Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жаңа жыл - жаңа жыр

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал ұстаздарға қажет. Жаңа жыл кештерін өткізу үшін. Сценарий құру үшін көмекші құрал деп ойлаймын. Жаңа жыл жылына бір рет келетін мереке. Жыл сайын дәстүрге айналған мереке.Сондықтан балалар асыға күтеді, әсіресе мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндер үшін өте қызық. Аяз атадан сыйлық алу үшін сағына күтеді.Балалар үшін бәрі қызық.
Материалдың қысқаша нұсқасы


1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ата-ана, қымбатты ұстаздар, оқушылар!

2-жүргізуші: Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын!

1-жүргізуші: Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге,

Жаңа табыс тілейік ісімізге.

Келе жатқан Жаңа жыл құт әкелсін,

Мына отырған барша жан бәрімізге.

2- жүргізуші: Айнала қоршап шыршаны,

Шашылар шашу жыр-әні.

Мынау әсем шыршаға,

Қош келдіңіздер, балалар!- дей отырып ортаға Жаңа жылдық шыршаға келіп отырған оқушыларды шақырайық. (Музыка ойнап тұрады, залға оқушылар кіріп шыршаны айнала тұрады.)

1-жүргізуші: Жаңа жылдық шырша мерекесіне қош келдіңіздер, балалар!

Құттықтау сөз мектеп директоры Б.Ш.Мұхановаға береміз.

2-жүргізуші:

Ак көңілім айналды аппақ қарға,

Көңілдене қосыл сен ін мен жырға.

Қыс қызығы басылмай ұласады,

Қуаныш көп болсын Жаңа жылда.

1-жүргізуші:

Мектебіміздің бишісін шақырайық,

Қошеметпен, құрметпен қарсы алайық.

Бишімізді ырғалтып би билетіп,

Қол соғып биік шыңға самғатайық- деп бишімізді ортаға шақырайық.

Ортада 9-сынып тәрбиеленушілері «Микки маус» биін билейді. Қарсы алайық.

2-жүргізуші:

Ал халайық, халайық,

Ескі жылдай аға бар.

Оны ортаға алайық,

Қош айтысып қалайық.

(Музыка ойнап Ескі жыл келеді)

Ескі жыл:

Ескі жылың есіркеп,

Жаңа жылың жарылқап,

Еліңде болсын тыныштық,

Бейбіт күнің жарқырап.

Қоштасамын бүгін мен

Сіздерді қимас көңілмен.

Келер тауық жылында

Дән көп болсын қоймада

Тыныштық пен бейбіт күн

Болсын деп тілеп әманда,

Қош сау болыңдар!

(Қол бұлғап, қоштасып Ескі жыл кетеді)

1-жүргізуші:

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.

«Жаңа жылмен құттықтаймын» деген үн

Қанаттана кең алқапқа тарады

2-жүргізуші:

Жаңа жыл-қайсарлық пен жүректілік

Баратын болашаққа білек түріп.

Біз жаңа жылдарға қол соғамыз

Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып.

Клоун:

Алақай, алақай,

Жыл келді шапқылап,

Қанекей, қарсы алайық жақсылап!

(Жаңа жыл қоян кейпінде келеді)

1-жүргізуші:

Келді міне жаңа жыл аппақ болып,

Ән болып, жұмбақ болып, тақпақ болып

2-жүргізуші:

Ауламыздың тұсына қонып жатыр

Аяз болып, мұз болып, қатқақ болып.

Жаңа Жыл келеді.

Жаңа жыл: Рахмет балалар! Мені бөтенсімей шын ықыласпен қарсы алғандарыңызға рахмет!

Жақсылыққа бағыттаған

Тауық жылымен жаңа жыл

Жаңа жылда барлығыңыз

Жаңа үміт таба біл.

Тауық жылының мерекесін

Берекеге жалғаймын

Елде, жерде, табиғатта

Бейбіт жолды қолдаймын.

Хор «Жаңа Жыл- Жаңа Жыр»

1-жүргізуші:

Аппақ тонға оранып

Базарлықты мол алып,

Келеді алыс сапардан

Аяз ата оранып

2-жүргізуші:

Келеді аяз атамыз,

Қасында Ақшақары бар.

Қызыққа әбден батамыз

Қарсы аламыз баршамыз.

1-жүргізуші: Ал енді, құрметті халайық! Бүгінгі кешіміздің қадірлі қонағы әрі сәні Аяз ата мен Ақшақарды қарсы алайық!

Хормен: Аяз ата ! Ақшақар! (3 рет) (Музыка ойна Аяз ата мен Ақша қар келеді)

2-жүргізуші: Қош келдіңіз Аяз ата!

1-жүргізуші: Амансызба Ақшақар!

Аяз ата:

Амансыңдар ма ұлдарым,

Амансыңдарма қыздарым!

Қандай жарқын жүздерің,

Қандай әсем билерің!

Асулармен алыстым!

Асау желмен жарыстым.

Шыршамызға асығып,

Өздеріңмен табыстым.

Ақшақар:

Армысыздар, оқушылар, ата-аналар,

Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

Жаңа жыл бірлік пен татулық жылы болсын,

Әр отбасы үшін ырыс пен береке жылы болсын!

2-жүргізуші: Аяз ата, сіз алыс жолдан шаршап келдіңіз, енді отырып демалыңыз. Біздің сізге арналған жаңа жылдық тартуларымызды қабыл алыңыз!

1-жүргізуші:

Кел, Жаңа жыл!

Төрлет, төрле жеріме

Құт- береке боп келгейсің еліме!

Үміт артып армандарға аяулы,

Шаттығыңа бөлгейсің бізді де - дей отырып кезекті кішкентай тәрбиеленушілердің тақпақтарына береміз. (Балалар кезектесіп тақпақ айтады.)

2-жүргізуші:

Кел, төрлет, Жаңа жылым, құтты жылым

Өзіңді бүкіл елім күтті бүгін.

Қарсы алдық сені еселі еңбекпенен,

Жарқырап әне алдыменен шықты күнім.

1-жүргізуші:

Асыға кұткен Жаңа жыл,

Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл

Жаңа заман, жаңа айлар,

Кел Жаңа жыл, Жаңа жыл!

Ән «Жаңа Жыл» орындайтын Әлімжанова Аяжан.

2-жүргізуші:

Шырша қандай керемет

Ойыншықтар ілінген,

Жымың қағып шамдары,

Бүкіл қызық тірілген

1-жүргізуші:

Жырқайды жан жағым

Жаңа жылдық киіммен.

Жаңа жылдық сыйлығын

Жеңіп алғын өнермен.

«Корей биі» 4-5-6 сынып тәрбиеленушілеріның орындауында.

Аяз ата: Ой бәрекелді, балаларым. Әсем ән шырқап, би билеп аталарыңды бір қуантып тастадыңдар. Көп-көп рахмет, өркендерің өссін. Енді Ақшақар екеуміз атанайық. Баршаларыңызбен қоштасамыз, сау болыңыздар!

Ақшақар: Сау болыңыздар, балалар! Келесі Жаңа жылда кездескенше

Барлығы: Сау болыңыз Аяз ата, сау болыңыз Ақшақар

1-жүргізуші:

Жаңа Жыл туындаған жаңа армандар

Жаңа Жыл шуылдаған жаңа ормандар

Ал мынау мәңгі бақи жаңа дүние

О, сәлем жаңа жылда жаңарғандар!

2-жүргізуші:

Жаңа Жыл қайсарлық пен жүректілік

Баратын болашаққа білек түріп

Біз жаңа жылдарға қол соғамыз!-деп ортаға 9-сынып тәрбиеленушісі Е.Мұхамеджанов «Кел, Жаңа Жыл!» әнін орындауға шақырамыз.

1-жүргізуші:

Айнала қоршап шыршаны

Шашылар шашу жыр әні

Мынау әсем шыршаға

Қош келдіңдер балалар.

Төрлетіңдер, төрлетіңдер

Шырша сәнін көріңдер

Әсем әнмен би билеп

Күй жырларын төгіңдер.

Келесі кезекті 5-6 сынып тәрбиеленушілерін шақырамыз. Би «Вальс».

2-жүргізуші:

Армысыз интернаттың басшы ағасы

Жайнасын көңіліңіздің жасыл бағы

Тамаша жаңалықтың бастауы боп

Мол болсын жаңалықтар тағы, тағы.

1-жүргізуші:

Армысыз балалардың барша ағасы

Қамқоршы жүрегінің ер панасы

Біздер үшін бүгінгі ән менен күй

Біздер үшін бүгінгі сән мен сый – дей отырып ортаға оқушыларды жаңа жылымен құттықтауға сөз кезегін интернатымыздың меңгерушісі Жүгінісов Абай ағайға береміз.

Көңілді Жаңа жылды тойлайық

Жыр тойында би билеп ән салайық

Күлкінің кернеуіне бізде ілесіп

Езу жимай біз жарысып қалайық,-деп Жаңа Жылды бізбен бірге тойлауға келіп отырған ата-аналрды ортаға «Кім Жылдам?» ойынын ойнауға шақырамыз.

1-жүргізуші:

Жаңа жылға арналады жаңа жыр,

Жаңа жылда шақырады бар өмір

Бақыт болып жаңа жылым келді ғой,

2-жүргізуші:

Ей, Жаңа жыл! Жаңа бақыт, ырысым,

Жақсылықтың жаршысы да нұрысың.

Адамдардың асқақтаған арманы,

Ақындардың таусылмайтын жырысың.

Құтты болсын, құтты болсын Жаңа жыл

«Флешмоб» барлық интернат тәрбиеленушілері ортада.

Міне, Жаңа жыл да келді. Ал өткен жыл біздің тарихымыздың бір бөлшегіне айналды. Келер жылы да елімізде тыныштық болып ырыс құтымыз азаймасын!

1-жүргізуші:Жаңа жыл әрбіріміздің отбасымызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі, мерекелі жыл болсын!





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.12.2017
702
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12