Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жалбыз - емдік өсімдік

Материал туралы қысқаша түсінік
орта буынға сабақ беретін мұғалімдерге пайдас бар деп ойлаймын. Астана туралы кішкене көмек болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар


Сабақ: Жалбыз – емдік өсімдік

Мектеп: № 23 мектеп

Күні: 09.12.2017.

Мұғалімнің аты-жөні:

Шалдарбекова М.Б.


СЫНЫП: 5


Қатысқандар: 26


Қатыспағандар: 0

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

5.О5. Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру.

5.Ж1. Берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құру.

Сабақ мақсаттары:


Барлық оқушылар орындай алады: Мәтін мазмұнын түсінеді, нақты ақпаратты анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыра алады.


Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Мәтін мазмұнын түсінуге байланысты нақты ақпараттарды анықтап, негізгі бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құрады.


Кейбір оқушылар орындай алады: Берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қортынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құрастырады, мәтінде көтерілген мәселені өмірмен байланыстырады.

Бағалау критерийі

  • Мәтін мазмұнын түсінеді.

  • Нақты ақпаратты анықтауға бағытталған сұрақтар дайындайды.

  • Берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құрастырады.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады: Мәтін мазмұнын түсінеді, сұрақтар құрастырады. Кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құрады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Жалбыз, демікпе,эфир майы, жүйке жүйесі, тұнба.

Диалог құру/ шығарма жазуға арналған пайдалы кеңестер:

Берілген мәтіндерге сәйкес кіріспе, негізгі және қортынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар жасау.

  1. Талқылауға арналған сұрақтар:

  2. Жалбыз қандай өсімдік?

  3. Жалбыздың шәйінің пайдасы қандай?

  4. Жалбыз өсімдігін суретін сипатта?

Не себепті жалбыздан дәрі жасайды деп ойлайсыз?


ишара:Басбармақ, қас, иек қағу


Құндылықтарға баулу

Оқушы бойына туған жерін құрметтеуге, табиғатын қорғауға баулу, елжандылыққа жетелеу.

Алдыңғы оқу

Үйсіз жануарларды бірге қорғайық

Жоспар

Жоспарлан-ған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы

3 минут

Шаттық шеңберін құру «Сиқырлы таяқша»

«Ақылды стикерлер» арқылы төрт топқа бөлінеді.

1-топ Ағаштар

2- топ Гүлдер

3-топ Жемістер

4-топ Көкөністер

Алдыңғы оқуды пысықтау мақсатында сұрақтар қойылады.

1.Үйсіз жануарларды қалай қорғаймыз?

2.Үйсіз жануарларды емдеу үшін не қолдана аламыз?

3.Оларды емдік өсімдіктермен емдеуге болады ма?

4.Қандай емдік өсімдіктерді білесіңдер?


«Сиқырлы таяқша»


«Ақылды стикерлер»









Ортасы

32 минут

















































1-тапсырма. «Блум түймедағы» әдісін пайдалана отырып, әр топ өздеріне қатысты тапсырманы орындайды.
«Ағаштар» тобы.

Тақырыпқа қатысы жоқ сөйлемдерді анықтаңдар?
«Гүлдер» тобы.

Мәтін мазмұнынан сұрақтар құрастырыңдар?
«Жемістер» тобы.

Жалбыздың адам ағзасына пайдасын сипаттаңдар?

«Көкөністер» тобы,

Жалбызды қалай қолданады түсіндіріңдер?


Жалбыз

Жалбыз – көп жылдық, шөп тектес дәрілік өсімдік. Оның түрлері көп. Қазақстанда оның 2 түрі кездеседі – бұрышты жасыл жалбыз, ақ жалбыз. Өзен мен көл жағалауларында өседі. Биіктігі 80-100 см. Сабағы төрт қырлы күрең-күлгін түсті. Жапырағы ұзынша, жұмыртқа пішінді.Маусым тамыз айларында гүлдейді. Жәндіктерді зерттеушілер олардың 30 түрін тапқан. Жалбызды тамыр сабағынан көбейтеді. Сабаққа қарама қарсы орналасады. 

Жалбыз өсімдігінің құрамында адам ағзасына керекті заттар көп. Қазір ол шөпті көп жерлерде қолдан өсіріп дайындауда. Жалбыз шөбінің емдік қасиетін адамдар ерте заманнан білген. Жүздеген ауруға ем деп айтады. «Жалбызды жерде жан қалады» деген мәтел бұл өсімдіктің емдік қасиетіне айтылса керек.

Көктемде жалбызды теріп алып, кептіріп, ұнтақтайды. Күніне 1 шай қасықпен 3 рет 2 ай ішсе, жүрек ауруына бірден-бір ем. Сондай-ақ, бүйрек, бауыр, өт қабынуы ауруларына пайдаланады.Жалбыз ұнтағының осы мөлшерін бал орнына сары май қосып қабылдаса, демікпе дертіне, өкпенің тыныс алу жолдарын тазартады. Жапырағын саусақпен уқалағанда жағымды иіс шығады. Себебі Жапырағында 5 пайыз эфир майы болады. Ал, соңғы кезде жалбыз тұнбасын іштің кебуін басатын, бойға күш-қуат беретін, дәрі ретінде қолданып жүр. Жалбыз қосылған шәй жүрек ауруымен ауыратындарға, тамақтан уланғанда, асқазан -бауырауруы мен ауыргандарга, жүйке жүйесі бұзылғандарға өте пайдалы.


Дескриптор.

1.Жабық, ашық сұрақтар құрай алады - 2балл

2.Нақты, қосымша ақпаратты анықтайды-2 балл


ҚБ. Қол сигналдары.


2-тапсырма. Жазылым бойынша. Берілген мәтіндерге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құрастырыңдар.


«Ағаштар» тобы.

Адыраспан

Адыраспан - ақтікендер тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер туысы, терең тамырлы өсімдік.

Сабы мен гүлінде уы болады. Ерекше күшті сасық иісті, дәрілік өсімдік. Биіктігі 30-80 см аралығында, бірақ көбінде 30 см төңірегінде өседі. Тау беткейлерінде, жол бойында, жазық далаларда көктейді. Жаз-күз мезгілдерінде жемістейді. Қазақстандаоның үш түрі бар. Оңтүстік ЕуропаБатыс және Орталық Азия, Солтүстік Африка мен Мексикада 6 түрі кездеседі. Қазақстанның шөл-шөлейтті, сортаңды жерлерінде, әсіресе Шу, Іле, Сырдария, Сарысу өзендері бойындағы тақырланған жайылымдарда өседі. Сабағы бұтақты, салалы тамыры 10 м тереңдікке дейін кетеді. Гүлі ақ, сары,бозғылт – сары түсті және ол 1 – 3-тен топталып сабақ басында орналасады. Мамыр – шілдеде гүлдейді. Жемісі – көп тұқымды қауашақ. Тұқымы ұсақ бозғылт не қара түсті болады.Жемісі – ішінде жуандығы 1 сантиметрдей ұрығы бар, қоңыр түсті, шар тәріздес қауашақ.


«Гүлдер» тобы.


Долана

Долана Қазақстанның таулы аймақтарында жиі кездеседі. Раушан гүлділер тұқымдасына жатады. Табиғатта мыңнан астам түрі болғанымен, оның 200-ге жуығы ғана кең таралған. Тікенекті бұталы өсімдік немесе шағын ағаш түрінде кездесетін долананың биіктігі шамамен 2-8 м болып келеді. Жапырақтарының ұзындығы 6 см, ені 4-5 см көлемінде. Барлық сұрыптары көктемде қалың гүл ашады. Гүлдері қызыл, ақ, қызғылт түсті болады. Мамыр айының соңында гүлдері шыға бастайды да, маусымның ортасына таман гүлдеп бітеді. Гүлдегеннен кейін кішігірім қызыл, сары, кейде қара түсті домалақ жеміс береді. Жас көшеті жеті жылдан кейін ғана жеміс салады. Долананың шаң мен газға төзімділігін және ауа тазартатын қасиетін ескере отырып, оны қала көшелеріне молынан егеді. Бірақ, қала көшелеріне егілген долананың жемісін жеуге болмайды. Бойы аса биік емес, әрі тікенекті болғандықтан долананы көбінесе жасыл қоршау жасауға қолданады. Жаз айларында қырқып-пішіндеуге болады. Өсуі жай болғанымен, долана төзімді ағаш болып саналады. Дәрілік мақсатта долананың жемісі мен гүлін пайдаланады. Доланадан жасалған дәрілер орталық жүйке жүйесін тыныштандырады, жүрек бұлшық еттеріне күш береді, жүрек пен мидағы қан айналымын жақсартады.
«Жемістер» тобы.

Жолжелкен

Жолжелкен – қорғасыншөптер тұқымдасынажататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда шөлді, таулы аймақтардың сор, сортаңды, құмды, тақырлы жерлері мен сексеуіл өскен алқаптарда кездесетін 2 түрі (жіңіщке масақты жолжелкен,Суворов жолжелкені) бар. Олардың биіктігі 5 – 50 см. Жапырақтары тамыр түбінен шығады, қанат тәрізді тілімденген. Тостағанша жапырақшалары түтікті, бес қалақты, түкті. Күлтесі шұңқырлау. Гүлдері ұсақ, қызғылт, ақ немесе қызғылт күлгін түсті. 2 – 4-тен масақ гүлшоғырына топталған. Сәуір – маусым айларында гүлдеп, мамыр – маусымда жемістенеді. Тұқымы жұмыртқа тәрізді, ашық қоңыр түсті, жылтыр.


«Көгөністер» тобы.

Алоэ

Алоэ, сабыр, жүзжылдық – шырыштар тұқымдасына жататын көп жылдық бұта, кейде шырмауық түріндегі мәңгі жасыл, қуаңшылыққа төзімді өсімдіктер.  Тропиктіксубтропиктік белдеулерде кездеседі. Биіктігі 7-12 м-дей, сабағы жуан, жапырағы шырынды, етті, тікенді болып келеді. Қызыл, қызғылт-сары, сары түсті, гүлі түтікше келген қоңырау тәрізді гүлшоғырына топталған. Сирек гүлдейді, негізінен құстар арқылы тозаңданады. Тұқымынан кейде өсімді (вегетативті) жолмен де көбейеді. Тұқымы жалпақтау қоңыр түсті. Алоэны көбейту үшін сабағының түбінен шығатын атпа бұтақтарын аналық өсімдіктен бөліп алып, құмды құнарлы топыраққа отырғызу керек. Қазақстанда Ағаш тәрізді Алоэ (Алоэ arborescens) деген түрі қолдан өсіріледі. Алоэның жапырақ құрамында глюкозид, эфир майы т. б. дәрілік заттар бар, сондықтан Алоэның шырынын түрлі ауруларды емдеуге қолданады.


Дескриптор.

1. Кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар жасайды.- 2 балл

2.Нақты, қосымша ақпаратты анықтап, қарапайым жоспар құрады -3 балл

ҚБ.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық,
Белімізді жазайық.
Жоғары - төмен қарайық,
Солға - солға түзу тұр.
Оңға - оңға түзу тұр,
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым
Бойымызға күш жинап,
Бір дем алайық.

Саралау тапсырмасы

Төмен деңгей: Жалбыз емдік өсімдігі жайлы білетініңді әңгімеле.

Орта деңгей: Жалбыздың емдік қасиетін анықтап айт.

Жоғарғы деңгей: Емдік өсімдіктерді қалай қолданылатынын түсіндір.

ҚБ Бағдаршам





Стикерлер

Ақ қағаздар















































Мәтіндер



Жеміс суреттері



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.10.2020
491
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12