«Жалпы адамзаттық құндылықтардың отбасы тәрбиесіндегі негіздері»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Жалпы адамзаттық құндылықтардың отбасы тәрбиесіндегі негіздері»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға қажетті
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ата-аналарға арналған жиналыс жоспары

Мектеп: Мерзімі:_______

Сынып:

Ата-аналар саны______________________

Мұғалім:

Ата- аналар жиналысының тақырыбы:

«Жалпы адамзаттық құндылықтардың отбасы тәрбиесіндегі негіздері»

Мақсаты:

Жалпы адамзаттық құндылықтардың отбасылық тәрбиедегі маңыздылығын түсіндіру арқылы, рухани адамгершілік қасиеттерін байыту.

Міндеттері:

  • Ата-аналарға «Өзін өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасында жалпыадамзаттық құндылықтар туралы түсінік беру арқылы бала тәрбиесіндегі көзқарастарын кеңейту.

  • Ата аналардың рухани жан дүниесін байыту арқылы сүйіспеншілікке жетелеу.

  • Отбасында бір-бірін аялауға, сүюге, қиыншылықты жөне білуге, төзімділіқті сияқты асыл қасиеттерге тәрбиелеу.

Ресурстар

Қағаз

Бейне ролик

Фломастер


Жоспар

Тыныштық cәті «Нұрға бөлену»

  1. «Өзін-өзі тану» рухани- адамгершілік білім беру бағдарламасының маңыздылығын түсіндіру.

  2. Отбасында атa-аналар балалардың жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеуге ықпал ету.

  3. «Бала тәрбиесі» асыл арна

  4. Мұғалім сыйы: Бейне ролик: «Әке мен сенің 1 сағат уақытыңды сатып алайыншы»

  5. Шығармашылық жұмыс.

  6. Ән айту «Ана мен әке»

  7. Үй тапсырмасы «тәрбиелік мәнде кино»

  8. «Екі жұлдыз, бір тілек» пікір

  9. Қорытынды


Семинар барысы: «Сәлемдесу!»

Тыныштық сәті: «Нұрға бөлену» Баяу әуен


Дәйексөз

« Мен үш нәрседен қорқамын.

Бірінші - баласына бесік жырын айтпаған анадан,

Екіншісі- немересіне ертегі айтпаған әжеден,

Үшіншісі –бір- бірімен қазақша сөйлеспеген қазақтан»

Б.Момышұлы

Сұрақтар:

1. Бұл дәйексөздің мәні неде деп ойлайсыздар?

2. Қазіргі таңдағы белең алып келе жатқан мәселелердің түйткілі не деп ойлайсыздар?

3. Адамдардың бойында қандай адами құндылықтар азайып барады?

4. Сіздер өздеріңіз отбасыларыңызда осы жоғарғыда айтылғандай бесік жырын айтып, әжелері немерелеріне ертегі айтып өз ара қазақша сөйлеу арқылы тәрбиелеп келе жатсыздар ма?

5. Осындай мәселелердің көбеймеуі үшін ата-ана ретітінде қандай іс-әрекет жасап келе татырмын деп атап айта аласыз?

«Бала тәрбиесі» асыр арна

https://www.youtube.com/watch?v=OTW_EqY8krY

Сұрақтар:

1. Бейне роликті көріп отырып қандай ойға келдіңіздер?

2. Сіз балаларыңыздың бойында қандай қасиеттер мен құндылықтар бар деп атап айталасыз?

3. Сіз қандай амалдар қолданып келесіз бала тәрбиесіне келгенде?


1. Өзін-өзі тану» рухани- адамгершілік білім беру бағдарламасының маңыздылығын түсіндіру.

(Жалпыадамзаттық құндылықтар туралы түсінік беріп, Құндылық ағашына тоқталу)

2. Отбасында атa-аналар балалардың жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеуге ықпал ету.

«Тәрбиелеуде негізгі орын әрине отбасыға беріледі, бірақ мемлекетте бұл мәселеден шет қалмауы керек.»

Н. Ә. Назарбаев

Сапалы отбасылық тәрбие ата - ана мен ұстаздардың, мектеп психологтарының, басқа да оқушылармен жұмыс жүргізетін мамандардың бірлесіп кіріскен күштерсіз мүмкін болмайды. (толық ашу)


Мұғалім сыйы:

Бейне ролик: «Әке мен сіздің бір сағат уақытыңызды сатып алайыншы?»

https://www.youtube.com/watch?v=2272s_zssOY

Сұрақтар:

  1. Бейне баян не туралы деп ойлайсыз?

  2. Қейіпкерлерден қандай адами құндылықтарды байқадыңыздар?

  3. Балаңың бойындағы қандай қасиет ұнады?

  4. Сіздердің өмірлеріңізде осындай жағдайлар кездеседі ме?

  5. Сіз баланың орнында болсаңыз нестер едіңіз?

Жолдауды жеткізу

Бас бармақты көтеріп тұрып, сұқ саусақты көтеріңіз дейміз. Сосын қайсын көтереді қараймыз. Сосын айтамыз 10% сөзбен жетеді, ал 90% мета-жолдау (жасырын жолдау) екнін айтамын.

Шығармашылық тапсырма.

I-топ.

Ата- аналарға «Отбасы гүл бейнесінде» (Л.Д.Лебедева) әдісі беріледі. Ақ қағазға , түрлі-түсті бояумен, өз отбасы мүшелерінгүл бейнесінде суретке салады. Сурет бойынша ата-аналар өз ойларын білдіреді.

II-топ.

Бейне баяндағы құндылықтарды атап айту. Отбасыдағы тәрбиенің мәніәндегі ата- ана рөлінің ерекшеліктерін атап беру. «Анам желіге шықты» реклама телевизордағы.

ІІІ-топ

«Торғай» бейне ролигін сахналау

Сұрақтар.

  1. Сіздер әр түрлі жағдаяттар мен тәсілдерді қарастырдыңыздар сол кездегі сезімдеріңіз?

  2. Осы жұмыс істеу барысында кейіпкерлер мен өз бойларыңызда қандай қасиеттер мен құндылықтардың барын салыстыра отырып атап айта аласыздар?

  3. Сіздердің өмірлеріңізде осындай жағдайлар кездесіп жаттса балаларыңызға қандай тәрбие берер едіңіздер?

Қорытынды: Біз ештенеден сақтанған жоқпыз осы болып жатқан жағдайлар біздеде кездесуі мүмкін сондықтан балаларды жас тайынан қандай блып өсетініні қазіргі сіздердің қолдарыңызда. Сондықтанда бала тәрбиесіне бей жай қарамайық.

Өз балаларымен бірлесе түсірілген бейне ролик кетеді осы сәтте. 3 «а» сыныбының оқушыларының ата-аналарына деген тілек қалаулары.


Топпен ән айту. «Ана мен Әке»

Сөзі: Нурмухаммед Жакып


Үйге тапсырма. Ата-аналарға арналған бала тәрбиесіне қажетті кеңестер ұсынылады.

Тәрбиелік мәнде кино


Жиналысытың қорытынды сәті.

Тренинг: «Қол шапалағы»

Мақсаты: Осы шапалақты қалай бір демде теңіз толқынындай бір келкі толқындай орындасақ. Бала тәрбиесінде де мектеп- бала-ата-ана болып бірлесе ,бір демде теңіз толқынындай, бір жұдырықтай жұмылып тығыз қарым-қатынаста жұмыс атқарайық.

Жиналыс бойынша ата-аналардың пікірін білу.

Қатысқандарыңызға рахмет.

Сау болыңыздар!




Мектеп директоры: Тлегенова А.Н.


Өзін-өзі тану мұғалімі: Бош С.







Ата-аналар жиналысыны

Мектеп_______________________________ Сынып____________________

Мерзімі____________________ Ата-аналар саны______________________

Мұғалім_________________________________________________________

Ата- аналар жиналысының тақырыбы: «Жалпы адамзаттық құндылықтардың отбасы тәрбиесіндегі негіздері»

Мақсаты:

Жалпы адамзаттық құндылықтардың отбасылық тәрбиедегі маңыздылығын түсіндіру арқылы, рухани адамгершілік қасиеттерін байыту.

Міндеттері:

  1. Ата-аналарға «Өзін өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасында жалпыадамзаттық құндылықтар туралы түсінік беру арқылы бала тәрбиесіндегі көзқарастарын кеңейту.

  2. Ата аналардың рухани жан дүниесін байыту арқылы сүйіспеншілікке жетелеу.

  3. Отбасында бір-бірін аялауға, сүюге, қиыншылықты жөне білуге, төзімділіқті сияқты асыл қасиеттерге тәрбиелеу.



Жоспар

  1. Тыныштық cәті «Нұрға бөлену»

  2. «Өзін-өзі тану» рухани- адамгершілік білім беру бағдарламасының маңыздылығын түсіндіру.

  3. Отбасында атa-аналар балалардың жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеуге ықпал ету.

  4. «Бала тәрбиесі» асыл арна


  1. Мұғалім сыйы: Бейне ролик: «Әке мен сенің 1 сағат уақытыңды сатып алайыншы»

  2. Шығармашылық жұмыс.

  3. Ән айту «Ана мен әке»

  4. Үй тапсырмасы «тәрбиелік мәнде кино»

  5. «Екі жұлдыз, бір тілек» пікір

  6. Қорытынды


Семинар барысы: «Сәлемдесу!»

Тыныштық сәті: «Нұрға бөлену» Баяу әуен


Сұрақтар:

Қандай сезімде болдыңыздар?

Жаттығу сіздерге қандай әсер қалдырды?

Осындай сезімде әсер алған сізге ұнады ма?

Әр қашан осындай көңіл күйде жүруге болады ма?



Дәйексөз

« Мен үш нәрседен қорқамын.

Бірінші - баласына бесік жырын айтпаған анадан,

Екіншісі- немересіне ертегі айтпаған әжеден,

Үшіншісі –бір- бірімен қазақша сөйлеспеген қазақтан»


Б.Момышұлы

  • Сұрақтар:

  • 1. Бұл дәйексөздің мәні неде деп ойлайсыздар?

  • 2. Қазіргі таңдағы белең алып келе жатқан мәселелердің түйткілі не деп ойлайсыздар?

  • 3. Адамдардың бойында қандай адами құндылықтар азайып барады?

  • 4. Сіздер өздеріңіз отбасыларыңызда осы жоғарғыда айтылғандай бесік жырын айтып, әжелері немерелеріне ертегі айтып өз ара қазақша сөйлеу арқылы тәрбиелеп келе жатсыздар ма?

  • 5. Осындай мәселелердің көбеймеуі үшін ата-ана ретітінде қандай іс-әрекет жасап келе татырмын деп атап айта аласыз?


«Бала тәрбиесі» асыр арна

https://www.youtube.com/watch?v=OTW_EqY8krY

  • Сұрақтар:

  • 1. Бейне роликті көріп отырып қандай ойға келдіңіздер?

  • 2. Сіз балаларыңыздың бойында қандай қасиеттер мен құндылықтар бар деп атап айталасыз?

  • 3. Сіз қандай амалдар қолданып келесіз бала тәрбиесіне келгенде?

  • 1. Өзін-өзі тану» рухани- адамгершілік білім беру бағдарламасының маңыздылығын түсіндіру

Жалпыадамзаттық құндылықтар туралы түсінік.

Рухани-адамгершілік тәрбие мазмұнының негізіне айналатын білім материалдарын іріктеу кезіңде гуманистік бағытымен, жалпыадамзаттық мәнімен, маңыздылық деңгейін, жан –жақтылығымен ерекшеленетін құндылықтарды басшылыққа алу керек. Оқушы бойында адамгершілік құндылықты дамытудың өзі білім болып саналады. Ақиқат, Дұрыс әрекет, Тыныштық, Сүйісеншілік, Қиянат жасамау сияқты адамгершілік құндылықтарды жете түсінген адам, осы құндылықтарды іс жүзінде қолданып, оларды адал ниетпен және ақ пейілмен таратса, сол адамды нағыз білімді адам деп атауға болады. Адам ойы, сөзі, ісімен ішкі үйлесілімділікке жетуі үшін ұстанған жалпы адамзаттық құндылықтар адам тұлғасының мынадай құрылымдық деңгейіне сәйкес болуы керек:

  • Қиянат жасамау-рухани деңгей

  • Ақиқат- интеллектуалды деңгей (ақыл, ажырату деңгей)

  • Сүйіспеншілік -адамгершілік денгей (ментальді денгей, ой, сөз)

  • Тыныштық -эмоционалды денгей (сезімдер)

  • Дұрыс әрекет - физикалық денгей (құндылық терегі арқылы көрсету)

  • Бұл бағдарламаның көздеген негізгі мақсаты – жас ұрпаққа рухани-адамгершілік білім беру. Бағдарлама Абай, Шәкәрім бабаларымыздың ілімдерінен бастау алып, өскелең ұрпақтың өмірін, іс-әрекетін ар-ұждан, адамгершілік заңдарына негіздей отырып, жақсы мен жаманды, ақ пен қараны саралай білуге үйретеді.

Еліміздің бірінші ханымы Сара Алпысқызының тікелей бастауымен алғашында «Бөбек» қайырымдылық қоры болып құрылып, бүгінгі күні Ұлттық дәрежеге дейін көтерілген орталықтың даму кезеңдерінде көздеген мақсаты біреу-ақ болды ол – ізгілік, рухани-адамгершілік. Сондықтан да Сара Алпысқызының қоғамдық қызметі қоғамды рухани тұрғыда сауықтыру мен оны ізгілендіруге келіп саяды.

Қоғамда туындап отырған кейбір келеңсіздіктердің себебіне үңілсек, олар ең бірінші қоғамның әрбір мүшесінің жеке басында туындайды екен. Ғалымдардың зерттеулеріне жүгінсек, ол дағдарыстар жеке тұлғалық, қоғамдық, экологиялық сияқты сипатта болады екен. Осы дағдарыстардың ішінде жеке тұлғалық дағдарысқа тоқталатын болсақ, бұл әрбір жеке адамның рухани тұрғыда тоқырауынан туындайды . Осы мәселеге орай, бүгінде «Бөбек» Ұлттық орталығында мектепте рухани-адамгершілік құндылықтарды барлық пәндермен біріктіріп оқыта отырып, рухани-адамгершілік сипатта жетілген ойы, сөзі, ісі бірліктегі адамды қалыптастыру, «Өзін-өзі тану» пәні келешекте барлық пәндердің өзегіне айналып, адамның біртұтас дамуын, руханилығын қамтамасыз ету мақсаты қойылып отыр. Сонымен қатар, педагогтың рухани әлемін байытып, оның баламен қарым-қатынасын ізгілікке, сүйіспеншілікке негіздеу мәселесі өзекті болып отыр. Сол себепті, педагогикалық қызметкерлер біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы қайта қаралып, мазмұны жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тұтас білім беруді дамытудың көкейтестілігін шешуге негізделіп, іске асырылуда.

Қорыта келгенде, Сара Алпысқызы еліміздегі балалардың мүддесін жоғары қоюмен қатар, жас ұрпақтың тағдырын рухани-адамгершілікпен сабақтастырған, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін, руханияттық ізгі ілімді үйретуге қадам жасаған Ұстаз. Сара Алпысқызының ұрпақ алдында сіңірген еңбегі орасан зор.

Қай кезде де ақ ниет, жақсы ой, ізгі істің жалғасын тауып, жақсылыққа бастайтыны, ғұмырының ұзақ болатыны белгілі. Сондықтан да, Сара Алпысқызының сүйіспеншіліктен бастау алған, рухани ісінің ғұмыры ұзақ болғай.

2. Отбасында атa-аналар балалардың жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеуге ықпал ету.

«Тәрбиелеуде негізгі орын әрине отбасыға беріледі, бірақ мемлекетте бұл мәселеден шет қалмауы керек.»

Н. Ә. Назарбаев

Қазіргі отбасында балаға ерекше назар бөліне бастады, бірақ кейбір отбасылар шектен шығып жатады. Беріліп жатқан тәрбиенің дұрыс, бұрысын білмей адасып жатады. Соның салдарынан мінез - құлықтары ашушаң, тілазар, өз дегендерімен жүретін т. т түсініксіз мінезді балалар осындай тәрбиенің жемісі болып отыр. Сондықтан, бүгінгі таңдағы өзекті мәселе баламен бірге ата - ананы сапалы бірге тәрбиелеу.

Сапалы отбасылық тәрбие ата - ана мен ұстаздардың, мектеп психологтарының, басқа да оқушылармен жұмыс жүргізетін мамандардың бірлесіп кіріскен күштерсіз мүмкін болмайды.

Біріншіден, балаға отбасы мен мектептің қоятын талаптары, ұстанымдары, тәртіптік нормаларды білдіре отыра, бір - біріне қарама - қайшылықта болмауға тиісті. Ата - анаға мектеп тәрбиесі туралы оң пікір қалыптастыру, ата - анамен тығыз байланыста болу.

Екіншіден, тіпті жақсы көретін және бала тәрбиесіне басты назар аударушы ата - аналар өз білімін көтеруге мұқтаж болады, оған білім беруші мекемелердің қызметкерлері ұтымды түрде көмек бере алады. Олар мына сіздер, барлығымыз, қай жерде жүрсек те мектеп тәрбиесі туралы оң пікірде болуымыз тиіс.

Ата - ананы тәрбиелеу – ол ата - аналардың өз қызметтерін орындауға көмек көрсету

Мақсаты - өзіндік ата - аналық сезімдері мен мақсаттарын сезіне білуіне және өзінің сүйікті баласының үйлесімді тұлға болып қалыптасуы үшін қайсы бірін бақылап, түзету мен енгізуге қабілетті болуына көмектесу.

Отбасындағы ата - ана мінез - құлқы стилдері және оның балаға тигізетін әсері

Отбасылық тәрбиенің индифференттік түрі - Немқұрайлы тип - мұндай ата - аналар балалары үшін ешқандай шектеулер қоймайды, өзінің жеке басты мәселелерімен айналысып жүреді және қарым - қатынасқа жабық болады. Оларды баланың ішкі жан дүниесі қатты толғандырмайды, олардың ойынша егер баланың тамағы тоқ, киімі бар болса, мектепке барып отырса ата - ана парызы орындалады деп ойлайды. Олар баланы жазалай отырып, сол жерде - ақ ынталандырады, тек қана бала ата - анасына кедергі болмаса болды. Басты тәрбиелік әдіс - қамшы мен аялы алақан.

Салдары: мұндай балаларда құпия көп болады, үнемі сақ болып жүреді, өз ойы болмайды, адамға шын көңілмен жаны ашып, аяушылық білдірмейді.



Мұғалім сыйы:

Бейне ролик: «Әке мен сіздің бір сағат уақытыңызды сатып алайыншы?»

https://www.youtube.com/watch?v=2272s_zssOY


Сұрақтар:

  1. Бейне баян не туралы деп ойлайсыз?

  2. Қейіпкерлерден қандай адами құндылықтарды байқадыңыздар?

  3. Балаңың бойындағы қандай қасиет ұнады?

  4. Сіздердің өмірлеріңізде осындай жағдайлар кездеседі ме?

  5. Сіз баланың орнында болсаңыз нестер едіңіз?


Жолдауды жеткізу

Бас бармақты көтеріп тұрып, сұқ саусақты көтеріңіз дейміз. Сосын қайсын көтереді қараймыз. Сосын айтамыз 10% сөзбен жетеді, ал 90% мета-жолдау (жасырын жолдау) екнін айтамын.

Шығармашылық тапсырма.


I-топ.

Ата- аналарға «Отбасы гүл бейнесінде» (Л.Д.Лебедева) әдісі беріледі. Ақ қағазға , түрлі-түсті бояумен, өз отбасы мүшелерінгүл бейнесінде суретке салады. Сурет бойынша ата-аналар өз ойларын білдіреді.


II-топ.

Бейне баяндағы құндылықтарды атап айту. Отбасыдағы тәрбиенің мәніәндегі ата- ана рөлінің ерекшеліктерін атап беру. «Анам желіге шықты» реклама телевизордағы.


ІІІ-топ

«Торғай» бейне ролигін сахналау


Сұрақтар.

  1. Сіздер әр түрлі жағдаяттар мен тәсілдерді қарастырдыңыздар сол кездегі сезімдеріңіз?

  2. Осы жұмыс істеу барысында кейіпкерлер мен өз бойларыңызда қандай қасиеттер мен құндылықтардың барын атап айта аласыздар?

  3. Сіздердің өмірлеріңізде осындай жағдайлар кездесіп жаттса балаларыңызға қандай тәрбие берер едіңіздер?

Қорытынды: Біз ештенеден сақтанған жоқпыз осы болып жатқан жағдайлар біздеде кездесуі мүмкін сондықтан балаларды жас тайынан қандай блып өсетініні қазіргі сіздердің қолдарыңызда. Сондықтанда бала тәрбиесіне бей жай қарамайық.


Өз балаларымен бірлесе түсірілген бейне ролик кетеді осы сәтте. 3 «а» сыныбының оқушыларының ата-аналарына деген тілек қалаулары.


Топпен ән айту.

«Ана мен Әке»

Сөзі: Нурмухаммед Жакып

Жанашырым - ана, дара шыңым- ана
Бар асылым - ана, шуағымсың.
Бағбанымсың - әке, зор бағымсың - әке
Қорғанымсың- әке, шырағымсың.
Қайырмасы:
Ана - аяулым өзіңмен мақтанамын
Ана - мен сені меккеге апарамын
Ана - баланың қолдағың бақ талабын, бұлағымсың.
Әке - бір жылы сөзіңе шаттанамын
Әке - мен сені меккеге апарамын
Әке - биікке самғайды баптағаның, шынарымсың әке
2) Өмір берген маған, көңіл бөлген маған
Сенім берген маған айкүнімсің.
Қамқорларым дана, сүйенішім дара,
Әке менен ана байлығымсың.
Қайырмасы:
Ана - аяулым өзіңмен мақтанамын
Ана - мен сені меккеге апарамын
Ана - баланың қолдағың бақ талабын, бұлағымсың.
Әке - бір жылы сөзіңе шаттанамын
Әке - мен сені меккеге апарамын
Әке - биікке самғайды баптағаның, шынарымсың әке
Қайырмасы:


Үйге тапсырма. Ата-аналарға арналған бала тәрбиесіне қажетті кеңестер ұсынылады.


Тәрбиелік мәнде кино


Жиналысытың қорытынды сәті.

Тренинг: «Қол шапалағы»

Мақсаты: осы жшапалақты қалай бір демде толқындай орындасақ. Бала тәрбиесінде де мектеп- ата-ана- бола болып бірлесе жұмыс атқарайық.


Жиналыс бойынша ата аналардың пікірін білу.

Қатысқандарыңызға рахмет.

Сау болыңыздар!





Мектеп директоры: Тлегенова А.Н.

Өзін-өзі тану мұғалімі: Бош С.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.02.2019
899
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі