400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жай бөлшектер мен аралас сандарды салыстыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Жай бөлшектер мен аралас сандарды салыстыру. 5 сынып. Оқушылардың алған білімдерін іс жүзінде қолданы алуға дағдыландыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №11 жалпы орта

білім беретін мектеп» коммуналдық

мемлекеттік мекемесі












Ашық сабақ

Тақырыбы: «Жай бөлшектер мен аралас сандарды салыстыру»

















Информатика және математика пән мұғалімі:

Жахай Самсия













Математика. 5 сынып


Сабақтың тақырыбы: «Жай бөлшектер мен аралас сандарды салыстыру»

Сабақтың мақсаты:     

Білімділік мақсаты: Оқушыларға «Жай бөлшектің негізгі қасиеті. Дұрыс және бұрыс бөлшек. Аралас сан. Жай бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру. Жай бөлшектер мен аралас сандарды салыстыру» тақырыптарынан алған білімдерін тиянақтау, білімдерін есептер шығару барысында  тексеру.

Дамыту мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, өздігінен жұмыс істеу дағдыларын және  теориялық білімін практикада қолдана білун қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты: Ұқыптылық пен жауапкершілікке баулу, жылдамдыққа ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыс.

Сабақтың типі: Білімді пысықтау, дамыту

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта,  сабақ флипчарты, плакаттар, конверттегі үлестіру карточкалары, бағалау критерииі және бағалау парағы.


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Сабақ мақсатымен таныстыру.

  3. Үй тапсырмасын тексеру

  4. Математикалық диктант

  5. Деңгейлік тапсырма

  6. Сергіту сәті

  7. Оқулықпен жұмыс

  8. Логикалық есеп

  9. Қорытынды - сұрақ - жауап

  10. Үйге тапсырма

  11. Сабақты қорытындылау, бағаларын қою



1. Ұйымдастыру кезеңі :

Бір, екі, үш,
Бойға жинап күш.
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз.
Оқушылар орындарына отырады. Оқушылар 5 топқа бөлінген. Әр бір топтың басшысы бар. Топ басшыларына бағалау парағы және критерий беріледі. Топтағы әр бір оқушыны бағалау парағы арқылы бағалайды.

2. Сабақтың тақырыбын "10- сұрақ" ойыны арқылы ашу. Сабақтың мақсатын оқушылар арқылы шығару.

3. Үй тапсыпмасын тексеру :
Интерактивті тақтадағы флипчарт арқылы үй жұмысы тексеріледі.

4. Математикалық диктант:

1. Бөлімдері бірдей екі бөлшектің қайсысының алымы . . . болса, сол бөлшек . . . болады.

2. Алымдары бірдей екі бөлшектің қайсысының бөлімі . . . болса, сол бөлшек . . . болады.

3. Бөлімдері де, алымдары да әртүрлі бөлшектерді салыстыру: 1) ... бөлімге келтіреміз.

2) Бөлімдері бірдей бөлшектерді салыстыру ережесі бойынша салыстырамыз.
4. Аралас сандарды салыстыру. Алдымен аралас сандардың бүтін бөліктері салыстырылады. Қай аралас санның бүтін бөлігі . . . болса, сол аралас сан . . . болады.

5. Егер аралас сандардың бүтін бөліктері ... болса, онда олардың бөлшек бөліктері салыстырылады.
































5. Деңгейлік тапсырма:

Әр топқа үлестіру карточка таратылып беріледі. 5 нұсқа бойынша жасалған, 2 оқушыға бір үлестіру карточкасы беріледі.

6. Сергіту сәті:

Кәне, түзу тұрайық
Кесіндіні құрайық.
Сәуле болып созылып,
Нүкте болып қалайық..

7. Оқулықпен жұмыс: №574, 149 бет
8. Логикалық есеп (топпен жұмыс):

Әр топқа логикалық тапсырмалар беріледі. Тапсырманы оқушылар плакатқа салып, шығарып оны ортаға шығып қорғайды.

1- ші топ

50 саусақ көріну үшін неше баланың қолы керек?

2- ші топ

Үстелде 5 стақан сүт тұрған еді. Әсел 1 стақандағы сүтті ішіп, стақанды үстелге қойды. Үстелдің үстінде неше стақан қалды?

3- ші топ

Үстелде 4 алма жатыр, оның біреуі 2-ге бөлінген, үстелде неше алма жатыр?

4- ші топ

Түнгі сағат 11-де жауын жауып тұрса, 24 сағаттан соң күн шығып тұруы мүмкін бе?

5- ші топ

Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр?

9. Қорытынды - сұрақ жауап. Әр бір топ екі сұрақтан дайындап оқушыларға қояды.

10. Үйге  тапсрыма:

«Жай бөлшектер мен аралас сандарды салыстыру»  тақырыбына 3 есеп құрастырып келу .















11. Топ басшылары берілген критерий бойынша қорытынды шығару, бағалау. Топ басшыларына сөз беріледі.















Қ орытындылау: Сабағымызды Рим жазушысы Цицеронның «Бөлшекті білмейінше, математиканы білемін деп ешкімде айта алмайды» деген сөзімен аяқтаймыз, яғни бүтін сандарға амалдар қолдануды қанша жақсы білсең де, бөлшек сандарға амалдар қолдануды білмесең, онда математиканы білемін деп айтпа дегені.













Сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздар!


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
879
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі