Жайна, жаса - Қызылорда!
Алты алашқа ана болған Сыр
елінің бас қаласына - 200 жыл. Сырдарияның жағасындағы қасиетті
мекеннің тарихы тағлымды. Әсіресе, алғашқы астана болған жылдары
Ақмешіт саяси және рухани-мәдени орталық болды. Ел үшін маңызды
шешімдер қабылданып, игі бастамалардың қазығы қағылды. Ал, қазір
Қызылорда - қанатын кеңге жайған ғажап
қала.
Алғаш қаланың іргесі
1818 жылы қаланған болатын. 1925 жылдың 15 сәуірінде Ақмешіт қаласында бүкіл
Қазақстан еңбекшілері өкілдерінің басын қосқан Қазақ АССР
Кеңестерінің V съезі салтанатпен ашылды. Бес күнге созылған съездің
негізгі құжатының бірі қырғыз халқының тарихи дұрыс атын қалпына
келтіруі еді. Яғни, Кеңестердің бүкіл қазақтың V съезі “бұдан
былайғы жерде “киргиз” деген атау “қазақ” деп аталсын” деп қаулы
қабылдады. Сонымен бірге, съезд “Киргиз Республикасын”, “Қазақ
Республикасы” деп атауға, ал оның астанасы Ақмешітті Қызылорда деп
атауға қаулы алды. Қызылорданың Қазақстан астанасы деп аталуымен
тарихтың жарқын беттері ашылды.
Бүгінде "ақ күріштің отаны", "Екі ғасырлық тарихы бар
қала" атауына ие болған, әдет-ғұрпы, дәстүрлері берік
сақталған шаһарымыз әлеуметтік, экономикалық,
мәдени, білім жағынан алдыңғы қатардағы қалалардың бірі деп
айтсам қателеспеспін! Қазіргі таңда қаламызда әсем де көрікті
ғимараттар, ойын сауық орталықтары,жастардың бос уақытын тиімді
өткізуге арналған түрлі ресурстық орталықтар, жасыл желекті демалыс
саябақтар, түрлі жоғарғы оқу орындары бой көтерген. Кеше ғана
қаламызда Елбасымыздың жолдауынан туындаған "Ақылды қала"
бағдарламасы аясында "Orda wi-fi" жобасы іске қосылды. Бұл
жоба электронды қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету
үшін wi - fi интернет желісін тегін пайдалануға мүмкіндік
береді. Түнгі Қызылорда - көздің жауын алатындай тіпті керемет!
Қала орталығы мен көшелерде түрлі - түсті жарық шамдар қаланың
келбетін келтіріп тұр!
Жалпы, әсем қаламыз экологиялық табиғаттың құрсауында тұрса
да сұлуланып, нұрланып келеді. Бұл әлі бастамасы! "Жел тұрмаса
шөптің басы қимылдамайды демекші", болашақта біз сияқты білімді
жастардың арқасында қаламызда бұрын жоспарланбаған орталықтар
салынып, басқа мемлекеттер сияқты "Дамыған медициналық
технологиялар" қаласына айналдырамыз! Соның ішінде
елбасымыздың жолдауы бойынша "Медицинада ауруларды диагностикалау
мен емдеудің тиімділігін айтарлықтай арттыратын генетикалық талдау
мен жасанды интеллект технологияларын енгізуге кірісуіміз
керек."
Жалпы, мен - Қызылорда
қаласында туылғаныма қатты қуанамын! Қаламыз басқа қалалардан
табиғатымен, ауа - райымен, салт - дәстүрі берек сақталғанымен
өзгешеленеді! Сыр сұлуы- Қызылорданың шежіресі жалғаса
береді. Өсе бер, өркендей бер
келбетті - Қызылордам!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жайна, жаса - Қызылорда!
Жайна, жаса - Қызылорда!
Жайна, жаса - Қызылорда!
Алты алашқа ана болған Сыр
елінің бас қаласына - 200 жыл. Сырдарияның жағасындағы қасиетті
мекеннің тарихы тағлымды. Әсіресе, алғашқы астана болған жылдары
Ақмешіт саяси және рухани-мәдени орталық болды. Ел үшін маңызды
шешімдер қабылданып, игі бастамалардың қазығы қағылды. Ал, қазір
Қызылорда - қанатын кеңге жайған ғажап
қала.
Алғаш қаланың іргесі
1818 жылы қаланған болатын. 1925 жылдың 15 сәуірінде Ақмешіт қаласында бүкіл
Қазақстан еңбекшілері өкілдерінің басын қосқан Қазақ АССР
Кеңестерінің V съезі салтанатпен ашылды. Бес күнге созылған съездің
негізгі құжатының бірі қырғыз халқының тарихи дұрыс атын қалпына
келтіруі еді. Яғни, Кеңестердің бүкіл қазақтың V съезі “бұдан
былайғы жерде “киргиз” деген атау “қазақ” деп аталсын” деп қаулы
қабылдады. Сонымен бірге, съезд “Киргиз Республикасын”, “Қазақ
Республикасы” деп атауға, ал оның астанасы Ақмешітті Қызылорда деп
атауға қаулы алды. Қызылорданың Қазақстан астанасы деп аталуымен
тарихтың жарқын беттері ашылды.
Бүгінде "ақ күріштің отаны", "Екі ғасырлық тарихы бар
қала" атауына ие болған, әдет-ғұрпы, дәстүрлері берік
сақталған шаһарымыз әлеуметтік, экономикалық,
мәдени, білім жағынан алдыңғы қатардағы қалалардың бірі деп
айтсам қателеспеспін! Қазіргі таңда қаламызда әсем де көрікті
ғимараттар, ойын сауық орталықтары,жастардың бос уақытын тиімді
өткізуге арналған түрлі ресурстық орталықтар, жасыл желекті демалыс
саябақтар, түрлі жоғарғы оқу орындары бой көтерген. Кеше ғана
қаламызда Елбасымыздың жолдауынан туындаған "Ақылды қала"
бағдарламасы аясында "Orda wi-fi" жобасы іске қосылды. Бұл
жоба электронды қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету
үшін wi - fi интернет желісін тегін пайдалануға мүмкіндік
береді. Түнгі Қызылорда - көздің жауын алатындай тіпті керемет!
Қала орталығы мен көшелерде түрлі - түсті жарық шамдар қаланың
келбетін келтіріп тұр!
Жалпы, әсем қаламыз экологиялық табиғаттың құрсауында тұрса
да сұлуланып, нұрланып келеді. Бұл әлі бастамасы! "Жел тұрмаса
шөптің басы қимылдамайды демекші", болашақта біз сияқты білімді
жастардың арқасында қаламызда бұрын жоспарланбаған орталықтар
салынып, басқа мемлекеттер сияқты "Дамыған медициналық
технологиялар" қаласына айналдырамыз! Соның ішінде
елбасымыздың жолдауы бойынша "Медицинада ауруларды диагностикалау
мен емдеудің тиімділігін айтарлықтай арттыратын генетикалық талдау
мен жасанды интеллект технологияларын енгізуге кірісуіміз
керек."
Жалпы, мен - Қызылорда
қаласында туылғаныма қатты қуанамын! Қаламыз басқа қалалардан
табиғатымен, ауа - райымен, салт - дәстүрі берек сақталғанымен
өзгешеленеді! Сыр сұлуы- Қызылорданың шежіресі жалғаса
береді. Өсе бер, өркендей бер
келбетті - Қызылордам!
шағым қалдыра аласыз













