай атаймыз?

- Жабайы жануарлап

-Жұрыс айтасыңдар балалар

-Неге жабайы жануарлар деп атаймыз?!

-Себебі жабайы жануарлар өз азықтарын,тұратын жерлерін өздері тауып,өз күндерін өздері көре алады.

-Жабайы жануарлар қайда өмір сүреді?

-Орманда,далада

-Дұрыс айтасыңдар балалар

Телефоннан қоңырау соғады.

-Сәлеметсіңдер ме балалар? Бізге сіздердің көмектеріңіз керек болып тұр.Бізді жалмауыз кемпір сиқырлап тастады. Балалар,жалмауыз кемпірден құтқарыңдаршы,өтінеміз!

Тәрбиеші: Сәлеметсізбе!

-Балалар,жануарларға қиын болып жатыр екен.жануарларға көмектесеміз бе?

-Көместесейік

-Орманға барғанда не жасауға болмайды?

-Қоқыс лақтыруға болмайды, қатты айғайлауға болмайды от жағуға болмайды және бір-бірімізден қалуға болмайды себебі адасып кетеміз

-Балалар,ендеше виртуалды ойын арқылы орманға аттанайық!

Виртуалды ойын

Тәрбиеші: Ол үшін көзімізге арнайы көзілдірік киеміз.

-Ой,Балалар қараңдаршы,күзгі орман қандай әдемі,ауасы таза.

Балалар ауаны ішке тартып,тереңірек демалайық.

Тыныс алу жаттығу (3 рет тыныстату)

-Балалар,біздің жануарларымыз көрінбейді ғой.Оларды қалай құтқарсақ екен?

-Осы кезде жалмауыз кемпір көрінеді.

Экраннан Мыстан әже шығады.

Мыстан әже:

- Сендер кімсіңдер?

-Сәлеметсізбе мыстан әже? Біз «Шағала» балабақшасынан келіп тұрмыз.Бізді жануарлар көмекке шақырып еді.

Мыстан әже: «Мен ормандағы барлық жануарларды сыйқырлап тастадым.»

Егер де менің тапсырмаларымды дұрыс орындасаңдар мен оларды босатамын.

-Балалар тапсырманы орындаймыз ба?

-Орындаймыз.

Мыстан әже:

-м.ә -жануарларға сондай көмектескілерің келіп тұрса,сол жануарлар туралы әңгімелеп беріңдер!

-Ж.к-жарайсыңдар! Бірақ менің келесі тапсырмамды орындай алмайсыңдар.

1-ші тапсырма мнемокесте арқылы сипаттап әңгімелету

Шарты:Дайын үлгі суретке қарап, жабайы жануарлардың төлдерін, түстерін, дене мүшелерін дұрыс тауып атау. Олардың пайдасы және мекенін, немен қоректенетінін әңгімелеу.

2- ші тапсырма «Мекенін тап» ойыны

Шарты: Экраннан жануарлардың мекенін флипчат әдісі арқылы орналастыру.

3. «Жануарларды құрастыр» пазль ойыны (топқа бөлу)

Шарты: Балалар үстел -үстіндегі пазлдардан жануарларды құрастыру арқылы екі топқа бөлінеді.

Жапсыру

1-ші топ: Тонның етегін, жағасын жүнмен жапсырып әсемдейді.

2-ші топ: Бас киім бөрікті жүнмен әсемдеу.

Мыстан әже: Сендер мықты екенсіңдер!

Тағы бір тапсырма беремін.Жануарлардың пайдасы туралы айтып беріңдер?

қандай білімдісіңдер жануарларды босатайын

Экраннан аңдар шығады.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар,біз білімнің арқасында жануарларды босатып алдық (дәйек сөз:

-Енді көзілдірігімізді киіп балабақшамызға аттанайық.

Қортынды: (тақия әдісімен)

-Балалар бүгін іс әрекетіміз не туралы болады?

-Көзәйнек киіп қайда бардық?

-Алдымыздан кім шықты?

-Біз нелерге көмектестік?

-Аңдарды қалай құтқардық?

-Қандай тапсырмалар болды?

-Жануарлардың төлдерін атаңдаршы?

-Құрастыруда қай аңдардар шықты?

-Жапсыруда қай қандай киімдерді әсемдедік?

-Жапсыруда қандай материал қолдандық?

-Сендерге іс-әрекет ұнады ма?

Тәрбиеші:Жарайсыңдар, сендер ұйымдастырылған ашық іс -әрекетте өте жақсы қатыстыңдар. Рахмет. Білімді балалар болып ержетіңдер

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.11.2024
135
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі