ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ

Тақырып бойынша 31 материал табылды

ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімге керек ақпарат
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,

ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»

Н Ә. Назарбаев «Бала — болашағым» деген елміз, сондықтан да біздің алдымызда үлкен міндеттер тұр. Ел болашағы болар жас ұрпақты тәрбиелеу жолында біз, ұстаздар, баланың жаны мен тәні таза, рухани бай, дені сау етіп өсірумен бірге алған білімін болашақта қолдана алатын, сандық сауаттылығы артқан, өз ойын еркін жеткізе алатын, бәсекеге қабілетті етіп тәрбиелеуге міндеттіміз. Әрбір мемлекеттің өсіп-өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы – осы ұстаз берген білім. Сондықтан да дамудың ең биік көкжиегінен көрінгісі келетін кез келген мемлекет, ең алдымен, білім беру саласын дұрыс жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді. Ендеше осындай бәсекеге қабілетті, рухы биік ұрпақ тәрбиелеу жаңа форматтағы мұғалімінің еншісіне тиері анық. Жаңа форматтағы жаңашыл ұстаз:

- ол рухани адамгершілігі жоғары, азаматтық жауапкершілігі мол, өзін-өзін көрсетуге ұмтылысы, пәннің әдіснамалық негіздерін, әлеуметтік, тұлғалық, коммуникативтік, ақпараттық және біліктіліктің басқа түрлерін меңгерген құзырлығы жоғары деңгейдегі білімді ұстаз.

- ол өзінің пәнін біліп қана қоймай, сонымен қатар педагогикалық процестегі әр қатысушының орнын көре біліп, оқушылар іс-әрекетін ұйымдастырып, оның нәтижелерін алдын ала байқап, мүмкін болатын жағдайда арттақалушылықты реттеуі керек;

- білімге ерекше қабілеті бар балалармен жұмыс істеуді жүзеге асыру қажет;

- оқушылардың адамгершілік-рухани, азаматтық-патриоттық, көп мәдениетті, денсаулығын сақтау тәрбиесін жүзеге асыра білуі тиіс. Ал жаңа форматтағы мұғалім дегеніміз кім?- деген сұраққа жауап іздейтін болсақ, Қазақстан Республикасының жоғары педагогикалық білім беру тұжырымдамасында «Жаңа форматтағы мұғалім – кәсіби дағды мен педагогикалық дарыны қалыптасқан, жаңалыққа құмар, рухани дүниесі бай, шығармашылықпен жұмыс істейтін жеке тұлға» деп көрсетілген, яғни ол ізгілігі мол, әр іске жаңашылдықпен, үлкен ізденіспен зерттеуші ретінде қарайтын, ақпараттық технологияны толық меңгерген, бір сөзбен айтқанда, толыққанды құзырлы адам. Білім беру жүйесінің негізгі міндеті баланың рухани мүмкіндігін дамыту, оны оқыту, тәрбиелеу мен өзіндік қабілетінің дамуына жағдай жасау. Тәуелсіздік туы желбіреген мемлекетіміздің ертеңгі, ел тізгінін ұстар азаматы - бүгінгі білімді шәкірт екендігіне еш күмән жоқ. Ал білімді шәкірт - білімді ұстаздың жемісі. Қазіргі кезде білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас, басқаша қарымқатынас пайда болды. Баланың жеке басын тәрбиелеуде, оның жан дүниесінің рухани баюына көңіл бөлінуде. Сондықтан білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгеріп, жаңа форматтағы мұғалім болу – заман талабына сай білім берудің жолы- тиімді педагогикалық технологияларды ұтымды пайдалана білу шеберлігі. Бұл мұғалімнің бойында құзіреттіліктің үш түрі болуы міндетті: проблемалардың шешімін табу құзыреттілігі; ақпараттық құзыреттілік; коммуникативтік құзыреттілік; Проблемалық шешімін табу құзыреттілігі – бұл түрлі жағдайларда проблемаларды анықтайды, жауапты шешім қабылдайды, өз шешімінің нәтиежесін бағалайды. Өз ісәрекетіне мақсат қоя алады, оны іске асыруға қажетті жағдайларды анықтайды. Сонымен қатар қойылған міндеттерге сәйкес технологияларды таңдайды. Ақпараттық құзыреттілік - сыни тұрғыдан ұғынылған ақпарат негізінде саналы шешім қабылдайды, ақпараттарды өз бетімен табады, талдайды, іріктеу жасайды, қайта құрады, сақтайды, түрлендіруге және тасымалдауға, соның ішінде қазіргі заманғы технологиялардың көмегімен аталған жұмыстарды жүзеге асырады. Коммуникативтік құзыреттілік – нақты өмір жағдайында өзінің міндеттеріне жету үшін мемлекеттік және басқа тілдерде ауызша және жазбаша коммуникациялардың түрлі құралдарын қолданады. Тілдік қатынас міндеттеріне сәйкес стильдер мен жанрларды таңдайды және қолданады. Әр мұғалім оқушыға көпқырлы сабақ беретін болған соң, қазіргі жаhандану саясатына сәйкес жаңа технологияны өз ыңғайына, пәніне лайықтап пайдалануы тиіс. Мұғалім шеберлігі – ізденіс нәтижесі. Сондықтан, орыстың ұлы педагог-ғалымы К.Д.Ушинскийдің “Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады” – деген. Бұл “Ұстаз” атты ұлы сүрлеуге соқпағын салып, жол тартқан көкірегі ояу, көзі ашық әрбір адамға берілген елеулі ескерту. Сабақты тартымды өткізіп, оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін әр сабағымызды түрлендіріп отыру шарт. Ол үшін тек бір технологиямен шектеліп қалмай, әртүрлі технологияның элементтерін пайдалану қажет. Сөз соңында, қорытындыласақ, жаңа форматтағы мұғалім - мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығына жағдай жасай алатын, тұлғалық-ізгілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен іс-қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген, отандық тәжірибелерді қолдана білетін кәсіби педагог. Әділетті, әдемі, мейірімді, баламен тіл табысып сөйлесетін, мәдениетті, талапшыл, даусы жағымды, рухани адамгершілігі мол, рефлекцияға қабілетті, ақпараттық коммуникациялық, әлеуметтік-тұлғалық құзырлықтары қалыптасқан, оқытудың жаңа тәсілдерін меңгерген, оқулықтардың негізгі идеясын, дамытушылық мәнін іске асыра алатын жаңашыл ұстаз болуы тиіс

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.02.2023
235
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі