400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жан жадыратар әуен

Материал туралы қысқаша түсінік
Музыка,вокал пән мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы



Мектеп: «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы»

Қосымша білім беру педагогы: Мергенов Амандық

Сабақтың тақырыбы: Жан жадыратар әуен


1 тапсырма: Талқылау.

Ойланып, мына сұрақтарға жауап беріңіздер:

  • Демалыс дегеніміз не? Сіздер қалай демаласыздар?

  • «жан жадыратар әуен», «демалыс музыкасы» деген сөз не мағына білдіреді? Неге?

  • Қандай музыканы «жанға жайлы», «демалыс үшін» музыкасына жатқызуға болады

  • «релакс» сөзін қалай түсінесіздер?

  • «жан жадыратар әуенді» қандай көркемдік тәсілдер бейнелейді?

  • Релаксациялық деп қандай музыканы айтуға болады?

  • релаксация музыкасын шығаруға қандай музыкалық көркемдік тәсілдер көмектеседі?

  • релаксация музыкасын қайда естуге болады?

  • неге өмірде «жеңіл» музыка пайда болды? Өз жауаптарыңызды түсіндіріңіздер.


2 тапсырма

Тыңдау.

Дж. Гершвиннің «Блюз стиліндегі рапсодия» шығармасынан үзінді тыңдаңыздар.

  • Бұндай музыканы немен байланыстыруға болады?

  • Тыңдаған сәтте сіздерге қандай ой келді?

Бұл шығарманы тыңдағанда көз алдарыңызға келген картинаны салып көріңіздер.


3 тапсырма

Музыка шығару және орындау.

Қазақстан композиторларының шығармалары негізінде өздеріңіздің «жанға жайлы музыкаларыңызды» шығарыңыздар.

Компьютерлік бағдарлама мүмкіндіктерін пайдаланыңыздар.

Композицияларыңызға құстардың шиқылын, теңіздік соқпа толқыны дыбысын және т.б. шулы әсер беретін дыбыстарды пайдаланыңыздар.








3 тапсырма

Зерттеу.

Шағын зерттеу жүргізіп, біліңіздер:

  • «кавер» деген не?

  • Қандай музыкаға кавер-нұсқа жазуға болады?

  • Lounge музыка не үшін шығарылады?

Басқа оқушылармен де осы ақпаратпен бөлісіңіз.








4 тапсырма

Тыңдау.

В.Цойдың «Көкек» («Кукушка») әніне кавер-нұсқаны тыңдаңыздар.

  • Әр орындау несімен ерекшеленеді?











6 тапсырма

Импровизация және орындау.

Бұрын үйренген кез келген бір әнге кавер-нұсқа жасаңыздар.

  • Нені өзгертесіздер?

  • Бұл нұсқаны неге кавер-нұсқа деп атауға болады?

Әнді орындаңыздар. Өз жұмыстарыңызды және өзгелердің жұмыстарын бағалаңыздар.

Бұл тақырыпты оқуға 2 сағат бөлінген.


Сабақтың басында мұғалімге тақырыпқа кіріспе жасауға кеңес беріледі: классикалық, интеллектуалдық немесе «байсалды» музыка бар екенін білеміз, сонымен бірге жан жадыратар, демалыс пен ойын-сауыққа арналған да музыка түрі бар екенін түсіндіру.

Бұндай музыка «жеңіл» деп сипатталады. Ұқсас тақырып «Демалыс мәдениет. Мерекелер» 3-ші сыныпта қарастырылды, оқушыларға осы тақырып бойынша қандай музыка тыңдағандықтарын еске түсіруді ұсыныңыз.

Бұл сабақты өткізу үшін мұғалімге мектеп психологын шақыруға кеңес беріледі. Ол сізге көмектесе алады, сондай-ақ психологиялық треннингтерді, демалыс бөлмелерінде, релакс -минуттарында және т.б. өткізу үшін қандай музыка қолданылатынын айтып бере алады.







Тыңдау үшін Дж. Гершвиннің «Блюз стиліндегі рапсодия» шығармасының дыбысжазбасы дайындап қойыңыз.

Ассоциативті ойжосықты дамытуға арналған шығармашылық тапсырманы орындау үшін түрлі түсті қарындаштар мен сурет салатын қағаздар қажет.







Бұл тапсырма ноутбукті қолданып орындауға арналған.

Сіз оқушыларға өткен тараулардағы шығармалардың бірін негіз етіп алуды ұсына аласыз. Егер кабинет бұл тапсырманы жасауға жабдықталмаған болса, оқушыларға кез келген жай екпіндегі әнді орындап, оны қолдағы құралдар арқылы шулы әсермен «көркемдеуді» ұсыныңыз.

Сонымен бірге мұғалім аспапта кез келген шығарманы орындап, оқушыларға шулы әсер қосып (табиғат дыбыстарын шығару арқылы) релаксация жасауды сұрай алады.




Егер кабинет бұл тапсырманы жасауға техникалық жабдықталмаған болса, интернет ресурстарды пайдаланыңыз, егер ол да мүмкін болмаса, оқушылардың жас ерекшелігіне сай «кавер-версия» терминінің түсінігі мен оның орындалу тәсілдері туралы ақпарат берілген үлестірме парақтар арқылы дайындаңыз.


Оқушыларға зерттелген ақпаратты өзара бөлісуді ұсыныңыз.





Оқушыларға «Көкек» («Кукушка») әнінің үзіндісін, әртүрлі орындауда, әртүрлі дауыс тембрлерінің орындауында тыңдауды ұсыныңыз. Тыңдалған әндерді талқылаңыздар.

Бұл тапсырма тыңдау дағдысын дамытуға арналған, оқушыларға дауыстар тембрін және әртүрлі орындаудағы әннің сипатының өзгеріске түскенін ажырата білуді дамытады.

Оқушылардың бұл өзгерістерді анықтай білуі мен өз әсерлерімен, сезімдерімен бөлісе білгендігі маңызды.



Бұл тапсырма орындаушылық дағдыларды дамытады.

Орындап болғаннан кейін оқушыларға бірін бірі бағалауды жүргізуді сұраңыз. Мұғалім бірін бірі бағалауды төмендегідей тәсілдермен жасай алады:

  • «сэндвич әдісі» (тапсырманың екі жақсы тұсы мен нәтижені жақсартуға арналған бір кеңес);

  • «екі жұлдыз, бір тілек» (тапсырманың екі жақсы тұсы мен нәтижені жақсартуға арналған бір кеңес);

  • «маркер сыйлығы» (оқушылар сыйлықты фломастермен слалып, оны ұнатқан композициясына сыйлайды).



































Дж. Гершвиннің «Блюз стиліндегі рапсодия» шығармасының дыбысжазбасы



Түрлі түсті қарындаштар, балауыз қарындаштар, сурет салуға арналған қағаз және т.б.




























Кавер-версия

http://dic.academic.ru/dic.nsf/ruwiki/949060









В.Цой «Көкек» («Кукушка»)

https://www.youtube.com/watch?v=B1Nx3SU2izA


Д.Волосевич «Көкек» («Кукушка»)

https://www.youtube.com/watch?v=8hHW2JNici0


Я.Дегтярева «Көкек» («Кукушка»)

https://www.youtube.com/watch?v=Hr8GQwFBpU0



Р.Рымбаеваның орындауындағы «Айгөлек» әні

http://audio.nur.kz/1020642-roza-rimbaeva-ajgolek


Назым, Еркеш және Әлиханның орындауындағы «Айгөлек» әні

http://audio.nur.kz/1081325-nazim-erkesh-alihan-ajgolek





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 қазан
1334
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі