400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жай бөлгектер мен ондық бөлшектерге амалдар қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

2020 жыл

22 қаңтар

Маңғыстау облысы , Мұнайлы ауданы «№10 жалпы білім беру орта мектебі»

КММ –сі математика пән мұғалімі Жалыханова Роза Абылхановна

5 «Е» сынып

2 сабақ

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Математика пәні

Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшек. Ондық бөлшектерді оқу және жазу. Ондық бөлшектерді жай бөлшекке айналдыру.

Осы сабақтың жүзеге асатын оқу мақсаттары

5.1.1.13 Ондық бөлшек ұғымын меңгеру;

5.5.2.5 Ондық бөлшектерді оқу және жазу;

5.1.1.14 Ондық бөлшек түрінде жазылған сандардың теңдігін түсіндіру;

Мысалы, 1,3 және 1,30;

5.1.2.25 бөлшектерді бір жазылу түрінде басқа жазылу түріне ауыстыру;

Сабақтың мақсаттары:

Мәселелік тапсырмамен топта жұмыс жасау арқылы оқушылар ондық бөлшекпен танысады және оларды оқуды, жазуды, разрядтық қосылғыштар қосындысы түрінде ұсынуды және разрядтық қосылғыштар қосындсыны ондық бөлшек түрінде жазуды үйренеді.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу, түсіру, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау;

Бағалау критерийлері

Оқушылар

  1. ондық бөлшек ұғымын меңгереді, ондық бөлшек ұғымын біледі және түсіндіре алады;

  2. ондық бөлшектерді оқиды және жазады;

  3. ондық бөлшектерді микрокалькуляторда тереді;

  4. ондық бөлшектердің разрядтарын атайды;

  5. ондық бөлшекті разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жазады


Тілдік мақсаттары:

Математикалық терминологияны қолдана отырып және өздерінің сөздерімен ондық бөлшекті, оның қалай жазылуын ұғынады және түсінеді, ондық бөлшектің разрядтарын атайды.

Пәнге тән лексика мен терминология:

- бүтін бөлік, бөлшек бөлік;

- ондық бөлшек;

- үтірмен ажыратылатын таңбалар саны;

- үтірден кейінгі таңбалар саны;

- ондық, жүздік, мыңдық және т.с.с. үлестер;

- разрядтары бойынша сандарды жіктеу;

- разрядтық бірліктер.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

- жай бөлшекті ондық бөлшек түрінде жазу үшін ... керек;

- ондық бөлшекті жай бөлшек түрінде жазу үшін ... керек;

- ондық бөлшекті ондық бөлшекке бөлу үшін ... неше цифр болса, бөлінгіш пен бөлгіштегі үтірлерді оңға қарай сонша цифрға жылжыту керек;

- егер ондық бөлшектің соңына бір немесе бірнеше нөлдер тіркеп жазылса ( алып тасталса), онда ...бөлшек шығады;

- ондық бөлшекті қандай да бір разрядқа дейін дөңгелектеу үшін ... керек.


Құндылықтарды баулу

Әділдікке,патриоттыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеттерін дамыту

Пән аралақ байланыс

Геометрия, информатика

Бастапқы бөлім

Бірлесіп орындалатын жұмыстарға есептер

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс- әрекет

Ресурстары

Сабақтың басы 5 минут

Сұрақ- жауап әдісі арқылы оқушылармен пікір алмасу


Сабақтың ортасы

2 тапсырма. Пазлда есеп шартында немесе есеп шығару барысында кездестірген барлық жай бөлшектерді жазып шығыңыз.

Оқушылар жазбасы:  , , , , .

Бөлшек сызығын қолданбай, оларды қалай жазуға болатынын ойланыңыз.

Кеңес

- Кестеге қараңыз

Бөлшек сан

Бөліміндегі нөлдер саны

Ондық бөлшек

Үтірден кейінгі цифрлар саны

1

0,6

1

2

4,03

2

3

0,115

3

3

2,008

3

4

?

4

5

?

5

- Сіз қандай заңдылық байқадыңыз? (нөлдер саны үтірден кейінгі цифрлар санымен сәйкес келеді)
- Сіз соңғы сандарды қалай жазасыз? 
(дқрыс нұсқаны таңдаңыз)

А. 0,037 
Б. 0,0037 
В. 0,37

А. 3,5216
Б. 0,035216
В. 0,35216

- Демек, мәселе мынада: жай бөлшектерді, аралас сандарды жаңаша қалай жазу керектігінде.

Бірінші топтың оқушылары ауызша жұмыс бойынша бөлшектің жазбасын ұсынады, ал басқа топтар тексереді.

3 тапсырма. 

-Бөлшектерді оқыңыз.
- Қандай қызық тұстарын байқадыңыз? (
Барлық бөлшектердің бөлімінде бір және нөл бар)
- Оларды қандай екі топқа бөлуге болады? (
Дұрыс және бұрыс)

Бұл бөлшектерді ондық бөлшек түрінде жазыңыз. Әрбір топты қалай жазуға болады? Оны қалай жасағаныңызды, қадамдап талқылаңыз. Бұл жазбалар несімен ерекшеленеді?

Шеңбер бойынша топтар өзара тексеру жүргізеді. Алгоритмді толықтыру.

4 тапсырма.

Кітаппен жұмыс. Түсіндірме мәтінде мәселелік сұраққа жауап табыңыз.

Бөлімінде 10, 100, 1000, 10000 және т.с.с. сандарды бөлімсіз жазуға келісті. Ең алдымен, бүтін бөлігін, ал одан кейін бөлшек бөлігінің алымын жазады. Бүтін бөлікті бөлшек бөліктен үтір арқылы ажыратады. Мысалы,  .

Ондық бөлшекті жазу ережесі:

1) Егер де қажет болса, үтірден кейінгі цифрлар санын теңестіру.

2) Бүтін бөлігін жазу (ол нөлге тең болуы мүмкін).

3) Бүтін бөлігін бөлшек бөлігінен ажырататын үтірді қою.

4) Бөлшек бөлігінің алымын жазу.

Тарихи мәлімет «Бөлшек сандардың ондық жазбасы»

Оқушылар мәтінмен жұмыс жасайды, ақпаратты оқып, ең бастысын, әрі қызықты тұстарын белгілейді. 2 қосымша.

Содан кейін тақтадағы тапсырманы барлығынан бұрын орындаған топтардың бірінің спикері дайын презентация бойынша бөлшек сандардың заманауи жазбасының пайда болу тарихы жайлы баяндайды.

Осы кезеңде оқушылар жаһандық азаматтықты түсінуге қатыстырылады.

Онндық бөлшекті микрокалькуляторда қалай жазуға болады?

Тапсырманы топта талқылау және орындау. Шеңбер бойынша тапсырмалармен алмасу және индикатордағы ондық бөлшектердің жазбасын разрядтары бойынша кестеге жазу. 3 қосымша.

Бекіту. Өздік жұмыс.

1.Жаттығу. Ресейде ондық бөлшек жайлы ең алғаш рет «Арифметика» атты орыс оқулығында айтылған болатын. Егер бөлшектер мен мен аралас сандарды ондыө бөлшектер арқылы жазсақ, оның авторын анықтай аламыз.

Аралас сандар мен жай бөлшектер слайдта, ал ондық бөлшектер – карточкаларда жазылған. Карточкалардың артқы жағында – әріптер жазылған. Тапсырманы орындау барысында оқушылар сөз құрастырады.

0,123

1,5

0,15

3,25

М

А

Г

Н



0,007

0,07

3, 025

0,7

0,0123

И

Ц

К

И

Й

2. Жаттығу. Бұл жаттығу ондық бөлшектерді оқу дағдысын қалыптастыруға бағытталған.

Сахналау: Шамамен бойлары бірдей оқушыларға кеуделеріне цифрлар жазылған карточкалар тағылады. Ал барлығынан бойы аласа оқушының карточкасында үтір белгісі бар. «Үтір» цифрлары оқушылар қатарының әр түрлі орындарына жүгіріп алмасып тұрады, ал сыныпта отырған оқушылар шыққан сандарды оқиды. Әртістер ретінде кинестетиктерді алған жөн.

Мысалы,

5

,

0

2

9

1

3. Ондық бөлшек түрінде жазыңыз:

. Оқушылар өз бетімен орындайды және тапсырманы бірінші болып орындаған оқушының үлгісі бойынша тексереді.

Тапсырманы топта, тізбек бойынша орындау.

4. Ондық бөлшектерді оқыңыз:

2,7; 11,4; 401,1; 666,6; 0,8; 9,9; 99,9; 909,9;

5.64; 21,87; 381,77; 54,60; 2,80; 0,55; 0, 09; 0, 77;

1,579; 12,882; 326,703; 145,008; 21,094; 0,049; 0,001

203,6; 20,36; 0, 02036; 0,20506; 0,010101.

«Ойлан!». Метрикалық бірлік өрнектерін ондық бөлшекпен қалай жазу керек.

5. Өрнектеңіз:

дециметрмен: 5 дм 6 см; 3 дм 1 см; 9 см;

центнермен: 24 ц 6 кг; 72 кг; 30 ц 65 кг;

килограммен: 6 кг 339 г; 5 кг 58 г; 6 т 14 кг 8 г.

Кеңес. Видео ресурс. http://www.bilimland.kz/kk/#lesson=11484

Дифференциация. Білімді кеңейту. Жаңа жағдайларда қолдану.

6. Бөліндіні ондық бөлшек түрінде жазыңыз:

182 : 10; 5405 : 100; 631 : 10 000; 74 : 1000; 849 : 1000; 3 : 100 000.

7. Кесінділерді салыңыз: АВ = 1,3 см; CD = 2,1см; МР = 0,8 см.


Т.А. Алдамуратова, Е.С. Байшоланова – Математика: 5 сынып оқулығы

Сабақтың соңы

Білімді тексеру. Өздік жұмыс.

1. Пальто мен орамалдағы ойылған жұлдызшалар не?
Барлығы өтпелі, кесілген, қолыңа алсаң - су? (қар ұшқыны)

«Қаршаларды жина». Слайд «Қар жауу» 10.

2. Орманшыға орманда аңдардың іздерін анықтауға көмектес. 11-14 слайдтар

Сабақты қорытындылау.

- Қандай жай бөлшекті ондық бөлшекпен алмастыруға болады?

- Үтір алдында жазылған санды қалай атайды?

- Үтірден кейін жазылған санды қалай атайды?
- Үтірден кейін қанша таңба болу қажеттілігін қалай анықтауға болады?
- Егер бөлімінде 10, 100, 1000, 10000 болса, үтірден кейін қанша таңба болады?




Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Білімді кеңейту, сахналау, топтағы қолдау


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Оқушының жұмысын бақылау және диалогты қолдану арқылы жүргізіледі.


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары


Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

- Оқушылар бүгін не үйренді?

- Сынып атмосферасы қандай болды?

- Дифференциация жұмыс жасады ма?

- Барлығына уақыт жеткілікті болды ма?

- Жоспарға қандай өзгерістер енгізілді? Неге?


Сабақ мақсаттары және күтілетін нәтижелер сабақтағы меңгерілетін мәліметке сәйкес болды.

Сабақта жұмыс атмосферасы сезілді.

Тапсырмаларды күрделілік деңгейі бойынша саралау оқушылардың қабілетіне сай болды.

Сабақта уақыт тиімді пайдаланылды.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Өзін-өзі тексеру және өзара тексеру (топтағы)

2: Рефлексия

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Ондық бөлшектер бейнеленген координаталық түзудің көрнекі бейнесі

2: Ондық бөлшектің сан сәйулесіндегі орналасу жағдайының видео немесе анимациясы

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Келесі сабақта есеп шешімін тексеру дағдыларын дамытуға арналған қате жіберілген тапсырмаларды қарастыру. Соңғы тапсырма кезінде ұсыныстары жаңылыс шыққан немесе дұрыс болмаған оқушыларға назар аудару.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 ақпан
706
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі