жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Жаңа ақпараттық технологияларды оқу іс-әрекетінде қолдану.»
«Сыр жұлдызы» бөбекжай бақшасының
Әдіскері: Алиева Самал
Тақырыбы: «Жаңа ақпараттық технологияларды оқу іс-әрекетінде қолдану.»
Біздің
қоғамымыз дамудың жаңа кезеңі-ақпараттық
кезеңге толықтай көшіп келеді, бұл
кезең, компютерлік техника мен оған
байланысты барлық ақпараттық
коммуникациялық технологиялар педагог
қызметінің барлық саласына кірігіп,оның
табиғи ортасына айналып отыр. Қазіргі
кезде білім кеңістігін заманғы сай
ақпараттық технологияларсыз елестету
мүмкін емес.
Жаңа ақпараттық
коммуникациялық технологияны пайдалану;
білім мазмұнының заман талабына сай
болуына, балалардың болашақта қажетті
білімді, толығымен алуына өздігімен
меңгеруіне, өзін-өзі бағалай алуына, өз
күшіне сенімділіктің болуына
бағыттайды.
Олай болса:
1.Ақпараттық
коммуникативтік технологиялар дегеніміз
не?
2.Ақпараттық коммуникациялық
технологияның мүмкіндіктері қандай?
Ендеше
бірінші сауалға: ақпараттық-ақпарат,
жаңалық, коммуникативттік-байланыс,
қатынас деген ұғымды
білдірсе,технология-іскерлік,шеберлік
ұғымдарын береді. Бір сөзбен
"Ақпараттық-коммуникативттік
технологиялар жеке тұлғаға ғылыми
ұғымдарды түсіндіруді және олардың
қабылдауын,түсінуін жеңілдетуге
мүмкіндік беретін маңызды жүйе" деп
айтуға болады.
Осыған
орай бүгінгі педагог қауымының алдында
білім,білік дағдыларын игертіп қана
қоймай,қабылдауын,ойлауын,ерік
жігерлерін,яғни өз бетімен жұмыс жасай
білетін,бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны
дамыту міндеті тұр. Ғалымдар пікірінше
Ақпараттық коммуникативтік технологияны
екі бөлікте сипаттайды.
1.Компютерлік
бағдарламалар
2.Желілік қызмет
жалпы
білім берудің мақсаты-терең білімнің,кәсіби
дағдылардың негізінде еркін бағдарлай
білуге,өзін-өзі дамытудағы адамгершілік
тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға
қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру
болса,ақпараттандыру жолының басты
мақсаты-оқыту үрдісін ақпараттандыру.
-Электрондық
оқулықтардың құрылымын жасақтау;
-Техникалық
және бағдарламалық қамсыздандыру;
-Әлемдік
білім беру кеңістігіне ену болып
отыр.
Бірақ бұл мақсатқа жетудің ең
басты міндеті:-
-білім беруді
ақпараттандыруды дамыту тенденцияларын
зерттеу және оған сәйкес мазмұнын
анықтау;
-Педагог мамандарды
ақпараттық-коммуникациялық технологияны
өз қызметтеріне енгізуге байланысты
ұйымдастыру жүйесін
жасау.
-Ақпараттық-комуникациялық
технология -келешек ұрпақтың жан-жақты
білім алуына, іскер әрі талантты,шығармашылығы
мол, еркін дамуына жол ашуына тигізер
пайдасы мол деп есептеймін.
Дамыған
елдердегі білім беру жүйесіндегі ерекше
маңызды мәселелердің бірі-оқытуды
ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде
ақпараттық -коммуникациялық технологияларды
пайдалану.
Жаңа ақпараттық технологияға
ғалымдар әр түрлі анықтама беріп
отыр.М.Жалдак бұл терминнің неғұрлым
кеңірек анықтамасын береді: "Жаңа
ақпараттық технология-адамдардың
білімін кеңейтіп,олардың техникалық
және әлеуметтік үрдістерді басқару
мүмкіндігін дамытатын, ақпаратты жинау,
ұйымдастыру, сақтау, өңдеу тасымалдау
және жеткізудің техникалық құралдары
мен әдістерінің жиынтығы"- дейді.
Яғни,
білім беру жүйесінің барлық саласында
жаңа ақпараттық технологияны жоспарлы
түрде енгізіп,жүйелік интегралды өткізу
немесе қамтамасыз ету қажеттілігі
туындап отыр. Қазіргі замандағы ақпараттық
технология әрбір тұлғаның білім алу
үдерісінде шығармашылық қабілетін
дамытуға айқын мүмкіндіктер береді.
Қазіргі
кезде толғандыратын мәселелердің ең
негізгісі -еліміздің болашағы. Еліміздің
өркен жайып кеңге сермеуі үшін басты
мәселе жас ұрпақтың білімді де тәрбиелі
болып жетілуі екені белгілі. Сол тәрбиеде
заманауи бағытта ақпараттық технологияны
пайдалана отырып, инновациялық әдіс
негізінде мектепке дейінгі біліи беру
ұйымдары күрделі жұмыс жасауда.
Педагогикалық процесте инновация оқыту
мен тәрбиенің тәсілдері,түрлері мақсаты
мен мазмұнын педагог пен бала бірлескен
қызметін ұйымдастыру жаңалық енгізуді
білдіреді.Қазіргі заман инновациялық
қызметі-балабаұша балаларымен жұмыс
істеуде.. Қазірігі таңда мектепке дейінгі
орындарда инновациялық технологияны
ендіруге көптеген күш жұмсалады. Мектепке
дейінгі ұйым педагогтарының негізгі
міндеті: әдіс тәсілдерді дұрыс таңдау,
жаңаша педагогикалық технологияларды
дұрыс қолдана білу, жеке тұлғаның дұрыс
дамып қалыптасуы үшін ыңғайлы жағдай
жасау.ХХI ғасырда білім мен ғылымды жаңа
инновациялық технология бағытында
дамыту маңызды мәселелердің бірі. Елбасы
Н.Ә.Назарбаев "Қазақстан -2050"
стратегиялық жолдауында "біз білім
-ғылым-инновациялар үштігі билеген
постиндустриялық әлемге қарай жылжып
келеміз, біріншіден ,бұл -уақыт, қазір
инновация заманы, инновация ғасыры"
деп атап көрсеткен болатын.. Яғни
иновацияны жаңаны көру,жаңаға ену,жаңаға
кіріспе деп түсінуіміз қажет. Инновациялық
білім беру құралдарына: аудио,видео,
құралдар, компьютер, интерактивті
тақта,интернеть, мультимедиялық құрал,
электрондық оқулықтар мен оқу әдістемелік
кешендер, инновациялық ақпарат банк,
инновациялық сайт және тағы басқалары
жатады. Осы бағытта «Сыр жұлдызы»
бөбекжай бақшасыда ақпараттық
технологияларды қолдану айтарлықтай
оң нәтиже беруде.Барлық топтар интерактивті
тақтамен жабдықталып, компютермен
қамтамассыз етілген. Кез келген
ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде
электрондық оқулықты пайдалану арқылы
жүргізіледі. Инновациялық технологияларды
пайдалану арқылы балалардың танымдық
белсенділігін арттырып қана қоймай,
қисынды ойлау жүйесін қалыптастыруға,
шығармашылықпен еңбек етуге жағдай
жасайды. Қазіргі таңда көптеген
интерактивтік бағдарламалық бөлімдер,
қозғалмалы обьектілер құруға мүмкіндік
беретін векторлық және графикалық
жабдықтар көптеп шығып, қолданыс табуда.
Осындай құралдардың бірі-мультимедиялық
оқулықтарды балабақшаларда кеңінен
пайдалану. Бұл жағдайда тәрбиеші әр оқу
іс -әрекеттерін бастар алдында жиі
көрнекіліктер ауыстырмаған болар еді.
Ал, мультимедиялық оқулықтар арқылы
тәрбиеші уақытты тиімді және ұтымды
пайдалануға болады.
Балабақша баласына
мультимедиялық оқулықтар, слайд шоу,
видео, электронды ойындар, электронды
көрнекіліктер, электронды ойыншықтар
біріншіден балалардың қызығушылығын
арттырады, екіншіден зейін қойып көрумен
қатар түсінбеген жерлерін қайта көруге
мүмкіндік алады.
Мультимедиялық
оқулықтар балабақшада балаларға арналған
таптырмас құрал болып табылады.Өйткені
, балалардың зейіні әр түрлі әдемі
түстерге , ойыншықтарға ,әдемі суреттерге,
әсемдікке әуес болады.
Мультимедиялық
құрал электронды оқулықтар бала үшінде,
тәрбиеші үшінде күнде дамытылып отыратын
анық түрдегі әдістемелік жүйе болып
табылады.
Мектепке дейінгі мекемелерде
ақпараттық қатынастық технология
құралдарын
қолданудағы мақсат
баланың танымдық қызығушылығын
қалыптастыру, балада танымдық
қызығушылықтың болуы олардың оқу
іс-әрекеттерге белсенді,білімнің сапалы
болуына жағымды мінез құлықтарын
қалыптастыруға мүмкіндік береді. Осы
мақсатқа сәйкес балабақшада «Мультстудия»
мен балалар жұмыс жасауда. Жаңа
инновациялық технологияларды,
әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, алдағы
уақытта көптеген жобалар жоспарлануда.
Және сол жопарда бүлдіршіндердің
келешегі үшін қолданысқа енгіземіз
деген сенімдеміз.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген