Құрбанова А.Ш., Мирас университеті,екі шет тілі факультеті, гр. ИН-2011К-4а, студент
Жалпы білім беретін мектептерде ағылшын тілінен инклюзивті білім беру
Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру. Инклюзив сөзі − латын тілінен аударғанда «өзімді қосқанда», ал, ағылшын тілінен аударғанда «араластырамын» деген мағынаны білдіреді. Инклюзивті білім берудің мақсаты: даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру. Яғни адамның жынысына, дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады. Инклюзивті білім беру – мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-үйретудің бір формасы. Инклюзивті оқыту негізінде балалар құқығын кемсітпеу, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге ерекше оқыту қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Тәжірибе көрсеткендей, қатаң білім беру жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып қалады, өйткені қалыптасқан жүйе мұндай балалардың даралық қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Инклюзивті оқыту – барлық балаларға мектепке дейінгі оқу ұйымдарында, ұйым өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту – балалардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс- әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту – адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері: Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті. Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы. Барлық адам бір-біріне қажет. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады. Барлық адамдар құрбықұрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді. Әрбір бала үшін жетістікке жету – өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру. Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді. Инклюзивті оқыту – барлық балалардың мҧқтаждықтарын ескеретін, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім ҥрдісінің дамуы. Инклюзивті оқыту балаларды оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді. Осы жаһандық мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді: инклюзивтік білім беру дегеніміз − барлық балаларды, соның ішінде мҥмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім ҥрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың тҥзеу-педагогикалық және әлеуметтік мҧқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат. Инклюзивті оқыту – ерекше мҧқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мекемелердің оқыту ҥрдісін сипаттауда қолданылады. Демек, инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастырады. Инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 90-жылға қарай АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына осы бағдарламаны толық енгізді. Бүгінгі таңдағы білім беруді дамытудың негізгі сипаттамаларының бірі, жаңа бағыттағы арнайы білім беруді талап ететін балаларға тең дәрежеде білім беру мәселесі болып табылады.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға шетел тілдерін,
оның ішінде ағылшын тілін үйрету қазіргі уақытта өзекті болып
табылады, өйткені бүгінгі күні балаға мүмкіндігінше көп білім беру
емес, оны түсіндіру де маңызды. Қоғамға қажетті мәдениетті,
тұлғалық және танымдық деңгейі дамыған, IQ деңгейлі сияқты маңызды
дағдымен қаруланған жас өрен керек. Әрбір баланың білім алуға
құқығы бар және мүмкіндігі шектеулі балалар да бұған толықтай
құқылы. Ағылшын тілі сабағы – кретивті дидактикалық матераилдарға
толы, аудиотыңдалымдарды еш кедергісіз тыңдай алатындай,
лингофонды, сонымен қатар мультимедиялық жабдықтармен жабдықталған
еркін қарым-қатынасқа толы сынып болуы тиіс. Мүмкіндігі шектеулі
сыныптарда білім алушы ерекше балалардың саналары тез жалыққыш
келеді, ал зейіні дұрыс қойылмаған балалардың сабақ барысында өз
деңгейінде білім алуы қиындайды. Сабақ басталып, тақырып
нақтыланып, мақсаттар аталып өтіліп, тапсырмаларға көшкен кезде
сыныптағы барлық балаларға дидактикалық көрнекілік материалдар
толық жетіп, әрбірінің қолында жеке-жеке каторчкалары болуы керек.
Сынып ішінде оқушы үшін де, білікті педагог үшін де, тютор үшін де
комфортты жағдай жасалған болуы тиіс. Кез келген уақытта, кез
келген тақырыпқа «speaking» сұралған кезде видеоматериалдардың
қосылып тұруы тиіс, түрлі түсті дидактикалық карточкалардың болуы,
аударма кітаптардың болуы, ойыншық сынды қызықты заттардың болуы,
тюторлардың қолдау көрсетулері, бір сөзбен комфортты зонаның болуы
шартты міндетті болып саналады. Екінші маңызды мәселе, инклюзивті
сыныпта білім алушы мүмкіндігі шектеулі оқушылардың, мүгедектік
деңгейін жеке-жеке тексеріп алуымыз керек. Сабақ барысында әр
оқушымен жеке қарым-қатынас жасау үшін, оларға тапсырмалар бере алу
үшін, өзге оқушының алдында ол оқушының жеке кеңістігін таптамас
үшін тюторлар, логопедтер, сурдо-тифлопедагогтар ең алдымен олардың
деңгейін бағалауары қажет. Егер де педагог әр инклюзивті білім
алушы студенттің жағдайы жайлы біле алса, мүмкіндіктері туралы
білсе, оларға жарыс түріндегі тапсырмаларды дайындау арқылы сынып
ішінде бәсекеге қабілеттілікті орната алады. Ағылшын тілі
сабағындағы ең басты стратегия – бұл балаларды изоляцияда қысып
ұстау емес, олары еркіндікте, креативті, комфортты ортада білім
жағынан шыңдау. Қазақстан Республикасында қазіргі таңда инклюзивті
білім беруші мекемелердің сыныптарында кадрлардың жетіспеушілігі,
дидактикалық материалдардың аздығы, білікті тюторлардың аздығы,
логопед, сурдо, тифло педагогтардың сирек кездесетіндігі және
қымбат ақылы екендіктері сонымен қатар ата-аналардың немқұрайылығы
мен әлеуметтік жағдайларының төмендігі сынды проблемалар кездеседі.
Егер проблеманы сын көзбен қарастыратын болсақ, Қазақстандық
мектептердің барлығы дерлік мемлекеттік мектептер, лицейлер мен
элиталық мектептер және жеке – меншік мектептер инклюзивті білім
алушы бала үшін жаапкешілік алып оған білім бере алмайды, бермейді
бір сөзбен айтқанда. Ал, Қазақстандық мемлекеттік мектептердің
жағдайы қазіргі таңда сын көтермейді, яғни сабаққа тыңғылықты
дайындалған педагогтардың критерийге сай сабақ өткізуіне
(шығармашылық түрде сабақ өткізу мүмкіндігі шектеулі балалар үшін
өте маңызды) міндетті түрде мектептің материалдық жоқшылығы үлкен
кері әсерін беріп тұр. Бұл тек біржақты кемшілік емес, қазіргі
таңда мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беуші карлардың
жетіспеушілігі ең үлкен проблема болып саналады. Негізінде ҚР Білім
конвенциясы бойынша мектептерде логопедтер, психологтар,
сурдопедагогтар және тифлопедагогтар және арнайы біліктілік,
мотивациялық курсынан өткен педагогтар жеткілікті болуы тиіс және
олар тютор есебінде инклюзивті сыныптарға орналастырылулары қажет.
Педагогтарды арнайы біліктілік орталықтары мамандары арнайы
курстардан жиі өткізіп, оларды жаңа методикамен және білім беруге
деген мотивациямен қуаттандырулары керек
екен.
Инклюзивті білім алушы балалардың мінездері
және қасиеттері тым қияли болып келеді. Олар қарапайым тілмен
түсіндірген сабақтарға онша түсіне қоймайды, сондықтан оларға
музыкалық караоке, сахналық қойылым және түрлі шығармашылық
ізденістермен байытылған сабақ болуы
тиіс. Ағылшын тілі
сабағында бір сыныпта білім алатын денсаулығы қылыпты балаларда,
мүмкіндігі шектеулі балалар да ағылшын тілі пәнінің қызықты өткенін
қалайды. Мүмкіндігі шектеулі балалармен практикада жұмыс істеу
барасында оларға бірізді методикамен сабақ өткізудің қызықсыз
екендігін, олардың саналары мен зейіндерінің тез жалыққыш
екендіктеріне көзім жетті. Ендеше ағылшын сабағын неге балалардың
сүйіп оқитын клубы етіп өткізбеске, подкасттар клубы, дебат оралығы
етіп неге ұйымдастырмасқа және шеберлік сыныбы етіп неге
ұйымдастрымасқа деген креативті ой келді. Мейлі, қала берсін
негізгі теория ал оны балаға жеткізетін негізгі методика дұрыс
болуы тиіс деп шештім. Яғни дидактикалық материалдарды ерінбей
кретивті әрі мықты сапалы етіп өзгерте беруіміз керек екен,
қысқасы. Мәселен: түрлі апплекациялар арқылы, топтық жұмыстармен
класстерлер құру арқылы, оригами жасау арқылы, және 3Д пазлдар
жасау арқылы сабақтар
түсіндіреміз.
Қазақстандық мектептердің 100% инклюзивті болады деп күте алмаймыз. Көшу тегіс болады, жаңа талаптар бірден енгізілмейді деп жоспарлануда. Көптеген мектептерде, негізінен, қазіргі уақытта бұл талаптарға қосылу мүмкіндігі жоқ. Мәселе материалдық жағдайда да (пандустар, арнайы құрылғылардың көптігі), ең бастысы – инклюзияның құндылығын түсінетін, «ерекше» балалармен жұмыс істеуге дайындалған және педагогтардың болуы. Олардың қарапайым балалар қоғамына бейімделуіне көмектесуге дайын. Дамуында кемістігі бар балалар өзара әрекеттесуде құнды тәжірибе жинақтағандықтан, инклюзивті білім берудің пайдасын көретіні анық.
Өз кезегінде, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар инклюзивті ортаға еніп, әлеуметтену деңгейін арттыратын қарым-қатынастың кең ауқымын алады. Сондай-ақ, инклюзивті сыныптарда неғұрлым бай оқу бағдарламалары қолданылады, бұл оқушылардың жоғары академиялық жетістіктеріне әкеледі. Артықшылығы-шағын топтарда оқу, бұл бір топтағы балаларды тапсырманы шешуде жақсы нәтиже алу үшін біріктіреді.Дені сау балалар мен даму ерекшеліктері бар балаларды бірлесіп оқыту олардың арасындағы достық пен өзара түсіністіктің нығаюына әкелетіні анық. Нәтижесінде қазақстандық қоғам барлық мұқтаж жандарға шынайы қамқорлық көрсетуге және қажетті көмек көрсетуге қабілетті адамдардың ұрпағын алады
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Уатаева А.М. Мектепке дейінгі инклюзивті білім беру: Оқу қҧралы. Жезқазған, 2020. – 96 бет.
https://bilim-all.kz/article/17574-Inklyuzivti-bilim-alushy-balalarga-agylshyn-tilin-oqytu-metodikas
Гутенко А. И., Шауханов А.А. – к.п.н.Таразский государственный педагогический институт,
Республика Казахстан Развитие инклюзивного образования в Казахстане
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз