400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жалпы сөйлеу тілінің бұзылыстары бар балалармен жүргізілетін жеке даму жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Жалпы сөйлеу тілінің бұзылыстары бар балалармен жүргізілетін жеке даму жоспары Мақсаты:қоршағандардың сөйлеуіне қызығушылықты және ауызша байланыстырып сөйлеуді дамыту, сөздік қорды кеңейту болып табылады. Міндеттері: 1) сөйлеуді түсінуді дамыту; 2) тілдің лексико-грамматикалық құралдарын қалыптастыру; 3) фонематикалық естуді және сөйлеудің дыбыстық мәдениетін дамыту; 4) байланыстырып сөйлеудің қарапайым дағдыларын қалыптастыру; 5) балаларды құрдастармен қарым-қатынас жасауға ниеттендіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы


№

Аты-жөні

Туған күні

Тобы

ПМПК қортындысы


Диагноз

1



Ортаңғы топ

(үлгі)



-

Жеке түзету жұмыс жүргізетін тәрбиеленуші туралы жалпы мәлімет



2021-2022 оқу жылына жеке жұмыс жоспары

Мақсаты: қоршағандардың сөйлеуіне қызығушылықты және ауызша байланыстырып сөйлеуді дамыту, сөздік қорды кеңейту болып табылады.

Міндеттері:

1) сөйлеуді түсінуді дамыту;

2) тілдің лексико-грамматикалық құралдарын қалыптастыру;

3) фонематикалық естуді және сөйлеудің дыбыстық мәдениетін дамыту;

4) байланыстырып сөйлеудің қарапайым дағдыларын қалыптастыру;

5) балаларды құрдастармен қарым-қатынас жасауға ниеттендіру.




Оқу кезеңі

Жұмыстың негізгі мазмұны

I оқу кезеңі:

Қараша, желтоқсан

Импрессивті сөйлеуді дамыту:

1) лексикалық тақырыптар бойынша енжар сөздікті әрі қарай дамыту. "бір-көп" түсінігін сәйкестендіре алуды қалыптастыру;

2) жекеше және көпше түрдегі зат есім мен етістіктерді түсіне алуды балаларға үйрету;

3) кішірейткіш-еркелету мәніндегі сөздерді пайдалануды үйрету;

4) жағдаяты бойынша ұқсас, іс-әрекет мағынасы және белгілері бойынша қарама-қарсы әрекеттерді ажырата алуға оқыту;

5) тәуелдік сын есім түсінігіне оқыту;

6) зат есім және етістіктердің жекеше және көпше түрдегі грамматикалық категорияларын түсінуді қалыптастыру.

Экспрессивті сөйлеуді қалыптастыру:

1) тұтас заттың бөліктерін атауды және ажырата алуды қалыптастыру;

2) жалпы белгілері бойынша заттарды топтастыра алуға үйрету;

3) заттардың сапасын және ерекшеліктерін бейнелейтін сөздермен балалардың сөйлеу тілін молайту;

4) екі буынды сөздерді екпінді бірінші буынға қоюмен айтуға үйрету;

5) бір буынды сөздерді айтуға үйрету;

6) екі құрамды сөйлемдер және бірнеше сөздерден құралған сөйлемдермен қолдана алуға үйрету;

7) сөзжасамның алғашқы дағдыларына оқыту;

8) кішірейткіш-еркелету мәніндегі заттарды атау мен ажырату;

9) зат есімнің септік түрін меңгеруге оқыту (табыс, ілік, барыс, көмектес, жатыс септіктер);

10) сөйлеуде бұйрық түрдегі етістіктерді қолдану және түсіну;

11) зат есімдердің сын есіммен жақ түрінде, жекеше, көпше түрінде үйлестіре алуына үйрету ("үлкен доп", "жаңа кітаптар").

Байланыстырып сөйлеуді қалыптастыру (сөйлеудің кез-келген фонематикалық рәсімделуімен):

1) екі құрамды сөйлемді меңгеруге оқыту ("Анам отыр", "Әкем жүріп келеді");

2) балалардың күнделікті әрекеті, сурет бойынша, қимыл-қозғалыстарды демонстрациялау негізінде қарапайым сөйлемді құрастыруға үйрету;

3) сұрау сөйлемдерін құрастыруды оқыту "Бұл не?", "Бұл кім?", "Сенің есімін қалай?";

4) тақпақтар, өтірік өлеңдерді айтуды аяқтайтын жаттығуларды орындау.

Фонематикалық түсініктердің алғышартын қалыптастыру:

1) тілдік және тілдік емес дыбыстарды ажырата алуды тәрбиеле;

2) қарапайым артикуляциялық жаттығуларды орындауды үйрету;

3) дұрыс айтылатын дыбыстардан құралатын, ашық және жабық буынды бір,екі,үш буынды сөздерді айта алуға үйрету.


Коммуникативтік дағдыларды дамыту:

1) ситуативті-іскерлік қарым-қатынас түрінде вербалды және вербалды емес құралдарды жаңғыртуға және қабылдай алу икемділігіне оқыту;

2) ойын жағдаяттарын қолдана отыра, вербалды айқын сұрақтар бойынша диалогтік қарым-қатынасқа оқыту;

3) қатынас орнатушы сұрақтарды қолдануды және түсіне алуды оқыту;

4) мимика және пантомимика көмегімен достық сезімін білдіру, сыпайы түрде өтіну, алғыс білдіру формулаларға оқыту.

II оқу кезеңі:

Қаңтар, ақпан, наурыз, сәуір, мамыр.



Импрессивті сөйлеуді дамыту:

1) дидактикалық жаттығулар және ойын үрдісінде лексикалық тақырыптар бойынша енжар сөздік қорды кеңейту, нақтылау;

2) жақтық және өздік етістіктері айқын әрекеттерді ажырата алуға оқыту;

3) жекеше түрдегі өткен шақтағы етістіктерді ажырата алу икемін қалыптастыру;

4) зат есімнің кейбір септік түрлерін түсіне алуды дамыту;

5) етістіктердің мағынасын өзгертетін қосымшаларды түсігн алды дамыту;

6) етістіктердің мағынасын өзгеруіне әсер ететін тәуелдік сын есімдерді, кішірейткіш-еркелету мәніндегі сөздерді ажырата алу икеміне үйрету.

Экспрессивті сөйлеуді қалыптастыру:

1) дидактикалық жаттығулар және ойын арқылы лексикалық тақырыпты меңгеру үдерісінде белсенді сөздікті молайту;

2) екінші буынға екпінді қоя отыра екі буынды сөздерді айтуға үйрету;

3) үш буынды сөздерді айтуға үйрету;

4) жай сөйлеммен ертегі мазмұны және сурет сюжеті бойынша сұрақтарға жауа бере алуды дамыту;

5) жекеше түрдің 2 жағындағы бұйрық түріндегі етістіктерді осы шақ етістігіне өзгерте алуды қалыптастыру;

6) екі сөзді және екі құрамды сөйлемдерде меңгерілген етістік формаларын қолдану;

7) сөйлеуде "ішінде", "үстінде", "артында" үстеулерін қолдануға үйрету.

Байланыстырып сөйлеуді қалыптастыру,

бірақ балалардың сөйлеуінде морфологиялық элементтердің болуына көңіл аудару:

1) жайылма сөйлемді құра алуға оқыту: ілік септігінің жалғауы және заттық суреттер мен сұрақтарға сүйене отыра басқа септіктердің жалғауларының көмегімен;

2) қысқа тақпақтарды жаттау.

Фонематикалық түсініктердің алғышартын қалыптастыру:

1) жеке дыбыстардың айтылуы және жануарлардың дауысқа еліктеуін ажырату;

2) дыбысты-буындық құрылымы бойынша ұқсас сөздерді естуге дифференциациялауға оқыту ("үйшік-күшік", "ойнайды-орайды");

3) түрлі дыбыстық топтасудағы екі-үш буынды сөздерді айтуға үйрету

Коммуникативтік дағдыларды дамыту:

1) сюжеттік бейнелеу кейіпкерлерінде эмоционалдық жағдайды анықтай алуға үйрету: сюжеттік бейнелеу кейіпкерлерінің эмоционалдық жағдайын қабылдай және көрсете алу икемділігі;

2) ойын ситуацияларын қолдана отыра, отбасы мүшелерімен қарым-қатынас жағдайында коммуникативтік дағдыларды белсендіру;

3) отбасы мүшелерінің іс-әрекетін және өзінің жеке іс-әрекетін сипаттап бере алу икемділігіне оқыту;

4) ойын ситуациларын құра отырып, құрдастарымен қарым-қатынасқа балаларды итермелеу;

5) мимика және пантомимика көмегімен қатынас-орнатушы сұрақтарды қолдану және түсіну, достық сезімін білдіру, сыпайы түрде өтіну, алғыс білдіру дағдыларын бекіту.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
16 қаңтар
941
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі