400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жаңа жыл мерекесіне арналған сценари

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне жаңа жылға арналған сценари.
Материалдың қысқаша нұсқасы

, БЕКІТЕМІН

ЖШС «Ай-Іскер» мектепке дейінгі

шағын орталығының директоры

____________Молдагалиева Л.Ж.















Жаңа жыл мерекесіне күншуақ тобының бағдарламасы

Тақырыбы: «Ертегі әлемі»












Тәрбиеші: Алпысбаева М.А











Семей -2018


Тақырыбы: «Ертегі әлемі» 

Мақсаты: балаларға мерекелік көңіл күй тудыру, шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аяз ата, Ақшақар, қатысатын кейіпкерлердің карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым-қатынасын ояту, мерекелік көңіл күй жасау.

Өтілетін күні: 27.12.18

Өтілетін орны: жиын залы

Бағдарлама :

  1. Мерекелік тақпақтар

  2. Ән: «Жаңа жыл»

  3. Фея келеді

  4. Ойын: «Пима»

  5. Герда мен Кай келеді

  6. Қар Ханшайымы кіреді. 

  7. Ойын: «Сиқырлы орындық»

  8. Би: «Джингл белс»

  9. Ойын « Киіндір» ата-анамен ойын

  10. Би: «Сыған»

  11. Ақшақар келеді

  12. Аяз ата келеді

  13. Ән: «Шырша жыры»

  14. Ойын « актерлық шеберлік» ата-анамен ойын

  15. Мерекелік тақпақтар

  16. Би: «Вальс»

  17. Көрсетілім « Каратэ»


Кейіпкерлер :

Жүргізуші: Алпысбаева М.А

Аяз ата: Жұмагалиев Е.А

Ақшақар: Сексембаева Ж.С

Фея : Еркінқызы Ж

Қар ханшайымы: Оқас А

Кай : Алихан

Герда : Нұрай

Сыған қыз: Махамбетова А.Ж















Музыка әуенмен жүргізуші кіреді
Армысыңдар, халайық! 
Бармысыңдар, халайық! 
Жаңа жылды жұп жазбай, 
Бірге қарсы алайық!

Армасыздар құрметті ата – аналар, ұстаздар!Бүгінгі «Күншуақ» және «Ақбота» топтарының жаңа жылдық ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Ертегі әлемі 
Қандай өзі әдемі, 
Жасыл шырша жанында, 
Барлық достар жиналды. 
Кәне байқашы, 
Мән беріп қарашы! 
Достардың барлығы,
Үлгерді ме, санашы.
.

Қалған балалар залға кіріп, орындыққа отырады. Бүгін бізде қандай мереке? Балалар қарандаршы бүгін біздің залымыз ерекше болып тұр иа. Жан жағымызға қарандаршы қандай әсем. Онда балалар жаңа жылға арналған ертеңгілігімізді тақпақтарымыздан бастайық. Ортаға

Айзере А:
Тауда туып, тауда өскен 
Шырша келді ортаға, 
Қандай жақсы шыршамыз, 
Ән шырқайық баршамыз!

Айару Қ :

Жаңа жыл, жаңа жыл.

Жаңа жылда-жаңа жыр.

Жасыл шырша жанында

Жадырап бар бала жүр.

Батырхан:

Тамаша.тамаша!

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса.

Айым: 
Бұл шырша, шырша, 
Қуаныш жалпыға. 
Сүйікті шырша, 
Барлығы: Жарқыра! Жарқыра!

Анель: 
Шыршамыз, шыршамыз, 
Көңілдіміз баршамыз. 
Ән салуға, би билеуге, 
Біз дайынбыз бәріміз.

Али: 
Ал, балалар, құр тұрмайық, 
Кай мен Герданы шақырайық. 
Ән салайық, қол соғайық, 
Жаңа жылды қарсы алайық! 


Аян:

Безендіріп шыршаны

Жыл қуантты баршаны.

Той-маскарад басталды,

Аяз оны басқарды.

Анет:

Веточка в иголочках,

Шарик золотой .

Сверкает наша елочка

Серебряной звездой

Балалар қарандаршы шыршамызға не жетіспей тұр.Дұрыс айтасындар.Онда барлығымыз. Сиқырлы сөзімізді айтайық.Жасыл шырша жарқыра жарқыра. Балалар осы жыл иесін шақырайықшы. Сіз бізге көмектесіңізші. (ит келеді)

Шыршаның шамы жанады.

Ән: «Жаңа жыл!»

Музыка әуенімен залға Фея билеп кіреді.

Фея : - Снип, снап, снупе! Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендердің Жаңа Жылда ертегі күтіп отырғандарыңды естідім. Өзімнің сүйікті ертегілерімнің бірін ала келдім. Сонымен тыңдаңдар...
Бір кішкентай қалада Кай деген ұл (Кай (
Алихан) жүгіріп шығады), Герда( Нұрай) деген қыз ( жүгіріп қасына келеді) болыпты. Бір күні олар Жаңа Жылды тойлауға шыршаға барады. (Фея шыршаның артына кетеді). Кай мен Герда шыршаны айналып, ортаға келіп тұрады.

Герда : Кай, Қар Ханшайымы балардың мерекесіне келеді ме?

Кай : Келіп көрсін, мен оны пешке отырғызып қояйын. Ол сосын еріп кетеді (күледі).

Залға Қар Ханшайымы кіреді. (Осы кезде қатты бораның дыбысы естіледі)
- Ха,ха,ха, сен мұнда екенсің ғой. Мен сені іздеп жүрсем. Жүр менімен! (Кайды алып кетеді)

Герда жүгіріп: Кай, Кай тоқта! Шыршаның алдына келіп: 
- Қар Ханшайымы Кайды алып кетті, енді не істеймін? (Тізесіне отырып жылайды)

Фея: Жылама, Герда! Сенің жақсы шыдамды қыз екеніңді білеміз. Сен Кайды міңдетті түрде табасың, жол ұзақ. Жылы киіміңді киіп ал да, жолға аттан. (Тон, пима кигізеді)

Герда: Кай, мен сені іздеп табамын! (шығып кетеді) 
(Осы кезде қатты бораның дыбысы естіледі)

Залға Қар Ханшайымы кіреді.

Қар Ханшайымы: Балалардың көңілді болғанын ұнатпаймын. Не ән? Не күлкі? Мен сендерге көрсетемін.

Аслан: Сенің дауысың қорқынышты емес! Суық желден де қорықпаймыз!Біз сеннен қорықпаймыз!Сенің суығыңнан да қорықпаймыз!

Біз көңілдіміз, өйткені біз ойын ойнаймыз.

Ойын: «Байпақ» Исмира, Самира,Темірлан,Али
Шарты: 2 ойыншы екі сыңарды бөліп алады. Біреуі оң, біреуі сол аяғынікін киеді де, әуенмен билеп, шыршаны айналып, ортаға бірінші жету қажет.

Келесі балаларды тақпақ айтуға шақырайық.

Дияр

Под елкою снегурочка,

С ней Дед Мороз.

Он деточкам в кошелочке

Подарочки привез.

Айару Б:

Э хаппи ню ие

Зе дей ис соу кле

Зе сноу ис соу уайт

Зе скай ис соу брайт.

Еңлік:

Әдемілеп біз ілген

Ойыншықтар тізілген

Қандай әсем шыршамыз

Ән шырқайық баршамыз

Шыңғыс:

Итс камиң бойс

Итс алмост хиә

Итс камиң гиөлс

Зе глад ню ие.

Самира:

Ню ие дэй, хаппи дей

Ви а глад енд вери гей

Ви ол данс енд сиң енд сей

Велком, велком, ню ие дэй.

Тамирлан:

Новогодние деньки!

Снег морозный, колкий.

Загорелись огоньки

На пушистой елке.

Қар Ханшайымы: Ах, солай ма, жаман қыздар мен ұлдар! Күлесіңдер, көңілдісіңдер, ендеше қорғаныңдар. Эй менің сенімді көмекшілерім, мұздар! Қайдасыңдар? Алыңдар мына қарларды, ұшыңдар, ұшыңдар, барлығын мұз қылып қатырыңдар. Балалар қатып қалмауы үшін би билеп алайық. (ит сөзі)

Би: «Джингл белс»
(Би болып жатқанда шыршаның шамын сөндіру, барлық балалар «қатып» қалады.

Қар Ханшайымы: Жарайсыңдар, менің көмекшілерім. Жақсы еңбектендіңдер. (Мұздардың басынан сипап, таққа барып отырады)

Фея: Кәне бұл жерден кетіңіз. Біз Аяз Атаны шақырамыз. Сізге жаман болады.

Қар Ханшайымы: Ха- ха-ха! Оны әлі көреміз, кімге жаман болатынын. Аяз ата келмейді. Герда Кайды таба алмайды.

Фея: Бізді қөрқытпаңыз! Жаңа Жыл кешінде не күтіп тұрғанын білмейсіз.

Қар Ханшайымы: Мен көрейін не күтіп тұрғанын. Әй, сыған қызы Рада. Кел маған бал ашып бер.
(Шыршаның артынан сыған қыздары биге шығады)

Сыған қызы Рада ( Асель ): Балалардың қолдарын кезек-кезек алып. Сен үлкен ғалым боласың. Ал сен ғарышкер болады екенсің, т.с.с

Сыған қызы Рада: Неге шақырдың Қар Ханшайымы?

Қар Ханшайымы: Жетер билегенің, енді мені Жаңа Жыл кешінде не тосып тұр, соны айтып бер.

Сыған қызы Рада: Қазір, қазір менің маржаным! (Картасын жайып) О, сұлуым, бүгін сен Аяз атаның қолынан пеште ерисің. Карта өтірік айтпайды, алдамайды.

Қар Ханшайымы: Сен не айттып тұрсың? Жоқ! Жоқ! Жоқ! Кетіңдер! Кетіңдер! (қыздар орындарына отырады)

Қар Ханшайымы (ойланып): Аяз Атаның қолынан пеште еримін бе? Мүмкін емес. Карта алдайды. Бірақ мен ойланып көрейін. (Кетеді)

Сен ойланғанша менің қыздарым би билеп тастайды.Би: «Үнді биі»

Ойын: «Киіндір» ата-анамен ойын

Келесі балаларды тақпақ айтуға шақырамыз.

Исмира:

Снег ложится на дорогу.

Сколько можно ждать,

Может, вовск не придет?

Вот он!

Здравствуй, Новый год!

Айзара:

Что такое Новый год?

Снег и прелести погод,

Путишествия по сказке,

Приклечений хоровод.

Темірлан:

Этот праздник –самый яркий!

Он бывает лищ зимой.

Дед Мороз несет подарки,

С Новым годом, садик мой!

Айша И:
Бар баланың қонағы, 
Төрлет Ата жоғары. 
Жұрттың бәрі атадай, 
Қашан мырза болады.

Айзере Қ:
Көрдің бе Аяз атаны, 
Аппақ екен сақалы. 
Аппақ екен мұрты да, 
Аппақ екен шапаны.

Айша З :
Қалып едік сағынып, 
Күтіп алдық жабылып. 
Жолын қойдық жарық қып, 
Шыршаларға шам іліп.

Сайда :
Сақалы аппақ күмістей, 
Тістері аппақ күріштей. 
Қызыл ала шапаны, 
Сағындым Аяз Атаны.

Герда залға кіреді.

Герда: Қалай ұзақ жүрдім, шаршадым, отырып дем алайын (шыршаның касына келіп отырады).
Герда:  Мен Кайды қайдан табамын?

Жүргізуші: Мен білемін саған Ақшақар көмектесе алады.Кәне балалар, Ақшақарды шақырайық!

Балалар: Ақшақар, Ақшақар!

Ақшақар  Міне, мен де келдім. Сәлеметсіңдер ме, достарым. Сәлеметсің бе Герда. Сен неге жылап тұрсың?

Герда: Қалай жыламаймын. Мен үйге де қайта алмаймын, інімді де таба алмаймын. Сен маған көмектесші.

Ақшақар: Жылама, Герда. Менің бір сиқырлы айнам бар. Соған қарап Кайдың қайда екенін көрейік. Кәне, Сиқырлы айна, бізге көмектесші. Кай қайда екенін көрсетші. Міне, Қар Ханшайымының ат шанасы көрінді. Бізге қарай келе жатыр.

Залға Қар Ханшайымы мен Кай кіреді.

Кай: Жан – жағымыз тып – тыныш. Көңілсіз бәрі.

Қар Ханшайымы: Шудан көрі тыныштық жақсы ғой.

Кай: Бүгін барлық жерде Жаңа Жыл ғой!

Қар Ханшайымы: Бізге ешкім керек емес!

Кай: Достарымсыз маған көңілсіз. Мен ән айтып, би билегенді ұнатамын.

Қар Ханшайымы: Кәне, болды, сөйлеме! Мазамды алма! 
(Осы кезде шыршаның артынан Герда шығады)

Герда: Кай! Сен мені таныдың ба?

Кай: Иә, таныдым, бірақ айқайлап менің мазамды алмышы.

Герда: Сенің есіңде ме, біз қандай көңілді болдық?!

Қар Ханшайымы: Енді ол көңілді болғанды ұнатпайды.

Герда: Өтірік! (Аяғымен тарсылдатып) Ол мені ұмытқан жоқ! (Кайға жақындап, құшақтап, бетінен сүйеді) Мен сені таптым, Кай!

Кай: Сәлеметсің бе, Герда!( Қолдарын шапалақтап, айналады, күледі, қуанады орнына барып отырады)

Фея: (шыршаның артынан шығып): Герда Кайды тапты да, біздің мейрамға келді. Біз енді мейрамды жалғастырайық, ән салып, би билейік.

Қар Ханшайымы: Мен әнді,балалардың күлкісің , ұнатпаймын! Мерекелеріңді бұзамын! Ха –ха –ха!

Ақшақар: Балалар, жылдамырақ Аяз атаны көмекке шақырайық.

Балалар: Аяз Ата! Аяз Ата! Аяз Ата!

Аяз Ата: Келе жатырмын. (Есіктің артынан айқайлап ) Келе жатырмын! 
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Амансыздар ма, қонақтар! 
- Ақшақар, не болып жатыр? Көңіл күйлерің жоқ қой?

Ақшақар: Қар Ханшайымы біздің мерекемізді бұзбақшы. Сиқырлы таяғыңды алып, оны пешке ерітіп жіберші.

Аяз Ата: 
Бір, екі, үш, 
Бері кел пеш! 
Бір, екі, үш, 
Қар Ханшайымын ерітіп жібер. (Үрлегенде, ҚХ айналып, айналып, пешке барып құлайды.

Қар Ханшайымы: Көмектесіңдер, еріп барамын! (Аяз Ата пешті итеріп, шығарып жібереді)

Аяз Ата: Міне, Қар Ханшайымынан құтылдық. Мерекемізді жалғастырайық. Кәне, балалар шеңбер құрып тұрайық. Шыршаның шамын жағайық!

Барлығы: Қуант, бізді таңырқат, 
Шамдарыңды жарқырат! (Шыршаның шамын жағу)

Ән: «Шырша жыры»

Ақшақар: Аяз Ата, балалар сізге тақпақтар дайындапты. Тыңдап көрейік.

Аяз Ата: Жарайсыңдар, балаларым.

Балалар: Аяз ата біздің ойын ойнағымыз келеді.

Аяз Ата: Ал ендеше ойнайық!

Аяз ата сіз балалардың би: «Вальс»

Жаншырай

Жаңа жылды қарсы алдың,

Мініп алып күймеге.

Мен де бүгін ән салдым,

Араластым биге де.

Алихан

Жылдың әнін бастайын,
Аяз- Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.

Нұрай

Қалып едік сағынып, 
Күтіп алдық жабылып. 
Жолын қойдық жарық қып, 
Шыршаларға шам іліп.

Көрсетілім: Каратэ



Ақшақар: Аяз Ата, сізбен ойын да ойнадық, би де биледік. Балалар тақпақ, әндерін айтты, осы сіздің сыйлығыңыз қайда?

Аяз Ата: Жарайды, таяғыммен сиқырлайын. Сыйлықтар ортаға келсін! Бір, екі, үш! 

 Жаңа амаймыл жылы барлық отбасына бақыт, қуаныш әкелсін!

Ақшақар: Денсаулық, табыс әкелсін!

Фея: Байлық, махаббат әкелсін!

Жүргізуші: Осымен жаңа жыл мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Келгендеріңізге рахмет.























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 қаңтар
303
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі