400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жай бөлшектер мен аралас сандарды бөлу

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға әдістемелік көмек болар деп ойлаймын.Сабақ жоспарында пайдаланады деген ойдамын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім 5.1А. Сандарға амалдар қолдану

№2 жалпы білім беру орта мектебі

Мерізімі:12.12.19

Мұғалім аты-жөні: Ешимова Алтынай

Сыныбы: 5

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Жай бөлшектер мен аралас сандарды бөлу


Оқу бағдарламасына сілтеме:

5.1.2.23 Жай бөлшектерді және аралас сандарды бөлуді орындау;


Сабақтың мақсаты

1. Жай бөлшектер мен аралас сандарды бөлу амалын үйрету;

2. Өз бетімен шешім қабылдауға, өзіндік ойын қорытындылай білуге дағдыландыру;

3. Өз мүмкіндіктерін саралай отырып, ұжымда бірігіп жұмыс жасауға тәрбиелеу;

Бағалау критерийлері

1.Жай бөлшекті жай бөлшекке бөлу үшін ережесі қолданылатынын біледі;

2. Аралас санды аралас санға бөлу үшін, оларды бұрыс бөлшек түрінде жазып алу керектігін біледі.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: Жай бөлшек пен аралас сандарды бөлгендегі қолданылатын негізгі терминдерді қолданады.

Аралас бөлшек

Дұрыс бөлшек

Жай бөлшек

Бұрыс бөлшек

Алымы

Бөлімі

Құндылықтарды дарыту

Өткен сабақтарда қарастырылған жай бөлшекті жай бөлшекке, аралас сандарды аралас санға қосу, азайту, көбейту тақырыптарымен бірге жаңа тақырыпқа бағытталған сұрақтар қою арқылы оқушылардың өмірлік білім жолын қалыптастыруға үйрету, өзіне деген сенімділігін, ойын ашық жеткізе білуге үйрету.

Пән аралық байланыстар

Анықтамаларды дұрыс, нақты айту арқылы қазақ тілі және жаңа сабақтың мазмұнын ашу мақсатында физика, механика пәндерімен байланыс орнатамын.

АКТ қолдану дағдылары

Жаңа тақырыпқа қатысты материалдарды слайд арқылы көрсетіп, интербелсенді тақтаны пайдалана отырып есептер шығарту арқылы оқушыларды АКТ қолдануды үйретемін.

Алдыңғы сабақтан алған білім

Жай бөлшекті жай бөлшекке, аралас санды аралас санға көбейтуді біледі.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқыту ресурстары

Ұйымдастыру кезеңі

(1 мин)








Сабақтың басы

(4 мин)







Сабақтың ортасы

(15 мин)


а) Сәлемдесу;
ә) Оқушыларды түгендеу;
б) Оқушылардың сабаққа ынтасын арттыру;

в)Үй жұмыстарының тексерілуін қадағалайды;

г)Интерактивті тақтаға үй жұмыстарының шешімдерін көрсетіледі;

Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылады.

Тақырыпқа сай оқушылардан бүгінгі сабақтың мақсатын ашу үшін сұрақтар қояды.

Сабақтың бағалау критерийлері мен тілдік мақсат айтылады.

Қайталауға арналған сұрақтар

Жай бөлшектерді жай бөлшекке қалай көбейтеміз?

Аралас сандарды аралас сандарға көбейту деп?

Өзара кері сандар дегеніміз қандай сан?

«Алгеброн ойыны» арқылы өткен сабақты пысықтаймын.

Смайликтер арқылы қалыптастырушы бағалау жүргіземін.



Жай бөлшекті жай бөлшекке бөлу

Жай бөлшекті жай бөлшекке бөлу үшін бөлінгіш бөлшекті бөлгіш бөлшекке кері санға көбейту керек. Ережені әріптермен жазсақ:

Мұндағы - натурал сан немесе 0 саны, натурал сандар.

Мысалдар:

Санды нөлге бөлуге болмайды. Себебі кез келген санды 0-ге көбейткенде көбейтінді 0-ге тең болады.

Аралас санды аралас санға бөлу

Аралас санды аралас санға бөлу үшін, оларды бұрыс бөлшек түрінде жазып алып, бөлшекті бөлшекке бөлу ережесін қолдану керек.

Натурал санды бөлшекке бөлу және бөлшекті натурал санға бөлу

Бөлінгіш немесе бөлгіш натурал сан болған жағдайда натурал сан бөлімі 1 болатын бөлшек түрінде жазылып, бөлшекті бөлшекке бөлу ережесі қолданылады.

«Есте сақта»

Ұлы педагог Ушинский «Бір рет айтылған әңгіме артынан қайталануы керек. Бұл ұмытылғанды ескере түсіру емес, қайта ұмытып кетуді болдырмау». Есте сақта!


Слайд


Топпен жұмыс кезеңі

(10 мин)

Әр топтан бір оқушыдан шақырылып, әр оқушы топқа берілген есепті шығару арқылы тобына ұпай алып келеді. Бұл кезде орында отырған оқушылар топ болып ақылдасып, есептің жауабын іздестіреді. Егер тақтадағы оқушы жауапты дұрыс таба алмаса, топ мүшесінің бірі көмекке келіп, топпен қарастырылған тапсырманы тақтадағы оқушыға түсіндіріп, жұптық жұмыс жасайды.


А деңгейі №607 есеп

1-топ

1)

2) :


2- топ

3)

4) :

3- топ

5)

6)

Бағалау критерийі

Дескриптор

1.Бөлшекті бөлшекке бөлу ережесін біледі.

2.Амалдардың орындалу ретін біледі.


1.Бөлшекті бөлшекке бөлу ережесін пайдаланады.

2.Амалдардың орындалуын пайдаланады.



В –деңгейі №616 есеп

1-топ

1)

2)

2-топ

4)

3-топ

5)

6)


Бағалау критерийі

Дескриптор

1.Бөлшекті бөлшекке бөлу ережесін біледі.

2.Амалдардың орындалу ретін біледі.


1.Бөлшекті бөлшекке бөлу ережесін пайдаланады.

2.Амалдардың орындалуын пайдаланады.




Слайд

Жұппен және жеке жұмыс кезеңі

(7мин)







Оқушылар жұппен жұмыста топтың ішінде жұп құрып өздеріне берілген тапсырмаларды орындайды. Слайд (№2)

Семантикалық қарта

(тапсырманы орындап, жасырылған сөзді табу)

№

тапсырма

1

А

Б

С

Қ

Ы

П

2

К

М

У

Т

Е

Ө

3

Л

В

Д

Ұ

З

Я

4

Г

Ң

Ч

Ш

О

Ж

5

Ю

К

Е

І

Э

Н

6

Ғ

Ә

Р

О

К

М


А3,А4 парағы , түрлі-түсті маркерлер,

Математика, 5 сынып, бөлім,Т.Алдамұратова, Е.Байшоланов, 2017 ж.

Слайд


Рефлексия


(2 мин)

Кері байланыс

Менің есіме түсті ………………………………..

Маған қиын болды ……………..

Менің білгім келеді ………………………...

Мен орындай алмадым ………………………………

Мен орындағым келеді ………………………….


Слайд

Үйге тапсырма

1 мин

№608,609



Интерактивті тақта






Дифференциалды оқыту – көбірек қолдау көрсету үшін не істейміз? Қабілетті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексереміз?

Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік ережелері АКТ құндылықтарымен байланыс (тәрбиелік элемент)

Қабілеті жоғары оқушы қабілеті төмен оқушымен жұптық жұмыс жасайды. Қабілетті төмен оқушыны сабаққа ынталандырып, сабақтың түсініксіз тұстарын түсіндіріп, өзінің сыныптасын білімге баулиды өзі де тақырыпты қайталау арқылы білімін бекітеді.

Сыныптағы барлық оқушыны назардан тыс қалдырмай белсенділігіне байланысты мақтаулар, мадақтаулар айту.

Оқушының өзін-өзі бағалауға және сыныптаға белсенді оқушыны бағалап, әлі неге қол жеткізу керектігін бағалау арқылы түсініп отырады.

  • Сабақтың жинақтау кезеңінде жаңа тақырып бойынша семантикалық карта арқылы оқушылардың алған білімдерін тексеремін.

  • Кері байланыс


Ойлауды дамытатын материалдар. Оқушылардың өзара қарым-қатынаста өзін ұстау мәдениетін және қандай жағдай болмасын бірқалыпты болуға тәрбиелеу.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1.Қайталау арқылы еске түсіру

2. Алгеброн ойыны,семантикалық карта

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Тапсырмаларды топта талқылау

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Топтағы оқушылардың тапсырманы орындауға толық қатысып отырғанына көңіл бөлу қажет



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
21 ақпан
632
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі