жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жанбыр жауды
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Әдіскер:
Уақыт:
Тобы: «Жемістер» I-аралас кіші топ.
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Экология негіздері
Тақырыбы: «Жаңбыр»
Мақсаты: Табиғаттың құбылысы жаңбырмен таныстыру. Тілдерін дамыту, ой-өрісін кеңейту. Табиғатты қорғауға тәрбиелеу. Табиғаттың сұлулығын түсініп, табиғат аясындағы қарапайым мінез-құлық ережелерін сақтап, табиғатқа қамқор болуға тәрбиелеу.
Алдын- ала жүргізілетін жұмыс: Жаңбырдың дыбысы.
Әдіс- тәсілдері: Түсіндіру, көрсету,сұрақ жауап,сергіту сәті, ойын,жұмбақ.
Көрнекілік : Жаңбыр жауып тұрған сурет.
Билингвалдық компонент: Жаңбыр-дождь
|
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Баланың іс-әрекеті |
|
Себепті қызығу- шылығын ояту кезеңі |
Сәлеметсіздер ме,балалар! Балалар бүгінгі көңіл күйлерің қалай? Қане,шеңберге тұрып,бір-бірімізге жақсы тілек тілейік. Табиғат біздің анамыз, Табиғатқа баламыз. Иіліп сәлем береміз, Біз әдепті боламыз. Армысың алтын күн! Армысың Жер - Ана! |
Жақсы. Қимылмен көрсету. |
|
тырушылық ізденіс кезеңі |
Балалар, қазір қандай мезгіл? Балалар, күз мезгілінде үш ай болады? Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын. «Жиып - теріп болатын, Қамбаға астық толатын. Қызыл қырман ойнайтын, Қай мезгіл деп ойлайсың?» Иә, қазір күз мезгілі, күзде табиғат қандай болады? |
Күз мезгілі. Қыркүйек,қазан,қараша. Күз мезгілі. Күн салқындап, айнала сары түске еніп, егін,жеміс - жидек, көкөністер піседі. Табиғат ерекше күйде болады |
|
|
Балалар мен сендерге қазір өлең оқимын, сендер тыңдаңдар. «Жаңбыр» - Тырс! Тырс! Жаңбыр кеп жауады, Терезе қағады. - Тырс! Тырс! Жылғалар ағады, Сылдырап әуенге салады. - Балалар бұл тақпақта не туралы айтылды? - Жаңбыр туралы. Жаңбыр қайда жауды? - Балалар, қазір сендермен жаңбыр туралы суреттер қарайық. Табиғат дегеніміз не? Табиғат қандай болады? Тірі табиғатқа және өлі табиғатқа нелер жатады? Балалар бойымызды сергітіп алайық. Сергіту сәті: Саусақ қол жаттығулары «Жаңбыр жауды» Жаңбыр қалай жауды. Алдымен жәй жауды. Саусақ ұшымен үстел үстін соғып тырсылдатады. Содан кейін қатты жаңбыр жауды. Үстелді қаттырақ соғады. Балалар барлығың мына суретке қараңдаршы. - Нені көріп тұрсыңдар? - Бұлттан не жауып тұр? - Көк түсті бояуды көрсетіп түсіндіреді. - Көк түсті не болады? - Тамшының пішіні қандай? Тілдік қимылды ойын ойнатады. - Жаңбыр жауады. Тырс! - Жаңбыр жауады. Тырс! Тырс! - Жаңбыр көп жауады. Тырс! Тырс! Тырс! Тырс! Тырс! /бір орында тұрып, секіреді/ Жаңбыр терезеге, жерге, гүлге, шөпке жауды. Қостілділік: Жаңбыр-дождь |
Табиғат дегеніміз бізді қоршаған орта. Тірі табиғат және өлі табиғат. Тірі табиғатқа ағаштар, жәндіктер, жануарлар, гүлдер, ал өлі табиғатқа қар, жаңбыр, су, тас, күн жатады. Қимылмен көрсету. Жаңбыр. Пішіні сопақша. |
|
Іс-әрекетті бақылау кезең |
Балалар,жаңбырдың, пішіні, қандай? - Жаңбырдың дыбысы қандай? Балаларды мадақтау. |
Пішіні сопақша. Тырс! Тырс! |
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Жаңбырдың түсін, дыбысын, пішінін біледі.
Қандай түсініктерді игерді: Табиғат туралы тірі және өлі табиғат.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Жаңбырдың жауғанын.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген