Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Жай бөлшектерді және аралас сандарды көбейту" ( 5 сынып, математика)

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар: - жай бөлшектерді және аралас сандардың көбейтудің ережесін меңгереді жай бөлшекпен аралас сандарды көбейтудің ережесін меңгереді Пәнге тән лексика мен терминология: - жай бөлшек; -бөлшектің алымы мен бөлімі; - аралас сандар - бүтін бөлшек (т.с.с) Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: - екі бөлшекті көбейту үшін,... керек; - бөлшекті натурал санға көбейту үшін,... керек; - аралас санды бөлшекке (аралас санға) көбейткенде ... керек;
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.2A Жай бөлшектерге амалдар қолдану

Сабақ -1

Мектеп: Жамбыл орта мектебі


Күні: 27.11.2017 ж

Мұғалімнің аты-жөні: Қалиева Айжан Бүркітқызы


Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:



Сабақ тақырыбы

Жай бөлшектерді және аралас сандарды көбейту.



Сабақтың түрі

Жаңа материалмен таныстыру, түсіндіру өткенді бекіту.



Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.2.21

жай бөлшектерді, аралас сандарды көбейтуді орындау;



Сабақ мақсаттары

- Оқушылар жай бөлшектерді көбейтуді орындау;

- Оқушылар аралас сандарды көбейтуді орындау;

- Жай бөлшекпен аралас сандарды көбейтуді білу.



Бағалау критерийлері

Оқушылар, егер

  • жай бөлшектерді көбейтуді есептей алады

  • аралас сандарды көбейтуді есептей алады

  • жай бөлшекпен аралас сандарды көбейтуді біледі


Ойлау дағдыларының деңгейлігі

Білу және түсіну, қолдану, талдау.


Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- жай бөлшектерді және аралас сандардың көбейтудің ережесін меңгереді

жай бөлшекпен аралас сандарды көбейтудің ережесін меңгереді

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • жай бөлшек;

-бөлшектің алымы мен бөлімі;

- аралас сандар

- бүтін бөлшек (т.с.с)

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:


- екі бөлшекті көбейту үшін,... керек;

- бөлшекті натурал санға көбейту үшін,... керек;

- аралас санды бөлшекке (аралас санға) көбейткенде ... керек;


Құндылықтарды дарыту



Оқушыларды ұжымдылыққа, шыдамдылыққа, жауапкершілікке, әділдікке тәрбиелеу.


Пәнаралық байланыстар

Физика пәні


Бастапқы

білім


Жай бөлшек. Жай бөлшектің негізгі қасиеті. Дұрыс және бұрыс жай бөлшектер. Аралас сандар. Жай бөлшектер мен аралас сандарды координаталық сәуледе кескіндеу


Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар


Сабақтың басы

(2 – 5 мин)





I.Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалім және оқушылар бір-бірімен амандасады. Оқушылардың сабаққа даярлықтарын анықтау, сабақтың мақсатымен таныстыру. 

Үй тапсырмасын тексеру.

Кері байланыс:

-Қай есеп қиындық туғызды?

- Келесі жолы қате жібермеу үшін қандай ережені қайталау керек?













Сабақтың ортасы


(6 – 35 мин)




Жаңа сабақ:

Бөлшекті бөлшекке көбейту үшін, олардың алымдарын көбейтіп, алым етіп, бөлімдерін көбейтіп, бөлім етіп жазамыз.



  1. Бөлшекті натурал санға көбейту үшін, бөлшектің алымын натурал санға көбейтіп, нәтижесін алым етіп, ал бөлімін өзгеріссіз қалдырамыз.

Әріптермен жазсақ :

Мысалы:



  1. Аралас сандарды көбейту үшін:

А) аралас сандарды бұрыс бөлшек түрінде жазамыз;

Б) Бөлшектерді көбейту ережесін қолданамыз.

Мысалы:

  1. Аралас санды натурал санға көбейту үшін:

А) аралас санды бұрыс бөлшек түрінде жазамыз;

Б) бөлшекті натурал санға көбейтеміз.

Мысалы:



  1. Егер бөлшектің бірі 0-ге тең болса, онда көбейтінді де нөлге тең болады.

Мысалы:

  1. Егер көбейткіштердің бірі жай бөлшекпен, ал екіншісі әріппен берілсе, онда әріп бөлшектен кейін бөлшек сызығының деңгейінде жазылады.

Мысалы : , мұндағы: – коэффициент, – әріпті көбейткіш.

Аралас сандарды көбейту үшін аралас сандарды бұрыс бөлшек түрінде жазып, жай бөлшектерді көбейту ережелерін қолданамыз.

Аралас сандарды натурал санға көбейту үшін аралас санды бұрыс бөлшек түрінде жазып, бөлшекті натурал санға көбейту ережесін қолданамыз.

Сабақты бекіту.

«Білім көзі кітапта» дегендей кітаппен жұмыс жасаймыз.


Ауызша жұмыс. №574

1 қатар (1, 6)

2 қатар (2, 4)

3 қатар (3, 5)


Ауызша кері байланыс:( сөйлемді жалғастыр)

-Бөлшекті бөлшекке көбейту үшін...

- Бөлшекті натурал санға көбейту үшін...

-Аралас сандарды көбейту үшін...


1 қатар А деңгейі №575 (1, 2, 7)



2 қатар А деңгейі №575 (3, 4, 8)



3 қатар А деңгейі №575 (5, 6, 9)


576, 578, 579


А деңгейін бағалау критерийі

Оқушылар:

  • Бөлшекті бөлшеккеі көбейтеді.

  • Бөлшектің негізгі қасиетін пайдаланады

  • Жауабын жазады

Кері байланыс: «Көңіл күй»

- Қандай сұрақтарың бар?

-Нені түсінбедіңіздер?


«Сергіту»  сәті


(Математикалық дене шынықтыру уақыты)

Мен сан айтамын. Егер 2-ге бөлінсе екі қолымызды көтереміз.

Мен сан айтамын. Егер 5-ке бөлінсе шапалақтайсыздар.

Мен сан айтамын. Егер 3-ке және 9-ға бөлінсе тізені бүкпей алға қарай еңкейесіздер.


14, 55, 27, 145, 4, 81, 115, 44, 20, 54, 100




Қортындылау. Саралау әдісі. ( қарқын әдісі)

Графикалық диктант

(әр сұраққа 0,5 минут уақыт беріледі)

иә;


Прямая соединительная линия 1 Прямая соединительная линия 2 Жоқ


1. Өзара тең бөліктер үлес деп аталады.

2. Бөлшек сызығының астында бөлшектің алымы жазылады

3. Дұрыс бөлшекті аралас сан түрінде жазуға болады

4. 15 минут сағаттың ¼ бөлігі

5. Дұрыс бөлшек координаталық сәуледе 1 санының оң жағында орналасады

6. Бұрыс бөлшек 1 - ге тең немесе бірден үлкен

7. Бөлімдері әр түрлі аралас сандарды қосу үшін, аралас сандардың бөлшек бөлігін ең кіші ортақ бөлімге келтіру, бөлімдері бірдей аралас сандарды қосу керек

8. Бөлшекті бөлшекке көбейту үшін, олардың алымдарын көбейтіп, алым етіп, бөлімдерін көбейтіп, бөлім етіп жазу керек.

9. Аралас сандарды көбейту үшін, оларды сол қалпында көбейту керек.

10. Бөлшекті натурал санға көбейту үшін, натурал санды бөлшектің бөліміне көбейту керек.


Графикалық диктанттың жауабы:

ҚБ: Көршісімен алмасып тексереді.

Кері байланыс. «Көңіл күй»

-Қандай сұрақтарың бар?

-Нені түсінбедіңіздер?


Үйге тапсырма: А деңгейі : №580

Осы сабақта үздік оқушыны стикерлер арқылы анықтаймын. Оқушыны шапалақ әдісімен марапаттаймын.














































































































































Саралау тапсырмалары




























































































































Стикерлер, фигуралар















































































































































































Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Баяу орындайтын оқушылар мұғалімнен консультация алады немесе жақсы оқитын оқушылардан көмек алады.


Негізгі баға оқушылардың белсенділігін байқау және тапсырмаларды орындағанда жетістіктеріне қарап қойылады.

Дұрыс отыруларын қадағалау



Сабақ бойынша рефлексия

- Топ ішінде қалайша жұмыс жасадыңыз?

  • Бір-біріңізге қарқынды көмек бердіңіздер ме?

  • Бүгін біз не үйрендік және бұл білімді қалай қолданамыз?

  • Бүгінгі үйренгендеріңіз келесі сабақтарда қажетті бола ма?

-Сабақта қандай тапсырманы орындау кезінде қиналдыңыздар?


Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.02.2019
4469
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12