жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жай бөлшектер мен аралас сандарды координаталық сәуледе кескіндеу
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 5.1C |
Мектеп: №3 мектеп-лицей |
|||||||||||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Турткулбаева Замира Отебайкызы |
|||||||||||
Сынып: 5 |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
||||||||||
Сабақтың тақырыбы |
Жай бөлшектер мен аралас сандарды координаталық сәуледе кескіндеу |
|||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
5.5.3.3 жай бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу; |
|||||||||||
Сабақтың мақсаты |
Координаталық сәуле бойынан нүкте координаталарын анықтай алады, сәуле бойына жай бөлшектер мен аралас сандарды кескіндеуді үйренеді |
|||||||||||
Бағалау критерийі |
Оқушы сабақ мақсатына мына критерийлер бойынша жетеді: -нүкте координатасы ұғымын біледі; -бірлік кесіндіні анықтайды; -координаталық сәуледе бейнеленген нүктелердің координаталарын анықтайды; - жай бөлшекті координаталық сәуледе кескіндейді; - аралас санды координаталық сәуледе кескіндейді. |
|||||||||||
Тілдік мақсаттар
|
Пәнге тән лексика мен терминология:
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: - бірлік кесінді … тең - нүкте координатасы … тең - ... нүктесін координаталық сәуледе кескіндеу үшін ….. |
|||||||||||
Құндылықтарға баулу
|
Өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау құндылығына баулу топтық жұмыс арқылы іске асырылады. |
|||||||||||
Пәнаралық байланыс |
Математикалық логика |
|||||||||||
Алдыңғы білім |
Координаталық сәуле, бірлік кесінді, санақ басы, жай бөлшек, аралас сандар ұғымдарын білуі. |
|||||||||||
Сабақ барысы |
||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар |
||||||||||
Сабақтың басы
|
Үй тапсырмасын тексеру. Оқушылар үй тапсырмаларымен ауысып, дайын жауаптар бойынша тексеру орындайды. Оқушыларға әртүрлі түсті қима қағаздар таратылып, 3 топқа топтастырылады. Оқушылардың назарын шоғырландыру үшін және өткен тақырыпты қайталау мақстында Тарсия бағдарламасымен дайындалған тапсырмалар қиылып, араласып беріледі. Оқушылар сәйкестікті анықтайды.
|
|
||||||||||
Сабақтың ортасы
|
Оқушыларға анаграммалар ұсынылады. қандрокоиатыл әлсуе насқа ыбас рікблі нісекід лаарса нса ажй өблкше Анаграмманы шешіп болғаннан кейін, оқу мақсатына жетелеуші сұрақтар қойылады: - Осы ұғымдардың анықтамаларын кім айта алады? - Осы ұғымдарға мысал келтіріңіз? - Олар қалай байланысуы мүмкін? - Сабақта біз қандай тақырыпты қарастырамыз? - Сабақтың мақсаты қандай? Оқушылар сабақ тақырыбын, мақсатын қорытып, оны дәптерге жазады.
Жаңа тақырыпқа байланысты бейне материал. Тапсырма №1. Топтық жұмыс. «Ойлан-бөліс-топтас» әдісі Координаталық сәуле бойынан А, В, С нүктелерін белгілеңіз.
І
топ:
ІІ
топ:
ІІІ
топ: Бағалау. «Көршіңді бағала» әдісі арқылы бағалау Тапсырма №2. Топтық жұмыс. І топ: Мысықты көре сала ит оны қуа жөнелді. Екі үйдің арасын бірлік кесінді деп алыңыз. 1) Иттың орналасқан нүктесін әріппен белгілеңіз және оның координатасын жазыңыз. 2) Мысықтың орналасқан нүктесін әріппен белгілеңіз және оның координатасын жазыңыз. 3) Ит пен мысықтың ара қашықтығы қандай? Жауапты бөлшек түрінде жазыңыз. ІІ топ: Сурет бойынша домбыра ішегіне (А нүктесі), домбыра мойнына (В нүктесі), домбыра басына (С нүктесі) қай бөлшек сәйкес келетінін анықтаңыз. Осы нүктелердің координатасын жазыңыз.
ІІІ топ: Бірлік кесіндіні 100м деп алып, әр жануардың қанша метр жол жүргенін бөлшек түрінде жаз.
Бағалау. «Карусель» әдісі арқылы бағалау. Оқулықпен жұмыс: І топ: №374 ІІ топ: №375 ІІІ топ: №376 Бағалау.Дайын жауаппен тексеру арқылы Тапсырма №3.Топтық жұмыс. «Кофе таяқшалары» әдісі. Оқушылар координаталық сәуле бойынан нүктелерді белгілейді, сосын оларды сурет пайда болатындай етіп қосады. Дескриптор: Білім алушы -1 сәуле бойына нүктелерді дұрыс кескіндейді; -2 сәуле бойына нүктелерді дұрыс кескіндейді; -3 сәуле бойына нүктелерді дұрыс кескіндейді; -4 сәуле бойына нүктелерді дұрыс кескіндейді; -5 сәуле бойына нүктелерді дұрыс кескіндейді; -нүктелерді қосып, бейнені суреттейді. |
қима қағаздар |
||||||||||
Сабақтың соңы |
Оқушылар рефлексиясы «БББ» әдісі |
|
||||||||||
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық
және қауіпсіздік техникасын сақтау |
||||||||||
«Диалог және қолдау» тәсілі сабақ барысында жүргізіледі |
«Карусель» әдісі Дайын жауаппен салыстыру арқылы Өзара дескриптор арқылы |
Топқа бөлу кезіндегі қауіпсіздікті сақтау Дұрыс отыру ережесі айтылады |
||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен? |
Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз. |
|||||||||||
|
||||||||||||
Жалпы бағалау
Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1:
2:
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1:
2:
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? |
||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген