Жаңа жыл мерекесіне арналған ертеңгілік!

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жаңа жыл мерекесіне арналған ертеңгілік!

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа жыл мерекесіне арналған ертеңгіліктің сценариі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Келді міне, Жаңа жыл!
 

Мақсаты: Балаларға жыл он екі айдың иелерін білуге, жақсылық пен жамандықты айыра білуге үйрету. Шығармашылыққа баулу, эстетикалық тәрбие беру.

Кейіпкерлер:

Аяз ата:

Ақшақар:

Мыстан:

Мысық:

Гном Санчо:

Гном Манчо:

Сыйқыршы:

Музыкалық қойылымдар:

Балалардың шығуы

Ән «шыршаға бардық »

Ән « хоровод»

Би қыздар « Шыршалар»

Би қыздар«Ақұлпалар»

Би ұлдар «Аяз ата биі »

Би бірге « Жаңа жыл»



Ойындар:

«Қар ұшқындарын жинау» барлық балалар.

Музыкалық ойын « өз орныңды тап» қыздар ойнайды

«Шыршаны безендір» ұлдар ойнайды.






Жүргізуші:Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,

Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.

Жақсылықпен жалғассын жаңа уақыт.  

Құтты болсын жаңа жыл, барша халық.

Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.

Бәрімізге шынайы тілек тілеп,

Бар әлемге бақытпен жар салайық!
Құрметті ата аналар, ұстаздар, қонақтар!!! Жаңа жыл мерекесіне арналған «Кел, Жаңа жыл!» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

(Музыка әуенімен балалар залға кіреді)

      Жүргізуші: Айнала қоршап шыршаны

                            Шашылар шашу жыр әні.

                       Мына әсем шыршаға,

                      Би арнайды балалар,
Би «шыршалар»

Жүргізуші: Балалар, бүгінгі жаңа жылдық кешімізде қызықты кездесулер күтілуде. Сендер дайынсындар ма?

Балалар: Иә!

(Мыстан мысықты іздеп кіреді. Мысық шыршаны астында жатады)

Мыстан:Сәлеметсіңдер ме балалар. Сендер әдемі киініп отырсындар ғой. Ааа мен білем сендер Жаңа жыл  мерекесін тойлап жүрсіңдер ғой. Қандай кереметсіздер. Балалар сендер менің мысығымды көрдіңдер ме?
Балалар:Жоқ.
Мыстан:Қазір мен өзім іздеп көрейін,ол бір жерде сүт пен тышқан армандап, ұйықтап жатқан шығар.

(Шыршаны айналып іздейді)

Мыстан: (Мысықты көріп)

-«Қап бәлем! Сен мында жатыр екенсің ғой,ал балалар жаңа жыл мерекесіне тойлап жатыр. Тұр орныңнан!».
Мысық: Мяу, мыстан маған кедергі жасама,мен түс көріп жатырмын.
Мыстан: Сен не істеп жатырсың,армандамай тұр,аяз ата мен ақшақарды мында кіргезбей тұрып,жаңа жылдың қалтасын ұрлап алып,өзімізге барлық сыйлықтарды алып алайық.

(Екеуі шығып кетеді)

(2 Гном қаппен кіреді)

(1 гном шыршаны айналып айғайлайды)

1 Гном: Жаңа жылмен! Жаңа Жылмен!

2 Гном: Эй Санчо, сенің ойының бітпейді, кел маған көмектес. Бол. Қазір Аяз Ата мен Ақшақар келеді.

Екі Гном: -Салеметсіздерме балалар, Менің атым Санчо. Менің атым Манчо.  Біз Аяз Атаның көмекшілеріміз. Бізге Аяз Ата сендерге сыйлақтарды беріп жіберді. Ал өзі алыс жақтан Ақшақар қызымен келе жатыр. Біз сендермен бірге Аяз атаны тосып Жаңа жылды бірге тойлағымыз келеді.

Жүргізуші: Санчо, Манчо, әрине бізбен бірге тойландар.

Онда бәрімәз қарап тұрмай бір ойын ойнайық

Ойын « Қаршаларды жинау»

Гнмодар: керемет күшті ойын болды! Балалар қандай кереметсіңдер

(Мыстан мен мысық қайтып келеді. Олар гномдардың жанына келеді.)

(Екі гном мыстаннан корқады)

Мыстан: Мында неғып отырсыңдар,мынау үлке қорап не үшін? қолыңдағы қапшықта не бар?

1 Гном: Аяз ата менен балаларға сыйлықтарды беріп жіберді.

2 Гном: Өзі Ақшақармен бірге жаңа жылға дайындалып жатыр. Қазір келеді. Біз алыстан келіп шаршадық, демалайық. (Екеуі ұйықтап кетеді)

Мыстан: А, жақсы. Бізде мысықпен Аяз Атаны тосып отырайық.

(Мыстан мысықты шақырады.)

Мыстан: Мысық, қара ол жаймен ұйықтап кетті. Енді екеуміз оларды сыйқырлап ұйықтатып, қапшығын ұрлап кетейік. Мен мына үлкен сыйлықты алайын сен қабшықты ал.

Мыстан: Қандай ауыр көтере алмай жатырмын, онда қапшықты алып кетейік.

Ақалай-мақалай ұйқта қойшы балақай (мысық бірге ұйқтап кете барады)

Мыстан: үй сен ұйқтама, саған салса күні бойы ұйқтай бересің, ал мынаны

(Сиқырын жасайды. Қапшығын алып кетті)

Жүргізуші: -Балалар, қарандаршы Санчо мен Манчоны мыстан кемпір мен мысық ұйықтатып, қалтасын ұрлап кетті. Ендеше балалар, бізге көмек керек. Кім көмектеседі?

(Бір дауысы естіледі. Сол кезде сыйқыршы келеді.)

Сыйқыршы: -Сәлеметсіңдер ме, балалар! Неге сендер көңілсізсіңдер, мерекені неге тойламайсыңдар?
Жүргізуші: Біздің гномдарымызды Мыстан мен Мысық қатырып, қалтасын алып кетті. Енді бізге гномдарымызды сыйқырлы сөздеріңізбен оятып беріңіз. Балалардың көңіл күйін көтеріңізші.
Сиқыршы: Мүмкін балалар ән айтып достарымыз оянады. Балалар сендер ән айту білесіндер ме?

Балалар: Иә

Жүргізуші: Ал, халайық, тұрмайық
                      Әндетейік, жырлайық
                      Ортамызды ашайық
                      Ырыс тілеп бұл жылға
                      Жырдан шашу шашайық!

Ән: «Шыршаға бардық».

Сиқыршы: Балалар ән айтып едік біздің достарымыз оянбады ғой, енді  онда тақпақ айтып көрмедік пе?

Ахмад:

Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды,
Мұз болады қатады,
Жып-жылтыр боп жатады.


Амир:

Аяз ата келді,
Тамашаны көрді,
Риза болып қуанып,
Бізге сыйлық берді.


Абильмансур:

Аяз ата аппақ,
Кәмпиттері тәтті ақ.
Кәмпиттерді көп берсе,
Тағы айтамын тақпақ.


Гүлбақыт:

Тамаша, тамаша
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.


Онда да болмады ғой,терең ұйқыға кеткен сияқты,сиқырлы сөздерді айтып оятайық.

Сиқыр, сиқыр, сиқырла,

Бізге қарай бойла.3 рет айтады

(Гномдар оянып, жүгіріп жүріп қалтаны іздейді.)

Сиқыршы: Үй, сендерге не болды,не іздеп жүрсіңдер?


1 Гном: (Отырып жылайды). Біз  ұйықтап кеткенде біреулер келіп бізді  сыйқырлап, Аяз Ата берген сыйлықтарды ұрлап кетті деп айқайлап жылай бастайды.


Сиқыршы: Жақсы, мен сендерге көмектесемін. Бірақ алдымен балалардың көңілін көтерейік. Онда менімен бірге ойын ойнаңдар

Ойын «өз орныңды тап ойыны» қыздар ойнайды.

Сиқыршы: Күшті болды ғой көңіліміз тағы бір көтеріліп қалды ғой. Сендерге көмектескеніме қуаныштымын енді мен кетейін сау болыңдар!

Жүргізуші: Ендеше санчо сіздер сыйлықтарды тауып келіңідер.

2 Гном: Ал балалар Аяз Ата мен Ақшақар келгенше біз сыйлықтарды тауып келейік.                 

                                                (Екеуі шығып кетеді)


Жүргізуші: Балалар, Аяз Ата мен Ақшақар кешігіп жатыр.

Мүмкін адасып кеткен шығар. Сол үшін оларды дауыстап шақырайық,мүмкін естіп қалар. Ұзақ күттірмей, барлық балалардың қуанышы Аяз атаны ортаға шақырайық.
Балалар:Аяз ата, Ақшақар!Аяз ата, Ақшақар!Аяз ата, Ақшақар!

(Аяз ата келеді. Қасында Ақшақары бар. Таяғын тарсылдата кіріп келеді.)

Аяз ата: Армысыңдар,қарақтарым,

                Армысыңдар, құлындарым!?

Өздеріңді сағындым.

Сонау алыс орманнан оралдым

Сендерге сондай асығып, омбы қарға малынып,

Мерекеге үлгірмей қаламын ба деп қорықтым.

Бірақ үлгерген екенмін.

Жаңа жыл бақыт, денсаулық әкелсін!

Бүгінгі мереке ерекше болмақ.

Ақшақар: салем балалар,менің атым Ақшақар!

Аяз атаның немере қызымын.

Жаңа жылмен, жаңа жылмен құттықтаймын баршаңды!

Жаңа жыл молшылық әкелсін.

Жүргізуші: Қош келдіңіздер. Біз сіздерді мерекемізде көруге шын жүректен

қуаныштымыз.

Ақшақар: -Ата біз осылай тұра береміз бе? Шыршаны шамын жағайық та!

Аяз Ата: Бәріміз бірге, балалар!

«Қуант, бізді, таңырқат

Шамдарыңды жарқырат» (шырша шамы жанбайды)

-Шыршамыз жанбады ғой. Арамызда айтпағанымыз бар шығар. Ата – аналар, қанекей бәріміз бірге:

«Қуант, бізді, таңырқат

Шамдарыңды жарқырат».(шырша жанады)

Аяз ата: Біз де сендерді көруге,

Халдеріңді білуге,

Асулардан асып,

Аппақ қарды басып жетіп қалдық.

Ақшақар: Шыршамыз қандай көрікті!

Балалар мәз болыпты,

Жаңа жылдық шыршаға

Би билеп, ән салыпты.

                  Жаңа жылмен құттықтап,

                  Ойнап-билеп, күлуге келдік міне, балалар!

Жүргізуші: Қане балалар, Аяз Атаның құрметіне бір ән салайық!

Ән:«Шыршаға бардық» хоровод

Аяз ата: Ой, айналайындарым-ай, сендерге келуін келдім, бірақ қапшық 

толы сыйлықтарды досыма беріп жібергенмін енді ол  ұшты-күйлі жоқ болып кетті. Енді не істесем екен?

(Мыстан мен мысық қапты түсіріп алады сосын алып кіреді. Төрде отырған Аяз Атаны көріп, қорқып, бір-біріне қарап қалтаны тастап жібереді).

Ақшақар: Ата, мыстанның қолындағы қалта біздікі емес пе?
Аяз ата: Әй кемпір, менің көмекшіме берген қалтам сенің қолыңда қайдан жүр?

(Мыстан мен мысық капты бір-біріне бере бастайды таласады.)

Мыстан: Аяз Ата біздің кінәміз жоқ. Сенің көмекшін жолда шаршап, ұйықтап қалған соң, қалта жоғалып кетпесін деп, алып келдік.


Аяз ата: Бер балалардың сыйлықтарын!
                                          (Мыстан қалтаны аяз атаға береді.)
Аяз ата: Ақ шырақты жағып келдім!

                Сендерге мына балаларым,

                Тәтті сыйлық алып келдім!

                Олай болса, сендерге сыйлығымды үлестірейін! Ол үшін сендер маған өнерлеріңді көрсетуге тиіссіңдер.


Жүргізуші: Олай болса, Ақшақар екеуіңіз шыршаның жанына отырып демалыңыздар. Ал біздің балалар сіздерге арнап дайындаған тақпақтарын тыңдаңыз.

Тақпақтар:

Абдурахман:
Қандай суық қыс деген?
Қалтырайды құс деген
Құлақ шынды кимесең,
Құлағыңды тістеген.


Азиза:
Қандай қызық қыс деген
Бәрін шебер істеген,
Бақша–бауды, тауды да,
Бояған ақ түспенен


Аружан:
Жаңа жыл
, жаңа жыл

Жаға жылда жаңа жыр.

Жасыл шырша жанында

Ойнап барлық бала жүр

Нурислам:
әдемілеп біз ілген,

Ойыншықтар тізілген

Қандай жақсы шыршамыз,

Ән шырқайық баршамыз.


Сулеймен:
Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған
Міне, сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағынған.


Аяз Ата: Қасымда бар ақшақар,
                 Ол да ренжіп қалмасын.
                 Балаларым тілерім,
                 Оған да бір би сыйлаңдар.
Жүргізуші: Кәне, кәне келіңіздер

Періштелеріміздің биін көріңіздер!

Кейіпкерлердің келу құрметіне періште қыздардың биін тамашалап, қошемет көрсетіп отырайық!

Би:«ақұлпалар»
Ақшақар: Рахмет, балалар мені сыйлап құрметіне би билеп жатқандарыңа өте қуаныштымын, сендер менің көңілімді көтергендерің үшін қаршаларды бергім келеді.

Жүргізуші: Барлық жандар бір білікке қосқан үн,
                      Бақытты боп бастады жыл дастанын.
                      Қуанышпен келді ғой деп жаңа жыл,
                      Құтты болсын жаңа бақыт достарым

Ақшақар: ата мен балалармен бір ойын ойнағым келіп тұр.

Ақшақармен ойын: «шыршаны безендір» ұлдар ойнайды.

Аяз Ата: Әй, бәрекелді! Қандай керемет болды.

(1 Гном жылап кіреді.2 оны құшақтап кіреді)

2 Гном:  Санчо Сен енді жылама, бір мәнісі болар, сыйлықтар табылар.

Аяз Ата: Санчо, Манчо достарым, сендер не шулап жүрсіңдер?


1 Гном: Аяз ата біз сыйлықтарды жоғалтып алдық.


Аяз Ата: Сыйлықтарды Мыстан мен Мысық алып келді ғой.


2 Гном: Жоқ,олар бізді ұйықтатып, қалтаны ұрлап кетті. Бірақ біз Сиқыршы және балалардың арқасында ояндық. Рахмет саған Сиқыршы.


Аяз Ата: Ай Мыстан ай, Мыстан сенің өтірігің таусылмайды. Сендірді сыйқырлап тастамасам ба?


Мыстан: Жоқ, Ата бізді бір жолға кешіріңіз. Балалар сендер де кешіріңдер. Аяз Атаның көңілі жоқ. Тақпақ айтып көңілін көтеріңдерші!

Тақпақтар:


Нурислам

Жаңа жыл келгенде,
Қуанып қарсы аламыз.
Аяз ата келгенде,
Би билейміз ән саламыз.

Айлин:
Жаңа жыл келгенде,
Қуанып қарсы аламыз.
Аяз ата келгенде,
Билейміз ән саламыз.

Алиша:

Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оранып.


Жүргізуші: Аяз Ата, бұл екеуін кешірейік.

     Ал, халайық, тұрмайық
     Әндетейік, жырлайық
     Ортамызды ашайық
     Ырыс тілеп бұл жылға
     Жырдан шашу шашайық!

Би:«кішкентай аяз аталар биі»

Аяз ата: Рахмет балалар тақпақтарын көңіліме қонды, жақсы жаттап келдіңдер ғой. Мен өте ризамын.

2 Гном: Ой балалар, алақай. Сыйлықтар табылғанға өте қуаныштымын. Енді менде сендермен би билеп көңілімді көтерейін.

Жүргізуші:   Би билейік бұралып,
                        Ұлдарда тұр сұранып      
                        Шаттанайық қуанып.

                        Қол соғайық  баршамыз

Би:« ортақ би»

Аяз ата: Қарақтарым,шырақтарым!

Мен сендердің өнерлеріңді көрдім,әндеріңді тыңдадым,енді сендерге деп арнайы дайындаған сыйлығымды берейін. Ал мыстан мен мысық енді өтірік айтып ешкімді алдамаңдар.

Мыстан: Сендерге көп рахмет балалар мен енді ештеңе ұрламаймын,өтірік айтпаймыз.

Жүр мысығым кеттік. Сау болыңдар!

(Сыйқырлы сәт)

Аяз ата:Мынау үлкен қорапта көптеген сыйлықтар бар оны сыйлықтар банкоматы деп атайды. Ал сыйлықтарды алу үшін Ақшақар қымыз сендерге қаршалар сыйлайды соны пайдаланып сыйлықтарыңды алуға болады.

Ал, балалар біздің де кететін уақытымыз болды. Келесі жылы қайта көріскенше. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып басымыздан бақ пен береке кетпесін. Жаңа жылдағы барша армандар мен мақсаттарың орындала берсін.

Жүргізуші: Ал, құрметті достар! Бәріміз бірге Аяз атаны шығарып салайық. Аяз ата, келесі кездескенше аман болыңыз. Біз сізді асыға күтеміз.

(Аяз Ата қызын ертіп, көмекшілерімен бірге шығып кетеді.)


Жүргізуші: Құрметті достар! Жаңа жыл! Осы жыл барлық отбасыларыңызға бақыт пен шаттық әкелсін. Еңбектеріңіз жемісті болсын. Табысқа кенеліп, тұлпардай жүйрік болайық! Жаңа жыл құтты болсын! Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар! 



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.02.2025
84
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі