400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жалпы білім беретін мекемелеріндегі дене шынықтыру тәрбиесін ұйымдастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Жалпы білім беретін мекемелеріндегі дене шынықтыру тәрбиесін ұйымдастыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы Жалпы білім беретін мекемелеріндегі дене шынықтыру тәрбиесін ұйымдастыру

Жалпы білім беретін мекемелеріндегі дене шынықтыру тәрбиесінің негізгі түрі дене шынықтыру сабағы болып табылады. Оқушылардың дене шынықтыру тәрбиесі үшін дене шынықтыру сабағынан басқа, мектептегі күн тәртібіндегі дене шынықтыру-сауықтыру шаралары, спорт секциялары мен үйірмелерінде сыныптан және мектептен тыс шұғылданулар, жаппай дене шынықтыру және спорттық шараларға қатысу, өз бетінше үйрену (қимылды ойындар, экскурсиялар, ата-аналарымен қыдыру) қолданылады.

Сабақты ұйымдастыру үшін төмендегі жағдайларды қамтамасыз ету:

1) санитарлық-гигиеналық жағдай жасау;

2) материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

3) сабақта айналысатын қызметті ұйымдастырудың әдісін (тәсілін) таңдау, бұл әдіс тапсырмаларды жақсы орындауға мүмкіндік береді.

Дене шынықтыру сабақтары кезіндегі қауіпсіздік техникасы білім алушылардың қозғалыс қызметі кезінде қауіпсіздік саласында практикалық білім алуына бағытталған және білім алушылар онымен сабақтан бұрын да танысады.

Қауіпсіздік ережелері сабақ кезінде жарақаттануды азайтуға бағытталған және оқу процесіне қатысушылардың барлығы оны орындауы міндетті. Қауіпсіздік ережелері келесіге бөлінеді:

1) дене шынықтыру сабақтарындағы қауіпсіздіктің жалпы ережелері;

2) сабақтың алдында, уақытында және соңында қауіпсіздік ережелері;

3) спорттық – бұқаралық және дене шынықтыру – сауықтыру іс-шараларын өткізу кезіндегі қауіпсіздік қағидалары;

4) жазатайым оқиғалар мен төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік талаптары.

Қауіпсіздік ережелерінің мазмұны спорт түріне және сабақ өтетін орынға байланысты. Әр спорт түрінің өз ережелері мен талаптары бар.

«Дене шынықтыру» пәні бойынша оқу процесін жоспарлау және ұйымдастыру үдерісін келесі құжаттар негізінде құру ұсынылады:

1 папка. Нормативтік және білім беру құжаттамасы:

- дене шынықтыру бойынша бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;

- ағымдағы оқу жылына арналған нұсқаулық-әдістемелік хат;

- дене шынықтыру бойынша 1-4,

2 папка. Қауіпсіздік техникасы бойынша құжаттама:

- спорт залының төлқұжаты;

- акт – спорттық құрал-жабдықтарды және инвентарларды жаңа оқу жылына әзірлікке тексеру және қабылдау;

- дене шынықтыру сабағын өткізуге акт-рұқсат;

- оқу жоспарының тараулары бойынша сабақ кезіндегі қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша нұсқаулықтар;

3 папка. Дене шынықтыру педагогтері әдістемелік бірлестігінің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі құжаттама (бұдан әрі – Бірлестік):

- бірлестік құру және дене шынықтыру педагогтері Бірлестігінің жетекшісін тағайындау туралы бұйрық;

- бірлестіктің оқу жылындағы жұмысының мақсаты мен міндеттері;

- бірлестіктің өткен жылғы жұмысын талдау;

- бірлестіктің ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспары;

- бірлестіктің педагогтері туралы жалпы мағлұмат (сапалық құрамы);

- бірлестік педагогтерінің біліктілігін арттырудың ұзақ мерзімді жоспары;

- пәндік онкүндіктің жоспары (ашық сабақтар мен іс-шаралар кестесі);

- бірлестік отырыстарының хаттамалары.

4 папка. Сабақтан тыс спорттық іс-шаралар жұмысының құжаттамасы мен есебі:

- сыныптан тыс спорттық іс-шаралар бағдарламалары;

- сыныптан тыс спорттық жұмыстардың тақырыптары көрсетілген оқу жылына арналған жұмыс жоспары;

- білім алушылардың мектептен тыс спорттық іс-шараларға қатысуын тіркеу, қол жеткізген спорттық нәтижелерді тіркеу;

- қауіпсіздік журналы;

- оқу жылындағы жұмыс туралы есеп.

Дене шынықтыру» пәні бойынша сабақ кестесін жасау кезінде бір спорт залында бірнеше сыныптарда сабақ қатар жүргізілетін болса, білім алушылардың жас ерекшеліктерін сақтауды ескеру қажет. Мысалы, бір уақытта 1-2 ші сыныпты қосып ал 3-4 сыныпбөлек өткізіледі









1) өзгеріс пен сабақтастық (мысалы, белгілі бір тарихи кезеңде қоғам қаншалықты өзгерді);

2) себеп пен салдар (мысалы, осы тарихи кезеңдегі саяси процестерге қандай негізгі факторлар әсер етті);

3) дәлел (мысалы, белгілі бір тарихи кезеңдегі өнер бізге құндылықтар, нанымдар мен технологиялар туралы не баяндай алады);

4) ұқсастық пен айырмашылық (мысалы, оқытылатын кезеңді мемлекеттердің саяси құрылысының ұқсастықтары мен айырмашылықтары қандай);

5) маңыздылық (мысалы, Қазақ хандығы құрылуының тарихи маңызы неде);

6) интерпретация (мысалы , әр түрлі зерттеушілер осы немесе басқа тарихи оқиғаны қалай сипаттайды).

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
02.02.2026
7
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі