400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жамбыл Жабаев өмірі мен шығармашылығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Білімділік: ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беру. Өлеңдерінің мазмұны мен идеясын ашу. Дамытушылық: көркем ойлау, жүйелі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Тәрбиелік: ақын өлеңдерін насихаттай отырып, оқушыны отансүйгіштікке, адалдыққа, әділдікке тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

Күні:23.02.2018. Класс: 6А

Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаев өмірі мен шығармашылығы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беру.
Өлеңдерінің мазмұны мен идеясын ашу. 
Дамытушылық: көркем ойлау, жүйелі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. 
Тәрбиелік: ақын өлеңдерін насихаттай отырып, оқушыны отансүйгіштікке, адалдыққа, әділдікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгеру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: тарих, өнер, география
Сабақтық көрнекілігі: Ж. Жабаевтың суреті, шығармалары, слайд.
Сабақтың жүру барысы
І. Ұйымдастыру сәті
1. Оқушылармен сәлемдесу
2. Кезекші арқылы түгелдеу
3. Сынып тазалығына көңіл бөлу
4. Оқушылар назарын өлең жолдарымен сабаққа аудару.
«Өнер алды – қызыл тіл»,
Анаңдай оны құрметте!
Қажымай, талмай үйрен, біл,
Асылын сөздің өрнекте.
Ана тіл – асыл қазына,
Байлығың - білсең ол сенің.
Жеткізер өмір жазына,
Сонымен өсер өркенің,- деп сөз асылын,
өлең қасиетін сезінетін кезекті әдебиет сабағын бастаймыз.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Балалар, Ілияс Жансүгіровтің асқан ақындық таланты оның поэма жанрында әсіресе айқын көрінеді.
1. Олай болса, ақынның өмірі мен шығармашылығына тоқталып өтейік. Кім айтады?
2. Ақынның қандай поэмаларын білесіндер?
3. «Күй», «Күйші» поэмаларының негізгі тақырыбы не?
4. Кенесары хан туралы қай поэмасында айтылады?
5. «Дала» поэмасы қандай тараулардан тұрады?
6. Ақынның оқу – білімге жазған қандай өлеңдерін білесіңдер?
7. «Құлагер» поэмасында кімнің өмірі суреттелген?
ІІІ. Жаңа сабақ
Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
Жүз жыл жырлаған жүрек (слайд - 1)
Жүз жыл өмір кешкен ақында неше жүз жылдар өнері мен шеберлігі түйіскен. (М. Әуезов) (Слайд - 2) Ой қозғау сұрақтары
1. Балалар, Жамбыл Жабаевты қай шығармасы арқылы жақсы білесіңдер?
2. Қазақ әдебиетінде ақынның алатын орны қандай?
Мұғалімнің түсіндірмесі
1. Ақынның дүниеге келуі
2. Ақынның ұстаздары мен ақындық ортасы. (Сүйінбайдан Жамбылтың өмірінен көрініс)
3. Айтыстары
4. Сатиралық өлеңдері
5. Отаншыл өлеңдері
6. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы өлеңдері.
ІV. Сабақты бекіту. Хронологиялық кесте толтыру.
Жылдар Негізгі оқиғалар
1846 ж.------- Ақын дүниеге келді
1863 - 64 ж.---- Қоқан хандығы билік құрды
1881 ж.------- Құлмамбетті жеңді
1916 ж.------- Ұлт азаттық көтеріліс
1936 ж.------- Қазақстан көркем әдебиетінің онкүндігі
1941 - 1945 ж.---- Ұлы Отан соғысы
1945 ж.------ Дүние салды
Шығармалары
«Кедей күйі»
«Зілді бұйрық», «Патша әмірі тарылды»
«Туған елім»
«Ленинградтық өренім», «Ата жаумен айқастық»
1. Балалар, Жамбыл атамыздың өлеңдерін жатқа айтатындарың бар ма?
(Ұлы Отан соғысы кезінде жазған өлеңдерін оқушылар жатқа айтады)
2.«Зілді бұйрық», «Ленинградтық өренім!» өлеңдері мәнерлеп оқылады.
V.“Ленинградтық өренім” өлеңнің сатылай кешенді талдау
• Авторы – Жамбыл Жабаев.
• Тақырып – халықаралық достығы, Отанды сүйспеншілік.
• Жанр түрі – поэзия (өлең).
• Идеясы – автор тақырып арқылы өзінің сезімін, көзқарасын бейнелейді. Жауға – соққы беру, ленинградтық тұрғындарының ерлігін жырлау.
• 2 шумақ.
• 33 тармақ.
• 1 бунақ.
• Әдеби теориялық ұғымдар: эпитеттер – көк, сүйкімді, заманымның өрнегі.
• Теңеу – бұлағымдай, өркеш - өркеш жарасқан, шоқылардай, судай.
• Өлеңнің тәрбиелік мәні: бәр халықтар достасып, бірге жауға қарсы шығып, Отанымызды сүйіп, мақтаныш етіп, Елімізді құрметтеп, бірлік пен ынтымаққа ұмтылу.
V. Сабақты қорыту. Тест сұрақтары беріледі.
(Дәперлерін алмастыру арқылы бір – бірлерінің тесттерін тексереді)
Мұғалімнің қорытынды сөзі:
- Ақын Сәкен Сейфуллин «Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан сықылды. Оны жинап алып, халықтың қолына беру – біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз»,- деген екен. Сондықтан Жамбыл жырларын, өмірін біліп, өнегелі өмірі мен сөздерінен үлгі алуымыз керек.
«Егер біз Жамбыл даналығын тәу етіп, ұлылығын ұлағат тұтып жатсақ, оның басты себебі Жамбыл арманының адамзаттық арман аңсарымен ұласып жатқандығында. Сондықтан да қазақтың Жамбылына адамзаттың Жамбылы ретінде құрмет көрсетіп, өлмес рухының алдында басымызды иеміз»
Н. Ә. Назарбаев
VІ. Үйге тапсырма: Ақ басты Алатаудың Жамбылымын (шығарма)
VІІ. Бағалау: Жауаптарына қарай бағалау.

Кері қайту

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
31 мамыр
1177
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі