жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жамбыл Жабаев
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АКЦИОНЕРЛІК
ҚОҒАМЫ ФИЛИАЛЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША
ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ
Өзіндік жұмыс.
Тақырыбы: Жамбыл Жабаев – жүз жасаған бәйтерек.
Пән мұғалімі Муратова Г.Д.
Сынып 7
Өскемен, 2015
Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаев «Аттандыру» өлеңі.
(1846-1945)
Сабақтың мақсаты:
а) Ж. Жабаевтың өмір тарихына шолу жасай отырып, шығармашылығының қазақ әдебиетіндегі алатын орны мен маңызына тоқталу, «Аттандыру» өлеңінің мәнін ашу.
ә) Оқушыларға Ж. Жабаевтың өмірбаяны мен өлеңін оқытып, мазмұнын аша отырып, оқушылардың бойында өз еліне, тіліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу;
б) Ж. Жабаевтың өлеңін оқыта отырып,оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын дамыту, есте сақтау қабілетінің үнемі жетілдіріліп отыруын қадағалау, еркін ой білдіруге дағдыландыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, сұрақ-жауап,талдау,іздену т.б
Сабақтың көрнекілігі:интербелсенді тақта, сызбалары,кестелері, портреті т.б
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
I) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгендеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сағат тілі бойынша бір –бірлеріне тілек айту.
1.Тілек білдіру.
2. Қол алысу.
3. Күлімдеу.
4. Мақтау.
5. Қол бұлғау.
6. Жылы лебіз айту.
Сыныпты топқа бөлу. Өздеріне ұнаған түсті таңдау арқылы топқа бөлінеді.
II) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға конструкциялық – жүйелік сызба арқылы бірнеше сұрақтар қоямын.
1. Ж. Аймауытов кім?
2. Ж. Аймауытовтың басқа қандай шығармаларын білесің?
3. «Әнші» әңгімесінің тақырыбы ?
4 Негізгі идеясы не?
5. Әңгіменің кейіпкерлерін ата.
6. Шығарманың композициялық құрылысы..
7. Әмірқанның прототипі кім?
8. Ақтамаққа байланысты хикая қалай аяқталғанын қалар едің?
III) Жаңа сабақты түсіндіру:
Мұғалімнің кіріспе сөзі:Жаңа сабақты бастамас бұрын әуелі осы «бәйтерек» сөзінің анықтамасына тоқталып кетейік. Қазақта
« Бәйтерек» атауына ие болған тамырын тереңге жіберген, көп жыл жасаған, ыстықтағанға сая болатын шаршағанға демеу болатын, жүргіншіге тоқтау болатын үлкен саялы, қасиетті ағаш бар. Астанамыздың қақ төрінде орын теуіп, бар адамзатты өзінің көркімен баурайтын, Қазақстанның символына айналған «Бәйтерегіміз» де осы қасиетті ағаштың үлгісімен салынған. Осындай қасиетті «жүз жасаған бәйтерек» атты атауға ие болған қазақтың жалғыз ғана ақыны кім деп ойлайсыңдар?
Жамбыл Жабаев екен.
Міне, осы бәйтеректі салыстырып, бір - біріне теңеуіміз де бекерден-бекер емес. Біздің бүгінгі сабағымыз « Жүз жасаған бәйтерек» деп аталуы да сондықтан. (тақтаға бәйтеректің суреті, Астанадағы «Бәйтерек» монументі, Жамбыл Жабаевтың суреттері ілінеді).
Жамбыл Жабаев (1846 - 1945)
Біздің бүгінгі сабағымыздың эпиграфы:
Жамбыл дүниеге екі рет келді:
тоғыз ай, тоғыз күнде ана құрсағынан, тоқсан жасқа келгенде заман құрсағынан туылды.
Ғ. Мүсірепов.
Жамбыл...... Түстіктегі Жамбыл тауының бөктерінде, боранды ақпан айында осыдан бір жарым ғасыр бұрын дүниеге ақын келіп, кейін әлгі тауды да, бүкіл қазақ халқын да жалпақ жахан, айдай әлемге жария етті.
Қақаған қара аралас соғып боран,
Ел үрей - көк найзалы жау торыған.
Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын
Жамбыл деп қойылыпты атым содан.
Ж. Жабаевтың өмірі мен шығармашылығын 3 кезеңге бөліп қарастырсақ…
І кезең – 1846-1916 жылдар аралығы
ІІ кезең – 1917-1940 жылдар аралығы
ІІІ кезең – 1941-1945 жылдар аралығы
ДЖИКСО әдісі бойынша оқыту.
I топ.І кезең.
II топ.ІІ кезең .
III топ. ІІІ кезең
2. Сұрақ – жауап. Топтар өзара бір –бірлеріне сұрақ қояды.
Мұғалімнің сөзі:. Ұлы ақын қазақ поэзиясының даңқын бүкіл әлемге жайды.
Оқушыларға сұрақтар:
- Соғыс қашан басталды, қашан аяқталды?
«Тұжырымдама» кестесі
Соғыс адамзатқа қандай зардап әкелді? Соғысқа қарсы нелер, қандай күштер жасақталды? Соғыста жауынгерлер қандай ерліктер көрсетті?
Бомба тасталды, оқ атылды, еріксіз әскерге аттанды, ел ерсіз қалды. Қала, ауыл қирады, қырғын болды, Әскер қатары күшейтілді, білікті мамандар жинастырылды. Оқ-дәрі, киім-кешек, мініс ат, т.б.жіберілді. Қажырлық, табандылық, достық, бірлік, отансүйгіштік, әдіс-айла
Сондай шығармасының бірі – соғыс жылдарындағы Жамбылдың аса бір әсерлі өлеңдері – баласы Алғадайды майданға аттандырғанда және Алғадай ерлікпен қаза болғанда айтқандары. Яғни «Аттандыру», «Алғадай туралы әрбір ой» өлеңдері. Екеуі де ауыз әдебиеті үлгісінде, батагөйлік сарында көркем суретпен, терең философиялық мәнде туған.
Бүгінгі сабағымызда «Аттандыру» өлеңі.
1. Өлеңді өзім мәнерлеп оқимын.
2. Оқушыға оқытамын.
Алғадай – Жамбылдың өте жақсы көретін баласы. Майданға әке әмірімен аттанады. Майданда еткен еңбек, ерліктерін естігенде қуана жауап жазады, алғыс айтады. Майданда әр жеңіске қуанышын да білдіріп отырады.
Алғадай – 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында қаза тапқан ақынның ұлы. 1943 жылы баласы Алғадайдың қайтыс болғанын Ғали Орманов (сол кездегі хатшы), Әбділда Тәжібаев естірткен. (суреттерін көрсету)
Өлең толғау секілді әуенмен айтылады.
«Аттандыру» өлеңінің әр шумағын әр балаға оқытып, өлең құрылысына, мазмұнына талдату.
3. Сұрақ – жауап. Әр топ берілген сұрақтарға жауап береді.
1.Өлең кімге арналады? Оны қай жолдан байқадыңдар?
2.«Саған айтқан сөзімнен Сабақ алсын тыңдаған» деген жолдардың мағынасынан нені ұқтыңдар?
3.Өлеңнің мазмұндық желісінен әке балаға не берген?
Бата, батаның түрлері туралы айту, Алғадайға мінездеме беру.
“Аттандыру” өлеңнің сатылай кешенді талдау сызбасы:
Авторы – Жамбыл Жабаев.
Тақырып – Баласы Алғадайға бата, тілегін білдіру.
Жанр түрі – поэзия (өлең).
Идеясы – Әке үмітін, ел үмітін ақтау.
4-5 тармақ.
2 бунақ.
Шұмақ 5
Ұйқас:қара өлең ұйқасы
Өлеңнің тәрбиелік мәні: Отанымызды сүйіп, мақтаныш етіп, Елімізді құрметтеп, бірлік пен ынтымаққа ұмтылу.
Білімді бекіту:
Мұғалім: Міне, қымбатты балалар, жыр алыбы Жамбыл атамызға арналған сабағымыз да тәмамдалып қалды.
Топтастыру стратегиясы.
100 жасаған ақын
Суырып салма
Дара жүйрік
Жамбыл
өнерлі
Айтыс ақын
Жыршы. Ел қайраткері.
Рефлексия. Екі жұлдыз, бір тілек
Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдерін топ басшылары бағалайды.
Үйге тапсырма: Ж.Жабаевтың өмірбаянын оқып келу «Аттандыру»
Өлеңін жаттау.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген