Жанды су...

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жанды су...

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ, мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді: _______________

«____»______________________

Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі: ____________________

Күні: _______________

: 28

Мұғалімі:

Сыныбы: 4

Оқушылардың саны:

Тақырыбы: Жанды су

Құндылығы: Қиянат жасамау

Қасиеттері: Тазалық, қамқорлық, үнемшілдік.

Мақсаты: Оқушыларға судың табиғатта, адам өмірінде алатын мәнін аша отырып, қиянат жасамау құндылығын қалыптастыру. 

Міндеттері:

1. Білімділік: Оқушыларға суды таза ұстаудың маңыздыдығын түсіндіру.

2. Дамытушылық: Оқушылардың суға қамқорлық жасау қасиеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды суды үнемді пайдалануға тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1.bilim-all.kz

2.https://infourok.ru

https://angimeler.wordpress.com

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Т – ережесі:

  1. Тәртіп.

  2. Талап.

  3. Тыныштық.

  4. Тазалық.

  5. Татулық.
    Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Жағымды күйге келу.

 «Көңіл-күй неге ұқсас». Ойыншылар олардың бүгінгі көңіл-күйлері неге (қай жыл мезгіліне, ауа райына, табиғаттың құбылысына) ұқсас екенін айтып береді. Ойынды үлкен дер бастаса жақсы болар еді: «Менің қазіргі көңіл-күйім көгілдір аспандағы жылы, жұмсақ күннің көзіне ұқсайды, ал сенің ше?». Жаттығу шеңбер бойымен жалғаса береді. Ойынның сонында жауаптар қорытындыланады, бүгінгі шеңберіміздегі балалардың көңіл-күйі қандай екен: қайғылы, көңілді, күлкілі, ызаланған т.б.Жауаптардың қорытындысын шығарған кезде, жаман ауа райы, суық, жаңбыр, түнерген аспан сияқты элементтер агрессивті, қобалжу күйлердің көрсеткіштеріне назар аударыңыз. 

2. Үй тапсырмасы.

1. №27 – сабақ. 3 – тапсырманы орындау.

2. Келесі сабақ. №28 – сабақ, «Тұзкөл» аңызын оқып келу

Сұрақтар:

Тұзкөлдің әдемілігі неде болған еді?

Су ішкен кісі Тұзкөлге қандай баға беріпті?

Көлде қандай өзгеріс болды?

Бастауды неліктен шипалы дейді?

«Сусыз тіршілік жоқ» дегенді қалай түсінесіңдер?


3. Сабақтың дәйексөзі.

Бұлақ көрсең, көзін аш!

Нақыл сөз

Сұрақтар:

- Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз? 


4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).

Болат Үсенбаев

Су – өмірдің өзегі

Тәнім сумен құрамдас,

Судың ғажап киесі.

Сусыз өмір сүре алмас

Бүкіл тірлік иесі.

Өсімдігің жәндігің,

Бақша мен бау, шалғының –

Сусындатып барлығын,

Су шешеді тағдырын.

Су – балықтың ғұмыры,

Суда оның қорегі.

Су – тіршілік тұғыры,

Су – өмірдің өзегі.

Сәні болып құрылықтың,

Жерді гүлге бөледі.

Су болмаса тірліктің

Кенезесі кебеді

Тапсырма. Судың пайдасы туралы кластер құрастырыңдар.


5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

1-тапсырма Судың қандай қасиеті болатынын өздерің тәжірибе жасап, біліп алыңдар.

1 Тәжірибе Суды бір стақаннан екінші стақанға құйыңдар. Не байқадыңдар? Судың қандай қасиетін байқадыңдар? Түйін: Су ағады, ол сұйық.

2 Тәжірибе Балалар судың дәмін көріңдер. (Балалар өздерінің күнделікті су ішетін стақандарын қолданады) Дәмі қандай? Түйін: Судың дәмі жоқ.

3 Тәжірибе Суы бар стақанды алыңдар. Оған қасық салыңдар. Қасық көріне ме? Түйін: Су мөлдір.

4 Тәжірибе Стақандағы суға түрлі-түсті таяқшаны салыңдар. Судың түсі қандай? Түйін: Су түссіз.

5 Тәжірибе Мынау белгісіз сұйық. Мұның иісі жағымсыз болуы мүмкін. Сондықтан қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, оның иісін білуіміз керек. Ол үшін сұйық тұрған ыдысты алысырақ қоямыз. Қолымызбен толқын тәрізді қимыл жасап, ыдыстағы суды өзімізге шақырамыз. Мұрнымыз не сезді? Судың иісі бар ма? Түйін: Судың иісі жоқ.


  1. Топпен ән айту.

Балбұлақ

Өлеңін жазған Мүбәрак Жаманбалинов

Әнін жазған Нұрлан Дүкенбай

Сылдыр-сылдыр сылдырап,

Мөлдір бұлақ ағады.

Былдыр-былдыр бал құрақ,

Көмкереді жағаны.

Балғын-балғын балалар,

Саялайды құрақта.

Отырады жағада,

Шомылады бұлаққа.

Күнде келіп апам да,

Мөлдіреген су алып.

Тұнығынан шопан да,

Тұрады қой суарып.

Түрлі-түрлі, не түрлі,

Бар-ау қызық мінезі.

Еліктейтін секілді

Адамға да бұл өзі.

Тайызынан су алса,

Лайлана қалады.

Тереңінен су алса,

Күлім-күлім қағады.


7. Үй тапсырмасы.

1. №28 – сабақ. 5 – тапсырманы орындау.

2. Келесі сабақ. №29 – сабақ, «Жайдары жаз» аңызын оқып келу

8. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Рахмет!

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.05.2021
795
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі