Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жаңа ақпараттық технологиялармен оқытудың педагогикалық процестегі тиімділігін арттыру

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге дайын баяндама
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ақсу қаласындағы № 1 қазақ орта мектебі» коммуналдық мекеме



Жаңа ақпараттық технологиялармен оқытудың педагогикалық процестегі тиімділігін арттыру


Аккожина Асемгуль Бахытовна

бастауыш сынып мұғалімі

Мақсаты: Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру. Педагогикалық технология – педагогикалық іскерліктердің жетістігіне жеткізетін ғылыми жобалау және нақты өндіру.

Өзектілігі: Елбасы Н.Ә. Назарбаев халыққа жолдаған жолдауында «Біздің міндет жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалана отырып, білім мен бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу» деп ұстаздар қауымының алдына жаңа міндеттер қойды.

Жаңашылдығы: Педагогикалық процесс белгілі жүйе принциптерінде құрылатын болғандықтан, педагогикалық технология сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Осы принциптерді жалғастырмалы орындау оларға объективті қарым-қатынастарында және педагогтың тұлғасын толық көрсететін жинағы ретінде қалыптастырылады. Педагогикалық технологияны оны жақсы меңгеру дегеніміздің өзі – шеберлік.

Ізденушілік: Қазіргі өмір талабына бағытталған білім ұйымдастыру, 21 ғасырға керекті оқушылардың білім-біліктерін дамыту:

- Мәселелерді сыни тұрғыда ойлап шеше білу;

-көшбасшылық қабілеттерінің болуы, командада жұмыс жасай білу;

- Жаңа жағдайларда шешім қабылдай білу;

- Белсенділік және басқару біліктері;

- Сауатты ауызша, жазбаша өз ойын жеткізе білу ;

-мәліметті іздеп таба білу, қолдану;

- Танымдық қызығушылықтары мен іскерлік біліктері.

Құрылымы:

Жинақтау, талдау,жүйелеу,анализ, синтездеу, сұрыптау.

Практикалық мәні: Қазіргі СТО технологияның озық жетістіктерін информатика сабағында қолдану арқылы танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыра отырып, студенттердің құзіреттілігін дамытуға болады. Заман талабына сай білім беру үшін мұғалімнен оқу процесінің ғылыми теорияға негізделген және студенттің қабілетімен бейіміне негізделген оқытудың таңдамалы, белсенді, қарқынды әдістеріне көшуді талап етеді. Егер информатика пәні бойынша жүйелі жан-жақты терең білім берілсе СТО технологиясы арқылы студенттердің шығармашылығы қалыптаса, онда логикалық ойлары теңеліп, өздігінен білім алу, сол білімді нәтежелі түрде пайдалану деңгейлері уақыт талабына сай, бәскеге қабілетті және құзіретті тұлға болып қалыптасады.


Оқыту технологиясы оқыту мазмұнын жүзеге асыру жолындағы алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін қамтамасыз ететін оқытудың әдіс, құрал және түрлерінің жүйесі болып табылады. Педагогикалық технология үш аспектіде қаралады: ғылыми, процессуалды – сипаттамалы, процессуалды – әрекеттік. Осындағы жолмен педагогикалық технология оқытудың рационалды жолдарын зерттеуші ғылыми ретінде, принциптер мен зерттеуші қызметін атқарады.

Баланы қызықтыра тәрбиелеп басқару оқушының білімге, ғылымға деген құлшынысын күшейтеді, өркендеуіне өте қажет шығармашылық қасиеттерін ашады. Білімнің сапалы болуы тікелей мұғалімге, оның білім дәрежесі мен іздену шеберлігіне байланысты. Педагогикалық технология дегеніміз – оқытушының өзін-өзі ұстай білуі, байқағыштығы, алғырлығы, сөзге шешендігі. Педагогикалық технология ақпаратты өңдеу, сақтау, беру әдістері мен құралдарының табыстарына байланысты дамудың барлық мүмкіндіктеріне ие бола алатын әлеуметтік технологияның маңызды компоненті болып табылады. Сонымен технология деп белгіленген мақсатты тиімді орындау үшін материалды түрлендіру процестері мен әдістерінің жиынтығы, кешенді бірлігін айтуға болады.

Педагогикалық технологияда алғаш рет анықтама берген ғалымдардың бірі – орыс ғалымы В.П. Беспалько. Ол «педагогикалық технологияны практикада іске асатын нақты педагогикалық жүйе, жоба» деп көрсеткен.

Б.Т. Лихачев «Педагогикалық технологияны оқу үрдісіне белгілі бір мақсат көздей отырып әсер ететін педагогикалық нәтижеге жетелейтін бірліктердің жүйесі» ретінде көрсетеді, оның үнемі өзгеріп отыратындығын айтады.

Қазақстандағы Ж.А. Қараевтың, Ә. Жүнісбектің және тағы басқа ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде қолданылуда.

Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту тәрбиелеудегі ең озық тиімді ізденістерін, тәжірибелерін жалғастырып, тың жолдар іздеу педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту жалғаса бермек.

Сондықтан қоғам талабына сай шебер мұғалім болу заман талабы болып тұрғаны анық. Ал жаңа формация мұғалімі деген кім деген сұраққа жауап іздейтін болсақ, Қазақстан Республикасының жаңа педагогикалық білім беру тұжырымдамасында: «Жаңа формация мұғалімі кәсіби дағды мен педагогикалық дарыны қалыптасқан жаңалыққа құмар, рухани дүниесі бай, шығармашылықпен жұмыс істейтін жеке тұлға» деп көрсетілген, яғни ол ізгілі мол, әр іске жаңашылдықпен үлкен ізденіспен зерттеуші ретінде қарайтын, ақпараттық технологияны толық меңгерген, коммуникативті, бір сөзбен айтқанда, толыққанды құзырлы адам.

Мұғалімнің мақсаты – білім алушылардың пәнге деген қызығуын арттыра отырып сапалы білім беру болса, ал қазіргі заман талабына сай білім берудің жолы – тиімді педагогикалық технологияны басшылыққа алу.

«Технология» ұғымы латын сөздерінен – «техне» – өнер, шеберлік, кәсіп және «логос» – ғылым дегенді білдіреді. Технология ғылыми жетістіктерді негізудің тәсілі мен нәтижесі ретінде, ғылымда қол жеткізілген деңгейдің жинақталған көрінісі ретінде анықталады. Демек, оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып, білім сапасын арттыру, мазмұнын байыту, оқу үрдісін жетілдіру, жан-жақты дамыған, рухани дүниесі бай жас ұрпақты тәрбиелеу – кезек күттірмейтін мәселелердің бірі.

Қазіргі СТО технологияның озық жетістіктерін информатика сабағында қолдану арқылы танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыра отырып, студенттердің құзіреттілігін дамытуға болады. Заман талабына сай білім беру үшін мұғалімнен оқу процесінің ғылыми теорияға негізделген және студенттің қабілетімен бейіміне негізделген оқытудың таңдамалы, белсенді, қарқынды әдістеріне көшуді талап етеді. Егер информатика пәні бойынша жүйелі жан-жақты терең білім берілсе СТО технологиясы арқылы студенттердің шығармашылығы қалыптаса, онда логикалық ойлары теңеліп, өздігінен білім алу, сол білімді нәтежелі түрде пайдалану деңгейлері уақыт талабына сай, бәскеге қабілетті және құзіретті тұлға болып қалыптасады.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы.

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» (СТО) бағдарламасы қазіргі таңда білімді, білгенін өмірге пайдалана алатын шәкірт тәрбиелеуде алатын орны ерекше.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түпкір – түпкірінен жыйылған білім берушілердің бірлескен еңбегі, ал бағдарламаның негізі Ж. Пиаже, Л.С. Выготский теорияларын басшылыққа алады.

Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша жүргізілетін жұмыста білім алушылардың:

  1. Өз бетінше тұжырым жасау, қорытындыға келу.

  2. Ұқсас құбылыстар арқылы арасынан тиімдісін таңдай білу.

  3. Проблеманы шеше білу.

  4. Пікір таласты жүргізе білуге қабілеті қалыптасады.

Сын тұрғысынан ойлаудың маңыздылығының нәтижесі:

  1. Әдіс түрлері.

  2. Белсенді практикалық іс-әрекетте болуы

  3. Басқалармен қарым-қатынас жасай білу, қорғай білу.

  4. Қажет болса өз көзқарасын өзгерту.

  5. Топтық тұжырымға келе білу.

  6. Топ алдына шығып,өз тұжырымын айта білу.

Жалпы сын тұрғысынан ойлау, оқыту мақсатына жетудің нақты жолдарын көрсетеді. Технологияны оқыту стратегиялары (тәсілдері)
Технологияны жетік меңгеру үшін бірнеше тәсілдер қолданылады. Оқытуда жақсы нәтижеге жету үшін осы стратегияларды оқыту үрдісінің әр кезеңінде сабақтың мазмұнына қарай пайдаланған жөн.

Кластер (топтастыру). Бұл тәсілдің авторы американдық Гудлат. Стратегияның мәні оқу материалын график түрінде жүйелеу, яғни мәтіннің маңызды бөлігін бөліп, график түрінде белгілі бір тәртіппен шоқ тәрізді орналастыру. Мысалы, сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының кезеңдерін кластер түрінде былай келтіруге болады. Бұл тәсілді қызығушылықты ояту және ой толғау кезеңдерінде қолдануға болады.
Инсерт (түртіп алу) жүйесі. Бұл тәсіл бойынша оқу материалы дайын күйінде беріледі, мәтінді оқып отырып оның бір жақ шетіне немесе кесте түрінде жазылады:
«V» - білемін «+» мен үшін жаңа «-» басқаша ойлаймын «?» - түсінбедім, тереңірек білгім келеді

Кестені мәтіннің фрагменттері немесе толық абзац түрінде толтырады. Сонан соң оқушылар жұп болып немесе топпен өзара пікір алмасады. Түсініксіз болған ұғымдарды мұғалім түсіндіреді немесе басқа ақпарат көздерінен іздеуге үйге тапсырма беріледі. Мұнда оқушыларға аз таныс, қызықтыратын, энциклопедиялық сипаттағы, яғни құбылыстар туралы мәліметтер жинауға болады. Бұл тәсіл дәстүрлі оқытудағы «оқулықтан пәлен парагрофты оқыңдар» деген тапсырмаға қарағанда тиімді.
Венн диаграммасы – екі затты алып, олардың ерекшеліктері мен ұқсастықтарын салыстыру.

«Синквейн» тәсілі. Мұны бес жолдан тұратын өлең деп те атайды. Бұл әрбір ой толғау кезеңінде қолданылады.

Синквейн жазу ережесі:

1) Бірінші қатарға бір сөзбен тақырып жазылады (зат есім түрінде).

2) Екінші қатарға тақырыпты екі сөзбен келтіруі (екі сын есім түрінде).

3) Үшінші қатарға үш сөзбен осы тақырып бойынша іс - әрекет жазылады (етістік, көсемше).

4) Төртінші қатарға төрт сөзден тұратын осы тақырыпқа қатысты сөйлем немесе сөз тіркесі.

5) Соңғы қатарға тақырып мәнін сипаттайтын бір сөзден тұратын синоним (метафора) жазылады.

Топтың мүшелерін дамыту мақсатында уақытты үнемдеу арқылы оқушылардың барлығын тыңдауға мүмкіндік береді. Кестені толтыру барысында ұсыныстар және жаңа ойлар қосуға болады.
Концептуалдық дөңгелек стратегиясы кластерге ұқсас, бірақ мұнда бір шоқтан таралуы керек. Мысалы 2 сыныпта дүниетану пәні бойынша жүргізген « Бұлар қайдан шығады?» тақырыбында өткізген сабағымда «мал шаруашылығы» ұғымына осы стратегияны қолдандым:
Бұл тәсіл оқушылардың назарын оқылатын тақырыпқа аударуға, сабақ жоспарын жасауға мүмкіндік береді.

«Ирек» стратегиясы. Оқушылардың танып білу қызметін арттыру үшін қолданылады. Мұғалім алдын ала мәтінді мағынасына қарай бөліктерге бөліп тастайды. Бүкіл сыныптағы оқушыларды топқа бөліп, әр топқа мәтін үзінділерін береді. Әр топ сынып оқушыларға, өздеріне берілген мәтіндерін түсіндіріп шығады. Мұндағы басты мақсат - әр оқушы осы тақырыпты түгелдей қамтуында. Осы орайда «Бұлар қайдан шығады?» тақырыбын топ бойынша бөліктерге бөліп тастап және интереактивті тақтадан жайлаудың суретін көрсету арқылы мәтін құрастыруына жол сілтедім.

«Болжам» стратегиясы. Оқиға мазмұны арқылы баланы қиялдату, ойын, сыни көзқарасын дамыту, проблемалық мәселе туғызу.
Осы орайда әр топқа тапсырмалар бере отырып қиялдауына еркіндік бердім. Оқушылар арасынан қиялы жүйрік бала дараланып шығатыны сөзсіз.
«Пікір алысу» стратегиясы. Оқушылар бір қорытындыға келетін мәселеге байланысты пікір таластырады, пайдалы, пайдасыз жақтарын шешеді. Белгілі тақырыпты алып, әлеуметтік өмірмен байланыстыру, өз көзқарасын дамыту, өзгені құрметтеуге үйретеді.

Қорыта келгенде студенттердің сөйлеу дағдысы қалыптасады, танымдық көзқарасы жетіледі. Студент талдаудың барысында өзіне берілген мәліметті жүйелеп, жинақтап жеткізуге үйренеді, тірек сызбалар арқылы ойын тұжырымдап айтуға, әрі шығармашылық ізденісіне жол ашады. Бүгінгі таңда білім беруді ақпараттандырусыз ұйымдастырып, жоспарлау мүмкін емес. Сондықтан жаңа технологияны әрбір ұстаздың пайдалануы – өмір талабы.

Әдебиет

  1. Г. Кертаев. Оқытудың кейбір әдістері. Алматы, 1991ж. 8-10б.

  2. Б.Р. Айтмамбетова. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері.

Алматы, 1991ж. 25-29б.

  1. Беспалько В.П. Педагогика технологиясы.1998. 5-6б.

  2. Мирсейітова С. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы.1998ж. 19-21б.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.01.2019
461
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12