400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жай бөлшектерді және аралас сандарды бөлу

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5.2A Жай бөлшектерге амалдар қолдану

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 5

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы:

Жай бөлшектерді және аралас сандарды бөлу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.2.23

жай бөлшектерді және аралас сандарды бөлуді орындау;

Сабақ мақсаттары

Барлығы: Жай бөлшекті жай бөлшекке бөлу,

аралас санды аралас санға бөлу, натурал санды бөлшекке, бөлшекті натурал санға бөлу ережелерін біледі және есептер шығаруда қолдана алады.

Кейбіреуі: Бөлшектің негізгі қасиетін пайдаланып, белгісіз санды табады.

Бағалау критерийлері

  1. Жай бөлшекті жай бөлшекке бөлу үшін ережесін біледі және есептер шығаруда қолдана алады.

  2. Аралас санды аралас санға бөлу ережесін біледі және есептер шығаруда қолдана алады.

  3. Натурал санды бөлшекке, бөлшекті натурал санға бөлу ережелерін біледі, есептер шығаруда қолдана алады.

  4. Бөлшектің негізгі қасиетін пайдаланып, белгісіз санды табады.

Тілдік мақсаттар


Оқушылар жай бөлшектер мен аралас сандар бөлу ережесін тұжырымдай алады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Жай бөлшек, дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек, аралас сан, кері сан, бөлшек алымы, бөлшек бөлімі.

Диалогтар мен сөз тіркестері:

  • Жай бөлшекке кері санды табу үшін, оның алымы мен бөлімінің орындарын ауыстырыңыз;

  • Бөлiнгiш бөлшектi бөлгiш бөлшекке керi санға көбейтіңіз,

  • Аралас санды аралас санға бөлу үшiн, оларды бұрыс бөлшек түрiнде жазыңыз;

  • Бөлшектің негізгі қасиетін пайдаланып, белгісіз санды табыныз.

Құндылықтарға баулу

Оқушылардың өмірлік білім жолын қалыптастыруға үйрету, өзіне деген сенімділігін, ойын ашық жеткізе білуге, жауапкершілікке, ынтымақтастыққа, бір-бірінің пікірін құрметтеуге үйрету.

Пәнаралық байланысы

Физика, қазақ тілі, геометрия

АКТ қолдану дағдылары


Интерактивті тақтаны қолдану

Алдыңғы меңгерілген білім

• жай бөлшектер мен аралас сандар туралы түсініктер

• жай бөлшектерді қосу және азайту

• жай бөлшектерді және аралас сандарды көбейту;

• өзара кері сандар

Сабақтың барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут








3 минут









4 минут

  • Оқушылармен амандасу,түгендеу

  • «Комплимент» стратегиясы арқылы оқушылар жұптасып, бір-біріне комплимент айтады.Оған кері байланыс жасау арқылы ортада жағымды ахуал қалыптасады.

Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылады. Сабақтың бағалау критерийлері мен тілдік мақсат айтылады.

Оқушыларды топқа бөлуін ұйымдастыру.

«Пазл әдісімен» Пазл – бас қатырғыш, адамды ұшқыр ойлауға үйрететін, логиканы дамытатын ойын түрі. Ойын үлкен көлемдегі біртұтас суреттің жеке-жеке бөлшектерін жинап құрастыру арқылы жүргізіледі.

Мұнда оқушылар үлкен суреттің жеке-жеке бөлшектерін жинап құрастыру арқылы «Жай бөлшектер» «Кері сандар», «Аралас сандар» топтарға бөлінеді.


Қайталау сұрақтары. («Доп лақтыру» ойыны)

Әдісі: Доп лақтыру арқылы сұрақ- жауап бойынша өткен тақырыпты қайталау.


.Бағалау.Оқушылар бір-бірінің жауаптарын «жауабыңызға келісемін», «ұсынысым бар» сөздері арқылы тексеріп, топ ішінде бір бірін бағалайды.








пазл










«Доп лақтыру» әдісі


слайд




Сабақтың ортасы

3 минут







































































10 минут







































Ұжымдық жұмыс

Жетелеуші тапсырма:

Көбейту амалына керi амал қалай аталады?


Мектеп құрылысын жүргізуде гүл өсіру үшін тіктөртбұрыш пішінді бірнеше гүлзар қарастырылған.Әр гүлзардың ауданы м2. Егер әр гүлзардың ұзындығы м болса, онда ені қандай болады? Егер гүлзардың енін х деп белгілесек, онда ауданды есептеу формуласы бойынша :

Оқушыларға айнымалының мәнін екі әдіспен табуды ұсыныңыз.

1-тәсіл. Көбейтудің белгісіз компоненті ретінде :

2-тәсіл. Теңдеудің екі жағын белгілі көбейткішке кері санға көбейту арқылы :

Екі шешімді талдай отырып, бір бөлшекті екінші бөлшекке бөлу ережесіне жетелеңіз.

1 тапсырма.

Топтық жұмыс.

1 топ

2 топ

3 топ

Жай бөлшекті жай бөлшекке бөлу


Аралас санды аралас санға бөлу


Натурал санды бөлшеке бөлу.Бөлшекті натурал санға бөлу


Попс формуласын қолданыңыз;

1. Біздің ойымызша...

2. Себебі, біз оны былай түсіндіреміз....

3. Оны біз мына факторлармен, мысалдармен

дәлелдей аламыз.....

4.Осыған байланысты біз мынадай қорытынды

шешімге келдік......

Дескриптор: Білім алушы
- өз ойларын ашық жеткізе алды;
- мысалдармен дәлелдей алды;
- ережені тұжырымдай алды
;
Топ жұмысын келесі топ дескпиптор арқылы бағалайды.

2-тапсырма

Ұжымдық жұмыс:Oқулықтан № 606 есепті ауызша талдап шығару. (Жаңа ақпаратты түсіну мақсатында ұжыммен шығарылатын есептер)

Ауызша тапсырма «жарайсыз» , «бәрікелді» «ойланып көріңіз» сөз тіркестері арқылы бағаланады


3 тапсырма:

Жеке жұмыс. (Саралауға арналған тапсырмалар).

Әр топ мүшелеріне номерленген таратпа қағаз таратылады.Әр оқушы жеке шығарады.Уақытқа сәйкес номер сандары бірдей оқушылар жеке топтарға топтастырылады.Шыққан есептерін топ ішінде талдайды.





№1

А

В

С

Есептеңіз:








Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

Жай бөлшекті бөлшекке бөлуді біледі

Жай бөлшекті бөлшекке бөлу амалын орындай алады.



Натурал санды бөлшекке, бөлшекті натурал санға бөлуді біледі

Натурал санды бөлшекке бөлуді орындай алады


Бөлшекті натурал санға бөлуді орындай алады.


Жай бөлшектің негізгі қасиетін қолдана алады


Бөлшектің негізгі қасиетін пайдаланып, белгісіз санды анықтай алады

Теңдеудің шешімін таба алады



Орындалған тапсырмалар бағалау критерийлар арқылы бағаланады

















































































































Математика» пәні бойынша оқу жоспары үлгісі

(орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында)




























Математика 5-сынып

Авторлары:


Т.А.Алдамұратова ,Е.С.Байшоланов,

Алматы «Атамұра»,

2017 ж


Үллестірмелі қағаздар


































Қорытынды:

Жалпы сыныппен жұмыс

Кім шапшаң?(графикалық диктант)

Оқушыларға тақтада берілген сұрақтарға «Ақиқат» «Жалған» деп жауап беру керек. Ол үшін оқушылар қолында жасыл және қызыл түсті қатты қағаздан жасалған белгішелер болады, интерактивті тақтадан тапсырмалар берілген соң бірінен соң бірін шығаралады.Ақиқат болса жасыл түсті, ал жалған болса қызыл түсті көтереді.

▬ жалған; / ақиқат
1. Бөлшек сызығының астында бөлшектің алымы жазылады.
2. Бүтiн бөлiктен және бөлшек бөлiктен тұратын сан аралас сан деп аталады

3. Аралас сан – қосу таңбасынсыз жазылған натурал сан мен дұрыс бөлшектің қосындысы.

4.Дұрыс бөлшекті аралас сан түрінде жазуға болады

5.Көбейтіндісі 1 ге тең сандар өзара кері сандар
6. Бұрыс бөлшек 1 - ге тең немесе бірден үлкен
7. Санды нөлге бөлуге болады.

8.Бөлшекті бөлшекке бөлуді бөлінгішті бөлгішке кері санға көбейтумен алмастыруға болады

9.Аралас санды аралас санға бөлу үшiн, оларды бұрыс бөлшек түрiнде жазып алып, бөлшектi бөлшекке бөлу ережесiн қолдану керек.

10..Бөлшекті натурал санға бөлу үшін, бөлшектің алымын өзгертпей, бөлімін натурал санға көбейту керек


Графикалық диктанттың жауабы


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

-

+

+

-

+

+

-

+

+

+


Бағалау: Оқушылар өзін-өзі бағалайды









Сабақтың соңы



Рефлексия.“Аяқталмаған сөйлемдер”
* Бүгін мен........................................................... білдім

*............................................................... қызықты болды.

*.....................................................................қиын болды.

*...............................................................екенін түсіндім.




Саралау – Сіз қандай тəсілмен

көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда

қабілетті оқушыларға қандай

тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай

тексеруді жоспарлап отырсыз?


Денсаулық жəне

қауіпсіздік техникасын

сақтау.

Деңгейлік тапсырмалар ұсыну арқылы.(№607,608, 610, 617,618 есеп тапсырмалары).

Оқушылардың топтық және жеке жұмыстарға қатысуын бақылау, дұрыс бағыт беру үшін кері байланыс жасау және қалыптасырушы бағалау жұмыстарын беру арқылы жеке оқудағы жетістіктеріне көздерін жеткізу.

Топтық жұмыста топ басшысы бағалайды, топтар өзара бірін-бірі бағалайды.

Психология-лық жағымды ахуал туғызу,

Ширату

ұйымдастыру.

Сабақ бойынша рефлексия.

Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы оқу мақсаттарына қол жеткізді ме? Жеткізбесе неліктен ? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма ? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз) ?

  1. -----------------------------------------------------------------------------------------------

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады ( оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз) ?

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?

















































































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 қараша
631
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі