Материалдар / Жаңа жыл Жаңа нұр
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жаңа жыл Жаңа нұр

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа жылға арналған ерекше ертеңгілік, персонаждар өзгеше ертегі желісімен алынған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қаңтар 2023
222
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Жаңа жыл – Жаңа нұр»

Дауыс: Бүгін қонақтардың бізге келгені қандай жақсы. Олар көптеген жұмыстарының болуына қарамай барлығы бос уақыт тапты. Жаңа жыл құтты болсын және біз сіздерді мерекеге шақырамыз. Біздің балалар бізді әлемдегі ең жақсы ертегілерге шақырады.

«Джингл бенс» әні естіледі. Екі бала жүгіріп кіріп, залдың ортасына тұрады:

Мереке: Жаңа жыл келді!

Азаймасын ән мен жыр,

Ел конилин котерсин

Құтты болсын Жаңа жыл!

Құттықтаймыз Сіздерді.


Алиасқар: Тезірек тездетіп мұнда жиналыңдар,

Басталады Жаңа жылдық карнавал.

Маска да бар, би де бар, асығыңдар,

Аяз ата, шақырғанның бәрі бар.

Басталады, басталады,

Жаңа жылдық карнавал.

Карнавалдың иелерін қарсы алыңдар!

ВХОД БИ .(Жаңа жыл әнімен кіріп билейді)

МЕН: Айнала қоршап шыршаны,

Шашылар шашу жыр әні.

Мына әсем шыршаға,

Қош келдіңдер балалар,

Ата-аналар, қонақтар

Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Жаңа жыл әрбір отбасыға құт-береке, ырыс-несібе ала келсін! Келесі кезекті балалардың тақпағына берейік.

Аяулым: Инаят

Аспан жерге төгеді, Жүзімде күлкі ойнап,

Ақ күмісін уыстап Қанаттанды жанымыз.

Жаңа жылда келеді, Жаңа жылды біз тойлап,

Бізге қарай жылыстап Шаттанамыз бәріміз!

Білсін біздей балғынды,

Көңілденсін ол енді.

Шырқатайық ән-жырды Шырқатайық өлеңді!



Мухамедияр: А.Раяна

Аса үлкен қуанышпен, Әдемілеп біз ілген,

Қарсы алайық шаттықпен Ойыншықтары тізілген

Құттықтаймыз бәріңді, Қандай әсем шыршамыз,

Жаңа жылдық мейраммен! Ән шырқайық баршамыз.

Енжарлықты тастайық,

Шырша тойын бастайық.

Жаңа жылға арналған, Шырша әнін бастайық

Ән: «Жаңа жыл»





МЕН: Бүгінгі шырша тойы түрлі қызыққа толы болмақ. Жаңа жыл құтты болсын!

(музыка ойнайды, Ақшақар пайда болады)

Ақшақар: -Армысыздар қонақтар, сәлеметсіздерме балалар! Мен Ақшақармын!

МЕН: -Ақшақар, саған мынадай әдемі, аппақ көйлекті кім тікті?

Ақшақар: -Ақ көйлекті маған қыстың ақ қары тікті.

МЕН: -Ал саған қыстың әнін айтқан кім?

Ақшақар: -Өлеңді маған көңілді орман айтқан болатын.

МЕН: -Ал мына жұлдызды моншақты тоқыған кім?

Ақшақар: -Жұлдызды моншақты маған Аяз ата берді.

МЕН: -Ал, Ақшақар, сенің бізге Жаңа жылға не тілегің бар?

Ақшақар: Тілеймін мен бар әлемге, Дос көп болсын жанашыр

Ата-ана, ата-ана! Құтты болсын Жаңа жыл!


МЕН: -Біз бүгін шыршаға келдік, біз шыршадан көз ала алмаймыз, ал шыршамыздың шамдары әлі жанған жоқ? Енді не істеу керек, Жаңа жылдық шыршаны қалай оятуға болады?

Ақшақар: -Шыршамыздың шамдарын жағатын кез келді, ол таң атқанша жарқырай берсін, жарайды қане бәріміз бірге қайталайық: - Бір, екі, үш, шырша шамдары жарқырай түс!

Шырша сөйлейді: -Маған тиіспеңіз, Қол тигізуші болмаңыз!

МЕН: -Шыршаға не болды? Мүмкін, шырша су ішуді қалайтын шығар! Біз оны суарамызба? (Ақшақар су құяды)

Шырша: су құюды тоқтатыңыз, зең пайда болуы мүмкін!

МЕН: -Олай болса, біз желді шақырайық. Ол біздің шыршамыздың бұтақтарын кептірсін! (желдің дыбысы)

Шырша: -О-о-о-о, не деген суық жел, мен ауырып қаламын (жөтеледі)

МЕН: -Енді не істеу керек? Шыршаны қалай емдеп аламыз?

Ақшақар: -Біз бәріміз қоңырау соғуымыз керек!

МЕН: -Олай болса бәріміз қоңырауларымызды сыңғырлатып, қоңыраудың сиқырлы үнімен шыршамызды жарқыратайық. Барлығымыз қосылып қайталайықшы:

Бір, екі, үш, шырша шамдары жарқырай түс! (шырша жанады, ақшақар орнына отырады)

МЕН: -Міне шыршамыз жарқырады, енді бізді сан түрлі ғажайыптар күтуде!

-Мұнда ертегі дыбыстары естіледіғой, түшшш, мұнда біреу келе жатыр.

(Хоттаб қарттың шығуы)

Хоттаб: О-о-о мен қайда келдім? Мен бұл жерде ешқашан болған емеспін!

МЕН: Сәлеметсізбе, сіз кімсіз, құрметті қария!

Хоттаб: О-о-о, сәлем қымбатты достарым! Мен Хасан Абдурахман Ибн-Хаттабпын, бұл менің құмырам, мен оның ішінде жалғыз тұрамын. Оның іші өте қараңғы және тар, қызық емес. Бірақ, мен бұл жерде көптеген балалармен жарқылдаған түрлі түстерді көріп тұрмын. Ал, бұл не? (шыршаға қарайды).

  • -Вах-вах-вах! Мен қанша өмір сүрсемде мынадай сұлулықты ешқашан көрген емеспін. Біздің шығыста да мұндай әдемі ағаш жоқ, ал оның жемістері қандай! Вах-вах-вах!

  • Айтшы, ай жүзді сұлуым, олардың дәмі қандай? Мен шынымен дәмін көргім келіп тұр.

МЕН: Ең дана және құдіретті Хоттаб, бұл жемістерді жеуге болмайды, олар біздің шыршаны безендіріп тұр, бізде Жаңа жыл мерекесі!

Хоттаб: Ал, Жаңа жыл мерекесі деген не?

МЕН: Ендеше, біздің балалар сізге Жаңа жылдың не екенін айтып береді





Зульфия:

Что за праздник Новый год

Елки да подарки

Всюду светится огни

Весело и ярко

Настоящий Дед Мороз

Дарит нам игрушки

Он на саньках их привез

Из своей избушки.

Аружан:

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамыққа орап алды маңайды.

Жаңа жылмен құттықтаймыз сіздерді,

Жаңа жылың құтты болсын ағайын!



Айқын

Жасыл желек жамылған,

Асыл моншақ тағынған

Міне, сұлу шыршамыз

Көптен күтіп сағынған

Кел балалар келіңдер,

Тамашаны көріңдер.


Азиз:

Аппақ аппақ жапалақтап,

Қар жауып тұр тынбастан

О, алақай Аяз ата

Келе жатыр алыстан

Кең пейілді, мол мейірлі

Сағынышпен табысқан

О, алақай аяз ата

Келе жатыр алыстан


Д. Раяна:

Жасыл шырша жанында,

Ән салып билеп ойнайық.

Қаһарлы аяз болсада,

Жаңа жылды тойдайық.

Шаттанамыз бәріміз,

Кел Жаңа жыл біздерге,

Кел Жаңа жыл, Жаңа жыл

Аса үлкен қуанышпен!




МЕН: -Білесізбе, құдіретті Хоттаб, балалардың бір арманы бар. Аяз атаның бізге тезірек келуін қалаймыз.

Хоттаб: О-о-о, көзімнің інжу-маржаны, әрине тек сіз оны маған сипаттап беріңізші! Сіздің аяз атаны! Мен оны ешқашан кездестірмедім.

МЕН: Ол әлемдегі ең кең пейілді, ол сондай мейірлі, балаларды қатты жақсы көреді. Оның ұзын ақ сақалы бар. Балалармен, қуыршақтармен, аюларымен серуендейді.

Хоттаб: О-о-о, мен бәрін түсіндім! Көзімнің нұры, енді мен тілектеріңді орындаймын. (сиқырлай бастайды) Ал, аяз атаны қарсы алыңдар!

Карабас: Мені мұнда кім шақырды? Мен Аяз ата емеспін, Карабас-барабаспын! Айбатты, сақалдымын! Мен қазір қуыршақ театрын басқарамын! Мен сендерге бір сыр айтайын, олар мені жақсы көруі керек. Әрине, мені құрметтейді, мен Карабас-барабас. Менің қуыршақтарымды көрдіңдерме?

МЕН: Біз сізге айтпаймыз, сіз оларға жақсы қарамайсыз, сіз оларды ренжітіп жүресіз.

Карабас: Маған айтпайсыңдарма? Онда мен барлық Аналарды тәттісіз қалдырамын! Ал әкелерге интернетті пайдалануға тиым саламын! Соңғы рет сұраймын, қуыршақтар қайда? Балалар: Біз айтпаймыз!

Карабас: Маған сендердің айтқандарыңыз керек емес, менің қуыршақтарым менің айтқандарымды тыңдайды, сендер сияқты емес!

  • Бір, екі, үш, қуыршақтарым шығыңдар! (қуыршақтар шығады)

  • Құрметті, жамағат, ал ендеше әрқайсыңыз он мыңнан төлеңіз, олар переуэт орындайды, өйткені әлемде бұдан жақсы би жоқ!

Би: «Қуыршақтар»

Карабас: -Ұсталдыңдарма? Жарайды, мен сендерді алып кетемін!

Қуыршақтар: -Ооой, Карабас-барабас, құтқарыңдар!

МЕН: Қане, тезірек балалардың арасына тығылыңдар! Тезірек!

Карабас: Қуыршақтарымды алып кете аламын ба?

МЕН: Онда сен оларды тауып көр! (Карабастың көзін байлап қояды, ол қуыршақтарын іздей бастайды)

Карабас: -Уфф, бұл жер өте ыстық, дымқыл тар, мен сендерге қызық емеспін, сендер маған қуыршақтарды бермедіңдер, менің спектаклімді бұздыңдар! Мен сендерге қатты ренжідім, ал мен кеткенмен сендермен қоштаспаймын! (шығып кетеді)

МЕН: -Ооо ұлы Хоттаб не істедің, бұл мүлдем Аяз ата емесқой мен қорқып әрең тұрмын, бұл қара сақалды Карабас-барабас. Мен саған Аяз атаның ұзын ақ түсті сақалы бар екенін айттымғой!

Хоттаб: -Ооо, құрметті үй иесі! Аяз атаны тағыда сипаттай аласызба?

МЕН: -Ооой, құрметті Ибн-Хаттаб, енді оны біздің балалар сипаттап береді.

Айша:

Қар мен мұздан жаралған,

Ну орманда ән салған

Ыстықты өте сүймейді,

Орманда ол мекендейді,

Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып,

Келді алыс сапардан

Аяз ата оралып.

Еркебулан:

Сақалы аппақ күмістей,

Тістері аппақ күріштей

Қызыл ала шапаны

Сағындым аяз атаны.

Оралдыма ол енді,

Айтар едім өлеңді

Жылдамырақ келсе екен,

Бізге ойыншық берсе екен.

Бекнур:

Ақша қарға малынып,

Аппақ тонын жамылып.

Сақалы мен мұртына

Күміс моншақ тағынып

Аяз ата келеді,

Балаларды сағынып.


Хоттаб: -Енді мен оның кім екенін түсіндім! (сиқырлап)

Мұз ханшайымы: -Менің бөлмемде кім шу шығарды? Бұл жерде кім мені мазалап жатыр? Не деген батылдық! Сендерді кім шақырды? Мұнда қандай ағаш тұр? -Ол қалай жарқырайды!

МЕН: Бүгін біз шыршамен қыс мерекесін тойлап жатырмыз.

Мұз ханшайымы: -Сонымен қыс келдіме?

МЕН: -Әрине, қыс келді. Қыстың келгенін балалар сізге ән менен жеткізсін.

ӘН: «ҚЫС»

Мұз Ханшайымы: Мен сендерді дұрыс түсіндімбе? Бұл қандай мереке, неге сендер көңілді болып күліп жатырсыңдар? Мен қазір бәріңді бұл жерден қуып шығамын! Сонда маған қар қайда, неге қар үйінділері жоқ?

МЕН: Ашуланбаңыз, бізбен бірге көңілді би билеңіз! Біздің шыршаларымыз сіз үшін би билейді

БИ: «ШЫРШАЛАР»

Мұз ханшайымы: -Олар қандай тамаша биледі! Бөлменың ішіде салқындай бастады. Аяз ата бұрынғыдай емес, ештеңеге күші жоқ, боран соғады, суық болады. Мен өзім бәрін қадағалап жүруім керек, мен оны іздейін!

МЕН: -Хоттаб, сен тағы бәрін шатастырдың, бұл Аяз ата емес қатыгез Мұз ханшайымы ғой!

Хоттаб: -Ия, ия мен бәрін түсіндім, мен бәрін орындаймын дибидох, дибидох!(сиқырлайды)

-Ал, аяз атаны қарсы алыңыз! (теңіз қарақшысы билеп шығады)

Қарақшы: Мен зұлым қарақшымын! Мен мылтықпен пышақ алып жүремін, мен тонау жасаймын. Мен бәріңді байлап кешкі асқа сақтап қоямын.

БИ: «ҚАРАҚШЫЛАР»

МЕН: -Мына қарақшыларды тез ертегіге қайтар! Оны қайдан алдың! Мерекемізді бұзба!

Хоттаб: -Мен өзімде қорқып кеттім

МЕН: -Ияя, Хоттаб, сіз сиқырлы құмыраңызда көптен бері отырған сияқтысыз. Біз аяз атаны табудың дәстүрлі әдісіне жүгінуіміз керек! Бізге көмектесетін ең жақсы ізкесушілерді шақырамыз. (телефонды алып қоңырау шалады)

Жауап: -Жаңа жылдағы ғажайыптар агенттігі сізді тыңдап тұрмыз, сізге қандай көмегіміз керек?

МЕН: -Бізге ізкесушілерді жіберіңіз! Біз аяз атаны табуымыз керек, әрине ең жақсысын, күтеміз.

Алиасқар:


Біз тамаша ізкесушіміз,

Ал ертегілерді бізді бәрі таниды

Біз сіздің жоғалған заттарыңызды

Ешкімге айтпайақ тауып береміз!

БИ: «ІЗКЕСУШІЛЕР» (үлкейткішпен іздеп қолғаппен Аяз атаның қалтасын тауып алады)

МЕН: -Бұл кімдікі?

Балалар: -Аяз атаныкі

МЕН: -Олай болса осы заттардың иесін шақырайық, тезірек келсін, біз бұдан былай күте алмаймыз. Аяз ата! Аяз ата! -Қане балалар барлығымыз қайталайық! Аяз ата! Аяз ата! (Аяз ата менен Жана жыл ҚОЯН кіріп келеді)

Аяз ата:

Амансыңба ұлдарым,

Амансыңба қыздарым

Асулармен алысып,

Асау желмен жарысып,

Аталарың сендерге

Келіп жетті сағынып.


Қоян:

Мен тұрмын қуанып,

Шаттыққа бөленіп,

Бір жыл бойы сіздермен,

Дос болайық шаттанып.



МЕН: -Сәлеметсізбе, Аяз ата! Жаңа жыл! Қош келдіңіз! Біз сізді ұзақ күттік. Төрлетіңіз, дем алыңыз. Біздің балалар сізге ән айтып берсін.

ӘН: «ДЕД МОРОЗ»

МЕН: 770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!