«Жалпы адамзаттық құндылықтар-мектептің тұтастай педагогикалық үдерісінің негізі»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Жалпы адамзаттық құндылықтар-мектептің тұтастай педагогикалық үдерісінің негізі»

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстазға керекті
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұғалімдерге арналған әдістемелік семинардың жоспары


Мектеп: Шиен ОМ Семинарды тыңдаушылардың саны_45

Мерзімі 23.11.2018 ж Мұғалім: Арыкбаева Ж.О

Мұғалімдерге арналған әдістемелік семинардың тақырыбы: «Жалпы адамзаттық құндылықтар-мектептің тұтастай педагогикалық үдерісінің негізі»


Мақсаты: Жалпы адамзаттық құндылықтар-мектептің тұтастай педагогикалық үдерісінің негізі

ретінде қарастыру.

Міндеттері:

- Балалардың бойындағы рухани бастаудың көзін ашып және жалпы адамзаттық құндылықтарды жарыққа шығарта білу керектігін түсіндіру.

- Мұғалімнің рөлі оқушының  ішкі әлеуетін, оның рухани –адамгершілік мәнін ашуға жағдай жасау.

- Мұғалімдердің ізгі педагог болуына ықпал ету.

Ресурстары:(материалдары, көздері)




Жоспар:

1. Тыныштық сәті. Нұрға бөлену.

Жалпыадамзаттық құндылықтар жайлы мәлімет.

Құндылық ағашымен таныстырып,құндылықтарды ашу

Жанды және жансыз білім туралы түсінік беру.

Өзін-өзі тану пәнінің басқа пәндермен интеграциялануы.

Шығармашылық жұмыс. Әр бірлестікке бір интеграцидан мысал құрастыру.

Мұғалімнің сыйы. фильмінен үзінділер көрсету

Топпен ән айту

Үй тапсырмасы. «Звездочка на земле» фильмін қарау.

Семинардың қорытынды сәті

Өзін-өзі тану” пәнінің мақсаты – рухани-адамгершілік құндылықтарға негізделген ойы, сөзі, ісі бірлікте өмір сүретін, кемел мінезді адам дамыту

Құндылық - объектінің жағымды немесе жағымсыз жақтарын білдіретін философиялық-социологиялық ұғым.

Жалпы адамзаттық құндылықтар - жеке тұлғаның бойында өмірге келген сәтінен бастап, бірге дамиды, жасы ұлғайған сайын қоршаған ортасына сәйкес бірге қалыптастады

Құндылықтар Т.И. Петракова

Табиғи құндылықтар - Бұл адамның табиғи күші мен жан-дүниесінің қабілетілігі құндылықтары: яғни ақыл-ой, сезім, күш-жігер (ақылдың айқындығы, ойдың ұшқырлығы, сезімнің тазалығы, естің сенімділігі, күш-жігердің қайраттылығы).

Жүре пайда болатын құндылықтар - Бұл адамның интеллектуалды және адамгершілік тұрғыдан дамуы барысында меңгерген құндылықтар (әдептілік, сыпайылық,сыйластық жанашырлық,кеңпейілділік, ақкөңілділік, сабырлылық және т.б.)

Абсолюттік жалпыадамзатық құндылықтар - Ол уақытқа бағынбайтын, ешқандай ортамен, қоғаммен шектелмейтін, бүкіл адамзат үшін маңызы зор құндылықтар.

Өміріміздің негізі – тамыр, ол ақиқат.

Ағаштың тамыры көрінбейді, сол себепті де ақиқат сырт көзге көрінбейді, оны іспен дәлелдеу қажет. …..

Тамыр мықты болу үшін, оны суару қажет. Су – сүйіспеншілік.

Ағаштың діңгегі – дұрыс іс-әрекет. егер адам дұрыс өмір сүрсе, оның жаны тыныштыққа толы болады.

Ағаштың гүлдері тыныштықтың белгісі.

Ағаштың жемісі, алмалары – біздің өмірдегі жемісіміз, яғни ол - басқаға және өзіңе қиянат жасамау.


Рисунок 6

Қиянат жасамау рухани деңгей

Ақиқат - интеллектуалды деңгей ( ақыл, ажырату деңгейі)

Сүйіспеншілік- адамгершілік деңгей ( ментальді деңгей, ой, сөз)

Тыныштық эмоционалды деңгей ( сезімдер)

Дұрыс әрекет - физикалық деңгей

Ақиқат- (бейнефильм. «Бойыңдағы кереметтердің қадірін біл»)

Қарап тұрсаңыздар мына бейнероликтегі оқушының әлемдегі жеті керемет деп адамның дене мүшелерін алып отыр.

Ал енді сіздер осы айтылған кереметтердің бірі кемде кем болса қайтер едіңіздер?

Сүйіспеншілік- «Сүйіспеншілік пен Өмір» (аңыз әңгіме)

Топтарға қойылатын сұрақтар:

  1. Осы аңыздан не байқадыңыздар?

  2. Аңыз бойынша қандай құндылықтар мен қасиеттерді байқадыңыздар?

  3. Өмірде кездесес ме?

Дұрыс әрекет- ( бейнеролик көрсетіледі) «Цените и любите своих мам»

Бейнероликті талдау сұрақтары:

  1. Бейнероликтен не байқадыңыздар?

  2. Қандай құндылықтар мен қасиеттерді байқадыңыз?

  3. Өмірмен байланысты сұрақ керек –

Ішкі тыныштық- «Шыдыамдылық пен сабырсыздық» (аңыз әңгіме)

Талдау сұрақтары:
Бұл мәтінді қалай түсіндіңіздер?
- Сабырсыздық деген қандай қасиет?

Қандай қасиет бізді ақылға жүгіндіреді?

- Сіздердің өмірлерлеріңізде осыған ұқсас жағдайлар болды ма?


Қиянат жасамау: Сумен эксперимент жасау.

Шарты: Үш мұғалімді сыртқа шығарып жиберемиз. Екі стаканға су құямыз. Бірінші стакандағы суға жақсы сөздер айтқызамыз, екінші стакандағы суға жағымсыз сөздерді айтқызамыз. Жаңағы үш мұғалімді шақырамыз да, қай стаканда жағымды сөз, қайсысында жағымсыз сөз айтылғанын сұраймыз. Дәміне, түсіне қарап ажырату керек.

Қорытынды: Сөздің қаншалықты әсер ететіні туралы айтылады. Судың орнына балалар болса ...



Ш.А.Амонашвили: “Балалар білімді аңсайды, бірақ олар жанды білім аңсайды”

Жансыз білім деген не?

Бұлар-білмесе де болатынын білетініміз;

Бұлар-хабарлама салысымен ұмытылып қалатыны;

Бұлар-жас адамдардың мектеп табалдырығынан әрі қарай алмайтыны және ол үшін өкінбейтіні;

Жансыз білім аяққа түскен салмақ.

Жанды білім мыналар:

Адамды рухтандырады;

Ғылым көкжиегіне еліктіреді;

Жаңа өмір жасауға ықпал етеді;

Жаңа ізденістерге ойды жігерлендіреді;

Сергектік пен эволюция әкеледі;

Жанды білім - қанат.


Интеграция – бүгінгі таңда адамның ғылыми ойлауын және әлемдік көзқарасын анықтайды. Философиялық сөздік бұл ұғымға манадай түсінік береді: ықпалдасу – әр текті бөліктер мен элементтердің бірігуімен байланысты даму.

Интеграция процесі ( латын тілінен аударғанда integratio – біріктіру, қалыпқа келтіру) бірін – бірі толықтыратын, бір – бірімен байланысты жеке ұғымдарды бір тұтас етіп біріктіру.

«Өзін-өзі тану» пәнімен интеграцияланған

«Қазақ тілі» сабағының жоспары.


Сынып: 4

Тақырып: Сөз және оның мағынасы.

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттері: жауапкершілік,еңбекқорлық, жақсы ниет.


Қазақ тілі

Өзін-өзі тану

Сөз және оның мағынасы дегеніміз- қандайда бір заттың, не қимылдың, не сапаның не санның атауы.

Сөз дыбыстан құралады.Сөздің тура және ауыспалы мағыналары болады.

Мағынасы қарама-қарсы, мағынасы жуық, мағынасы әр түрлі сөздер.

Бұл сөздердің терминдік атауы бар.

Олар: омоним,антоним, синоним.

Омоним дегеніміз- айтылуы,дыбысталуы бірдей, мағынасы әр түрлі сөздер.

Антоним дегеніміз- мағынасы бір-біріне қарама-қарсы сөздер.

Синоним дегеніміз-мағыналары жағынан бір-біріне жақын,дыбысталуы әр түрлі сөздер.

Енді осы сөз және оның мағынасын біз өзіміздің өмірімізге келтірсекте болады. Сөз- ол сенсің,жеке дара. Бір тұлғасың. Сен тұлға болған соң, сенде өз тәніңе сай мінез ерекшеліктер болады.

Омоним «Алтын алма,алғыс ал,

Алғыс деген- ел сыйы»мына мақалды қарасаңдар «алма» сөзі ойымызға бірден жеміс түседі. бұл жерде жақсы ниетімізбен, сыпайлығымызбен өзіміізді таныта білсек, алғыс иесі боламыз.

Синоним –« Жақсыға қарасаң,жаның жадырайды».еңбекқорлық,еңбексүйгіштік,

пысық.көңіліміз көтеріліп, еңбекке деген сүйіспеншілігіміз арта түседі.

Антоним –« Үлкенге құрмет,кішіге ізет» ( түзу жол,қисық жол)(қарт адам,жас бала)

Осы берілген мақалдар арқылы қасиеттерді сіңіріп дұрыс әрекетке жетелеу.


«Өзін-өзі тану» пәнімен интеграцияланған

«Математика» сабағының жоспары.


Сынып: 4

Тақырып: Геометриялық фигуралар және олардың ауданын периметрн табу.

Құндылық: Ақиқат

Қасиеттері: мейірімділік,шыншылдық,әдептілік,кішіпейілділік

Математика

Өзін-өзі тану.

Геометрия- жер және өлшеу математиканың кеңістік пішіндер мен қатынастарды сондай ақ оларға да ұқсас басқа да пішіндер мен қатынастарды зерттейтін сала.

Фигуралар кеңістік пішіндері.

Геометриялық денелердің беттерінің сызықтарын және кез келген жиынын фигуралар деп атайды.

Төртбұрыш- барлық қабырғалары тең.

Тіктөртбұрыш-қарама-қарсы қабырғалары тең.

Шеңбер- берілген нүктеден бірдей қашықтықта жататын тұйық қисық сызық.

«Ақиқат- адалдықтың бастауы»дей отырып, тақырыптағы әр фигураны жеке қарастыруға болары анық.

Төртбұрыш- төрт құбылысы тең деп отбасындағы тату бірлік болса, отбасы мүшесіндегі бір бірлеріңді сыйлай білу, үлкендерге құрмет,кішілерге ізет көрсету.

Тіктөртбұрыш- екі түзу арасындағыең жақын ара қашықтық. Түзу сызық біз қойған мақсатымызға тура бұрылыссыз жүруге үйретеді.Адам шыншыл болуы керек. Ақиқат біздің өзімізде жүрегімізде.Біз өскен сайын тура жол тағдай білуге алдағы өмірге дұрыс қадам жасай білуіміз керек.

Шеңбер- біз шеңбер бойымен қозғалсақ, онда ешқашан соңына жете алмаймыз. Одан шығатын жол жоқ. Реніштің тұйықталған шеңбері пайда болады. Реніш болған кезде, біз кешірімді болуымыз керек және ренішті ұмытуымыз керек. Шеңбер жарылады да және біз одан ары қарай бақытты боламыз.


Шығармашылық жұмыс. Топпен жұмыс.

Әр топқа интеграциядан мысал құрастыру.

І- топ: «Дүниетану» «Пайдалы қазбалар»

ІІ- топ: «Математика» «Бөлшектер»

ІІІ-топ: «География» «Мұхиттар»

IV-топ: «Қазақ тілі» «Сөз табы»


Мұғалімнің рөлі мен ережесін таныстыру.

Мұғалімдерге арналған екі ереже.1. Басқаларға үйреткеніңді алдымен өзің орында, 2.одан кейін барып басқалардан талап ет. 
Жолдауды жеткізу

Бас бармақты көтеріп тұрып, сұқ саусақты көтеріңіз дейміз. Сосын қайсын көтереді қараймыз. Сосын айтамыз 10% сөзбен жетеді, ал 90% мета-жолдау (жасырын жолдау) екенін айту.

Қортындылау: «Өрмекші торы» әдісімен бүгінгі жиналыста алған әсерлерін білу.

Ән айту:

Өміріңе немқұрайлы қарама

әні: Сәкен Дәрібаев 
сөзі : Серік Сейітман

Тыңда досым, мен айтайын от тілек,

Дүниеден кетті бай да, өтті бек.

Өміріңе немқұрайлы қарама,

Дәулетіңмен тұрсаң дағы көк тіреп.


Әр күн сайын тек сен үшін атып таң,

Зерлі шапан киінсең де жақұттан.

Өміріңе немқұрайлы қарама,

Шақша басың айналса да бақыттан


қайырмасы:

Бақ құсыңды қонған кезде бағала.

Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала.

Кенелсең де досым қанша шаттыққа

Өміріңе немқұрайлы қарама,


Тұсау салып бастатқызбай көш дара,

Етсе дағы дұшпан күлкі,дос таба.

Өміріңе немқұрайлы қарама,

Тағдыр желі қарсы алдыңнан соқса да

Талдау



Үй тапсырмаcы.

«Звездочка на земле» фильмін қарау.

Жиналыстың қорытынды сәті.

Жай, әсем музыка қойылады. Көзімізді жұмып, семинардағы жақсы көңіл - күйін естеріңізге алып, жүректеріңізге түйіп қойыңыздар. Әр қайсымыз тек

 Жақсы болайық

Жақсы нәрсе туралы ойлайық

Жақсы нәрсе айтайық

Жақсы нәрсе тыңдайық

Жақсы нәрсе көрейік

Жақсы нәрсе жасайық

Бақытқа жеткізер жол-осы!!!

Назарларыңызға көп рахмет! Сау болыңыздар!



Мұғалім _______________________


Директор ______________________



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.02.2019
1013
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі