Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жабық тесттер

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал ұзтаздар мен оқушыларға өте қажет. Өйткені оқушылардың тақырып бойынша білімдерін тексеру үшін өте қолайлы. Ал ұстаздарға осы тестерді қолдану арқылы оқушылардың өткен тақырыптарды қалай меңгергенін біліне үлкен мүмкіндік. Оқыту үдерісіндегі ең маңызды бөлімінің бірі - оқытудың нәтижесін тексеру. Тексерудің барлық түрін, әдісін, пішімін қажетті жағдайда орындау, жүйелі түрде дұрыс қолдану оқыту сапасын жоғарылатып, оқушылар үлгеріміндегі жетіспеушілікті дер кезінде ашуға мүмкіндік береді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

1.«Кел, балалар, оқулық!» өлеңінің авторы (Алтынсарин )

2.Мұсылман мәдениетінің орталығы болып саналатын қала . (Түркістан )

3.Жасынан ұшқыш болуды армандаған екі мәрте Кеңес Одағының Батыры ( Т.Бегелдинов)

4.Астанаға дейінгі Қазақстанның астанасы (Алматы)

5.Парижде «Ағаш аяқ»,»Жалғыз арша» әндерін орындаған әнші (Әміре Қашаубаев)

6.Қазақстандағы ең терең көл (Алакөл)

7.Шешесінің әкесі балаға кім болатынын тап (нағашы ата)

8.Көшпелілердің баспанасы ( киіз үй)

9.Тіл білімінің негізін салушы? (Ахмет Байтұрсынов)

10.Балалар әдебиетінің негізін салушы? (Ыбырай Алтынсарин)

11.Жазба әдебиетінің негізін салушы? (Абай Құнанбаев)

12.Шоқанның шын аты (Мұхаммедханафия)

13.Абайдың шын аты (Ибраһим)

14.Қазақстанның астаналары? ( Орынбор, Қызылорда, Алматы, Астана)

15.Сөз мағыналары: тура және ... мағына.(ауыспалы)

16.Үндестік заңы: буын үндестігі және ... үндестігі.(дыбыс)

17.Қазақ тілінің алфавитінде ... әріп бар.(42)

18Дауысты дыбыстар жақтың қатысына қарай ... және қысаң болып бөлінеді.(ашық)

19.Ұяң дауыссыз дыбыстарды атаңыз.( б,в, г, ғ, д, ж, з)

20.Туынды сөз сөзге ... жалғану арқылы жасалады.(жұрнақ)

21. «Берсем», «айтсам» етістіктері қай райда тұр?(шартты)

22.Есімдік мағынасына қарай ... түрге бөлінеді.(7)

23.Асан, Ертіс, Көкшетау, Астана ... есімдер.(жалқы)

24.-ырақ, -ірек, -рақ, -рек қай шырайдың жұрнақтары?(салыстырмалы)

25. «Үштен», «он-оннан», «жиырмадан» ... сан есімдері.(топтау)

26. «барлық», «бәрі», «бүкіл» ... есімдіктері.(жалпылау)

27.Табыс септігіндегі сөзбен тіркесетін етістік ... етістік деп аталады.(сабақты)

28.-ғалы, -гелі, -қалы, -келі ненің жұрнағы?

29.Отыр, тұр, жүр, жатыр ... етістіктері.(көмекші)

30.Етістіктің шақтары неше түрге бөлінеді?(3)

31. «бүгін», «түнде», «кешке» үстеудің қандай мағыналық түрі?(мезгіл)

32.Қазақ тілінде неше сөз табы бар?(9)

33. Дыбыстар ... және ... болып екі түрге бөлінеді.(д-з, д-ы)

34. Қазақ тіліне тән неше дыбыс бар?(9)

35. Бір, екі, үш, төрт – бұлар ... сан есімдер. (есептік)

36.Кейбіреу, әркім, әлдекім есімдіктің қай түрі?белгісіздік)

37. -ған, -ген, -қан, -кен етістіктің қай түрінің жұрнақтары?(бұрынғы ө.ш.)

38. -а, -е, -й ненің жұрнақтары? (к.ш.)

39.Өткен шақ неше түрге бөлінеді?(3)

40.-ыс, -іс, -с ... етіс жұрнақтары.(ортақ)

41. «Туралы», «жайлы», «үшін» ... септігіне қатысты септеуліктер.(А.с.)

42. «Бірге», «қабат», «қатар» ... септігіне қатысты септеуліктер(К.с.)

43-лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер ... жалғаулары.(көптік)

44.Қазақ тілінде неше септік бар?(7)

45.Жедел өткен шақтың жұрнақтарын атаңыз.(ды,ді, ты, ті)

46.Айтылуы әр түрлі, бірақ мағыналары ұқсас сөздер ... деп аталады(синоним)

47. Буынның неше түрі бар (3)

48.«мек-теп», «дәп-тер», «жал-ғау» қандай буын түрлері?(бітеу)

49.Асан, Ертіс, Көкшетау, Астана ... есімдер.(жалқы)

50.-ырақ, -ірек, -рақ, -рек қай шырайдың жұрнақтары?(салыстырмалы)

51.Заттың дәмін білдіретін сөз (тәтті)

52. Күрделі сан есім (он екі)

53. Күрделі сын есімді тап (жап--жақсы)

54. Тұйық етістікті тап (жүгіру)

55. Фонетика нені зерттейді (тіл дыбыстарын)

56. Етістіктің жедел өткен шағын тап (жазды)

57. Қалау райлы сөзді табыңыз (көргім келеді)

58. Шартты райдың жұрнақтары (са, - се)

59. Етістіктің осы шақ түрін көсетіңіз (ойнап отыр)

60. Дыбыс үндестігі нешеге бөлінеді (екіге )

61. Болымсыз етістіктің жұрнақтары (ма, ме, па, пе, ба, бе)

62. Бөлшектік сан есімді көрсет. (төрттен бір)

63. Аппақ қандай сын есім (күшетпелі)

64. Дерексіз зат есімді тап (арман)

65. Буын үндестігіне бағынбайтын жұрнақ (хана, паз)

66. Алғаш мектеп ашқан ағартушы педагог (Ыбырай Алтынсарин)

67. Асырмалы шырай қалай жасалады (күшейткіш үстеу арқылы)

68. "Ғылым таппай мақтанба" өлеңінің авторы (Абай Құнанбаев)

68. Мезгіл үстеуді көрсет (таңертең, кешке)

69. Себеп-салдар үстеуді тап (амалсыздар)

70. Сілтеу есімдігін тап (бұлар)

71. Жіктік жалғауында тұрған өздік есімдігі (өзіміз)

72. Жалпылау есімдігін көрсет (барлығы)

73.Барыс септігінде тұрған сөзді тап (билетке)

74. Ас атасы - (нан)

75. Үндестік заңына бағынбай жазылған сөз (Ботагөз)

76. Тұйық буынды сөзді көрсет (ас, ән)

77. Ы.Алтынсариннің туған жері (Қостанай облысы Затабол кенті)

78. Көмектес септігінде тұрған сан есім (екіден)

79. Жетеу қандай сан есім (жинақтық сан есім)

80. Болымды етістікті көрсет (сөйледі)

81. Сырбай Мауленов, Ғафу Қайырбеков қай жерде туған (Қостанай облысында)

82. Отансыз ..... , ормансыз бұлбұл (адам)

83. Сыпырғыш қандай сөз табынан (етістік)

84. Біріккен сөзді көрсет (Талдықорған)

85. Бастауыштың сұрақтары (кім? не?)

86. Баяндауыш қалай сызылады (екі сызықпен)

87. Анықтауышта қандай септіктің сұрағы кездеседі (Ілік септік)

88. Көмектес септігіңн жалғаулары (мен, бен, пен)

89. Ертегі, жұмбақ, мақал-мәтел неге жатады (ауыз әдебиеті үлгілері)

90. Алғашқы кино неден пайда болды (фотографиядан)

91.Сүйінші қандай жағдайда сұралады (қуанышты хабар естігенде)

92. Ертең сабақ бола ма? - қандай сөйлем, (сұраулы сөйлем)

93. Достық тақырыбына мақал жаз (Досы көпті жау алмайды ақылы көпті дау алмайды)

94. Көмекші етістіктерді жаз (еді, екен, емес )

95. Баяндауыштың сұрақтары (не істеді? не істейді?)

96. Қалау райдың неше түрі бар (4)

97.Бұйрық райға мысал келтіру (мен сыйласайын)

98. Сөйлем мүшелері қандай болады (тұрлаулы, тұрлаусыз)

99. Тұрлаулы мүшелерді ата (бастауыш, баяндауыш)

100.Тұрлаусыз мүшелерді ата (толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш)

101. Алакөл ол.... ? (Қазақстандағы Алматы және Шығыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан тұзды ағынсыз көл)

102.Жігіт өз үйіне сыйлы болмай,.... (елге қадірлі болмайды)

103.Табыс септіктегі сөзді қажет етпейтін етістік түрі (салт етістік)

104. Етістікке -ыл, -іл, -л жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалатын етіс түрі (ырықсыз етіс)

105. Есімшенің неше жасалу жолы бар? (4)

106. Көсемшенің неше жасалу жолы бар? (3)

107.Қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы (домбыра)

108.Тұйық етістікке түсінік бер (шақпен де, жақпен де байланысы жоқ, қимылдың атауын ғана білдіреді)

109.Лексика саласы нені зерттейді (сөз мағынасын)

110.Өткен шақтың түрлерін жаз (жедел өткен шақ, бұрынғы өткен шақ, ауыспалы өткен шақ)

111. «жатыр, отыр, жүр, тұр» қай шақтың етістіктері (жалаң нақ осы шақ)

112. Үстеудің неше мағыналық түрі бар? (7)

113.Тек тұрлаулы мүшелерден тұратын жай сөйлем түрі (жалаң сөйлем)

114. «Қазақстандық Швецария» деп аталып кеткен қала (Көкшетау)

115. Бүгін, биыл мезгіл үстеулері күрделі сөздердің қай қатарына жатады?Жасалу жолын түсіндір (біріккен сөздер, бүгін - бұл+ күн, биыл - бұл +жыл)

116. Жеті санға дейін –ау –еу жұрнағының жалғануы арқылы жасалатын сан есімнің түрі (жинақтық сан есім)

117. Сан есімнің қай септікте тұрғанын анықтаңыздар. Таңертең сағат жетіде тұрамын. (жатыс септік)

118. Үлкен сөзінің антонимін белгілеңіз (кішкентай)

119. Ай, от, ой, ат сөздері буынның қай түріне жатады? (тұйық буын)

120. Сөз құрамын зерттейтін сала (морфология)

121.Сан есімнің мағыналық түрі нешеу? (6)

122. Тұрлаусыз мүше қатысқан сөйлем (жайылма)

123. Айдос үйге емін- еркін кірді. Сөйлемдегі үстеудің мағыналық түрін анықта (қимыл- сын үстеуі)

124.Сан есім рим цифрмен берілсе, дефис қойылмайтын сан есімнің мағыналық түрі (реттік сан есім)

125.Мәкіш Абайға кінәлай да, сынай да қарайды. Сөйлемнің түрі (жай сөйлем)

126. Айтылу мақсатына қарай сөйлем түрлері (хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті)

127. Барыс септігінің жалғауларын жаз (ға, ге, қа, ке, на, не, а, е)

128.Тыныш отыр! Айтылу мақсатына қарай сөйлемнің түрі (бұйрықты сөйлем)

129. Төрт жалғаудың түрін жаз (септік, жіктік, тәуелдік, көптік)

130.Үш шақтың жасалу жолдары арқылы жасалатын рай түрі (ашық рай)

131.Сыпайы сырын сақтар, әдепті арын сақтар. Сын есімдердің сөйлемдегі қызметі (бастауыш)

132. Сын есімнің шырайлары нешеу? (4)

133. Қысқы табиғаттың көрінісі тамаша! Сөйлемдегі сын есімдердің мағыналық түрі (сапалық, қатыстық)

134. Жалпылай немесе жекелей атауына қарай зат есімнің түрлері (жалпы жалқы)

135. Ата – ана, өз- өзінен, үлкен- кіші күрделі сөздердің қай түріне жатады? (қос сөз)

136. Күрделі сөздердің неше түрі бар? (4)

137. Айтылуы әр түрлі , бірақ мағыналары бір-біріне жақын сөздер (синоним)

138. Алма, қара, жаз сөздері .... (омоним)

139. Тай өссе- ат тынығады, ұл өссе- әке тынығады. Кімнің сөзі? (М.Қашқари)

140. Айтқыз, жасат, жүргіз, көрсет, жуғыздыр етістіктері етістің қай түріне жатады?

141. Әкеге қарап ұл өсер,.... Мақалдың жалғасын жаз. (шешеге қарап қыз өсер)

142. Еріннің қатысына қарай дауысты дыбыстар түрлері (еріндік, езулік)

143. Зат есім дегеніміз не? Сұрақтары? ( Заттың атын білдіретін сөз табы. Кім? Не? Кімдер? Нелер? Кім? Несі?)

144. Бір ғана дауысты дыбыстан жасалатын буын түр (ашық буын)

145. Қазақ тілінде неше дауыссыз дыбыс бар? (25)

146.Дауыссыз дыбыстардың үн мен салдырдың қатысына қарай түрлері (үнді, ұяң, қатаң)

147.Бірде дауысты, бірде дауыссыз дыбыстың қатарында болатын дыбыс (у)

148. Дыбысты таңбалау үшін алынған белгі (әріп)

149. Қазақ тілінде неше дыбыс бар? (37)

150.Заттың сынын, сапасын, дәмін білдіретін сөз табы? (сын есім)

151. Кино неше салаға бөлінеді?( 4)

152. Дыбыстық киноның ізашарлары кімдер болды? ( американдықтар)

153. Кино неден шықты?(фотографиядан)

153. Ағайынды Люмьерлер қандай кино түсірді?(деректі)

154. Алғашқы электронды теледидар қай жылы пайда болды? ( 1949ж)

155. Салауатты өмір салты дегеніміз не? ( денсаулық сақтап, нығайтуға арналған мінез құлық тәрбиесі)

156. 1920-1920 жылдары Қазақстанның алғаш астанасы қай қала болды? ( Орынбор)

157.Астана қаласы қай өзеннің жағалауында орналасқан? (Есіл)

158.ХХ ғасырда Қазақстанның астаналары болған қалалар. ( Орынбор, Ақмешіт,Алматы)

159. Қадыр Мырза Әли қай жылы туды? ( 1935 жыл, 5-ші қаңтар)

160. ЭКСПО дегеніміз не?( Бүкіләлемдік әмбебап жетістіктер көрмесі)

161. Отбасы дегеніміз не?( сыйластық , жарастық орнаған орта)

162. Отбасының басты қазығы ( бала)

163."Шипажай" сөзінің аудармасы?( санаторий)

164. "Сарыағаш"шипажайы қайда орналасқан ? ( Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданында)

165. Минералды сулар дегеніміз не?( ауруларға шипа болатын табиғи сулар)

166. Қазақстан халқы Ассамблеясы қашан құрылды?( 1995 жылы, 1-ші наурызда)

167. "Театр" сөзінің мағынасы. ( Көретін орын)

168. "Мәдениет" сөзінің аудармасы (культура)

169. Көсемше жұрнақтарын атаңыз.( -Ған,-ген,-қан,-кен)

170. Етісітктің райларының қанша түрі бар? (4)

171. Қазақ тілінде неше сөз табы бар?(9)

172. Сөйлем мүшелері құрамына қарай нешеге бөлінетінін көрсетіңіз. (3)

173. - дар, - дер, - тар, - тер, - лар, - лер жалғаудың қай түріне жататынын көрсетіңіз.(көптік)

174. Сөйлемдегі есімдіктердің түрін анықтаңыз: Мен ешқашан елімді сатпаймын!( Жіктеу)

175. Сөйлем мүшелерінің санын анықтаңыз (5)

176. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының авторы кім?( Шәкен Ниязбеков)

177. Қалау райлы етістіктің жұрнағын көрсетіңіз.( - ғы, - гі, -қы, - кі )

178. Дауыстылардың тілдің қатысына қарай түрлерін белгілеңіз (Жуан, жіңішке)

179. " Сезімталдық" сөзінің аудармасы. ( чувствительность)

180. Өзгелік етіс қандай жұрнақтар арқылы жасалады? ( -ғыз, -гіз, -қыз, - кіз, -дыр, - дір, -тыр, - тір, -ыр, -ір )

181. Адамның миының 80% неден тұрады ( судан )

182. Тұйық етістік қандай жұрнақ арқылы жасалады? (- у)

183. Домбыраның неше түрі бар?( 20- дан астам)

184. Кәсіпкерлік дегеніміз не ?(дербес қызмет)

185. Мекен үстеудің сұрақтары.( қайда?, қайдан?, қалай қарай?)

186. Достық - қастық деген жұп нені білдіреді? (антонимдер)

187. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері ( бастауыш, баяндауыш)

188. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін ата ( анықтауыш, пысықтауыш, толықтауыш)

189. Есімдіктің түрлерін ата (Жіктеу, сілтеу, сұрау, жалпылау, өздік, белгісіздік, болымсыздық )

190. Етістік қай шақта тұр? Мен ертең сағат 7-де тұрамын. (келер шақ)

191. Құрмалас сөйлемнің түрлерін тап. (салалас, аралас, сабақтас)

192. Құрмалас сөйлем нешеге бөлінеді?( үшке)

193. «Сұлу» сөзінің синонимін табыңыз. (әдемі, көрікті, әсем)

194. Сын есім құрамына қарай нешеге бөлінеді? ( дара, күрделі)

195. Зат есім тұлғасына қарай нешеге бөлінеді? ( екіге, негізгі және туынды)

196. Реттік сан есім жұрнақтары ( -ыншы, - інші, -ншы, - нші)

197. Лексика дегеніміз не? (тілдегі сөздердің жиынтығы, сөздік құрам)

198. Етістік деніміз не? (Заттың қимылын сипаттайтын сөз табы)

199. «Қоян жүрек» фразеологизмінің антонимін табыңыз.(Қорқақ)

200. Жалпылау есімдіктеріне қандай сөздер жатады (бәрі, барлық, барша, күллі, бүкіл, түгел).














































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.04.2018
1668
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12