400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 21 материал табылды

"Жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы оқушы қабілетін арттыру"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы оқушы қабілетін арттыру"
Материалдың қысқаша нұсқасы



Баяндама



"Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы оқушы қабілетін арттыру”

«О.Бапышев атындағы №8 жалпы»білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Билимбетова Гулшат Сериковна

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы



ХХІ ғасырда Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде үлкен серпіліс жасалынды. Жаңа мыңжылдық білім беру процесін мүмкіндігінше кеңірек қарауды талап етеді. Әр адамды жаңа тез өзгермелі әлемде іс-істеуге, білім ала білуге, өмір сүре білуге, бірлесіп өмір сүре білуге үйрету қажет.

Жас ұрпаққа бәсекеге қабілетті әлемдік білім кеңістігінде білім беруді жүзеге асыру үшін қоғамға білімді, іскер, жаңашыл ұстаз- жаңа тұрпатты мұғалім қажет.

Жаңа тұрпатты мұғалім- бұл заманауи педагогикалық құралдардың бүкіл әлеуетін, инновациялық технологияның қыры мен сырын меңгерген, өзін-өзі кәсіби жетілдіруге үнемі ұмтылып отыратын рухани дамыған, әлеуметтік жағынан шығармашыл, интеллектуалды тұлға , білікті маман.

"Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқыту, ізденуді тоқтатқанда оның мұғалімдігі де жойылады” деген К.Д.Ушинский.

Бүгінгі білім беру ісінің мақсаты – тек білім, білік дағдыларын меңгерту ғана емес, өзін - өзі дамытуға ұмтылатын, ақылды, алғыр, ой - өрісі кең, ақпарат көздерін өз бетімен қолдана алатын, қабілетті де талантты, жастарды тәрбиелеу. Үнемі дамып, өзгеріп отыратын баланың ішкі болмысы мен табиғатын қалыптастыруда мұғалімнің ықпалы ерекше.

Жаңа әдіс-тәсілдерді жүзеге асыру, тиімділігіне қарай пайдалану үшін, әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогикалық мақсат - мүддесіне байланысты,өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады. Жаңа әдіс-тәсілдерді жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады.

Оқушы тұлғасының дамуына, қабілетінің артуына жаңа әдіс-тәсілдердің айтарлықтай ықпал жасайтыны сөзсіз және бұл қазіргі таңдағы білім беру жүйесінің дамуындағы елеулі бағыт. Оқушыларды шығармашылық іс-әрекетке баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыра түсу үшін әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады:

1. Балаларға белгілі тақырыпта әңгіме оқып, оқушыларға басқаша аяқтауға кілт боларлық сюжет ұсыну;

2. Әңгіменің, ертегінің сюжетін бастап беру, аяқтауды оқушыларға тапсыру;

3. Ертегіні ұжым болып тыңдау;

4. Ұнатқан кейіпкерлеріне мінездеме беру;

5. Қиялдау арқылы сурет салғызу, рөлмен ойнату;

6. Арнайы тақырыпта пікірталас тудыру.

Сондықтан да болар қазіргі кезде біздің ұстаздар да осы жаңа әдіс-тәсіл элементтерін өздерінің тәжірибелерінде пайдаланып жүр.



Тізбектелген сабақтар топтамасына енгізілетін жаңа әдіс – тәсілдер:

«Автор орындығы»,

«Бірге ойлаймыз»,

«Телефон»ойыны,Тренинг

«Өзіңді ғана емес,өзгені де таны»

«Кім тапқыр»,

« Инсерт»

«Венн диаграммасы»,

«Он сұрақ»,

«Ойлан,Бірік,Бөліс»,

«Маған көрсет»,

«Кім жылдам?»,

« Бес жолды өлең»

« Сиқырлы сандар»

«Менің бағытым»ойыны,

«Детальдарын қосу» ,

«Айналмалы доп»,

"Ұжымдық сурет ",

« Кубизм »

« Бұл не?Бұл кім?»

«Ойлан ,тап»,

«Үш қадамдық сұхбат»,

«Миға шабуыл» әдісі,

«Әліпби желісі»,

«Интервью» әдісі ,

« Сәйкесін тап»

Саны бар атаулар

Сыныбымдағы әр оқушының пән бойынша ізденімпаздық деңгейлері анықтаймын. Сонымен қатар пәнге қабілеттілігі, қызығушылығы анықталады. Шығармашылық әр оқушының жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін, танымдық іс-әрекеттері мен дағдыларының дәрежесін көрсетіп береді.

Шығармашылық жұмыстарды тәжірибемде мынадай тәртіппен орындаймын: мақсаты жұмыс барысы, алынған нәтижелері бойынша өзіндік ұстауы, сондай-ақ оқушылардың пікірлері енгізіледі, таңдаулы жұмыстардың авторларына қорғау қорытындысы бойынша марапаттау рәсімі жүргіземін, жұмыс мектеп көрмесіне қойылады немесе шығармашылық жұмыс жинақта жарияланады т.б.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін көтеруді мұғалім алдына мақсат етіп қояды. Мұғалім оқушы күйіне кіріп, олардың тақырыпқа қатынас әрекетін ойлайды, өтілетін сабақтың проблемасына қажет жағдайда жоспарланған сабақ мазмұны мен оқыту әдістеріне түзетулер енгізеді.Сабақ тақырыбы бойынша мұғалім оқулықтар, кітаптар, әдістемелік кітаптар, басқа да материалдармен танысады. Мұғалім өзіне, оқушыларға мықты болатын мәселелерді іздестіреді. Осы мәселелер жөнінде көптеген материалдарды қарастырып, мамандардың пікірлерін ескере отырып, табу қажет.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 наурыз
82
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі