Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жай және құрмалас сөйлем ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
4 сынып қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін»

Күні: 16.11.2017ж


Мектеп: № 271

Сыныбы: 4 «Ә»

Мұғалімнің есімі:Серимбетова Гаухар

Сабақ тақырыбы:

Жай және құрмалас сөйлем.

31-36 жаттығу

Пәні: Қазақ тілі


Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Оқушылардың сөйлем туралы алған білім-білік дағдыларын кеңейту. Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем туралы түсінік беріп,олардың айырмашылықтарын ұғындыру.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар:

Жаңа білімді түсінеді,топта жоба жасайды,қорғайды және бағалайды


Оқушылардың басым бөлігі:

Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемді ажырата алады.


Кейбір оқушылар:

Жай сөйлемді құрмалас сөйлемге айналдырады.

Ойлау деңгейінің дағдылары

Білу,түсіну,қолдану,талдау,жинақтау,бағалау.

Бағалау критерийлері

Мадақтау;екі жұлдыз,бір тілек; Өзара бағалау,смайлик,бармақпен,от шашумен бағалау.

Тілдік мақсат

Жай және құрмалас сөйлемдерді анықтау.


Негізгі сөздер мен тіркестер:



Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:


Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу

Құндылақтарға баулу

Оқушыларды бір-біріне құрмет көрсетуге тәрбелеу.

Алдыңғы оқу

Сөз тіркесі туралы түсінік бар.

ЖОСПАР

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы


3 минут









3 минут






Ортасы /Даму


7 минут










3 минут













5 минут

















6 минут















1 минут





5 минут





3 минут

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Психалогиялық ахуал

Қазақ тілім-өз тілім,ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені

Болашағым,бақытым,дара тілім.


Шаңырақ түстеріне қарай топтасады.

Шаңырақ болып тұрып,түстер арқылы 4 топқа бөлінеді.

Топ басшысын сайлау.

Топ ережесін айту.

II.Үй тапсырмасын сұрау

29-жаттығу. «Бәйге» тақырыбына әңгіме құрау. Алдын-ала үй жұмысын жинап, тақтадағы сөздер кассасына ілу.

2 оқушыға оқыту. Бағалау : «Бармақпен бағалау»әдісі




III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі.

Жұмбақ жасыру.

Ойды аяқтап қорытады,

Соңында доп тұрады. « Сөйлем»

Ой қозғау. Ашық сұрақтар беру.

-Сөйлем дегеніміз не?

-Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?

Слайдтан кесте көрсету. «Сөйлем »


«Кім тапқыр» ойыны

Себеттің ішіне жеміс –жидектерді салып , оны

2 ыдысқа салып ажырату.


Оқулықпен жұмыс. 31-жаттығу. Ауызша

Бағанның екі жағындағы сөйлемдерді оқып салыстыру.

Балалар, енді өздерің осыдан ереже құрастырып көріңдерші?.

Ережені көрсету.Оқу.


Бір ғана ойды білдіретін дара сөйлем жай сөйлем деп аталады.Мысалы:Үсен жарысқа шықты

Екі немесе одан да көп жай сөйлемнен құралған сөйлем құрмалас сөйлем деп аталады.

Мысалы:Қайрат кіп-кішкентай болғанымен,үлкендердің сөзін екі айтқызбай орындайды


32-жаттығу. Білгішбек пен Негештің диалогын тыңдату.

Топпен жұмыс

Ы.Алтынсариннің «Надандық» атты әңгімесінен үзінді.


1-топ Бірінші жай сөйлемді табады

2-топ Екінші жай сөйлемді табады.

3-топ Үшінші жай сөйлемді табады.

4 -топ Құрмалас сөйлемді табады.

-Бұдан қандай қорытынды шығаруға болады?

Бағалау: «Екі жұлдыз,бір тілек» әдісі


Күрделі ойды білдіру үшін құрмалас сөйлемдер қолданылады.Жай сөйлем қанша жайылма болғанымен,күрделі ойды жеткізе айтып,ұғымды етіп беруге жарай бермейді.Сондықтан ауызекі сөйлеуде де,көркем әдебиетте де құрмалас сөйлем көп қолданылады. Құрмалас сөйлемде көбінесе үтір қойылады.


34-жаттығу

-Мұғалімнің оқуы

-Тізбектей оқыту

-Ыстық орындық әдісімен оқыту.

Бағалау: «От шашу» әдісі.

-Талдау

-Ашық сұрақтар қою

-Өлең неше шумақ

-Неше қатар,неше құрмалас сөйлем бар?


Жеке жұмыс.

«Оқы,жатта,жап, жаз»әдісі бойынша жаттығуды орындайды.

  1. шумағын жатқа жазады.

Сағат тілімен ауысу арқылы бір-бірін тексереді.

Бір-біріне смайликтер жапсырады. Қайтадан сағат тілімен орнына отырады. Бағалау: « Өзара бағалау» әдісі


Сергіту сәті

Осы өлеңді қимыл-қозғалыстары арқылы көрсетеді.



35-жаттығу. Логикалық тапсырма. Ребус шешу.

Қыс түсті. Фонетикалық талдау

Қар жауды. Морфологиялық талдау.

Қыс түсті де ,қар жауды. Синтаксистік талдау.

Тақтаға 3 оқушыны шығарып талдау жұмыстарын беру.

Бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек»

36-жаттығу. Жұптық жұмыс.»Жалғасын тап» ойыны.

Бұл жаттығуды «Буриме» әдісі арқылы орындау.

«Аралас ,топтас,ой-бөліс» әдісі бойынша ортаға келеді,топтасады, ой бөліседі. Ішіндегі үздігі тақтаға сөйлемін іледі.

1,2,3 жұптар. Бағалау: «Бармақпен бағалау »әдісі


Қазақ тілі оқулығы

4-сынып




Лента түстері


Топ басшысының бағалау парақшасы


Слайд














Себет,жемістер,шыны ыдыс


Слайд




Ереже жазылған плакаттар








АКТ

«Надандық «атты әңгімесінен үзінділер жазылған парақшалар.































Ребус

Аяқталуы/Пленари

2 минут


2 минут




IV. Қорытындылау.

Венн диаграммасы.

Кері байланыс. Білім ағашы.

Оқушылар стикерге бүгінгі сабақта не ұнағанын сабақтың қалай өткенін жазып, білім ағашына жапсырады.

Бағалау.

Y.Үйге тапсырма: 33-жаттығу Ереже жаттау.


Ағаш макеті

стикер

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен өз жоспарыма

қандай түзетулер енгіздім жəне

неліктен?



Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
06.02.2019
781
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12