"Жәндіктер әлемінде" Түзете-дамыту сабақ жоспары 3 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Жәндіктер әлемінде" Түзете-дамыту сабақ жоспары 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Дефектологтың сабақ жоспары, 3 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұғалімнің аты-жөні: Қуекесова Г.Т.

Күні: 16.03.2021

Сыныбы: 3 сынып

Пәні: Қоршаған орта

Оқушылар саны: 3 Сабаққа қатысқан оқушылар саны: ____

Сабақтың тақырыбы: «Жәндіктер әлемінде»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Жәндіктер әлемімен таныстыру. Балаларды жәндіктермен,олармен өзіңді қалай ұстау ережесімен таныстыру,жәндіктердің жер бетінде не үшін қажет екендігін түсіндіру.

Түзету-дамытушылық: Балдың денсаулыққа пайдасы туралы, құмырсқаның еңбекқорлық қасиетін түсіндіру.

Тәрбиелік: Жәндіктерге деген қамқорлық сезімдеріне және адамға қауіпті жәндіктерден сақтануға тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: түрлі-түсті қарындаштар, қалам, зейінді дамтыуға арналған тапсырмалар, презентация, жәндіктер туралы бейнетаспа, жәндіктер бейнеленген карточкалар, шулы сурет, таяқшаға бекітілген жәндіктердің макеті, өрнектері бар көбелектер.

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, көрнекілік, көрсету, түсіндіру, ойын.



Сабақ барысы

І. Ұйымдастырушылық кезеңі.

Психологиялық дайындық

Табиғатым тамаша,

Көз тоймайды қараса!

Табиғатты аялап,

Жүрейікші жараса,

Сәлем саған, Жер-ана!

Сәлем саған нұрлы күн!

Аман есен болайық,

Бейбітшілік қалайық!



ІІ. Негізгі бөлім.

Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады? (күн жылынады, ағаштар бүршік жарады. Құстар жылы жаққа ұшып келеді, жәндіктер жер бетіне шыға бастайды.)

Мына жәндіктер қалай аталады? (Көбелек, ара, инелік, өрмекші, құмырсқа, қоңыз)

Бұл жәндіктердің пайдасы қандай? (Бал алады, зиянды құрттардан тазартады.Көбелек гүлдерді тозандандырады, талшығынан жібек мата алынады.Қоңыз өсімдіктердің жапырағын зиянды құрттардан тазартып, емдейді. Құмырсқа еңбекқор, илеуіне қонған құстардың үстіндегі бүргелерін тазартады.Шегіртке зиянды көк шөптерді, егінді жеп құртып отырады. Шегірткелер топталып жүреді. Ара гүлдердің шырынынан бал жинайды. Қоңыздар топырақты қазып шіріген заттарды ыдыратып табиғат тазалығын сақтауға үлес қосады. )

Балалар, біздерге жәндіктердің пайдасы өте зор. Жәндіктердің адам денсаулығына тигізер маңызы өте жоғары. Өрмекшінің өрмегі қаны тоқтамаған жараға ем. Араның балын жаңғаққа араластырып қан айналымын жақсарту үшін пайдаланылады. Жаңғақтың қоректік құны жоғары. Оның құрамында ақуыз, қанықпаған май қышқылы, темір бар. Ол адам денесіне өте қажетті пайдалы азықтық ретінде қарастырылады. Миды қуаттандырады, қан айналысын жақсартады, өтке байланған тасты ерітеді. Е дәрумені бар.құмырсқадан амин қышқылын алады.

Құмырсқа – еңбекқор, қайсар жәндік. Ол өзінен үлкен дәнекті көтере алады. Құмырсқалар өздеріне шөп-шалам, сабаннан үйіп илеу жасап алады. Жаз бойы илеуіне азық жинайды.



ІІІ. Тапсырмалар орындау.

1-тапсырма.

Көктемде жәндіктер оянады. Бірдей жәндіктерді бір түспен қорша.

Picture 1

2-тапсырма.

Жәндіктердің мекендейтін жерін тауып, сызықпен байланыстыр.

3-тапсырма.

«Ойлан тап» ойыны.

Мақсаты: инелік пен көбелекті салыстырып, бір-бірінен айырмашылықтарын табу.



ІV.Сергіту сәті.

Жел соғады, соғады,

Құстар  жерге қонады.

Көбелектер тығылып,

Дір-дір етіп тоңады.

Жел кенеттен тынады,

Күн де бұлттан шығады.

Шегіркелер  секіріп,

Араларда ұшады.



4-тапсырма.

«Шулы сурет». Суретте қандай жәндіктер жасырылған?



5-тапсырма

«Қандай жәндік?» ойыны. Оқушылар кез келген таяқшаға бекітілген жәндікті таңдап алып, сипаттауы қажет.







6-тапсырма

Көбелекті толық аяқтап сал.



V. Кері байланыс

Сұрақ-жауап әдісі арқылы.

  1. Бүгінгі өткен тақырыбымыз қандай?

  2. Қандай жәндіктермен таныстыңдар?

  3. Жәндіктердің пайдасы бар ма?

  4. Ал зияны ше?



VІ. Қорытынды

Біз бүгін не жайлы әңгімелестік?

Қандай ойындар ойнадық?

Балаларға өз алғысымды білдіремін.

Осымен сабағымыз аяқталды, сау болыңыздар!









Жетекшісі: Дефектолог: Ғиниятова Н. Т.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.03.2024
319
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі