Сабақ тақырыбы Жалпақ жазық беттерін егелеу,
жалпы олардың кедергісін алып тастау
Осы
сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
8.6.1. 1. оқушыларды егеудің түрлерімен
таныстыру, металды егеп өңдеудің әдістерін
үйрету.
8.6.1.2. оқушыларға егеу туралы түсініктерін
жалғастыру,
8.6.1. 3.технологиялық жұмыстарын
меңгеру;
мұғалімнің сұрақтары бойынша және өздігінен
жасалған жұмыс туралы сөздік есеп беру;
Түзету –дамыту мақсаттары теориялық білімдерін
практикалық іс-әрекеттерге ұштастырып, оны іс жүзінде пайдалану;
ойлау, салыстыру, саралау, нақтылау дағдыларын
дамыту;
Құндылықтарды дарыту ұқыптылыққа, жауапкершілікке
тәрбиелеу.
Тілдік мақсаттар технологиялық карта бойынша
жасалған жұмыс туралы айтып беру;
Сабаққа қолданатын материалдар (ресурстар)
технологиялық нұсқау, карта, құрал-саймандар және
суреттері.
Сабақтың типі жаңа материалды үйрену сабағы,
жинастыру және жүйелендіру сабағы, сарамандық
жұмыстар
Оқу
әдістері ауызша, топтық, жекеше, тәжірибе
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақта
жоспарланған іс-әрекет
I.
Сабақтың басы оқушылардың сабаққа қатысуын
тексеру;
оқушылардың арнаулы киімдерін, сабаққа дайындығын
тексеру;
Оқушыларды 2 топқа бөлемін. Мәнерлеп
оқу:
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын
хабарлау;
Оқушылардың өткен сабақтарда алған білімдерін
пысықтау:
1.
Кесу процесі дегеніміз не?
2.
Металл кесудің қандай тәсілдері бар?
3.
Қол араның құрылысын ата?
4.
Қол араның жүзінің ұзындығы қанша?
5.
Қол ара бетінде қандай таңба болуы керек?
6.
Қол арамен жұмыс кезінде қандай қауіпсіздік ережесін сақтауға
керек?
II.
Сабақтың ортасы • Егеп өңдеудің мәні мен мақсаты. Металды егеу деп-
егеулердің көмегімен металды жаңқалап тегістеу операциясын
айтады.Егеу – көлденең қимасы белгілі бір формуладағы болат
стерженьнен жасалған жону аспабы.
• Егеудің құрылысы. Оның беттеріне жонғыш істер
мндетін атқаратын кертіктер салынған.Егеу бөліктері: жалпақ жағы,
жұқа жағы, ұшы, сай тірегі, саптық бөлімі.
• Егеудің тістерінің жасалу әдісіне қарай бөлінуі.
Егеу беттерінің кертігі- бір қабат, қос қабат, түрпі және доға
тәрізді болады.
• Егеу беттері кертігінің бөлінуі. Егеудің қолдану
түрлеріне қарай бөлінуі. Слесарь егеулерінің жұмысқа арналған
стандартқа сәйкес 8 түрі болады: жалпақ ұшы сүйір, квадрат жақты,
үш қырлы, жұмыр, жартылай жұмыр, ромб жақты, қол ара
тәрізді.
• Жалпы жұмысқа арналған слесарлық
егеулер.
• Әр
түрлі беттерді егеп өңдеу әдістері.
Жаңа сабақты пысықтау.
Егеу операция дегеніміз не?
Егеудің құрылысын түсіндір?
Егеулер қолдану түріне қарай қанша түрге
бөлінеді, ата?
Слесарлық егеудің қандай түрлері
бар?
Дайындық жұмыстарын жүргізу;
Металдарды егеп өңдеу тәсілдерін
көрсету.
Сарамандық жұмыс: тексеру мақсатында оқушылардың
жұмыстарының орындарын аралау. Оқушылар технологиялық нұсқау
карталарын пайдаланады.
а)Бұйымның сызбасымен
таныстыру.
ә)Жазық бетін егеу әдістерін
көрсету.
б)Егеуді дұрыс ұстауды және жұмыс кезінде дұрыс
тұрудың әдістерін көрсету.
• Оқушылардың жұмыс орнының және құрал-саймандардың
дұрыстығын тексеру.
• Жұмыстың басталу кезеңдерін
қадағалау.
• Техника қауіпсіздігінің сақталуын
қадағалау.
• Металдарды егеу жұмыстарын
жүргізу.
• Жұмыс кезінде және оқушыларға нұсқау
беру.
• Оқушылардың жұмысынын сапасын
тексеру.
• Жұмысты аяқтау, жұмыс орнын жинастыру, ереже
бойынша құралдарды орналастыру.
III. Сабақтың соңы Рефлексия
Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ
саалынған суреттер арқылы бағалау.