400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Жамбыл Жабаев"9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жамбыл Жабаевтың өмірімен таныстыру, шығарманың мазмұнын игерту. оқушылардың талдай,түсіне оқу,тақырыпты қорыта алу,пікір. еліне, халқынақамқор бола білуге, қайырымды, әділ болуға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

9 сынып

08.02.2019ж

Кобзаренко Т.А.

Сабақтың тақырыбы:


Жамбыл Жабаев.

Сабақтың мақсаты:


Жамбыл Жабаевтың өмірімен таныстыру, шығарманың мазмұнын игерту. оқушылардың талдай,түсіне оқу,тақырыпты қорыта алу,пікір. еліне, халқынақамқор бола білуге, қайырымды, әділ болуға тәрбиелеу. 

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер:

аялдап мәнерлеп оқыту,әңгімелеу, талдау, сұрақ-жауап, көрнекілік, топтастыру, сөздік, «Миға шабуыл», әңгімелесу.


Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі 

1. оқушылармен амандасу, түгендеу: 

- Сәлеметсіңдер ме, оқушылар! Бүгін сыныпта кім кезекші? Кезекші, бүгін сыныпта кім жоқ? 
2. сыныпты сабаққа әзірлеу:

- Қазір жамбылтану сабағы. Сабаққа барлықтарыңыз әзір болыңыздар.

ІІ. Жаңа сабақ: 

1.Қызығушылығын ояту кезеңі. «Миға шабуыл» стратегиясы.

Стратегия гр. strategia - әскер кіргізу - қоғамдық, саяси күреске басшылық өнері, оны жүргізудің қоғам (кәсіпорын, партия) дамуының нақты кезеңінің нақты жағдайларынан туындайтын жалпы жоспары, белгілі бір мақсатқа қол жеткізуге бағытталған қаражат пен ресурстарды пайдалану тәсілі.

- Жамбыл Жабаев кім?(айтыскер ақын, жыршы әрі жырау) 

- Қанша жасынан бастап өлең шығара бастады? 

- Қашан және қай өңірде дүниеге келді?(1846 жылы 28 ақпанда Жамбыл облысы 
қазіргі Жамбыл ауданында, яки бұрынғы Мойынқұм ауданында Жамбыл тауының етегінде) 

- Шығармашылығының басты арнасы не? (айтыс) 

- Қандай шығармаларымен таныссыңдар? («Менің өмірім», «Шағым», «Әкеме», «Жаныс ақынға», «Кәмшат қыз», «Зілді бұйрық», «Патша әмірі тарылды», «Бесік жыры», «Балаларға», «Жаңа жыл», т.б.) 

2.Мағынаны танукезеңі: 

Жазушының өмірі туралы мәлімет бойынша топтастыру:


Жамбыл Жабаев 
Жамбыл жабаев 1846 жылы 28 ақпан – 1945 жылдың 22 маусым аралығында өмір сүрді. 

99 жыл өмір сүрген. 

Ақын, жазушы, жыршы, жырау, айтыскер болған.

Жазушы (кейде литератор) - қоғамдық пайдалануға арналған, сөздерден құралған туынды жасайтын адам. Жазушы деп әдетте аталмыш іс негізгі кәсібі, немесе негізгі кәсіптерінің бірі саналатын адамды айтады.

Шыққан тегі – Ұлы жүз Шапырашты тайпасының ішіндегі Екей руы. 


«Көрұғлы», «Шаһмардан» сияқты қырғыз жыр-дастандарды апталап-айлап жырлап жүретіндіктен, жыршы атанады. 

Жамбыл Айкүміспен, Құлманбетпен, Шашубаймен және Досмағанбет секілді атақты тұлғалармен айтысқан.

Тұлға - жеке адамның өзіндік адамгершілік, әлеуметтік, психологиялық қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым. Aдамның әлеуметтік қасиеттерінің жиынтығы, қоғамның даму жемісі және белсенді қызмет ету мен қарым-қатынас орнату арқылы жеке адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізудің жемісі.


Сөздікпен жұмыс: 

Тайпалмайды – тайсалмайды, мұнда: тоқтамайды 

Ен дала– 
кең дала 

Асанқайғы – Асан Қайғы (Хасан Сәбитұлы) 

Қақтан безген – шындықтан безген, яки шындыққа мойынсұнбаған 

Көр – адам жерленетін орын 

Зындан – абақты, түрме 

Шота – ХІХ ғасырдағы 
грузин ақыны 

Ұсап – ұқсап.

Ғасыр - 100 жылға тең уақыт бірлігі. Грегориан күнтізбесіне сәйкес алғашқы ғасыр 1 жылдың қаңтардың 1 басталып желтосанның 31де аяқталған.



Өмір жыры

Өшпейді халық жыры, қартаймайды,


Өшед деп оны ешкім айта алмайды. 
Халықтың жүрегінің түкпірінен 
Төгілген күй – шын жорға, тайпалмайды.

Алтындай ел ішінде сақталынған,


Сұлу жыр, судан тұнық, шайқалмайды. 
Еске алсам, ертегідей ертеңі өткен, 
Талай жан // жүрегінің жырын төккен.

Еңіреп ен даладан бақыт іздеп, –


Таба алмай, аңсап Асанқайғы да өткен. 
Құландай 
қақтан безген Қорқыт қаңғып, 
Кездеспей көрден басқа ол да кеткен.

Еске алсам аңсағанды ескідегі,


Ертеде қиял нені көксемеді! 
Кілемге отырып ап, көк сайрандап, 
Сұңқарша ұшуды да көксеп еді.

Ол кезде патша мен хан зынданының,


Тұншыққан жырды бар ма ед ескергені. 
Есімде ескі ертегі аңыз қылған, 
Ұлы өмір жыланына шағылдырған.

Үскірік есіп тағдыр қара желі,


Өкпемді қарып аяз қабындырған. 
Жамбылдың жыр төгілген тілін байлап, 
Үніне туған елін сағындырған.

Мен ұзақ өмір сүрдім, көпті көрдім,


Көргенді ойға түйдім, ойлай жүрдім. 
Құзынан 
таудың биік шыңға өрлеген, 
Есіттім жырын ақын Шота ердің. 
*** 
Жортқан жолбарыстай ақын Шота, 
Халқына тәтті жырын алып ұшқан. 
Жайлаған жылан-шаян тау құлады, 
Патша өлді, еркін ақты тау бұлағы.

Құйылған бұлақтайын халық жыры,


Маржандай таудан шашқан саңғырады. 
Ақынның жүрегінен 
шыққан өлең, 
Шарықтап ұшты, ұсап тау қыраны. 

Сұрақ-жауап әдісі арқылы шығарманы талдау: 


Шығарма қалай басталады? 


«Халықтың жүрегінен төгілген күй» деп нені айтады? 


Ақын «халық жырын» қалай бағалайды? (алтындай ел ішінде сақталынған, сұлу жыр, судан тұнық, шайқалмайды) 


Асан Қайғы, Қорқыт туралы естулерің бар ма? Олар кімдер болған? 


Автор неге олар туралы сөз қозғайды? Еліне, халқына қандай еңбегін сіңірген? 


Жамбыл атамыз осы өлеңінде бізге нені жеткізгісі келді? 


Жамбыл Жабаев бұл өлеңін неліктен «Өмір жыры» деп атады? 


ІІІ.Сабақты бекіту.

Ой толғаныс кезеңі.

Эссе: 


1. Мен–Жамбыл атамның ұрпағымын. 

2.Мен –елімді, халқымды қорғайтын азаматпын. 

Үйге тапсырма: 


Өлеңнің ұнаған кез-келген 3 шумағын жаттау. 

Бағалау




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 наурыз
873
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі