Мұғалімдерге арналған әдістемелік семинардың жоспары
Мектеп№4 ОМ Семинарды тыңдаушылардың саны 20
Мерзімі _28.03.17 Мұғалім: Ж.А.Аждарова
Мұғалімдерге арналған әдістемелік семинардың тақырыбы: Жалпыадамзаттық құндылықтар – мектептің біртұтас педагогикалық үдерісінің негізі
|
Мақсаты: Қазіргі білім беруді ізгілендірудің негізі ретінде ақиқат, дұрыс әрекет, сүйіспеншілік, тыныштық, қиянат жасамау құндылықтарының мәнін ашу. Білім беру мазмұнының құндылық әлеуетін арттырудың мәнін талдау арқылы "Өзін -өзі тану" пәнін бсқа пәндермен интеграциялау жоларын үйрету; Міндеттері: 1. Оқушылардың бойындағы рухани құндылықтарды дамыту мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделуі керектігін түсіндіру; 2. Мұғалімдердің педагогикадағы іс – тәжірибесін жалпыадамзаттық рухани құндылықтармен нтеграциялау тәжрибесін дамыту; 3. Мұғалімнің оқушымен адамгершілік қарым – қатынас жасау, олардың талап – тілегімен санасу, мейірімділік, кішіпейілділік, қайырымдылық, жанашырлық сезімін дамытуына бағыт – бағдар беру; |
Ресурстары: (материалдары, көздері) Интерактивті тақта, плакаттар, маркер, слайд, видеолар |
|
Жоспар 1."Өзін-өзі тану" рухани-адамгершілік білім беру бағдамарламасының педогогикалық-психологиялық негіздері; 2."Өзін-өзі тану" рухани-адамгершілік білім беру бағдамарламасының аксиоллгялық негіздері; 3."Өзін-өзі тану"пәнін басқа пәндермен интеграциялау; Барысы: Тыныштық сәті: Нұрға бөлену: баяу музыка Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтуда. Нұр сәулесін құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Нұр сәулесі жүйке жүйеңізге жетіп, жүйке жүйесінің әрбір талшығы нұр сәулесімен қуаттанды. Сіздің жүйкеңіз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, балаларыңызға, мұғалімдерге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын». Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Не сезіндіңіз? Ойыңызбен бөлісіңіз. Презентация 1. Рухани кәусәр бұлаққа барар жолды іздеу- әр адамның міндеттерінің міндеті. жалпы азамзаттық құндылықтарды оқыту "Өзін-өзі тану" негізі рухани жолы болып табылады. Сара Алпысқызы Адамды тәрбиелеу бырысында Ар ождан ілімі ауадай қажет. Бұл туралы ғалымдар ойлануы тиіс. Олар бұл ілімді баршаға міндетті пән ретінде құрылуы қажет. Шәкәрім Рухани – адамгершілік білім беру – бұл білім мазмұнына оқушылардың жоғары рухани – адамгершілік болмысын ашуға және толық адам болып қалыптасуына ықпал ететін жалпыадамзаттық құндылықтарды енгізу арқылы оларды белсенді оқу – танымдық әрекетке ынталандыруды және оны ұйымдастыруды, ойы, сөзі және ісі бір жерден шығатын кемел мінезді адам тәрбиелеуді мақсат ететін педагогикалық үдеріс. Рухани-адамгершілік-адамдарға деген ізгі ниеттілік, құрмет, жанашырлық пен сенім, кеңпейілділік, басқалардың мүддесі үшін жан аямаушылық сияқты жеке қасиеттерді қамтиды. 2. Рухани кәусар бұлаққа барар жолды іздеу –әр адамның міндеттерінің міндеті. Барлық жалпыадамзаттық құндылықтар – бір адамдықтың қыры. Дұрыс әрекет–бұл іс-әрекеттегі сүйіспеншілік, сүйіспеншілік барлық құндылықтар арқылы өтеді. Іс-әрекеттегі сүйіспеншілік – дұрыс әрекет; Сезімдегі сүйспеншілік – ішкі тыныштық; Ойдағы, сөздегі сүйіспеншілік – Ақиқат; Түсіністіктегі сүйіспеншілік – қиянат жасамау. Ақиқат – бұл өзгермейтін, өмірдің негізгі қағидасы: барлық жаратылыстан өтетін рухани бастау, барлық жаратылысқа тән, бірыңғай мән. Ол уақытқа: өткенге, бүгінге және болашаққа тәуелді емес. Дұрыс әрекет – бұл борыш пен жауапкершілікке, ішкі ар-ұждан дауысына сәйкес мінез-қылық. Сүйіспеншілік – бұл таза, риясыз және шүбәсіз сүйіспеншілік, өмірге тірек болатын жасампаз қуат. Ішкі тыныштық – ақылдың толықтай тынышталуы, адамның терең табиғаты. Қиянат жасамау – ешкімге оймен, сөзбен, әрекетпен қиянат жасамау. Жоғарыда аталған бес құндылықтардың алғашқы екеуі – ақиқат пен дұрыс әрекет, шын мәнінде барлық адамгершіліктің мәнін қамтиды. Шыншылдық, туралық пен адалдық іштей осы екеуіне тән, яғни барлық жағдайларда шындықты айт және іштегі ар-ұждан дауысына сәйкес әрекет ет. Егер кім де кім риясыз сүйіспеншілікпен әрекет етсе, ол жетістікке жеткеніне немесе жеңіліске ұшырағанына, рахаттану немесе жан күйзелісіне, қуаныш немесе қайғыға қарамастан ол толық ішкі тыныштық пен сабырлылықта болады. Өзіңде жалпыадамзаттық құндылықтарды дамыту – мұның өзі білім алу болып табылады. Жалпыадамзаттық құндылықтарды: ақиқат, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, сүйіспеншілік, қиянат жасамауды түсінгісі келгендерді, күнделікті өмірде қолданатын және шынайылықпен, ынта-жігерімен тарататын кез-келген адамды шынайы білімді адам деп айтуға болады. Құндылық ағашы Дұрыс әрекет, сүйіспеншілік, ақиқат, қиянат жасамау, ішкі тыныштық құндылықтарын бойын сіңірген кемел адам болады. Кемел адам жана-жағына нұрын шашып, адамдар түзу жол іздер темірқазығына айналады. "Соқыр ана" фильмінен үзінді көру. Сұрақ: 1.Қандай құндылықтарды көреміз? 2.Тәрбиеде қателік бар ма? 3. Интеграциялау жолдары: 1.Ұлы ғалымдардың өмірінен және ғылымның даму тарихынан шабыттандыратын мысалдар келтіру. 2.Қазіргі ғылымның жаңалықтарымен таныстыру. 3.Әр оқу пәнінің мазмұнынан жалпыадамзаттық құндылықтарды анықтау. 1. Біз ешқандай ұлы істер жасамаймыз, біз кішентай істі үлкен сүіспеншілікпен атқарамыз. Мать Тереза (1910-1997) Түйін Тарының үлкендігіндей жасаған жақсылығымды сүйіспеншіліпен қайтарымын сұрамай атқарсақ, адамгершіліктің үлгісі болар едік. 2.Видео көрсету. Доктор Эмото Масарудың күрішпен жасаған тәжрибесі. Түйін Балаларға сүйіспеншілікпен қарау. 3. Интеграция «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білімнің басқа пәндермен интеграциясы- ол, ең алдыменен мектептегі білімді жандандыру, оның рухани-адамгершілік болмысын жарыққа шығару, ол-біртұтас білім, барлық пәндерді мәңгілік жалпыадамзыттық құндылықтар негізінде жинақтау және әр алуандықтың біртқтастығын көре білу. Мәңгілік құндылықтар білім берудің ошағына айналуы керек, басқаша айтқанда, біз оқытатын нәрселеріміздің барлығының біртұтас екендігін көрсетуіміз керек. Кез келген пәннің рухани – адамгершілік біліммен ықпалдасуы адамдардың қоршаған ортамен үйлесімді өмір сүруін, айналадағы барлық нәрселерге құрметпен қарауды, бүкіл әлемді сүюді үйретеді. Оқушылардың бойында ақиқат, дұрыс әрекет, сүйіспеншілік, жан тыныштығы, қиянат жасамау сияқты адами құндылықтар қалыптасып, ар – ұжданның үніне сәйкес жүрекпен түсіну арқылы өмір сүруді үйренеді.
Моншақ тастар- әр пәндер. Осы моншақ тастар өз қожасы мен іске асып жатады. Жіп әр пәнді үйлестіретін құндылық. білім сонда ғана өмірде қызмет етеді. Білім берудің екі аспектісі үйлесімді дамуы маңызды. 1.Интелектуалдық (сыртқы білім, ақыл үшін) 2. Руханиадамгершілік. (Ішкі білім. Жүрек үшін) 3.Оқу пәнінің мазмұнынан жалпыадамзаттық құндылықтарды анықтауға арналған интеграцияларға мысалдарды мынандай үлгіде жасаймыз. Топтық жұмыс (слайдтар мен мысалдар келтіру) Әр білестік өз пәндері бойынша құндылықтарды ашып, итеграция жоба жасайды. Мысалдар: Физика пәні бойынша: Сабақтың тақырыбы: Тепе – теңдік. Құндылық: Қиянат жасамау Таразының екі басы бірдей салмақта болмаса, тепе – теңдікті сақтай алмайды. Тепе – теңдікті сақтау үшін екі жағыда бірдей салмақта болу керек. сол сияқты адам тепе – теңдікті сақтау үшін. Біз интелектуалды білім мен рухани – адамгершілікті, ішкі білімімізді бірдей дамытқанда ғана құстың қос қанаты сияқты самғай аламыз. Сонда ғана қиянат жасамай өмір сүреміз. Пәні: Дүниетану Құндылық: Қиянат жасамау Тақырыбы: жануарлар дүниесін қорғау Табиғатқа адам әрекетінің әсері ерекше. Табиғат –адамның ежелден бергі тіршілік етіп келген ортасы және мәңгілік мекені. Біздің халқымыз ежелден өз жерінің табиғатын аялай, қорғап бүгінгі ұрпақ, сіздерге жеткізді. Қазақта көкті яғни өсімдікті жұлма, ұяны бұзба, ағашты сындырма деген сияқты тыйым сөздер мен қиянат жасамай бәріне сүйіспеншілікпен қарап, оның байлығын еселеп аттыруға үлес қосу керекпіз. Әдебиет пәні бойынша: Сабақтың тақырыбы: Абай өлеңдері Өлең тақырыбы: Жасымда ғылым бар деп ескермедім Құндылық: қиянат жасамау. Бұл өлең жолдары арқылы оқушыларға, өмір бізге берілген тамаша сый! Біз өмірдің әр сәтінен жақсылықты көріп сабақ алуымыз керек. Бәрін өз уакытымен пайдаланып, өтіп жатқан әрбір сағаттарымызға, өмірімізге қиянат жасамауымыз керек. Сонда ғана еш өкінбестен бақытқа жетеміз. Сыныбы: 3 Пәні: қазақ тілі Құндылық:«сүйіспеншілік» Тақырыбы: Негізгі және туынды етістік Етістік туынды және негізгі болып бөлінеді. Түбір сөзден болған етістікті негізгі етістік десе, түбірге жұрнақ жалғану арқылы жасалған етістікті туынды етістік деп атаймыз. Өмірде де дәл солай жақсы ой істің түбірі болса, негізгі әрекет оны іс жүзінде көрсетсек ол туынды етістікке жатады екен. Әр ойымыздың түбірі сүйіспеншіліктен туса онда жасалған іс- әрекетіміз ешкімге қиянат жасамайды. Интеграция құру үшін топтарға бөлу 1-топ Ақиқат (математиктер) 2-топ. Сүйіспеншілік (тілдер) 3-топ. Дұрыс әрекет ( биология, химия, география) 4-топ.Ішкі тыныштық (бастауыш) 5-топ. Қиянат жасамау (даярлық тобы) |
Талдау |
|
Үй тапсырмаcы. "Мирный войн" фильмін көру Жиналыстың қорытынды сәті. Мұғалімдер сабаққа деген пікірлерімен жазбаша парақшаларға бөліседі. Анкета толтыру Сабақтан алған әсерлерін смайликтерді стикерлерге салып, жапсырады. Ән айту: «Армансыз күнім болмайды» Сөзі: Т. Толқынқызы Әні: Ш. Ахметова 1. Бақытты жанмын сонда да бірақ Көңілім кейде толмайды Алаңсыз күліп жүрген кезде де Армансыз күнім болмайды Қайырмасы: Аспанда күнде, айналар түнге Арманым өлсе сол қайғы Бақытқа сенемін Армандай беремін Армансыз күнім болмайды 2. Армандап ғұмыр кешемін күнде Бір үміт қалсын ішімде Арманмен бірге өсемін менде Адам болып қалу үшін де Қайырмасы: Қорытынды: Ш.А. Аманашвили: «Мұғалімге елдің болашағын қалыптастыруда ең басты рөл берілген. Мамандық ішінде мұғалім маманығы ең ардақты, ең қиын және ең маңызды». Бойымыздағы жалпыадамзаттық құндылықтарымызбен, риясыз сүйіспеншілігімізбен өскелең ұрпақты тәрбелеуде жан аямайық! Әрқашанда отбасымызда тыныштық болсын! Отбасымызда тыныштық болса, қоғамда тыныштық орнайды! Ал қоғам тыныш болса, мемлекетте тыныштық орнайды! Ал мемлекетте тыныштық болса, бүкіл әлемде тыныштық орнайды! Соңғы тыныштық сәті: Бүгінгі семинардан алған әсерлеріңізді, барлық ізгілікті қасиеттер мен іс - әрекеттерді жүректеріңізге түйіп, сүйіспеншілікке толы нұр әлеміне айналыңыз |
|
Мұғалім _______________________Ж.А.Аждарова
Директор ______________________Д.Ж. Турсынбаев
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жалпыадамзаттық құндылықтар – мектептің біртұтас педагогикалық үдерісінің негізі

шағым қалдыра аласыз