Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жаң жылды біз тойлап, шаттанамыз бәріміз

Материал туралы қысқаша түсінік
ертеңгілік
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жаңа жылды біз тойлап, шаттанамыз бәріміз»

Залдың іші Жаңа жыл ертеңгілігіне орай арнайы безендірілген. Балалар көңілді музыкамен қол ұстасып, шыршаны айналып екі жаққа бөлініп отырады.

Жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.

Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді

Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін

Бәрімізге мына жыл арайлы! деп баршаларыңызды Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз.Әрқайсыңызға жаңа бақыт, жаңа табыс, жаңа нұр әкелсін!

Жүргізуші:

Көз салыңдар әуелі,

Шыршамызға мәуелі

Ал, қанеки шырқалсын

Жаңа жылдың әуені!

Балалардың орындауында «Жаңа жыл» әнін қабыл алыңыздар.

Тақпақтар:

Жүргізуші: Балалар әлде бір дыбыс естілема қалай өзі?

Аққала келеді: Балалар ,балалар айғайлап кіреді.

Жүргізуші: Аққала не болды сонша аптығып, асықпай айтшы.

Аққала: Мені Аяз ата жіберді.Аяз аталарың келе жатыр. Алақай!Алақай!

Жүргізуші: Қуанышты хабар әкелген екенсің ғой. Кел, бізге қосыл жаңа жыл мерекесін бірге тойла.

Жүргізуші: Балалар ендеше біздің жаңа жылдық мерекемізге Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.

Балалар: Аяз Ата! Ақшақар! (3-рет айтады)

Аяз атаның орнына мыстан кемпір ұшып кіреді де, шыршаны бір айналып барып, қонақтардың алдына келіп тұра қалады.

Мыстан: Пай-пай! Мен қайда келдім өзі. Мына шыршаның кереметін ай! Үйге алып кетсембе екен? (Осы кезде мыстан төменге еңкейіп, шыршаны түбірімен жұлып алғысы келеді) .

Жүргізуші: Мыстан кемпір! (Мыстан оған мән бермейді де, шыршаны жұлуын тоқтатпайды).

Жүргізуші: Біз «Жаңа жыл» мейрамын тойлап жатырмыз, тимеңіз біздің шыршмызға!

Мыстан: Сөзге мән бермей, былай дейді: Туу!(маңдайындағы терін сүртіп тұрып) мына шыршаның тамырының терең отырғызылғанын-ай жұлынбайды ғой.

Мыстан сол кезде шыршадағы жылтыраған кілтті көріп қалады да: Мынау қандай қызық кілт өзі, осы кілт манағы менің ұшып келе жатып көрген, сандықтың кілті болар. Сол сандықтан бір керемет дәмнің иісі шығып еді, мүмкін ақша да бар шығар. Мен шыршаға тимей-ақ, осы кілтті алып барып сандықты ашайн, мүмкін тамағына тойып, ақшасына бір байып қалармын!

Мыстан кетіп қалады. Сол кезде қалтасынан бір таяқ түседі.

Жүргізуші: Балалар , кәне мерекемізді жалғастырайық.Аяз Атамыз кешікті ғой. Балалар ендеше біздің жаңа жылдық мерекемізге Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.

Балалар: Аяз Ата! Ақшақар! (3-рет айтады)

Аяз ата: Армысыңдар, қарақтарым,

Армысыңдар құлындарым!

Жаңа жылды алып келдім,

Ақ шырақты жағып келдім!

Сендерге мына балаларым,

Тәтті сыйлық алып келдім.

Ақшақар: Сүйсіндірер маңайды

Ақшақармын арайлы

Жалт-жұлт еткен жүзімнен

Күміс сәуле тарайды.

Жүргізуші: Қош келдіңіздер!Аяз ата мен Ақшақар, алыс жолдан келдіңіздер ғой, дем алып отырыңыздар, ал біздің балалар сіздерге өнерлерін көрсетеді.

Балалардың тақпақтары:

Би: «Ұлпақарлар» қыздар

Жүргізуші: Аяз ата, ақшақар біздің шыршамыз көңілсіз болып тұр.

Ақшақар: Жылап тұрып мен шырша шамын жағатын сиқырлы таяғымды жоғалтып алдым!

Аяз ата:Осы кезде Аяз ата оны жұбатып тұрып: қазір мен-ақ өзімнің таяғыммен жағамын дейді.

Ақшақар: Қойыңыз ата! Сіз бұл таяғыңызбен бүкіл шыршаны қатырып татайсыз.

Жүгізуші: Ақшақар сиқырлы таяғыңыз қандай еді?

Ақшақар: Менің таяғым жылтырауық, пішіні жұлдызшаға ұқсайды. Сіздер оны көрмедіңіздер ме?

Жүргізуші: Жаңа мұнда Мыстан болған, ол ұшып бара жатып қалтасынан жылтырған бір затын түсіріп алды, сол емес пе екен?Кәне іздеп көріңіздерші.

(Сөйтіп жатқанда аққала сиқырлы таяқты тауып алады)

Аяз ата: Жарайсың балам!

Жүргізуші: Ендеше балалар Аяз атамен сиқырлы сөздерді айтып, шыршаның шамдарын жағайық: Қуант бізді таңырқат

Шамдарыңды жарқырат!

Жүргізуші: Міне қандай тамаша. Рахмет саған, Ақшақар.Саған біздің балалар ризашылығын білдіріп, «Шырша жыры» әнін тарту еткісі келіп тұр.

Ән: «Шырша жыры»

Тақпақтар:

Би : «Часики»

«Жаңа жыл кіреді» Доңыз Сәлеметсідер ме,балалар! Сәлеметсіздер ме құрметті қонақар! Мен жаңа жылмын, сендерге бақыт,денсаулық тілеймін.

Жүргізуші:Сәлеметсің бе жаңа жыл.Біздің мерекемізге қош келіпсіз.

Ойын: «Қатып қал» аққала ойнатады

Тақпақтар:

Аяз ата: Ой! Бәрекелді, жарайсыңдар! Аталарыңды бір қуантып, тастадыңдар.

Тәрбиеші: Аяз ата! Сіз біздің балаларға сыйлықтар әкелдіңіз бе?

Аяз ата: Әрине, барлық сыйлық мына сандықтың ішінде! Ақшақар қызым сандықтың кілті қайда?

Жүргізуші: Қандай кілтті сұрап тұрсыз? Бағанағы шыршадағы ілініп тұрған кілт пе?

Аяз ата: ия, сол кілт шығар.

Жүргізуші: Аяз-ата, ол кілтті Мыстан алып кетті. Ол тіпті шыршамызды да ала кеткісі келген.

Аяз-ата: Қап, әттеген-ай! Кәне біз Ақшақар екеуіміз оны іздеп келейік.

(Осы кезде залға мыстан кіреді)

Мыстан: А-а, бәлем! Таптым, сандық мұнда тұр екен ғой.

Аяз ата: Мына ұрлықшы мында жүр екен ғой. Кәне кілтті маған бер, балалар сыйлықтарын күтіп қалды.

Мыстан: Ойбай-тағы, не дейді.Сыйлық өзіме де керек.

Аяз ата: Аһ, бәлем! Олай болса өзіңнен көр мен сені қатырып тастаймын. «Кәне таяғым мына мыстанды қатырып таста»

(Мыстан кемпір тұрған бойында қатып қалады)

Мыстан: Әй, Аяз шал! Керегі жоқ, қалпыма келтір! Ой, не істесем екен.

Аяз ата: Бересің бе сандықтың кілтін?

Мыстан: Жоқ, бермеймін.

Аяз ата: А-а, онда солай тұра бер. Мен кеттім.

Мыстан : Жоқ, Аяз ата! Кетпеші, беремін кілтіңді, тек балалар маған бір ән салып берсін. (Осы кезде мыстан қалпына келеді)

Ән: «Жаңа жыл»

Мыстан: Менің көңілім толмады, маған тағы бір өнерлеріңді көрсетіңдер.

Би: «Көңілді би »

Аяз ата:Ал балалар мерекелерің құтты болсын.Мені бүгін бір қуантып,алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарыңда ақылды,білімді, өнерлі екенсіңдер. Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық.Балалар қош болыңдар.

Ақшақар: Сау болыңдар балалар,келесі жаңа жылда кездескенше.

Жүргізуші: Осымен біздің «Қош, келдің Жаңа жыл» атты ертеңгілгіміз аяқталды.Сіздерді жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймыз.Келер жаң ажыл сіздердің барлық істеріңіз бен бастамаларыңызға ақ жол ашып, мол табыстар ала келсін, жетістіктерге тола берсін. Сіздерге зор денсаулық, қуаныш пен шаттыққа толы ұзақ ғұмыр, отбасылырыңызға бақ-береке, ашық аспан, шуақты күндер тілейміз. Келесі кездескенше сау болыңыздар!













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.01.2019
532
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12