Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жалпы адамзаттық құндылықтарды меңгереміз

Материал туралы қысқаша түсінік
әрбір баланың табиғатына берілген жалпыадамзаттық құндылықтарды айқындау Барлық оқушылар: жаңа білімнің тақырыбын анықтай алады, негізгі ойды табады. Көптеген оқушылар: дәйексөздің мағынасын түсініп, шығармашылыққа негізделген сұрақтар қояды. Кейбір оқушылар: берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.  жаңа білімнің тақырыбын анықтай алады, негізгі ойды табады.  шығармашылыққа негізделген сұрақтар қояды.  берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады. Оқуға, білімге деген қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу. Жеке және топта жұмыс жасай алу, ынтымақтастық.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түркістан облысы. Төлеби ауданы. Тасарық ауылы


Пән: Өзін-өзі тану пәні

Орта мерзімді жоспар бөлімі:

Ғасырлар даналығы

Күні:

Сынып: 3-сынып

Мектеп: « Т.Тоғысбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

Мұғалімнің аты-жөні: Орманова Гульнар Керимбаевна

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жалпы адамзаттық құндыықтарды меңгереміз

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

әрбір баланың табиғатына берілген жалпыадамзаттық құндылықтарды айқындау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: жаңа білімнің тақырыбын анықтай алады, негізгі ойды табады.

Көптеген оқушылар: дәйексөздің мағынасын түсініп, шығармашылыққа негізделген сұрақтар қояды.

Кейбір оқушылар: берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.

Бағалау критерийлері

  • жаңа білімнің тақырыбын анықтай алады, негізгі ойды табады.

  • шығармашылыққа негізделген сұрақтар қояды.

  • берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.

Құндылықтарды дарыту

Оқуға, білімге деген қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу.

Жеке және топта жұмыс жасай алу, ынтымақтастық.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, қазақ тілі.сурет

АКТ қолдану дағдылары

Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;

Ресурстар

Топқа бөлуге арналған гүлдер, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, кері байланыс парағы т.б

Бастапқы білім

2-сыныпа өткен білімді еске түсіреді.

Сабақтың барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Жаңа топ құру

Психологиялық ахуал қалыптастыру

«Ғажайып жылулық шеңбері» жылулық шеңбері.

Балалар шеңбер құрып тұрады да, бір- біріне жақсы тілектерін айтады. Бір- біріне жақсы көңіл күй сыйлайды.

Мұғалім балаларға гүлдер таратады. Сол гүлдердің түстеріне байланысты топтарға бөледі.

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

Оқу мақсатын таныстыру

Күтілетін нәтижені анықтау



Оқушыларды топтарға бөлуге арналған гүлдер.


Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,то-

лықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Сабақтың ортасы

Ширату тапсырмасы.

Жалпы адамзаттық құндылықтар –

өзін-өзі танудың негізі.

С.А. Назарбаева

Дәйексөздің мағынасын түсініп алыңдар.

Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда)

«Қыздар, ұлдар»

Бұл әдісте ұлдар және қыздар болып жарыса отырып, өз ойларын қарсы топтармен бөліседі.

Ы.Алтынсарин. Таза бұлақ.

 Үш жолаушы бір бұлақтың басында бір-біріне кез болыпты. Бұлақ бір тастақ жерден шыққан, айналасы қалың біткен ағаш жапырақтары бұлақтың үстіне төгіліп, суы мұздай, салқын, шыныдай жылтылдап тұрған сонша әдемі, таза бұлақ екен. Су шыққан жеріне бір қазандай тасты біреу ойып қорғаныш қылып, тастың суағар жеріне жазу жазыпты:

- Әй, жолаушы, болсаң осы бұлақтай бол,- деп. Манағы үш жолаушы бұлақтан ішіп қанған соң жазуды оқып, біреуі саудагер екен, ол айтты:

- Бұл жазылған ақыл сөз екен, бұлақ күн-түн тынбай ағып, алыс жерлерге барады, бара-бара кеңейіп, үлкейеді, бұған бөтен бұлақтар құйып, сөйте бара үлкен өзен болып кетеді. Мұнан мұрат сол: сен де, адам, тынбай қызмет қыл, ешуақытта жалқауланып тоқтап қалма, сөйтсең, ақырында, сен де зорайып мұратыңа жетесің дегені ме деп білемін, - деді.

Екінші жолаушы мүсәпір молда екен, басын шайқап:

- Жоқ мен олай ойламаймын, бұл жазудың мағынасы сіздің ойлағаннан гөрі жоғарырақ соқса керек, бұл бұлақ: кім-кімге болса да даяр, ыстықтағанды салқындатып, жанын рақаттандырады, сусағанның сусынын қандырады, оның үшін ешкімнен ақы дәметпейді; бұлай болса адамға да әбірет сол: біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды ешкімге міндет етпе дегені болса керек,- деді.

Үшінші жолаушы көркем келген бір әдемі жігіт екен, бұл үндемей тұрды. Жолдастары: «Сен не ойлайсын?» -деп сұрады.

Жігіт айтты:

- Менің ойыма бөтен бір нәрсе келеді: бұл бұлақтың суы бір орында тынып тұрып, шөп-шалам түсіп, лай-қоқым болса, бұған адам мен айуан мұнша ынтық болмас еді; бұлақ күні-түні тынбай ағып тазаланып тұрғаны үшін ынтық болады. Олай болса, жазудың мағнасы: көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақта, нешік бұлаққа қарасақ күн түссе күннің, шөп түссе шөптің сәулесін көреміз, көңілің сол реуішті сыртқа ашық көрініп тұрсын дегені ме деймін,- деді.

- Үш жолаушы қандай бұлаққа кезікті?

-Бұлақбасындағы таста қандай жазу бар?

- Бірінші жолаушы сөздің мағынасын қалай түсінді?

-Ал екінші жолаушы қалай түсінді?

-Өзің мәтіндегі « көңіліңді,бойыңдыосыбұлақтай таза сақта» дегенді қалай түсінесің?

Дескриптор:

  • жаңа білімнің тақырыбын анықтай алады, негізгі ойды табады.

  • шығармашылыққа негізделген сұрақтар қояды.

  • берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.

ҚБ: Бес саусақ арқылы бір-бірін бағалау.

Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау





Тапсырманы орындаған топты мадақтау,то-

лықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.


Белсенді оқу тапсырмалары.
















Тапсырманы орындаған топты мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.



Белсенді оқу тапсырмалары




Сабақтың соңы

Жаңа білім мен тәжірибені қолдану

Топтық жұмыс. «Сахналау»

1- топ: Әдеп. Ыбырай Алтынсарин.

2-топ: Әдептілік әліппесі. М.Әлімбаев.

3-топ: Ғылым таппай мақтанба. Абай

ҚБ: « Ара ұясы» техникасы.

«Ойлан, Топтас, Пікірлес»

Мұғалім топтағы оқушыларға не білгендігі туралы пікір алмасуды және екі сұрақтан дайындауын тапсырады. Содан кейін әрбір топ кезектесіп сұрақ қояды,ол сұраққа жауапты мұғалім немесе қарсы топтағылар береді. Сонымен берілген осы техника негізінде мұғалімнің берген мәліметтері қорытындыланады, өңделеді.

Оқушыларға қандай да болмасын сұрақ, тапсырма берілгенен кейін оларды тыңғылықты орындауға бағытталған интербелсенді тәсіл.

(ҚБ) “Екі жұлдыз, бір тілек” әдісі.

Рефлексия

«Бағдаршам» кері байланыс.

Балалар смайликтерді бағдаршам көздеріне жапсырады.




Оқушылар-

дың бірін-бірі, өзін өзі бағалауға негізделген, бұл тәсілдің мақсаты өзін және құрбыларын әділ бағалауға үйрету.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген

кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиял ары. Сергіту сәттері мен белсенді іс- әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылат ын

Қауіпсіздік техникасы

ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да

ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың

жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу

қажет?



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
11.01.2019
720
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12