15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жамбыл Жабаев
Жамбыл
Жабаев
(1846-1945)
Жамбыл–
өмірімен де, шығармашылығымен де екі
ғасырды молынан тұтастырып жатқан ұлы
жырау. Ақынның XX ғасырдың басына
дейінгі шығармашылық өмірбаяны туралы
деректер аз, өлеңнен ауыз жаппаған
кісінің ұшан-теңіз жыр-толғау, айтыстары
да түгел сақталмаған. Әйтсе де бала
Жамбылдың дүмше молданы мысқылдап
шығарған "Шағым", ақындық жолына
рұқсат сұраған "Әкеме", "Менің
пірім Сүйінбай" деген өлеңдері,
бозбала кезінің мұңды да шуақты көркем
жыры – "Айкүміспен айтысы", сылқым
бойжеткен Кәмшат сұлуға шығарған
құрбылық наз өлеңі сияқты дүниелер
сақталған. Одан бертіндегі Жетісуды,
Қаратау, Сыр өңірін өнеріне тәнті еткен,
қырғыздың шалқар "Манасын", Шығыстың
әйгілі қиссаларын жырлаған ақын мұрасынан
бірталайының аты ғана белгілі. "Кедей
күйі", "Пұшықтың ұрыға айтқаны",
"Әділдік керек халыққа", "Кәрібайдың
төбеті", "Жылқышы", "Мәңке
болыс" тәрізді тегеурінді де өжет
ақындык мінезден, халықтық даналықтан
туған өлеңдері, әйгілі Құлмамбет, Сарбас,
Нұрмағанбет, т.б. ақындармен айтысы,
Өтеген, Сұраншы батырлар туралы ұзақ
дастандары – даңқты шайырдың төңкеріске
дейінгі шығармашылығынан сақталған
қомақты мұрасы. Осылардың өзінен-ақ,
Жамбылдың халықтың ақындық қазынасын
жете, зерделей меңгеріп, жаңғырта,
жаңарта дамытқан, өмір-тіршілік даналығын
көкірегіне тоқыған, елдің арғы-бергі
тарихын әділдік, шындық сөзін ешкімнен
де тайсалмай айтатын, өлеңі тау өзеніндей
тасқынды үлкен дарын иесі екенін
танимыз.
Өмірбаяны
Болашақ
акын 1846 жылы ақпан айында казіргі Жамбыл
облысындағы Жамбыл тауының бөктерінде
дүниеге келген. Ол жайында ақынның өзі
“Менің өмірім" – деген өлеңінде:
Қақаған
қар аралас соғып боран,
Ел
үрей — көк найзалы жау торыған.
Байғара,
Жамбыл, Ханда мен туыппын,
Жамбыл
деп қойылыпты атым содан, –
дейді.
Әкесі Жапа кедей болғанмен, ат үстіне
мығым, найзагер кісі екен. Ел ішінің
дау-дамайына бітімгерлік сөзін айтқан
кездері де болыпты. Шешесі Ұлдан мінезі
байсалды, абысын-ажын арасында беделді,
орайы келгенде өз жанынан қиыстырып
өлең шығара беретін, әдемі дауысты әнші
екен. Жамбылдың аталарынан әріректе
өнерпаз, сері, палуандар, ділмар шешендер
шыққан. Ал оның руы – Екейлер туралы
айтылатын ел ішіндегі:
Екейде
елу бақсы, сексен ақын, Жаратып мінеді
екен ерттеп атын. Қобызы, домбырасы үнін
қосып, Гулейді жын қаққандай кешке
жақын, – деген әзіл сөзде мол шындық
бар. Жамбылдың ұстазы – әйгілі Сүйінбай
ақын да осы Екей елінен шыққан. Бала
Жамбыл ақындық жолын қууға рұқсат
сұрағанда, әкесінің: "Екейде елу
бақсы, сексен ақын" деген сөз де жетер,
сен сексен бірінші болмай-ақ қой. Акынның
түбі – қайыршылық, бақсының түбі – жын,
жын жиып, бақсы болып ел кезгенше, мал
бақ!" – дейтіні де Екей елінің өнер
дарыған жұрт екенін көрсетеді.
Жамбыл
өмірге келген кезде Қазақстанның
оңтүстігі, оның ішінде ақынның туған
өлкесі – Жетісу өңірі Қоқан хандырына
бағынышты болатын. Ал Қоқандықтардың
халыққа жасаған зорлық-зомбылығы айтып
жеткізгісіз ауыр еді. Ақынның өзі
ауылдары солардан қашып бара жатқанда,
қақаған аязды қыс айында көш-жөнекей
туыпты.
1864
жылға дейін Қоқан хандығы, онан соң
Ресей империясы билеген замандағы
халықтың мүшкіл тірлігі, өз отбасының
жұтаң тұрмысы, мықтының әлсізге
зорлық-зомбылығы тумысынан талантты,
намыскер Жамбылдың ішіне қайғы болып
байланады. Ақын жыр, айтыстарының
уыттылығы, адамдықты, әділдікті,
батырлықты көксеген аңсары, кедейді
жақтап, қайырымсыз бай, төрелерді ызалы
шенеуі сол күйік-наладан бастау алып
жатқан-ды. "Менің бақытым" деген
бір сөзінде өзі де: "Мен өзімнің барлық
өмірімде қыр қожайындарының бетіне
шындықты қорықпай айтып, шайқасумен
өттім", – дейді.
Жамбылдың
өлеңге, ақындыққа құмарту сезімі ерте
оянған. Өзінің айтуынша, 13 жасынан бастап
ақын болуға бекем бел байлайды. Дүмше
молдадан оқығанша, "домбыраны қолға
алам" деп, әкесінен рұқсат сұрайды.
Жас
талаптың Жетісу өңірінің даңқты ақыны
Сүйінбаймен кездесіп, батасын алуы оның
ақындық бағын ашқан айтулы оқиға болады.
Бірде 14-15 жастардағы Жамбыл жарапазан
айтуды сылтауратып, Сүйінбай ауылына
келеді. Үйінің сыртында ат үстінде
тұрып, жарапазанға жалғастыра өз жанынан
өлең шығарып, ұзақ жырлайды.
Ардақты
үйдің иесі,
Бата
бер менің жырыма.
Қуат
бітіп үніме,
Көңілін
тапсын елімнің.
Жар
бол да, өзің жәрдем ет,
Жібер
мені бір демеп, –
деп
өтінеді жасөспірім ақын. Айтқандарына
сүйінген Сүйінбай Жамбылды үйге шақырып,
ұзақ отырып, өлеңін зор ықыласпен
тыңдайды. Бала ақынның болашағынан
үлкен үміт күткен көреген жырау: "Осы
шабысыңнан тайма! Өлең-жырыңды дауылда

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген