400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Жай бөлшектерді бөлу"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жай бөлшектерді бөлу
Материалдың қысқаша нұсқасы

№7 арнайы (түзету) мектебі








Ашық сабақ





Тақырыбы: «Досқа көмек!»

9 «а» сынып






Амирова Д.Р


















Ақтөбе,2017ж


Шығармашылық сабағы

Тақырыбы: Досқа көмек

Мақсаты:

1. Балаларға достық, өзара сыйластық, сүйіспеншілік туралы түсінік беру, бір-бірімен татау болуға үйрету.

2. Баланың өзін-өзі тануына, достарын бағалауға, , досының айтқанын соңына дейін тыңдауға дағдыландыру. Ұсақ қол моторикасын дамыту, тыныс алуын қалыптастыру.

3. Өзара сыйластық, өзара түсіністік, өзара көмек қарым-қатынастарын нығайту. Татулыққа, достыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: дидактикалық ойындар, кірпі


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру сәті:

Шаттық шеңбер.

Достарымның барлығын,

Сыйлап, жақсы көремін.

Алақаным арқылы

Жылуымды беремін.

Достар , бері келіңдер,

Қолдарыңды беріңдер.

Шаттық толы шеңберге,

Қуанышпен еніңдер!

-Балалар сендердің достарың кім? Достарыңның жақсы жақтарын айтып шығыңдаршы.

-(есік қағылады) Кірпі келеді, Ой балалар сендер тату дос екенсіңдер, достарың көп екен, ал мен жалғызбын, менде дос жоқ.


2. Негізгі бөлім:

-Ендеше балалар біз кірпіге достар жасап берейік.

(Кірпі жасау) (ак қағазға екі беттік скочты жабыстырып, қара жіпті ұзынша етіп қиып, скочтын үстіне тастап, уқалап,үстіне кірпі суреті салынған ақ қағазды беттестіріп жабыстыру)

-Міне балалар біз кірпіге көп достар тауып бердік солайма?

-Кірпінің достарының қарындары аш шығар, қане оларды тамақтандырайық.

Бірінші тәсіл

-Арнайы каробкада кірпі жейтін тамақтар: жеміс - жидектер, көкөністер, саңырауқұлақтар арнайы қысқышпен алып ыдысқа салу

Екінші тәсіл:

-кірпі тамақтарын суреттердің арасынан тауып алып, түтікше арқылы (ауаны ішке жұтып) ыдысқа салу (ауаны сыртқа шығау)

Балалар кірпіге дос тауып бердік, тамақтарын тойдырдық солайма?

Сендерге сұрақ:

Кірпі қайда өмір сүреді?

Кірпі орманда өмір сүреді екен

Ендеше бәріміз орманға барайық.


Сергіту сәті: Орманға бару

Қазір қандай мезгіл?

Күн суық, орманда суық болар, қане бәріміз жылы киініп алайық, елестету арқылы киімдерін киеді. Дөңгелек шеңбермен жүру, орманға жеттік орман суық бәріміз жылыну үшін жаттығулар жасап жіберейік.

-жарайсыңдар балалар орнымызға отырайық

-Орманда талдардың бәрі қайда кеткен?

-Тал жоқ

-Кірпі қайда турады?

-Кірпіге орман жасап берейік ендеше

Орман жасау:

Арнайы желім арқылы алдын ала дайындалған шаблондарды ақ қағаз бетіне жабыстыру. ( өткен сабақта ақ қағаздарды дөңгелетіп қиып, гуащьтын қызыл, жасыл, сары, түстерді флаконға құйып, үстіне су қосып шайқаймыз, шаблондар бетіне ар түрлі түстерді себеміз. Дайын болған қағаздардаы кептіріп қоямыз.)

Балалар кірпіге дос тауып бердік, тамақтарын бердік, орман жасап бердік. Әрі қарай кірпі қайда тұрады?

-Кірпіге үй жасап берейік

Бірреттік қолданатын ыдыстарға әр түрлі фигуралар жабыстырылған соларды құрастыру арқылы үй жасау, әрі қарайда тапсырмаларды сол рет бойынша орындау.

-Жарайсыңдар балалар барлық тапсырманы жақсы орындап кірпіні орманға акелдік, кірпімен қоштасыңдар, біз өзіміздің мектебімізге қайтайық.


3. Рефлексивті түзету

-Бүгінгі сабақ ұнадыма?

-сабақта кімге көмектестіңдер?

-Қандай тапсырма ең қызықты болды?

-Енді достарыңа үнемі көмектесіп жүресіңдерма?


Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Досқа көмектесуді, жақсылық жасауды, бір бірімен тату болуды.

Үйренуі керек: Қиын тапсырмаларды бірге орындауды, білмеген балаға көмектесуді.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
381
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі