Материалдар / Жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тəрбиешілеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Мамыр 2021
483
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі

Күні: 18.01.2018 жыл.

Білім беру саласы: Таным.

Бөлімі: Жаратылыстану.

Тақырыбы: «Жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі»

Мақсаты: Жабайы аңдардың қысқы тіршілігі туралы түсініктерін кеңейту. Қыс мезгілінің құбылыстары мен қысқы табиғаттың ерекшеліктері туралы білімдерін нығайту, балаларды жабайы аңдардың қысқы өмірімен таныстыру, өмір сүру жолдары туралы мағлұмат беру. (Олардың сыртқы бейнесін, қайда мекендейтінін, немен қоректенетінін айту) Сурет бойынша толық сөйлем құрастыру, сұраққа жауап бергізу арқылы ойлау қабілеттерін дамыта отырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Табиғат көрінісін бейнелеуге және ұқыпты сурет салуға, жануарларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: Жабайы аңдардың қысқы тіршілігі бейнеленген суреттер, «Қысқы орман картинасы, слайд.

Билингвальды компонент: Жабайы жануарлар-дикие животные; Орман-лес; Аю-медьведь, Қасқыр- волк; Түлкі-лиса; Қоян-заяц; Тиін-белка; Кірпі-ежык.

Шаттық шеңбер:

Сәлеметсіздерме-здравствуите.

Бүгін қонақтарға қандай ақылды,жақсы балалар екенімізді көрсетейік.

-Армысыз, мейірімді –Аспан Ата!

-Армысыз,қайырымды-Жер Ана!

-Армысыз,шұғылалы-Нұрлы Күн!

Құт-дарыт бар әлемді жарқырат!

Жарайсыңдар балалар, жүректен жылы сөздер шығады қане бәріміз бір- бірімізге

Жылылық танытып,жақсы лебіздерімізді білдірейік:

-Таңымыз арайлап атсын!

-Күніміз жарқырасын!

-Аспанымыз ашық болсын!

-Көк туымыз желбірей берсін!

-Мен достарымды жақсы көрем!

-Әлемде тыныштық болсын!

-Деніміз сау болсын!

-Бәріміз тату болайық!

Міне,менің жылуым, жылуыма жылу қос!

Өздерің байқағандай бүгінгі оқу қызметіміз ерекше өтпек. - Ендеше біз бүгін сендермен жабайы жануарлардың қысқы тіршілігімен танысамыз.

Қыс мезгілі:

Бір жылда неше мезгіл бар?

Атап беріңдерші балалар?

Қазір жылдың қай мезгілі ?

Қыс мезгілінде неше ай бар?

(Желтоқсан,қаңтар, ақпан)

Қыс мезгілінде қандай ерекшеліктер бар.?

Сендерге қыс мезгілі ұнай ма?

Қандар ойындар біз далада ойнаймыз? Қар лақтырып,аққала жасап,сырғанақ тебеміз...(төбешіктерден шанамен сырғанаймыз, Қыста сыртқа шығып,қармен ойнап келгеннен кейін қолғабың су болып қалады.Неге? Өйткені,қар дененіміз су. Аязды күні су қатып,қар мен мұзға айналады.Ал,қолға ұстаған кезде ол сенің алақаныңның жылуымен ери бастайды.Қайтадан суға айналады. .

Қыста табиғат демалады.Өсімдіктер көрпе жамылғандай қардың астына тығылады.

-Суда мұз бар,жерде қар,

Боран борап соғады.

Айтыңдаршы, балалар,

Бұл қай кезде болады?

Балалар жауабы:

-Балалар,қар демекші. Біз сендермен

«Жасырын сурет» ойынын ойнаймыз.

Бізге қажетті суреттерді қар басып, жасырып қалыпты.Қардан тазалау үшін жұмбақтарды шешейік.

Қорбаң, қорбаң етеді,

Орман оның мекені

Тәтті балға тойып ап,

Қыста ұйқыға кетеді.

Бұл не?(Аю)

-1)Бұл –апан(үңгір).Аю болса, өздерің көріп тұрғандай қыс бойы қардың астындағы апанда жатып ұйықтайды.

Аю ұйықтап жатқанда кішкентай қонжықтарын дүниеге әкеледі. Оның іші жылы, әрі жайлы. Аю жаз бойы жинаған майынан қорек алып,табанын жалап ұйықтайды.

АЮ-үлкен, маймақ, қорбаң-қорбаң етіп жүреді. Оның екі кішкентай құлағы, төрт аяғы бар.

Балалар сендер аю туралы тақпақ білесіңдерме?



Өзі бір қу, жүрген жері айқай шу .(Түлкі)

2).Түлкі

-Түлкі мұрны иісті жақсы сезеді, ол қар астындағы тышқандарды аулап жейді. Құстарды жейді. Түлкі,қасқыр,қоян қысқа азық қорын дайындамайды.

Олардың көздері қырағы, құлақтары сақ,иіс сезуі жақсы жетілген.

Жүні қалың,әдемі...

Сылдырдан қорқады,

Шошынып жортады. (Қоян)

3).-Қоян түні бойы жүгіріп қорек іздейді. Ал, күндіз бұта астына жасырынып демалады. Құрғақ шөптер мен ағаш қабығын жеп қоректенеді.

Қай аң қысқа қарсы тонының түсін өзгертеді?Неліктен?

Қоян сұр тонын ақ тонға ауыстырады.Ол қары қалың орманда қасқыр мен түлкіден осылайша жасырынады.

Қорқақ,кішкентай,құлақтары ұзын.

Сұр түсті

Ақсиған көп тісті.(Қасқыр)



-Қасқыр Әлі жететін аңдармен қоректенеді: Үй жануарларымен,

құстармен қоректенеді.

Тістері үлкен,қорқынышты, сұр түст.

Секең, секең етеді,

Орман оның мекені.

Отырғанда шоқиып,

Құманға ұқсап кетеді. (Тиін)

5). Тиін ағаштың қуысында мекендейді.Ашып көрелік .

Тиін жаздай жидектерді, жаңғақтарды ,саңырауқұлақтарды жинап және шырша бүрінімен қоректенеді .Қыс бойы сол азығын қорек етеді.

Балалар, тиін туралы қандай

Тақпақ білеміз?



Көп, көп ине,

Бір сабағы жоқ ине,

Іс тікпейді әрине,

Бұл не? (Кірпі)

6)Кірпі қыс бойы ұйықтайды-інінде.

.Кірпіге үстіндегі инелері не үшін керек? Сыртқы жауларынан қорғану үшін.

Кішкентай тікенектері көп,сақтанғанда жиырылып қалады.

-Ал, балалар, кім айтады? Бір сөзбен

бұл жануарларды қалай деп атаймыз?

- Жабай жануарлар.

- Неге жабайы дейміз?

- Ормандағы аңдарға біреулер тамақ апарып бере ме?

Сергіту сәті:

Ормандағы бала қонжық,

Ұялардан бал іздеді

Мойындарын оңға бұрды.

Мойындарын солға бұрды.

Орман ішін аралады,

Ағаштарды шайқап көрді

Аяқтарын көтеріп ап,көтеріп ап.

Қуанғаннан билеп кетті, билеп кетті.

Слайд арқылы.

Сызық арқылы қайсысының құйрығы екенін көрсет.

. «Табыстыр» ойыны.

-Жабайы жануарлардың төлдері болады білесіңдер ғой? Яғни балалары, оларға қамқорлық танытып азығын тасып жүрген анасы адасып қалыпты. Екеуін табыстыру үшін сендер мына тапсырманы орындайсыңдар.

-Табыстырып болдық па?

-Ендеше жануарлардың төлдерін атай кетейік.

«Жануарлардың балалары (төлдері)

Қалай аталады?

-Аю баласы-қонжық,

-Қасқыр баласы-бөлтірік,

Қоян баласы-көжек

Түлкі баласы-мыршай,

Тиін баласы- тиін.

Кірпі баласы-кірпі.

Балалар , өздерің табыстырған жануарларды екі тілде айтып көрейік.

* Жабайы жануарлар-дикие животные.

*Орман-лес,

* Аю-медьведь

* Қасқыр-волк

* Түлкі-лиса

* Қоян-заяц

*Тиін-белка

Кірпі-ежык

Жарайсыңдар, балалар!

Орман иесі кіреді: Ол балалармен сәлемдесіп сендердің орман жайлы айтқандарыңды естіп,не білетіндеріңді білуге келдім.

- Орман адамдарға не үшін қажет?

Балалар жауабы:

ОЙЫН: Ойлауға

Ең айлакер аң....(түлкі)

Ең қорқақ...(қоян)

Балды жақсы көретін...(аю)

Ең ұзын мойын...(керік)

Ең ақылды...(маймыл)

Етті жақсы көретін аң...қасқыр



-«КУБИК» ОЙЫНЫ.

Әрбір аң түскенде:

- Немен қоректенеді?

- Қысқы баспанасы не?

Мысалы:

Аю –апанда, тиін –ағаш қуысындағы індерде, қоян-бұталар арасында, түлкі-інінде, қасқыр-апанда, кірпі інінде.

-Қандай сипаттама бересің?

-Ол туралы не білесің?Тауға шықсаң қалың қар,

Сайға түссек қалың қар.

Байқаңдар қар астында,

Ұйықтап жатқан аю бар.

-Балалар, табиғаттың бізге берері көп. Табиғаттың тыныштығын сақтап,жан-жағымызға мейірім сыйлап жүрейік.

Балалар мен сендердің табиғат көрінісінің суретін салуға және тиінге әдемі, жылы тонын киуге көмек көрсетуге шақырамын.

Аюдың –батырлығын,

Қоянның –жүйріктігін,

Түлкінің –әдемілігін,

Тиіннің-ақкөңілдігін,

Қасқырдың-қайсарлығын тілеймін.

-Сау болыңдар-Досвидания-Гуд бай.

Күтілетін нәтиже: Жануарлардың тіршілігімен танысады.

Біледі: Жаңа сөздердің мағанасын дұрыс меңгеріп,сөйлеу барысында дұрыс пайдалануды.

Игереді: Жабайы аңдардың қоршаған ортада ерекше орны бар екенін.

Меңгереді: Жабайы аңдарға қамқоршы болуды,табиғатқа қорғаушы болуды.





















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!