Қазақ тілі
Асангалиева Гүлнұр Демеуқызы
Бастауыш сынып мұғалімі
Б.Аманшин атындағы орта мектебі
Миялы селосы, Қызылқоға ауданы, Атырау облысы
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік мақсаты:Жалаң және жайылма сөйлем туралы түсінік беру.Оқушылардың сөйлем, сөйлем мүшелерінің байланысы туралы білімдерін кеңейту,сөйлем ішінен жалаң, жайылма сөйлемдерді табу,сұрақ қоя білу.
Дамытушылық мақсаты:Оқушылардың сауаттылығын,жалаң сөйлем мен жайылма сөйлемнің айырмашылықтарын түсіндіру.Өз бетімен жұмыстар беру арқылы оқушылардың дербес жұмыс жасай білуін,шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік мақсаты:Ұқыптылыққа,ізденпаздыққа,адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, көрнекілік
Пән аралық байланыс: Әдебиеттік оқу, дүниетану
Көрнекілігі: Сюжетті суреттер,тірек сызба,үлестірмелі қима қағаздар,тест тапсырмалары.
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық .
Дихан Әбілов
Туған тілім
Туған тілім- бабам тілі- өз тілім!
Туған тілім-анам тілі-өз тілім!
Туған тілім-дала тілі- өз тілім!
Туған тілім-адам тілі-өз тілім!
-
Үй тапсырмасын тексеру
94-жаттығу
Жаңылтпашты оқып,жатқа айт.
Жайлауға көш көшті,
Көш кеш көшті.
-Сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талда.
-Сөйлем мүшелерінің байланысын тап.Өткен сабақта алған білімдерімізді еске түсіру.
Сөйлем мүшелері
-
Тұрлаулы мүше
-
Тұрлаусыз мүше
Бастауыш
Баяндауыш
1-Сөйлем мүшелері дегеніміз не?
Сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беріп тұрған толық мағыналы сөздерді сөйлем мүшелері дейміз:
Кім? немен? не істеді?
Айдын бормен жазды.
2. Бастауыш дегеніміз не?
Қимыл,іс-әрекет иесін білдіретін сөзді бастауыш дейміз. Бастауыштар кім? кімдер?не ? нелер? кімі? несі? деген сұрақтарға жауап береді. Боран соқты. Ауылдан әкесі келді.
3.Баяндауыш дегеніміз не?
Бастауыштың ісін,қимылын білдіретін сөздерді баяндауыш дейді.Баяндауышқа не істеді? неғылды? қайтті? деген сұрақтар қойылады. Әсем биледі. Жаңбыр жауды.
4.Тұрлаулы мүшелер дегеніміз не?Тұрлаулы мүшелер сөйлемдегі негізгі ойды білдіреді. Ол бастауышпен баяндауыштан тұрады. Қар жауды.
5.Тұрлаусыз мүшелер дегеніміз не? Сөйлемдегі бастауыш,баяндауыштан басқа сөйлем мүшелерін тұрлаусыз мүшелер дейміз.Оларға қандай? кімге? неге? нені? қашан? қайда? деген сұрақтар қойылады.
6.Бастауыштан кейін сызықша неге қойылады?Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен жасалса,бастауыштан кейін сызықша(-)қойылады: Абай-ақын.Күләш-әнші.
3-Жаңа сабақ
Жалаң және жайылма сөйлем
Жай сөйлем
1. Жалаң сөйлем 2. Жайылма сөйлем
Бастауыш, баяндауыш бастауыш, баяндауыш
Тұрлаулы мүшелер Тұрлаусыз мүшелер
-Бір ғана тиянақты ойды білдіретін жеке сөйлемді жай сөйлем деп атайды.Қыс түсті. Балалар шаңғы тепті. Жай сөйлем жалаң, жайылма болып екіге бөлінеді.Бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлемді жалаң сөйлем дейді. Жазира биледі. Тұрлаулы мүшелерден басқа тұрлаусыз мүшелері де бар сөйлемді жайылма сөйлем дейді . Жазира әдемі биледі.
4.Оқулықпен жұмыс. 97-жаттығу
-Сөздерден сөйлем құрап оқы,оларды сөйлем мүшелеріне талда. Күн бұлттанды.Ұшақ биікке көтерілді. Динара қуанды. Мұғалім сыныпқа кірді.Түн ұзарды.
-Құраған жалаң, жайылма сөйлемдеріңді тиісті пойыз вагондарына орналастыр. Бұл сөйлемдердің бір-бірінен ерекшелігі неде?
99-жаттығу
-Жалаң сөйлемдерді оқы, оларды жайылма сөйлемдерге айналдырып жаз.
Оқушылар ардагермен кездесті.
Жолаушылар қалаға жақындады.
Ұстаз сабақты түсіндірді.
Айдын жарысқа қатысты.
5-Тест тапсырмасы:
1.Қимыл,іс-әрекет ... білдіретін сөзді бастауыш дейді.
а)сапасын
ә)иесін
б) қимылын
2.Бастауыштың ісін,қимылын білдіретін сөздерді....дейді
а) баяндауыш
ә)тұрлаулы мүше
б)тұрлаусыз мүше
3.Бастауыш та баяндауыш та...жасалса,бастауыштан кейін сызықша қойылады.
а)сан есімнен
ә)етістіктен
б)зат есімнен
4.Мына сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін тап: Балалар шанамен ойнады.
а)шанамен
ә)балалар
б)ойнады
100-жаттығу
-Жай сөйлемдерді түрлеріне қарай сәйкестендір.
Жалаң сөйлем Ұшақ биікке көтерілді.
Айман мені кітапханада күтеді.
Күн жылынады.
Жайылма сөйлем Керек-жарақтың бәрі бар.
Әжем шұлық тоқыды.
Бау байланды.
6-Сергіту сәті
Әдемілеп жаздық біз,
Қатты шаршап кеттік біз
Қәне,тұра қалайық
Қимылдасын қол-аяқ.
Кірпікті де қағайық,
Терең демді алайық
Орнымызға отырып
Сабаққа назар салайық!
101-жаттығу
Ребусты дұрыс шешсең,мақал шығады.
«Тіл кылыштан өткір»
7-Кім жылдам? ойыны
«Қыс» суретіне ауызша сөйлемдер құрау.Олар жалаң, жайылма сөйлемдер болуы керек.Олар сұрақ қоя білу, сөйлем мүшелеріне талдау.
8 –Қорытынды
9-Үйге :98-жаттығу
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз